ИНТЕГРАТИВТІ БІЛІМГЕ ТОЛЕРАНТТЫ ҚАТЫНАСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Л.К. ЕРМЕКБАЕВА, Н. ТҰРСЫНБЕКОВА
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Теориялық жəне практикалық психология кафедрасы L.ermekbaeva@mail.ru
Алматы қ., Қазақстан
ИНТЕГРАТИВТІ БІЛІМГЕ ТОЛЕРАНТТЫ ҚАТЫНАСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аннотация
Мақалада орта білім беру мектептеріндегі мұғалімдер мен ата-аналардың интегративті білімге көзқарасын зерттеудің нəтижелері ұсынылған. Арнайы білім беру аясындағы инте грациялық үдерістердің келешекте дамуына бағытталған міндеттердің бірі мүмкіндіктері шек теулі балалардың білім алуына жол ашықтық мəселесіне жағымды қоғамдық қатынастың қалып тасуы, халықтың кұқықтық мəдениеті, дамуында проблемалары бар балалар мен жастарға кооперация, өзара сыйластық, түсіністік жəне шыдамдылық қағидаларына негізделген толерантты қатынас болып табылады.
Түйін сөздер: кешенді білім беру, өзара сыйластық, құқықтық мəдениет, шыдамды қатынас.
В статье представлены результаты изучения отношения учителей и родителей общеобразовательных школ к интегрированному образованию. Одной из задач, направленных на дальнейшее развитие интеграционных процессов в сфере специального образования, является формирование позитивного общественного отношения к проблеме доступности образования детям с ограниченными возможностями, правовой культуры населения, толерантного отношения к детям и молодым людям с проблемами в развитии, основанного на принципах кооперации, взаимного уважения, понимания и терпимости.
Ключевые слова: комплексное образование, взаимное уважение, правовая культура, терпимое отношение.
Annotation
The article presents the results of a study on teachers and parents relations to school integrated education. One of the tasks aimed at further development of integration processes in the sphere of vocational education is the formation of the positive public attitude to the problem of disabled children’s accessing the education, legal culture, tolerant attitude towards children and young people with special needs based on the principles of cooperation, mutual respect and understanding . Keywords: integrated education, mutual respect, legal culture, tolerant attitude.
азақстанда болып жатқан демокра тиялық өзгерістер, əлемдік экономика-
лық қауымдастыққа қосылу үдерісі қоғамның денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың проблемаларына көзқарасын өзгертті, оларды қоғамға кеңірек араластыру қажеттілігін түсінуге əкелді.
Біріктіру үдерісіне жасы, білімі, денсаулығы, ұлты, əлеуметтік жағдайы, əлеуметтік мəртебесіне қатыссыз барлық қоғам мүшелері, барлық əлеуметтік қауымдастықтар тартылады. Сөйтсе де, іс жүзінде кейбір əлеуметтік топтардың тұрақты түрде немесе кейде шет тетілуін, ерекше жағдайда қалуын бай қаймыз. Ең алдымен бұл денсаулық мүм кіндік тері шектеулі болғандықтан қоғамдағы қалыпты іс-əрекет түрлерін орындай алмайтын тұлғалар.
Қолданылып жатқан біршама шараларға қарамастан, олардың қоғамға кірігу деңгейі əлі де төмен, олардың əлеуметтік белсенділігі, кəсіби жағынан өздерін жүзеге асыруы, əлеуметтік жəне отбасылық жағдайлары денсаулығындағы кемшіліктеріне байланысты шектеулі. Мүгедектер, немесе денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар – денсаулығының жай-күйіне байланысты физи калық, сенсорлық, зияткерлік, басқа да мүмкіндіктері шектелген адамдардан тұратын жəне толыққанды өмір сүруі үшін арнайы үдерістердің, əлеуметтік технологиялардың ұйымдастырылуын қажет ететін əлеуметтік қоғамдастық.
Номиналды түрде қазіргі қоғамдық санада танылатын барлық адам құқықтарына ие мүгедектердің «адам қоғамының барлық мүшелеріне тəн қадір-қасиеті» бар, бұл Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясындағы эгалитаризмнің негізгі қағидаты болып табылады. Мүгедектер əлеуметтік болмысқа етене араласуы тиіс, алайда олар белгілі дəрежеде əлеуметтік оқшаулықты сезінуде.
Арнаулы білім беру саласындағы кіріктіру үдерістерін одан əрі дамытудағы маңыз ды міндеттердің бірі ұжымдастық, өзара сыйластық, түсіністік пен төзімділік ұстанымдарына негізделген мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуға қол жетімдігі проблемасына оң қоғамдық көзқарас, халықтың құқықтық мəдениетін, дамуында ауытқушылықтары бар балалар мен жастарға төзімділігін қалыптастыру болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда мүмкіндіктері шектеулі 151216 бала тіркелген, бұл еліміздегі барлық балалардың 3,1%-құрайды. Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мем лекеттік бағдарламасына сай, инклюзивті білім алуға жағдай жасайтын мектептер санын 70%-ға дейін көбейту жоспарланып отыр.
Мұның өзі олардың қоғамдағы жағдайын түсіну қажеттілігін, əлеуметтік көмек пен демеу жүйесін жетілдіруді өзектендіреді.
Төзімділік басқаларды бар қалпында қабыл дау, олармен келісім негізінде өзара əре кет тесу арқылы білінеді. Бірінші кезекте ол барлық мүдделі жақтардың өзара белсенді ұстанымының болуын қарастырады. Төзімділік өз құндылықтары мен мүдделері қалыптасқан, басқалардың құндылықтары мен ұстанымдарын сыйлайтын кемелденген тұл ғаның өмірлік қағидаттарының маңызды компоненті. Күнделікті өмірде төзімділік мəде ниеті ересек пен бала өзара қарым-қатынасын толерантты емес формалардан босатқанда ғана мүмкін болады.
Сонымен, арнайы білім саласындағы кірігу үдерістерін əрі қарай дамытуға бағытталған міндеттердің бірі − ұйымдасу, өзара сыйласу, түсіну негізінде мүмкіндігі шектеулі балалардың білімге қол жетімдігі мəселесіне қоғамда оң көзқарас қалыптастыру, тұрғындардың құқықтық мəдениетін жетілдіру, дамуында қиындықтар бар балалар мен жастарға төзімділікпен қарау.
Бүгінде инклюзивті білім Қазақстан мемлекеттік білім саясатының басты бағыттарының бірі. Мұндай білімге өту еліміздің балалар құқығы, мүгедектер құқығы саласындағы БҰҰ Конвенцияларын ратификациялауымен анықталды. Алайда осындай білімге өту үшін тиісті құқылық актілермен қатар, оңтайлы жағдай мен оң қоғамдық көзқарас қалыптастыру, бірлесіп оқыту үшін қажетті орта дайындап, мектеп оқушыларында төзімділікті қалыптастыру қажет.
Төзімді болуға тəрбиелеу қорқыныш сезімі мен өзінен аластатуды отчуждения тудыратын ықпалға қарсы тұруға бағытталады. Мұндай тəрбие жастарда тəуелсіз ойлау, сын көзбен қарау, моральді құндылықтар негізінде тұжырым жасау дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізуі қажет.
Сонымен, зерттеуіміздің өзектілігі инклюзивті (кіріккен) білімнің əлеуметтік-ізгілік ортасын түзудің ғылыми-əдістемелік жəне ұйымдастырушылық негіздерінің жеткіліксіз дəрежеде қарастырылуымен анықталады.
Мұғалімдер мен ата-аналардың мүгедектерге жəне олардың қоғамға кірігуіне қөзқарасын бағалау мақсатында Коррекциялық педагогика ұлттық ғылыми-практикалық орта лығы жанындағы ҒЗИ əлеуметтік жұмыс зертханасының қызметкерлері Қазақстан Республикасындағы үш жалпы білім беретін мектепте іс-тəжірибелік зерттеу ұйымдастырды.
Тəжірибе жүргізу үшін А.Я. Чигринаның «Білім саласындағы мүгедек балалар» [1] жəне Н.Н. Соловьевтің «Мүгедектерге көзқарас» [2] сауалнамалары таңдалды.
Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен ата-аналар мүгедектер, əсіресе мүгедек балалар мен олардың ата-аналарының мəселе лері туралы БАҚ жарияланымдарының жет кіліксіз екендігін айтады. Мұғалімдер мен оқушылар үшін БАҚ ішінен теледидар мен газеттер маңызды екендігі анықталды.
Мүгедек балалар тұлғасының жағымды қасиеті ретінде бұқаралық мектеп мұғалімдері мен оқушылары төзімділікті, мақсатқа жетудегі табандылықты, ал жағымсыз қылығы ретінде айналасындағыларға сенбеу, өзін қатты аяуын, қызғанышты атайды. Сонымен бірге педагогтар мүгедектердің жайлы мінезін, жұмысқа қабілеттілігін жоғары бағалайды.
Қоғамдық пікірді зерделеу көрсеткеніндей, бірлесіп оқу нəтижесінде мүгедек балалар:
— қоғамда өз бетімен өмір сүруге жақсырақ дайындалады;
— əлем туралы түсінігін кеңейтеді;
— достық (төзімділік) қарым-қатынас тарын үйренеді;
— құрдастарымен байланысты арттырып, достық қатынас орнатады.
Дегенмен, мұғалімдер мен ата-аналар мүге дек балалардың бұқаралық мектепке кірі гуіне дайын еместігі айқын байқалады. Көбі дамуы қалыптан тыс балаларға айқын теріс көзқараста болып, кейбірі бұл сұраққа мүлдем жауап бере алмай отыр.
Қарсы пікірдің негізгі дəлелі мүгедек бала ларға кəдімгі мектепте де дефектологмұғалімдер, ерекше мектеп ортасының қажет екендігі. Кірігуді жақтамайтындардың пікірінше, түзету мектептері мен мектеп-интернаттары мүгедектерді оқытумен, оларды өмір ге дайындаумен тиімдірек айналысады. Тіпті респонденттердің өздерінде де мүгедек балалар болған жағдайда, оларды жалпы білім беретін мектепке емес, арнайы мектепке берер еді.
Сауалнама нəтижелері елімізде мүгедектерге деген қоғамдық көзқарасты айқын ашып көрсетеді. Адамдар мүгедектер барын біледі, бірақ олар кейде «басқа бір өлшемде» тұрып жатқандай. Сау адамдар мүгедектерді өзінің жақын ортасынан, əріптесі, басшысы, қарамағындағы қызметкер, дəрігер ретінде көргісі келмейді.
Саналы түрде мүгедектерге көмек, жеңілдіктер керек екенін түсінеді, бірақ бұл көмекті мемлекет көрсетуі тиіс деп есептейді. Адамдар мүгедектерді бұрын да, ертең де қабылдауға дайын емес. Санамызды бүгін өзгертпесек, əлем осылай «біз» жəне «оларға» бөліне береді. Дамуында ауытқушылық бар балаларға қатысты теріс əлеуметтік ұстанымдар мен стереотиптерден арылу қажет.
Тұлға аралық қатынастар жүйесінде «дамуында ауытқушылық бар бала – сау құрдастары», «дамуында ауытқушылық бар баланың ата-анасы – мұғалім», «дамуында ауытқушылық бар баланың ата-анасы – сау балалардың ата-анасы» сияқты психиканы зақымдайтын, стресс туғызатын жағдаяттардың алдын алу өте маңызды.
Зерттеу нəтижелері көрсеткеніндей, көпте ген адамдар қалыпты дамып жатқан балалармен дамуында ауытқу бар балалаларды кіріктіріп (бірге) оқыту идеясын практикаға ендіруден хабарсыз. Арнайы білімнің кіріккен формаларын ендіруге ерекше күтімді талап ететін баланың жақын ортасының кіріктіріп оқыту идеясын қабылдауға дайын еместігі кедергі болып отыр. Мұндай білім қалай ұйымдастырылатыны жөнінде де түсінік жоқ.
Сау баланың ата-анасы өз балаларының білім сапасы төмендейді деп қауіптенеді, білім үдерісіне қатысушылар арасында психо логиялық тартыстың пайда болуынан қорқады. Педагогтар қауіп тұғызатын себептер қатарында бірінші орынға кіріктірілген білім қорының жеткіліксіздігін, яғни, кедергісіз ортаның болмауын, арнайы жаб дық пен оқу-əдістемелік құралдардың тапшы лы ғын, педагогтардың өздерінің арнайы дайын дығының аздығын атайды.
Сонымен, мүмкіндігі шектеулі балаларға құрдастары жағынан теріс көзқарастың орын алуы, осы санаттағы балалалардың білім сапасын арттыруға кедергі келтіретін физикалық жəне психикалық кемшіліктерінің болуы түйткіл мəселе болып табылады.
Педагогтардың өздері мұндай балаларға төзімсіз қарау арқылы кейде бұл мəселені ушықтырып жібереді. Осыған байланысты ерекше мұқтаж балаларға қатысты төзімділікті дамытудағы басты міндеттердің бірі − педагогикалық төзімділікті, яғни, баланы шынайы кейпінде түсініп қабылдау қабілетін дамыту, одан басқа құндылықтар, ойлау логикасы, мінез-құлықтың басқа формаларының иесін көре білу. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларға құрдастары тарапынан сыйластық қатынастарды тəрбиелеу қажет.
Қиындықтар мен түйткіл мəселелерге қа ра мастан, практика көрсеткеніндей, қалып ты дамып жатқан балалармен дамуында ауытқушылық бар балалаларды кірік ті ріп (бірге) оқыту оқушылардың екі кате го риясының да тұлғалық дамуы мен əлеу меттенуіне оң əсерін тигізеді жəне де халықаралық құқық пен заңнама қалыптарына сай келеді. Тиімді кіріктіру жалпыға бірдей жəне арнайы білім жүйелерін үнемі жетілдіру, кіріктіру мен кəсіби ықпал ұстанымдарын епті үйлестіру жағдайында ғана мүмкін. Мұндай көзқарас ерекше мұқтаж тұлғаларға ересек өмірінде табыс əкеліп қана қоймай, шынайы таңдау құқын ұсынып, қоғам өміріне өзіндік үлес қосуға мүмкіндік береді.
ƏДЕБИЕТТЕР
1 Чигрина А.Я. Инклюзивное образование детей-инвалидов с тяжелыми физическими нарушениями как фактор их социальной интеграции: дис. канд. соц. наук. − Нижегородск, 2011. − С. 145.
2 Соловьев Н.Н. Социально-психологические факторы интеграции в общество детей с ограниченными возможностями здоровья: дис. … канд. соц. наук. − СПб, 2010. − С. 167.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *