АТБАСАР МӘДЕНИЕТІ

АТБАСАР МӘДЕНИЕТІ – төменгі палеолит дәуірінен сақталған ескерткіштердің жиынтық атауы.  

Осы мәдениетке жататын тұрақтар мол шоғырланған Атбасар ауылының (Ақмола облысы) атымен аталған. Б.з.б. 7-мыңжылдықтың аяғы мен 6-мыңжылдықтың басында Арал өңіріндеөркендеген Келтеминар мәдениеті мен Ойық мәдениеті негізінде қалыптасқан. Атабасар мәдениетіне жататын 20-ға жуық тұрақ зерттеліп, қазылған. Көптеген тұрақтар Солтүстік Қазақстанның Есіл мен Шағалалы өзенінің ескі арналары жағалауларында орналасқан. Тұрақтардан табылған еңбек құралдарының арасында жебенің ұштары көп. Бұл мәдениет тұсында үлкен қырғыштар мен пышақтар, шомбал балталар пайда болған. Қыш ыдыстарының сыйымд. 1–5 л, пішіні жарты жұмыртқа тәріздес. Ыдыстардың сырты өрнектермен безендірілген. Табылған заттардың жиынтығы Солтүстік Қазақстанда б.з.б. 3-мыңжылдықтың басында өндіруші шаруашылықтың қалыптаса бастағанын көрсетеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *