АТЖАЛ — егістік танабында жыртылмай қалған аралық немесе пішен шапқанда тік қалған шөп, не орылмай қалған егін масағы. Егіс аралығындағы атжалға зиянды жәндіктер ұя салып, көбейіп өсіп-өнеді, бұл әр түрлі өсімдік кеселдерінің тарауына себеп болады. Сондықтан егістікте не шабындықта қалған атжалды қол шалғымен орып алу керек.