АТАРМАН

АТАРМАН — атқыш; садақ, мылтық атушы жауынгер. Көшпелі халықтарда әр заманда да садақпен, мылтықпен қаруланған француз королінің мушкетерлары (мылтықшылары), орыс патшасының стрелецтері (атқыштары сияқты) арнаулы әскер қосындары, атқыштар бөлімдері болған. Түркі халықтарында бұл әскери бөлімдердің тікелей ханға бағынуы олардың басқа әскерден ерекше болғанын көрсетеді. Ұрыс кезінде бұл бөлімдер қашан да маңызды рөл атқарған. Мұндай әскери бөлімдер хан жасағында құрылып, ханның түрлі жарлықтарын, әскери тапсырмаларын орындайтын болған. Атаман, аламан, қаһарман сөздері сияқты ерте кезде А. сөзі де тіліміздегі әскери атау болған. Қазір атарман-шабарман сөздерінің тікелей мағынасы жоғалып, тек ауыспалы мағынасы ғана сақталған. Көшпелі халықтардың дәстүрлі бейнелеу өнерінен садақ, мылтық атушы адамдардың бейнелерін жиі кездестіруге болады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *