СТУДЕНТТІҢ КРЕАТИВТІЛІГІ – ӨЗІНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ
ҚАСИЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ ІС-ƏРЕКЕТТЕРІ

Б.А. ОСПАНОВА, А.Е. ТАШБУЛАТОВА
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті oba_49@mail.ru
Түркістан қ., Қазақстан
СТУДЕНТТІҢ КРЕАТИВТІЛІГІ – ӨЗІНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ
ҚАСИЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ ІС-ƏРЕКЕТТЕРІ
Аннотация
Мақалада жоғары оқу орнындағы студенттің өзінің жеке тұлғалық қасиеттерін өзін-өзі дамы туға іс-əрекеттері арқылы креативтілігін қалыптастырудың ерекшелігі көрсетілген.
Түйін сөздер: жеке тұлғалық немесе даралық, креативті тұлға, креативті даралық жəне кəсіби іс-əрекеттер, білім алуға ынталылық, абстрактты ойлау, өзін-өзі реттеуші.
В данной статье раскрываются особенности креативности студентов как реализация их собственной индивидуальности. Рассматривается понятие «индивидуальность» как психолого-педагогическая категория, активизирующая креативные способности студентов в учебном процессе вуза.
Ключевые слова: личность, креативная личность, индивидуальность, профессиональная деятельность, способности, абстрактное мышление, саморегуляция.
Annotation
The creativity of students as the realization of their own individuality is disclosed in the given work. Discusses the concept of “personality” as a psychological and pedagogical category, activating creative abilities of students in the educational process of the university.
Keywords: personality, creative personality, individuality, professional activity, capabilities, abstract thought, self-regulation.
4 Наурызбаева Р.Н. Эвристическое обучение детей художественному творчеству. – Казань: Центр инновационных технологий, 2010. − 516 с.  
Б
ілім беру жүйелерін гуманизациялау шарттарында адамның даралығы – ең жоғарғы құндылық, ал болашақ маманды кəсіби дайындықтан өткізу – ең маңызды мақсат. Білім беру жүйесінің теориялары мен тəжірибесінде болашақ маманның, яғни студенттің жеке тұлғасын немесе даралығын дамыту əрі қалыптастыру механизміне сəйкес келетін кескінді өңдеу дəрежесіне психологпедагогтің даралығын қарастыруға белгілі бір сілтемелер пайда болды.
Болашақ педагог-студенттің даралығын дамыту – кəсіби дайындаудағы мақсаттардың бірі. Психикалық барлық ортаны жақсы меңгерген, жоғары деңгейдегі даралығы дамыған мұғалім ғана өзінің оқушылырының даралығын қалыптастырудың жəне дамытудың маңызды екенін түсінеді əрі ол бұл үдерісті ұйымдастыруға жəне озық үлгіде жүзеге асыруға қабілеті жететін болады. Бұл – студент үшін де, ЖОО-ның оқытушысы үшін де бастапқы ұстаным.
Болашақ маманның шығармашылық дара лығын дамыту əрі жетілдірудің психологиялық-педагогикалық шарттары кəсіби қалып тасуда, қарама-қайшылықтарды сезінген де, оларды мақсатты бағыттарда жəне бірегей шешу жолын жасағанда, өзін-өзі өзекті ету үдерісінде жасампаздығы мен шеберлігі байқалып отырады.
Креативтілік тұлғаның шығармашылық тұрғыда өзін-өзі дамыту шарты болып табылады, ол – тұлғаның өзін-өзі өзекті етудегі маңызды қоры. Креативтілік мəселелер сезімталдығы мен жылдам қабылдаушылық қабілетімен белгіленеді, жаңа идеяларды қабылдағыштығы мен ескіні жойып, одан жаңаны жасауға мақсаттылыққа бейімділігі, өмірдегі мəселелерге ерекше, біртума шешімдер жасау ға қабілеттілігі.
Креативтілікті акмеология саласынан зерт теу жасау арқылы шығармашылық дара лық ты дамыту əрі өзінің білімін жетіл діру мақсатында шығармашылық үдерісті ұйымдастыру əрі басқарудың тиімді жолдарын анық тауға мүмкіндік береді: инновациялық тəжі рибеде (жасампаздық іс-əрекеттерде тұл ғаның креативті мүмкіндігі дамиды) шығармашылық үдерістің моделін жасауға болады. Бұл жердегі күрделі үдеріс тұлғаның шығар машылық даралығын сипаттайтын үдерістер немесе астарлы ойлау мен саналы ойлау үдерістері қалыптасу арқылы олардың шығармашылық туындылар жасау қабілеті де талапқа сай реттеледі əрі ұйымдастырылады.
Педагогикада мұғалімнің шығармашылық даралығы тұлғаның өмірдегі бағдарламасы ретіндегі күрделі əрі ашық жүйенің үнемі қозғалысы ретінде сипатталады. Бүгінгі күннің шығармашыл мұғалімі педагогикалық қызметі мен шығармашылығын қайта жасау тəсілдердің арасында таңдау жасау арқылы өзінің өмір мəнін жəне өзін жүзеге асырумен бірге, ол өзін қайта жасайды, өзінің психологиялық кедергілерін өзі жеңіп, өзінің кəсіби шеберлігінің дəрежесін қайта талдап, ой елегінен өткізеді, кəсіби маңызды сапасын дамытуға жол іздейді, өзінің педагогикалық тұжырымдамасын əзірлейді. Жалпы алғанда, мұғалімнің шығармашылық қызметінің сипаты , біріншіден, инновациялық бағыт тал ғандығы, екіншіден, шығармашылық қыз меттегі үдерісте өзін дара тұлға сапасын да да мытуға бағытталғандығымен сипатталады. Шығармашылық мұғалім өзін-өзі жетілдірусіз, өзінің жеке тұлғасын дамыт пай шы ғар машылық жұмыстарға қолжет кізе алмайтынын түсінеді. Сондықтан құндылықтарға бағытталғандығына толық сенімділікте болу үшін ғылым мен техникадағы соңғы жаңалықтарды меңгермей, əрі өзінің жеке технологиясын жасамай, өмір ұстанымдары санатындағы ең негізгі кəсіби шеберлігін дамытуы мүмкін емес. Осы негізгі бағыттарды педагогтың шығармашылық негізгі межелері деп қарастыруға болады.
Болашақ педагог немесе студенттің даралығы ұғымы оның кəсіби шеберлігі мен психикалық жағымды үдерістермен сипатталады. Бұл сапалардың қалыптасуы тұлғалық дамудың даралылығының дамуының – жеке тұлғасының дамуының сипаты болып табылады. Студент болашақ педагогтың психикалық жаңа бағыты оқу-үдерісінде ғана қалыптасып, оның педагогикалық қызметке сенімді қадам басуына зор ықпал жасайды.
Педагогтың шығармашылық даралығы оның əріптестерінің алдындағы ерекшелігімен айқындалады, ол ерекшеліктері оның кəсіби қызметі барысындағы жаңа, біртума əдістəсілдер мен құралдарды жасауымен (ғылыми негізде ойлауы, қызметіне немесе жұмысына шығармашылық көзқарасы, өзін жүзеге асы руға талаптануы жəне т.б.) белгіленеді. Қызметтің жеке шығармашылық мəнері жалпы педагогикалық жəне əлеуметтік жоғары дамыған білімдері, біліктілігі, дағдылары, сонымен бірге жеке тұлғалық мүмкіндігінің (ең алдымен, мотивациялық дайындығы, рефлексиясы, ойлауы, қабілеттілігі) жоғары дамығандығымен сипатталады.
Шығармашылық даралықтың тұрақты сипат тамасы шығармашылық тұрғыда өзін жүзеге асыру. Педагогтар арасындағы ең озық үлгідегі шығармашылық даралық өкілдері – жаңашыл-мұғалімдер.
Болашақ педагог-студенттің шығарма шылық даралығы бұл мұғалімнің шығармашылық даралығы емес. Студент алғашқыда оқу барысын жүзеге асырады, сонан соң оқу-тəжірибелік қызметін жүзеге асырады. Оның шығармашылық даралығын бірнеше бағыттарда анықтауға болады: бірінші ден, жалпы ғылыми пəндерді (студент танымдылық субъектісінің бағытын алып, өзінің болашақтағы мамандығымен оқу пəні нің мазмұнын байланыстыруға талпынады) меңгеру үдерісінде, екіншіден, студент кəсіби теориялық жəне тəжірибелік дайындық үдерістерінде (өзінің ұстанымын құрастыруға, өзін мұғалім ретінде кескіндеуге ұмтылуы керек, сонымен бірге, теориялық қағидаларға сүйенбей, өз кескінін өзі ойлап табуды мақсат етуі керек). Теориялық жəне əдістемелік пəндер студентке тек алғашқы көмек құралдары ретінде қызмет етеді. Ол оқу барысындағы педагогикалық мəселелерді өзінің тəсілдерімен шешеді. Бұл жердегі шығармашылық даралық тек жоғары нəтижелердегі оқу барысы ғана емес, сонымен бірге, креативтілік психиканың бір бүтін құрамы санатында жұмыс жасайды.
Даралықтағы шығармашылық бағыт бү гінгі уақыт кезеңінде мектептерде ерекше орын алатын инновациялық білім берумен байланысында ерекше мазмұнға ие. Бұл бағытты қалыптастырмай əрі дамытпай бола шақ педагог креативті-педагогикалық технология лардың нақты мəнін терең түсіне алмайды, сонымен бірге, өзінің оларға қатынасын шыңдап, оларды болашақта үздік пайдалана алмайды.
Студенттің даралығын ғылыми тұрғыдан сипаттау оның адамзат психикасының тек даралықтың алуан түрлерінде ғана көрінбейтінін қарастырады. Бұл жерде даралық – бұл құндылық, дамыған орталардың үйлесімділігінің тұтастығы. Осы көзқараста əрбір студент жоғары дамыған дара тұлға деп айту мүмкін емес. Мұндай дара тұлға болып қалыптасу үшін барлық психикалық орталарды үздік үлгіде дамыту керек. Əрбір студент үшін өзінің даралығын дамыту мақсаты əртүрлі, ол оның ЖОО-на қандай психикалық күйде қабылданғанына байланысты: біреулері өзінің білімін өзі жетілдіру үшін мотивациялық ортада ынтасын дамытуды көздесе, басқа біреуі жетістікке жетудің тəсілдерін дамытқысы келеді; интеллектуалды ортадағыларына кəсіби маңызды сапалы ойлауды дамытуды немесе оқу барысының тəсілдерін меңгеруді мақсат тұтады.
Студенттің даралығы ұғым ретінде мұндай сипаттамалар оқу барысындағы шарттарда көрінетін психиканың біртұтас құрамы болып табылады. Бұл бір ғажайып, керемет, жетілдірілген дүние. Дара болып қалыптасу əрине, ұзақ үдеріс екені белгілі құбылыс, сондықтан ол бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Даралықтың қалыптасуының əрбір кезеңінде оның белгілерінің топтамасымен олардың көріну дəрежесіне байланысты даралығының даму деңгейін айқындауға болады.
ЖОО-да оқу үдерісі студенттің даралығының дамуына зор ықпал жасайды, сонымен бірге, əлеуметтік ықпал жасайтын объектілері болып табылатын психикалық құрамы мен сапасын дамытуға да ықпал етеді. Бұл жерде студенттің оқу үдерісі ең маңыздысы, олар: мақсаттарды қоюға қабілеттілігі, оқудың моти вациялылығы, өрлеу, жетістіктер, аффилиациялар мен басқа да мотивациялар, танымдылық қабілеттері, оқу барысындағы жəне педагогикалық (кəсіби) мəселелерді шешу тəсілдері мен əдістерін меңгеру. Сонымен бірге, қоршаған ортаның ықпалымен маңызды психикалық үдерістері (рефлексия, өзін-өзі мойындау, өзін-өзі бағалау) мен басқа да кəсіби əрі жалпы өмірге қажетті психикалық үдерістері дамуы ықтимал.
Студенттің даралығы қызметкердің немесе жұмысшының сол жас шамасындағы даралығынан өзгеше ме, жоқ па? Əр түрлі əлеуметтік дəрежедегі жас адамдардың дамуы бірдей дəрежеде өте ме? Бұл сұрақтарға бір ұғымда немесе бір түсінікте жауап беру қиын. Ғылыми зерттеулерден даралықтың біртұтас ұғым екені белгілі, ол əрбір адамның санасында ерекше ешкімге ұқсамайтын құбылыс, себебі əркімнің психикасы əртүрлі. Психикалық компоненттерге биологиялық жəне əлеуметтік ықпалдар даралыққа біртұтас əсер етеді.
Алайда студент өзінің танымдылық қабі летімен, танымдылық көзқарастарымен, танымдылық іс-əрекеттерімен басқалардан ерекшеленеді. Бұл – əрбір студенттің даралығына тəн белгілер, ол — ғылыми жəне кəсіби білімдерді меңгерген адам. Осы қабілеттер студентті оның қасындағы жас жұмысшыдан, əскерге шақырылған жас жұмысшыдан ерекшелейді жəне қызмет барысындағы орындайтын ісəрекеттер, оқу-тəжірибедегі іс-əрекеттерді орындауда басқалардан əлдеқайда айырмашылығы болады.
Адамның даралығы оның психикасының барлық ортасының озық даму дəрежесі деп айту арқылы психиканың шығармашылық қабілетімен ерекшеленетін де ескеру қажет, яғни шығармашылық ойлау адамға тəн қасиет жəне қызметіне шығармашылық бағ дармен қарауы, шығармашылық қарым-қаты насы жəне т.б. Болашақ педагог-студент үшін шығармашылық бұл оның кəсіби ісəрекеттеріндегі маңызды құбылыс болуы шарт. Сондықтан даралықты дамыту осыған қажетті психикалық орталарды дамытуды қажет етеді жəне ең алдымен, креативтілігін да мытуды талап етеді (интеллектуалды орта сын), интеллектуалды қажеттілігі, ғажай ып еш нəрсеге ұқсамайтынды жасауға ұмтылысы (мотивациялық ортасы). Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде ең маңызды бағыт ретінде қарастырылатын студенттің шығармашылық даралығы ұғымын жеке қарастыру керек.
Студенттің шығармашылық даралығы оқу барысындағы іс-əрекеттердегі дəстүрден тыс тəсілдерде, өзіндік жұмыстарын ерекше орындағанда, оқу үдерістеріндегі кей бір кездейсоқ жағдайларда, ізденушілік, зерттеушілік іс-əрекеттерде, іс-əрекеттер мен тапсырмаларды өздері еркін таңдағанда, бастамаларын ұсынғанда, өзіндік зерттеулері мен жоспарланған ойларымен бөліскенде олардың даралығы айқындалады.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Адлер А. Практика и теория индивидуальной психологии. – М., 1995.
2 Иванова И.П. Развитие творческого мышления студентов в условиях проблемно-деятельностного обучения. – Ставрополь, 2002.
3.Пузеп, Л.Г. Креативность как аспект деятельности педагога. – Тара, 2005. – С. 96-98.
4.Оспанова Б.А. Технология формирования креативности будущего специалиста в условиях университетского образования. – Туркестан, 2006.
5. Ospanova B.A. Theory and technology of formation of creativi of the future specialist. Monograph. − Germany. 2013.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *