ҚОБЫЗ КЛАСЫНДА ОРЫНДАУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДАҒЫ
ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Л. ЧЕНЕМИСОВА
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Музыкалық білім берудің теориясы мен əдістемесі кафедрасы Алматы қ., Қазақстан
ҚОБЫЗ КЛАСЫНДА ОРЫНДАУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДАҒЫ
ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аннотация
Берілген мақалада қобыз класындағы оқушының орындаушылық қабілетін дамытуда, Ж. Қараевтың үш деңгейлік технологиясын пайдаланудың тиімділігі туралы баяндалады. Музыка саласында білім берудің деңгейлеп оқытылуы тек практикалық, ал теориялық тұрғыда нақты жүйеленбегені айтылған. Орындаушылықты шығармашылықпен байланыстырып, оны арттыруда жаңа технологияны пайдалана отырып ізденістің жаңа көзін ашу, баланың мүмкіншілігін ескере отырып арнайы тапсырмаларды ұйымдастыру жолдары көрсетілген жəне қобыз класында оқитын оқушының ынтасы мен қызығушылығын, ерекше қасиеттерін, қабілеттілігін, белсенділігін дамыту мəселелері қарастырылған.
Түйін сөздер: үш деңгейлі оқыту, қобыз, музыкаға деген қызығушылық.
В этой статье рассматривается эффективность использования технологии трехуровневого обучения Ж. Караева для развития исполнительского мастерства учащихся класса кобыз. Технология уровневого обучения в области музыки является только практической, а с теоретической точки зрения она конкретно не систематизирована. Показаны способы организации специальных заданий с учетом возможностей учащегося, пути открытия новых истоков исследования, связывания исполнительского мастерства с творчеством при использовании новых технологий и его дальнейшего развития, а также изучены проблемы развития активности, заинтересованности и индивидуальных музыкальных способностей кобызистов.
Ключевые слова: трехуровное обучение, кобыз, развитие деятельности, интерес к музыке.
Annotation
In this paper the effi ciency of using of Zh. Karaev’s three-level training technology for the development of students mastery of the kobyz class is considered. Level training technology in music is the only practical and theoretical point of view, it is not specifi cally exactly. The organization special tasks taking into account the student’s capabilities, the way of opening new sources of research linking performance skills with creativity using new technology and its further development and the problems of development activity, interest in music and individual musical abilities of kobyz players are studied.
Keywords: three-leveled training, kobyz, activity development, interest in music.

« азіргі заманғы білім берудің – пер-
Қспективалық міндеті – сындарлы ой-
лай беретін жəне ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті адамдарды даярлау» дей келе, Елбасы оқу орындары ішінде орта білім беретін жүйенің интеллектуалды ұлт тəрбиелеуде ерекше маңызды орын алатынын атап көрсетті. Сөзінде «Орта білім белсенді, білімді жəне табыстарға бағ дарланған тұлғаларды тəрбиелеуге жауап береді. Оқушылар ешқашан бастауды тоқтатпа, ешқашан тоқтауды бастама» деген ақиқаттан адаспаулары тиіс» деп, мектепке дейінге жəне бастауыш білім беру ісінен жоғары оқу орындарында, одан кейінгі кезеңде білім, ғылымды дамытуда серпінді іс-қимыл танытуға жол ашатын шешуші белес саналатын білім ордаларынан үлкен нəти желер күтетінін қадап айтты [1].
Бүгінгі таңда барлық білім беру деңгейлерінде сапаны бақылау қолға алынды. Себе бі оның білім саласы үшін маңызы зор. Егемендігімізді қолға алғаннан кейін тереземіз өзге елмен тең болу үшін, өскелең ұрпақтың алар білімі сапалы, мəнді əрі тиімді болуы біз үшін өте маңызды. Оқыту технологиясы ертеден бері зерттеліп келеді. Ұлы ғалымдар жəне педагогтарымыздың пікірлері мен кеңестері, дидактикалары біздің заманымызға дейін жетіп, оқыту үрдісінде қолданылуда. Білім беру процессі екі жақты қамтиды. Тəрбие беруде ұстаздың атқарар рөлі орасан зор. Ендеше ұстаз əдіс-тəсілге бай болуы қажет.
Технологиялық тəсіл – оқу барысындағы педагогикалық технологияларды қолдануды көрсетеді жəне заманауи иновациялық технологиялар талап етіліп отырған деңгейге қол жеткізуге үлесін қосады. Иновациялық тəсілдер В.П. Беспалько, В.И. Боголюбовь, В.В. Гузеев, Н.Д. Никандров, В.М. Монахов, сондай-ақ Л.Андерсон, Дж.Блок, Б.Блум, Г.Гилберт т.б. Біздің республикамызда технологиялары кеңінен қолданылып келе жатқан Т.Т. Ғалиев, Ж.А. Қараев, М.М. Жанпейісова, Н.А. Оразақынова, еңбектерін жатқызуға болады [ 2].
Дəстүрлі оқыту технологиясына сүйенгенімізбен қазіргі кезде білім беру жүйесінде түрлі өзгерістер енгізіліп жатыр. Студентке өзімізде барды ғана ұсынып немқұрайлық қа салынбай, керісінше алдымыздағы туындайтын өзекті мəселелерді шешуге ұмтылсақ, бұл білім берудің жолдарын кеңейте түседі. Қай салада болмасын білім берудің алғашқы қалыптастыру негізі – мұғалімнен бастау ала ды. Ал бүгінгі таңда мұғалімнің басты мін деті, дүниетанымы мол, жан-жақты, бел сенді жəне өзінің жеке тұлғалық ерекше қасиеттерін қолдана білетін музыкант тұлғаны қалыптастыру.
Арман алысқа жетелейді. Сол арманың, қиялың кейде мүлдем іске аспай қалатынына көзіміз жетеді. Оқушының алдында қарапайым мəселені шешетін амалды таба алмай басымызды қатыратын кезімізде болады.
Білім – ұшан теңіз. Сол білімді оқушыға қажетті етіп үйретуде аса шеберлікті қажет етеді. Айтқан сөзіңді амалсыздан тыңдап отырған немесе көрсеткен əдіс-тəсіліңді қолдана білмеген, берген тапсырманы уақытымен орындамай келген оқушыңды көргенде ішің қан жылайды. Ендеше бос қиялмен жəне арманның жетегінде жүре бермей, еш аянбай еңбек етуіміз қажет. Өнер еріккеннің ермегі емес, оның жүгінің ауыр екенін тек толассыз еңбек еткен адам ғана түседі.
Қобыз класында оқитын оқушы, оның ынтасы мен қызығушылығын, белсенділігін арт тыру, ерекше қасиеттерін, қабілеттілігін ескере отырып, белсенділігін ояту мұғалімнің міндеті. Ерте заманда қалыптасқан дəстүрлі оқыту мен ұлы педагогтардың кеңестеріне сүйене отырып қобыз класында оқушының орындаушылық мүмкіншілігін арттыруда дең гейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиім ділігі зор.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясындағы үш деңгейлік жəне қосымша шығармашылық талаптары, музыка саласында əсіресе орындаушылық шеберлікті арттыруда өзінің көп ықпалын тигізетіні анық.
Ж. Қараевтың айтуы бойынша бұл техноло гияның мақсаты оқушыларды «қабі летті» жəне «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Бұл жерде айта кететін бір жайт, музыка саласында оқушылардың «қабілетті» жəне «қабілетсіз» болуы, − деген ұғым бірінші жүреді. Өйткені, мүлдем қабілетсіз оқу шыны қобыз аспабында ойнату қиынға соғады.
Кез-келген оқушы өнер саласының табалдырығын аттағанда оның есту жəне ритмді қабылдау қабілетін тексереді. Бес саусақ бір дей емес, сол сияқты əр адамға талант əр-түрлі беріледі. Біреуінде табиғи талант бола ды, оның есту қабілеті тіпті ритмді қай талауыда ерекше болады. Екіншісі есту қабілеті жақсы, бірақ ритмді қайталауы нашар.
Үшіншісі керісінше есту қабілеті нашарлау, бірақ ритмді қайталау қабілеті жақсы.
Яғни, осы аталғандардың бəрін осы деңгейлеп оқыту арқылы үш деңгейден өткізіп, табиғи талантты оқушыны қосымша шы ғар машылық деңгейіне де жеткізе аламыз. Деңгейлеп оқыту оқушының жеке басы на бағытталатын болғандықтан жалпы, білімділік дайындығы бар немесе жоқ əрбір оқушы, əруақытта өзгеріп отыратын жағ дайларға икемделіп, өзінің қабілетінің жоғарғы дəрежесіне сай бағытта дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Деңгейлеп оқыту оқушының психологиялық ерекшеліктеріне негіз делгенімен, оқыту талаптары барлық оқу шыға бірдей болып сақталады. Дегенмен, жеке дара оқыту арқылы əр оқушының өзіндік бағдарламасын игеруге септігін тигізетін оқыту əдіс-тəсілдері қарастырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясында оқушының өз бетімен еңбек етуін, əдістерді мең геруді, яғни өзіндік ізденісті жəне жауапкершілікті қажет етеді. Оқыту технологиясы 1998 жылдан бастап қолданысқа енгізіліп көптеген ғылым салаларына өзінің ықпалын тигізуде. Кейіннен Ж.Кобдикованың енгізуімен үш өлшемді əдістемелік технологиясы деп те аталып жатыр. Содан бері бұл технологияны қаншама пəн кешендері қолданып өз нəтижелерін шығаруда. Ендеше осы технологияны біздің музыкалық білім беру жүйемізде неге қолданбасқа?, − деген сұрақ туындайды.
Дəстүрлі оқыту технологиясында бірінші орында мұғалім тұрса, бұл технологияда керісінше негізгі рөл оқушыға тиесілі. Білім инемен құдық қазғандай. Ол жеке тұлғаның еңбекқорлығына, белсенділігіне байланысты іске асады.
Музыкалық білім беру көзге, құлаққа қара пайым болып көрінгенімен ол өте күрделі. Себебі музыкалық білім беру деп жеке айтылғанымен, екі жақты жүйені қамтиды. Үйренуші жəне үйретуші немесе оқушы жəне оқытушы. Білімді меңгеру жеке тұлға ның ынтызарлығына, еңбекқорлығына, бел сенділігіне, мақсаттылығына байланыс ты іске асады. Дəстүрлі оқытуда оқушы тек мұғалімнің айтқанын қайталаумен отырса, бұл технологияда оқушы өзіндік жұмыс атқарады.
Өзіне деген сенімділік пайда болып, жеке тұлғалық қабілетіне сүйенеді жəне жұмысы үшін жауапкершілігі артады. Жеткен жетістігін мұғалім ғана емес өзі де көретін болады. Бес саусақ бірдей емес. Сол сияқты əр оқушының қабылдау, есту, түсіну қабілеттері əр түрлі. Бір оқушы өздігінен математикаға бейім, яғни оның нота сауаттылығы жақсы дамиды бірақ, орындауда жеткізу мəнері аз болуы мүмкін. Екіншісі мінезі жағынан байсалды, жай қимылдайтын болса онда ол мұғалімнің үйреткенін бəсең қарқында игеруі мүмкін. Үшінші оқушы өзі шапшаң, алғыр, үйреткеніңді бірден үғып алады. Бірақ орындауға келгенде өзінің орындаушылық қабілетіне сенімсіздік танытып бойын белгісіз бір қорқыныш билейді.
Оқушы ұғымы алғыр, дегенімен жүрістұрысы жəй, аспапта орындауда осы мінезіне салып сылбыр ойнайды. Техникалық қабілеті төмен. Екіншісі айтқанынды бірден тү сін генімен оны соңына дейін мəн беріп тың дамайды, яғни істі аяғына дейін жеткізе алмайды. Бірақ техникалық қабілеті өте жоғары, ырғаққа шорқақтау. Үшіншісі бұл табиғи қабілетті оқушы. Тек дұрыс бағыт беріп оны жолға салуды көздейді.
Яғни, технологияны қолдану барысында əр оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктері ескеріледі. Бірақ, деңгейлік технологияны қолдана отырып «қабілетті», «қабілетсіз» деп бөлмеуге тырысамыз. Бірақ табиғи талантына байланысты кей оқушы осы үш деңгейден жақсы өтіп қосымша шығармашылық топқа да өтіп жатады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйым дастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқу шылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері баға лап, диагностикалауға қол жеткізеді.
Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1. Репродуктивтік деңгей − жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне жəне оқушыға байланысты
2. Алгоритмдік деңгей − мұнда оқушы мұға лімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3. Эвристикалық деңгей − оқушы өзі ізденіп, қосымша əдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
Шығармашылық деңгей − оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді [3].
Осы бөлінген топтарға қарай отырып қобыз класына арналған деңгейлік тапсырмаларға тоқталайық. Олардың құрамына екі қолға арнал ған жаттығулар, ноталық мəтіндер, іскерлік ойындар (есту қабілетін дамыту, яғни теріс қаратып оқушыға күйсандықтың тілін басып, қандай нота екенін тапқызу) т.б. жатады.
Бірінші деңгейдің тапсырмалары репродук тивтік болғандықтан, ол жалпыға бірдей тапсырма. Мемлекеттік стандартқа сəйкес, баланың жас мөлшеріне байланысты таңдалынып алынады.
Екінші деңгейдің тапсырмалары сəл күрделірек. Класс бағдарламасының талабына сəйкес гамма, жаттығулар жəне шығармаларды орындайды. Оқушының ынтасы жоғарылап оның орындаушылық көрсеткіші жоғарылай бастайды.
Үшінші деңгей тапсырмалары өз бетімен жұмыс істеуіне арналған тапсырмалар болып табылады. Ойлау дəрежесі жоғары, шы ғарманы өз бетінше талдау, салыстыру жұмыстарын жүргізетін қабілетке ие болады.
Төртінші деңгей дарынды, талапты оқушы ларға арналған. Бұл деңгейдегі оқушы саны аз болғанымен, үш деңгейлік тапсырмаларын орындағанда ерекшеленіп көзге түсіп тұрады. Бұл шығармашылық оқушыға мұға лім бағытын беріп отырады, арнайы конкурстарға қатыстырып, концерттерге шығарады. Ол өзіне берілген тапсырманы орындап қорытынды нəтиже шығарады.
Оқыту үрдісінде қарқынды жұмыс істеп, оқушылардың жақсы қасиеттерін аша білу мұғалімнің жұмысының нəтижесін көрсетеді. Сол нəтижелі жұмыстың бір себепкері осы деңгейлеп оқыту технологиясы болып табылмақ. Скрипка мектебінің ұлы өкілдерінің кеңестеріне назар аударатын болсақ, деңгейлеп оқыту технологиясына біраз ұқсастығы бар. Сондықтан, сол кеңестерді негізге ала отырып, жаңа технологияны қолдансақ, туындайтын мəселелер саны азаятын еді.
Қорыта айтқанда, кез-келген жерде тəлім-тəрбиенің алар орны ерекше. Соның ішінде білім берудегі тəрбиенің мəнділігі мен тиімділігі. Білім беру стандарттарына сəйкес білімнің жоғарғы сапасын, оқушының да, студенттің де біліктілігін арттырып орындаушылық шеберлігін қамтамасыз ету.
Шығармашылық жұмыс əрдайым жаңа білім, ізденіс жəне көп еңбекті қажет етеді. Егемендігімізді алғалы бері білім сапасына көңіл аударған Ж.А. Қараевтың, М.М. Жанпейісова, Н.А. Оразақынова, Т.Т. Ғалиев жəне Ж.У. Кобдикованың енгіз ген технологиялары да оқушының аталған əрекеттерді, талаптарды орындай білуге қалыптастыру, өздігінен жоспарлау, туындаған мəселеде шешім табу, оқуға бел сенді түрде араласуын қалыптастыру.
Оқушының жас ерешеліктерін ескере оты рып берілетін тапсырмалар мен талаптарды тиімді қолдану, қызығушылығын арттыруда əңгімелер жүргізу, іштей қорқыныш сезімінен алшақтату, кез-келген жағдайда туындаған мəселені шешуге үйрету, өзінің мүмкіншілігі мен қабілеттілігіне сендіру осы технология арқылы жүзеге аспақ. Біздің мақсатымыз деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушының бойындағы осы аталған қасиеттерді қалыптастырып орындаушылық шеберлігін ұштау.
Музыка адамның жан арқауы, ол сезімді жүректі баурап ішкі дүниені қозғап тəрбие алу негізінде үлкен маман иесі немесе кəсіби орындаушы болуға септігін тигізеді. Ал, деңгейлік тапсырмаларды музыкада яғни, қобыз класында пайдаланатын болсақ, кейбір өзекті мəселелердің шешілуіне, оқушылардың мамандығына, яғни аспапқа деген қызығушылығын арттырып, оның белсенділігі, сауаттылығы, есте сақтау жəне ең негізгі орындаушылық шеберлігін арттыруға қол жеткізетін едік.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Жаңа технологиялар «Үш өлшемді əдістемелік жүйе негізіндегі оқытудың жаңа үлгісі. – Алматы, 2009.
Кобдикова Ж.У. «Үш өлшемді əдістемелік жүйе» − оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жəне даму деңгейін критериалды бағалау жүйесі арқылы өлшеу тетігі. – Алматы. 2013. − 3-4 бб.
3 Сыздықова А. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылығын
арттыру. http://pedcolleg.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *