Назарбек Адырбаев (1889-1917)
Назарбек Адырбайұлы 1889 жылы Торғай үйезінің Қараторғай болысында 15-ші ауылда туған. 1906 жылы Торғай үйезінде екі сыныптық мектепті бітіреді. 1909 жылы өзі тұрған жердегі ағылшындардың қорғасын зауытына жұмысқа тұрады. 1916 жылы осы зауытта құрылыс шаруашылығында қызмет істеп жүрген жерінен босанып, Амангелді бастаған ұлт-азаттық қозғалысына қатыспақ болады. Осында істейтін
Арыстанбек ұстаға екі мылтық соқтырып алады да, қыркүйек айында Амангелді сарбаздарына қосылады. Бірақ бойында тасыған күшін азаттық жолына еркін көрсете алмай 27 жасында дүниеден өтті. 1917 жылдың ақпанында Сардар Амангелді Назарбектің ауылына келіп, оның соғыста ерлікпен қаза тапқанын білдіріп, анасына көңіл айтады.
Батырдың мүддесі атамекен қорымы Қорғасынға жерленеді. Сол жер осы күнге дейін «Адырбай» деп аталады. Белгілі ақын Файзолла Сатыбалдыұлы 1928 жылы Назарбек Адырбайұлына арнап өлең шығарған. Көп жылдар қалтарыста қалып келген, араб әрпімен қағазға түсірілген әдебиетші А.Бектемісов өмірінің соңғы жылдарында қазіргі жазу үлгісіне көшіріп шықты.
Ендігі уақытта ұлт-азаттық көтерілістің алдыңғы қатарында болып қатысқаны, шаң жұқтырмас текті әулеттің бірінің ерекше ерлігімен көзге түскені, сардар Амангелдінің жақын және сенімді серігі болғаны еске алынып, азаттық туын көтерген дала перзенті, батыр сарбаз Назарбектің есімі халык жадында сақталып қалуға тиіс. Ерлерін ұлықтайтын заман туып отыр.