АТАУЫШ СӨЗДЕР

АТАУЫШ СӨЗДЕР — өзіне тән толық лексикалық мағынасы, тұрақты дыбыстық құрамы, морфологиялық белгісі, дербес синтаксистік қызметі бар негізгі сөздер тобы. Айналада ұшырасатын, өмірде қолданылатын дербес ұғымдардың атаулары Атауыш сөздер тобына жатады (аз, ар, ат, бас, жол, ұн, із, оқы, кел). Атауыш сөздердің түбірі өзгермейді. Олар жеке тұрып та, өзге сөзбен тіркесіп те сөйлемде дара не күрделі мүше бола алады (үйде — үй ішінде, айтты — айта береді). Атауыш сөздер тілдегі барлық сөзге ұйтқы саналады. Атауыш сөздерден жаңа сөздер жасалады. Атауыш сөздер есімдер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік) және етістіктер болып үлкен екі салаға бөлінеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *