ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ БОЙЫНДА ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПƏНІНІҢ РОЛІ

Р.А. НҰРМҰХАМЕТОВА, Э.Т. БАЯРЫСТАНОВА
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жəне инжиниринг университеті Педагогика жəне психология кафедрасы abdi_raushan@inbox.ru Ақтау қ., Қазақстан
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ БОЙЫНДА ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПƏНІНІҢ РОЛІ
Аннотация
Бұл мақалада жоғары сынып оқушылары бойында құндылық қасиеттерді дамытудағы «Өзінөзі тану» пəнінің ролі қарастырылады. «Өзін-өзі тану» пəні жоғары сынып оқушыларының басқа адамдармен өзара əрекетке түсу қабілетін шыңдайды, жеке тұлғалық сапаларын дамытып, құндылық қасиеттерін жетілдіреді.
Түйін сөздер: құндылық қасиет, өзін-өзі тану, жоғары сынып, адам, индивид, тұлға, жалпыадамзаттық құндылықтар, адамгершілік.
В статье рассматривается роль дисциплины «Самопознание» в развитии ценностных качеств старшеклассников. Курс «Самопознание» помогает развитию способностей к взаимодействию, формированию и совершенствованию личностных качеств и ценностных ориентаций старшеклассников.
Ключевые слова: ценностные качества, самопознание, старший класс, человек, индивид, личность, общечеловеческие ценности, нравственность.
Annotation
The article discusses the role of the discipline “self-cognition” in the development of valuable qualities of high school pupils. “Self-cognition” course helps to develop the trainee’s abilities to interact, establish and improve their personal qualities and values.
Keywords: value, ability, self-cognition, senior form, person, individual, human, the common
human value, morality.
Б
үгінгі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беру ісіне өзіндік ықпал етіп, қоғамдағы əлеуметтік жағдайларды негізге ала отырып, білім мен тəрбие берудің мазмұны жаңаша жасалу үстінде. Жаңа адамды тəрбиелеу-оны жаңа заман үшін үнемі белсенділік өрісінен көріне білуге бағыттау, халқының болашағын қамтамасыз ету, ақылпарасатын өзінше дамытуға бағдарлау – жалпы əлемдік күрделі міндеттердің бірі.
Сонымен қатар, жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дəстүрін, тілін білетін, жалпыадамзаттық құндылық қасиеттерді терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тəрбиелеу − өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Демек, қазіргі əлемдік өркениетке енген кезеңде əр жақты дамыған санасы жоғары тұлға мен оның бойында құндылық қасиеттерді қалыптастыру жалпы орта білім беретін мек тептің басты мақсаты деп айтуға болады.
Енді құндылық дегеніміз не деген сұраққа жауап берсек, «құндылық» − объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын біл діретін философиялық-əлеуметтік ұғым. Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құн ды лық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р. Лотце мен Г. Коген берді. Ежелгі философиялық көзқарастарда құнды лық тың əртүрлі көріністеріне жататын жəне табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-əрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлу лық, қайы рымдылық, мейірімділік секілді этикалық жəне эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пəндік жəне субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пəндік жəне субъективтік құндылық – адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі – оның объектісі, екіншісі − субъектісі. Сон дықтан пəндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен əдісі болып табылады. Пəндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, əлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мəдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тəжірибелік пайдасы, адамдардың іс-əрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іскеасуы, табиғи жəне қоғамдық объектілердің эстети ка лық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат жəне оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады, құндылықтар өмірге, еңбекке, шығар машылыққа, адам өмірінің мəніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген əдет-ғұрыптар, нормалар мен мəн-мағыналар қызметін өзіне бағындырады жəне реттейді. Құндылық қасиет тер адам мүддесінің объектісі бола тұра, əлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық жəне рухани əлемді құндылық қасиеттер арқылы бағалайды.
Міне, осы аталып отырған құндылық қасиет терді жоғары сынып оқушыларының бой ында қалыптастыруда өзін-өзі тану пəнінің маңызы зор. Жоғары сынып оқу шыларын өзін-өзі тануға үйретудің мақсаты – жалпыадамзаттық құндылықтар мен адам гер шілік мұраттарына сүйене отырып, олар дың тұлғалық дамуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, жеткіншекке өз өмірінің мəнін түсінуге жəне осы өмірдегі мақсаты мұраттарын анықтауға, шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін ашуға, қоғамдағы өз орнын табуға, өзі мен өзгелерді, өзін қоршаған əлемді бағалай білуге үйретеді.
Өзін-өзі тану, қазіргі заманғы білім берудің мəні мен мақсатын анықтай отырып, адамды бүкіл өмір бойы белсенді жасампаздық əрекетке дайындайды. Өзін-өзі тану білім беруде белгілі бір сала бойынша білімді жинақ тау ғана емес, адамның өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп отыруын, тұлғалық дамуына ұмтылысын жүзеге асыруды, шығармашылық белсенділікке, өзімен жəне өзін қоршаған ортамен үйлесімдікке қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
«Адам» ұғымы барлық индивидтерге тəн, ортақ қасиеттер мен ерекшеліктерді симпаттауда қолданылады. Индивид − биоəлеуметтік жан ретіндегі жеке адам. Тұлға – қоғамдық қатынастардың субъектісі. Индивид қоғаммен нақтылы əлеуметтік қауымдастықтар, институттар арқылы ықпалдасқанда, əлеуметтік маңызы бар мəселелерді, əлеуметтік байланыстарды жүзеге асырғанда ғана барып тұлға дəрежесіне көтеріле алады.
Тұлғаны əлеуметтік тұрғыдан талдау оның құрылымын анықтаудан басталады. Оны қарас тырудың түрлі жолдары бар. Олардың арасынан тұлғаның құрылымының үш элементі «ол», «мен», жəне олардың жоға ры «супер эго» түрінде қарастыратын З. Фрейдтің тұжырымдамасын бөліп айтуға болады. «Ол» − бұл біздің түйсіктеріміз басым, айсбергтің көрінбейтін бөлігі сияқты сана түкпіріміз. «Мен» − бұл түйсіктермен байланысты, дүркін- дүркін оған кіріп, отыратын сана. «Эго» санасыздықты қоғамға ыңғайлы қалыпта ұсынуға тырысады, «меннен» жоғары, моральдық нормалармен прин циптердің жиынтығын құратып, адамгер шіліктің «қадағалаушысы», ішкі бақылаушысы іспетті.
Сондықтан да біздің санамызда барлық уақыт та, бір жағынан, оған кіретін түйсіктермен, екінші жағынан, «меннен жоғары» талап қоятын моральдық тыйым салулар арасындағы тартыс жүріп жатады. Фрейд мұны шешудің механизмі ретінде «олдық сублимациясын» (ығыстырылуын) ұсынды. З. Фрейд «біздің психикалық тіршілік иесін «ол» «мен» жəне «меннен жоғары» деп қарастыруымыздың өзі осы психикалық тіршілік иесі жайындағы алға жылжуын көрсетеді, осы бөлу психикалық өмірдің динамикалық арақатынастарын бұдан да тереңірек түсінудің, жақсылап сипаттаудың құралы болуы тиіс» деп жазған екен. «Меннің» айрықша түсінісу ықпалының əсерінде екені анық, былайша айтқанда, «ол» үшін түйсіктің маңызы қанша үлкен болса, «мен» үшін түсінудің маңызы да соншалық. Мұнымен бірге «мен» де «ол» сияқты түйсік əрекетіне бағынады. «Мен» «олардың» жетілдірілген бөлігі болып саналады.
Өзін-өзі тану жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, рухани жəне шығармашылық қабілеттерін жарқырата көрсетуінің, əлеуметтік мүмкіндіктерін жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады. Өзін-өзі тану нəтижесінде ғана адам өзінің рухани өсу қабілетін шыңдайды, өзін-өзі жетілдіре түсе ді де, өмірдің рақатын сезініп, оның мəнмаңызын түйсінеді.
Жастардың рухани əлемінің жағдайы жастар үшін ғана емес, бүкіл қоғам өмірі үшін де маңызды орын алады, өйткені жастар біздің болашағымыз. Жастардың рухани мəдениетін құраушылардың бірі құндылықтық бағдарлар болып табылады яғни, белгілі-бір мəндерді өмірді ұйымдастырушы бастамалар ретінде қабылдау жəне өзін соған сəйкес ұстау.
Өзін-өзі тану тек «Мен» бейнесінің қалыптасуы ғана емес, осы үрдіспен тығыз байланысты тұлғалық өсу үрдісінің де нəтижесі болып табылады. Тұлғалық өсудің басты психологиялық мəні – еркіндік алу, өзін жəне өзінің өмір жолын табу. Ал жоғары сынып оқушыларының өзінің ішкі дүниесімен байланысуы жалпы алғанда сыртқы дүниемен араласуынан кем соқпайды. Сонымен қатар адам үшін оның ішкі əлемін басқа адамдардың мойындауымен құрметтеуі негізінен алғанда маңызды болып табылады. Тұлғалық өсудің адам тұлғасына қатысты шартты түрде ішкі жəне сыртқы деп. атауға болатын бірнеше өлшемі бар. Олар: өзін қабылдау, күй кешудің ішкі тəжірибесін қабылдауға дайын болу, өзін түсіну, жауапты еркіндік, динамикалық. Өзін қабылдау – бұл өзін мойындауын жəне өзінің бітім-болмысына сөзсіз сүйіспеншілігін біл діреді, «өзін-өзі құрметтеуге лайық, өз бетімен таңдау жасай алатын тұлға ретінде қарау» − деп психолог К. Роджерс айтқандай, оқушылардың өзіне, өзінің мүмкіндіктеріне сену, өз табиғатына, өзінің организміне сенім дік таныту. Əсіресе соңғысын ерекше атап өткен жөн, себебі бұл жерде өзіне-өзі сену деген тек қана өзінің мүмкіндіктеріне сенуді білдірмейді тұтас організм санадан көрі мəнді, парасатты болуы мүмкіндігін жəне жиі солай болып шығатынын түсінуді білдіреді.
Күй кешудің ішкі тəжірибесін қабылдауға дайын болу − сыртқы дүние жағдаяттарымен бірге ішкі дүние құбылыстарын субъективті түрде кешудің күрделі де үздіксіз үрдісі. Оқушылар күшті жəне ержеткен сайын ол психологиялық қорғаныстың бұрмалаушы ықпалынан еркін бола түседі жəне осы ішкі шындық дүниесін құлақ салып, сенуге болатын жəне «осы кезбен өмір сүруге» қабілетті ақиқат ретінде қарайды.
Өзін түсіну – бұл өз-өзінің маңызды күйі, өзінің шын күйзелісін, мақсаттарын, ойларын жəне т.б. қоса барынша нақты, толық жəне терең түсіну, маскалар астарынан, рөлдер мен қорғаныстар арасынан шынайы өзін көру жəне есту қабілеті дұрыс жəне ма ңыз ды өзгерістерді сезінгіш жəне жаңа тəжіри бені жинақтай алатын икемді «мен тұжы рымдамасы», шынайы – Мен – мен «идеалды Меннің» жақындасуы.
«Жауапты еркіндік» − бұл өз-өзімен қарымқатынас жасауында ең алдымен, өз өмірін өзін ше сүруге жауапкершілігін, өз еркіндігін түсіну мен қабылдауды білдіреді.
Динамикалық – ересек тұлға – міндетті түр де қалыптасушы тұлға, яғни тұлғаның өсуі оның тіршілік ету жолы болып табылады. Сондықтан да тұлғалық өсудің маңызды өлшемі өзгерістерді тез қабылдауы, икемділігі, динамикалығы, өзінің даралығын сақтай отырып, көкейкесті қайшылықты мəселені шешу арқылы дамуы, «үнемі үрдісте болуы».
Өзін-өзі тану мəселесі жаңа əлемде жаңаша, бақытты өмір сүруді қалайтын, қоршаған табиғи ортаны сақтауға мүдделі, көзқарастары мен дүниетанымы мүлде бөлек, өмір салты түрліше қалыптасқан адамдармен тіл табысуға, түсінісуге ұмтылатын болашақ ұрпақтың жеке тұлғалық қабілеттері мен құндылық қасиеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Өзін-өзі тану пəнінің мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтарды танытуға, оқушылар бойында құндылық қасиеттерді дамытуда маңызы зор.
Жоғары сынып оқушылары бойында құнды лық қасиеттерді қалыптастыруда өзін-өзі тану пəнінде падаланатын оқыту əдістерін дұрыс таңдай білуде, өйткені оқушыны өзін тануға үйретудің нəтижелі жүргізілуі ең алдымен мұғалім мен оқушының өзара қатынасының қандай жолдар арқылы жүзеге асуына тəуелді болары сөзсіз.
Жоғарыда аталған жұмысты іске асыруда өзін-өзі тану пəнінде қолданылатын бірнеше əдістерге тоқтала кетейік. Ойға шабуыл əдісі кейбір мəселелердің шешімін бірлесе іздеу жолымен оқушылардың ойлау қабілеттерін белсендіру əдісі. Оқу процесінде ойға шабуыл ешкімнің мəжбірлеуінсіз, құрамында өз еріктерімен біріккен 5-6 оқушы бар топтар арасында жүреді. Мұнда ешқандай сын, өзінөзі сынау болмайды, тіпті кейбір дұрыс емес пікірдің өзі де қабылданып, топтық сараптаудан өтеді. Шағын топтар бірлесе отырып мəселені шешеді, содан кейін сол ойларын жалпы топтың алдына ұсынады.
Оқушылардың өзін-өзі тануына байланысты əдістің келесі түрі іскерлік ойын əдісі. Іскерлік ойын – ойын тəсілімен кəсіби немесе өзге де қызметтердің моделі түріндегі ұқсас-имитациялық жағдаяттар тудырып, бел гілі бір қағидалар негізінде жоғары сынып оқушыларының өмірлік дағдыларын шыңдау əдісі. Кез келген ойын түрі сияқты мұнда да оқушылардың белсенді танымдық əрекетіне табан тірей отырып, оқу процесін жандандырудың мүмкін болатын барлық амалдары қамтылады.
Жоғары сынып оқушыларының бойында құндылық қасиеттерді қалыптастыруда өзінөзі тану пəнінде қолданылатын тиімді əдістің келесі бір түрі драмаландыру жəне театрландыру əдісі педагог қауымға бұрыннан да белгілі болғанмен, белсенді оқыту технологиясының өмірге келуімен байланысты олар жаңаша сипатқа ие болды. Драмаландыру – сабақ үстінде оқу материалының мазмұнын сахналық көрініске лайықтап, соған сəйкес рөлдерді орындату арқылы нəтижеге жетуді көздейтін əдіс.
Пікірталас – оқушылардың өзара пікір алмаса отырып топтық міндеттерді ұтымды əрі нəтижелі шешуіне мүмкіндік туғызатын бірлескен ұжымдық əрекет түрін ұйымдастыру əдісі. Пікірталасқа қатысушылар белгіленген мəселе төңірегінде өз пікірлерін қорғауға ұмтылады, соның нəтижесінде оқушылар бір-біріне логикалық тұжырымдары, өзіндік көзқарастары арқылы əсер етеді, жаңа пікірлер қалыптасады, ой-өрістері кеңейеді. Пікірталас барысында оқушының өмір шын дығын тереңдей тануына, оның өзіне беймəлім сырларын түсінуіне жол ашатын психологиялық ахуалды, эмоциялық көңіл күйді басынан өткеруі нəтижесінде алған білімдерін өзінің жүрегінен, ақыл сүзгісінен өткізіп, өзіндік ой-пікірін өзгелермен ашық та еркін бөлісуіне қажетті алғышарттар жасалады.
Қақтығыстар мен нақты жағдаяттарды талдау əдістері негізінен кейс-əдістің («case» ағылшын тілінен аударғанда – жағдай дегенді білдіреді) түрлі атаулары болып табылады. Ол – күнделікті өмірде, кəсіби тəжірибеде кездесетін түрлі жағдаяттарда шешім жасауға негізделген пікірталас сипа тындағы оқыту əдісі. Мұнда оқиғаның ғылыми тұжырымдалған түрі əлеуметтік-психо логия лық білім беру барысында оқу моделі ретінде қолданылады.
Құндылық қасиеттерді қалыптастыруда рөл дік ойындар да маңызды болып саналады. Белгілі бір деңгейде рөлдік ойындар адам ның əлеуметтену процесінде елеулі орын алады. Адамға белгілі бір рөл тапсырылғанда, ол соның талаптарының үдесінен шығуға ұмты лады.
Рөлдік ойынның мəні адамның уақытша болса да белгілі бір əлеуметтік рөлді қабылдап, өзі соған сай деп тапқан мінез-құлық моделін ұсынуынан көрінеді. Сол рөлдің аясындағы нақты шешімдерді қатысушының өзі қабылдайды.
Қорыта келе айтарымыз, өзін-өзі тану пəні жоғары сынып оқушыларының басқа адамдармен өзара əрекетке түсу қабілетін шыңдайды, жеке тұлғалық сапаларын дамытып, құндылық қасиеттерін жетілдіреді. Сондайақ, əркім өзінің жан тазалығын өзін-өзі танудан бастаса – ол адамның бұлтартпас ақ жолы, əділ тұрпаты, азаматтық айқындамасы. Ондай адамның жанарының жылуы біреуге бол маса біреуге жетпей қалмайды. Ал жанның тазалығы үшін өзіңді тану – не болса да əйтеуір қара бас қамы дейтін кəдімгі өзімшілдік моральмен тіпті де жұлдызы жараспайды. Бұлар – бір-біріне кереғар ұғымдар. Тек осыны – бағымыз бен сорымызды шатастырмасақ болды.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар əлемі. – Алматы, 2000, − 254 б.
2 Нұрышева Г.Ж. Адам өмірінің философиялық мəні. – Алматы, 2001, − 238 б.
3 Назарбаева С.А. Өзін-өзі тану. Жоғары оқу орны оқытушыларына арналған əдістемелік құрал. – Алматы, 2003.
4 Нысанбаев Ə. Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару. – Алматы: Қазақстан энциклопедиясы, 1999. − 416 б.
5. Клайн В. Как подготовить ребенка к жизни. − М., 1997.
6 Субботский Е.В. Ребенок открывает мир. – М., 1992.
7 Сейтақов А.С. «Өзін-өзі тану» пəнін оқыту – өмір қажеттілігі. «Адам əлемі жəне əлемдегі адам: өзін-өзі тану теориясы жəне практикасы». Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы. – Алматы, 2007. − 198 б.
8 Жұмабекова Ф.Н. «Өзін-өзі тану» курсы – жаңа технология. «Адам əлемі жəне əлемдегі адам: өзін-өзі тану теориясы жəне практикасы». Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы. – Алматы, 2007. − 198 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *