СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Б.А. ОСПАНОВА, Л. ДЖУМАБАЕВА
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті oba_49@mail.ru
Түркістан қ., Қазақстан

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аннотация
Мақалада болашақ мамандардың біліктілігінің негізі ретінде студенттердің сын тұрғысынан ойлау түсінігіне теоретикалық талдауға арналған. Осы заманғы маманның тиімді оқытудың негізгі құрылымдық құраушысы ғана емес, сондай-ақ оның кəсіби өзін-өзі жетілдірудің шарты да бола алатын осы күнгі бəсекеге қабілеттілік пен біліктілік сын тұрғысынан ойлау қабілетінің қалыптасу деңгейімен анықталатыны туралы айтылады.
Түйін сөздер: ойлау, сын тұрғысынанан ойлау, оқу іс-əрекеті, жаңа технологиялар, біліктілік.
В статье рассматриваются возможности развития критического мышления студентов, влияющие на эффективность и результативность их учебной деятельности как будущих профессионалов.
Ключевые слова: мышление, критическое мышление, учебная деятельность, новые технологии, профессионализм.
Annotation
This article discusses the possibility of the development of critical thinking of students, affecting the effi ciency and effectiveness of their learning activities as future professionals.
Keywords: thinking, critical thinking, educational activity, new technologies, professionalism.
оғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мəселесін қойып отыр. Оқытудың əр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тəжі рибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту оқытушынің интелектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді.
Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дəлелденіп, тəжірибеде жақсы нəтижелер беруде.
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, əр оқытушы алдында отырған студенттердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологияларстуденттердің шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамы туға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептер дегі оқу-тəрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нəтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология» терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-студенттердің алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады.
Мысалы, атап айтар болсақ, П.М. Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы», Л.С. Выготский, Л.В. Эльконин, В.В. Давыдовтің «Дамыта оқыту технологиясы», В.М. Монаховтың «Модульдік оқыту технологиясы», «Проблемалық оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Оқытудың компьютерлік технологиясы», Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясы» т.б. көптеген технологиялар енгізілді.
Бұл педагогикалық жаңа технологиялар жо ғары оқу орнындағы студенттерге мынадай қағидаларды ұстанады: оқуға шығармашылықтың енуі, оқытушы мен білімгер арасында ынтымақтастық, өзара əрекеттестік сипатындағы жаңа əлеуметтік қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуына жағ дай дың туғызылуы, яғни жеке тұлғаға бағдар ланған оқу, тұлға дамуының сыртқы əсермен бірге білімгердің ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі. Сонымен, педагогикалық техно логия дегенімізтəжірибеде жүзеге асы ры лып, нəтиже беретін педагогикалық жүйенің жобасы.
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет-ақ. Жаңа лықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға əртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педа го гикалық технологиялардың бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту».
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы əлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек.
Бұл бағдарламаның мақсаты барлық жастағы, соның ішінде жоғары оқу орны білімгерлердің кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда үйренеді. «Сорос-Қазақстан қоры» арқылы келген бұл технология қазақ тілдерінде оқу орындарына ене бастады.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, студенттердің білім деңгейін көтеруде, шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірденбір тиімді бағдарлама деп есептейміз.
Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
1-кезең. Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі. Білімгердің бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мəселе жайлы білімгер не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы əсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Жұпта талқылау» стратегиясын бүгінгі практикалық жұмыс барысында байқаймыз, сондай-ақ келесі сабақтарда үйренуге болады. «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау», «Əлемді шарлау» т.б. əдістер жинақталған.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты − үйренушінің белсенділігін, ынтажігерін арттыру. Білімгер өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.
Білімгер ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Жəне де жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның 2-кезеңі «Мағынаны тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Студенттердің тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Соның бірі ІNSERT. Ол бойынша оқу тақырыбымен яғни мысалымен танысу
барысында,
Y- білемін;
— — білмеймін;
+ — мен үшін жаңалық; ? – мені таң қалдырды; белгілерін қоя отырып, мысал оқу тапсырылады. ІNSERT — оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір əңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мəнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да білімгерлер арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны тануды жоғарыдағыдай ұйымдастыру − аталған кемшіліктерді болдыр маудың бірден-бір кепілі.
Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға əзірленеді. Бұл əрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға , яғни бай ланыс құруға дағдыландырады.
Тақырып бойынша «Ой толғаныс» бағдарла маның 3-кезеңі. Күнделікті оқыту үдері сін де білімгердің толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мəнді, маңызды əрекет болып табылады. Дəл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен əлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тəрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн көрсетілімі», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы» т.б. осы сияқты стратегиялар əр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолданылады. Олар студенттердің бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Əр білімгер өз шығармашылығын көрсете алады.
Біз өз сабағымызда «Ой толғаныс» сатысында «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясын пайдаландық.
Мысалы:
– Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
– Автор оқырманды қалай қызықтырды?
– Кейіпкерлердің іс-əрекетін сіз қалай бағалайсыз?
Бұл əдіс те білімгерлерді ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпараттарды өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз аста рын, құдіретін түсінуге машықтанады. Сон дай-ақ, əдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын білімгер болмайды, оқыған мəтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт:
1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2. Білімгерлерге ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3. Əр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4. Үйрену барысында студенттердің белсен ді іс-əрекетін қолдау.
5. Кейбір студенттердің бір-бірінің жауабына жасаған сынының дəлелді, дəйекті болуын талап ету.
6. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау. Ал, білімгерлерге байланысты:
— сенімділікпен жұмыс жасау;
— бар ынтасымен оқуға берілу; — пікірлерді таңдау, құрметтеу; — өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Тек сонда ғана олар:
— мен осы мəселе туралы не ойлаймын?
— осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сəйкес пе?
— маған бұл жаңа ойлар қаншалықты əсер етті деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты – оқытуды білім герге бағыттау. Осы орайда ең бастысы оқыту философиясы түбегейлі өзгереді. Оқыту үрдісінде алдымен оқыту мақсаты, оқы ту мазмұны жəне сабақ құрылымы мен фор малары өзгереді.
Жəне де сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқыту үрдісінде білімгерді-басты тұлға деп алып:
— оқытуды білімгердің дамуына бағыттай ұйымдастырамыз;
— оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қойып, нəтижеге жетеміз;
— жеке тұлғаның танымдық əрекет иесі болуы;
— оқытушы мен білімгер арасындағы тең құқылы қарым-қатынасты қолдаймыз;
— кəсіби деңгейіміз дамып, жаңашыл оқытушыдан зерттеуші ұстазға айналамыз.
Əрине, əр сабаққа дайындық керек, білімгерлерге шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-əрекетке жетелеуге болады. Бағдарлама стратегиялары студенттердің бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретуге бола ды. Сабақтарды ерекше, жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызады. Бүгінгі қоғамға да, оқу орнына да керегі осы технологияны қолдану.
Демек, бұл технологияда білімгер өз топ шылауын, өз пайымын еркін білдіреді, өзін дік дəлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, өз пікірін, өз тоқ тамын жасайды. Бұл əдіс студенттерге де, оқы тушыларға да үлкен жауапкершілікті жүк тейді. Оқыту əдістерін жетілдіруге, дамы туға олардың тиімділігін арттыруға көмек теседі. Студенттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың əдіс-тəсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олар дың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Мұндай əдістер табиғатынан тұйық, өз ойын тəптіштеп түсін діруге шалағай, өздеріне сенімсіздеу, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын білім герлер ге пайдасы ұшан теңіз екеніне көзіміз жетті.
Сын тұрғысынан ойлау − бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, əртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ой лау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында білімгердің бел сенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нəтижесінде бүгінгі күн тала бына сай сауатты, білімді білімгерлер тəрбиелеуге болады. Ол үшін оқытушы көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.
Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін жəне біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нəтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, əрі сапалы меңгертуге бағытталған.
ƏДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы концепциясы – 2015». – Астана, 2004.
2. ТашеноваА. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту //БілімОбразование. 2006. − №2. 15-18 б.
3. Халперн Д. Психология критического мышления. − Питер, 2000.
4. Бутенко А.В., Ходос Е.А. Критическое мышление: метод, теория, практика. − М.: Мирос, 2002.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *