АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕГІ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Жайлаубай.Г.К, Букабаева.Б.Е 
Абай атындағы ҚазҰПУ,
16М011900- Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 2 курс магистранты 2ф.ғ.к ,аға оқытушы

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕГІ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Аңдатпа
Бұл мақалада, шетел тілін оқытуда оқушылардың білім-біліктілік, танымдық, коммуникативтік біліктілігін, олардың сөйлеу дағдысын дамыту үшін, оқу үдерісінде ойын технологияларын қолданудың ерекше орны анықталған . Осы бағытта ағылшын тілі сабағын оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру және дамыту мәселесіашып көрсетілген.
Кілт сөздер: технологиялар, ойын технологиясы, педагогика


Жайлаубай Г.К1 Букабаева.Б.Е2
1Магистрант 2 курса специальности 6М011900- Иностранный язык: два иностранных языка 2к.ф.н старший преподователь

ИГРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОБУЧЕНИЯ АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ
Аннотация
В данной статье определено особое место использования игровых технологий в учебном процессе для развития знаний, умений и навыков речи учащихся в обучении иностранному языку . В этом направлении в процессе преподавания английского языка обозначена проблема формирования и развития коммуникативной компетентности учащихся.
Ключевые слова: технологии, игровые технологии, педагогика

Zhailaubay.G.K 1Bukabaeva.B.E2
2Master Degree 2 course of speciality 6M011900- Foreign language : two foreign languages
2 candidate of philology
GAME TECHNOLOGIES OF TEACHING ENGLISH
Abstract
In this article the special place of use of game technologies in educational process for development of knowledge, abilities and skills of speech of pupils in training to a foreign language is defined . In this direction, in the process of teaching English, the problem of formation and development of communicative competence of students is identified. Key words: technology, game technology, pedagogy

Бүгінгі таңда бүкіл әлемде болып жатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық салаларына, соның ішінде, білім беру саласына да әсер тигізуде.
Біздің еліміз 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын, ел басшымыздың үштұғырлы тілдік саясатын, білім мен ғылымдағы мемлекеттік бағдарламаларын негізге ала отыра, білім берудегі кезек күттірмес өзекті мәселелерін алға қойып отыр.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті, қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімін, қажетті дағдыларын тиімді түрде жүзеге асыратын және еркін бағдарлайтын, өзін- өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға дайын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
[1].
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі –тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде бәсекеге қабілетті маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап көрсетті [2].
Қазіргі таңда бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдердің басты көңіл бөліп отырған мәселесі — оқытудың жаңа технологияларын қолдана отыра, оқушыға жалпыға бірдей қалыптасқан жан-жақты, дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологиялармен салыстырылған, өмір тәжірибесіне ұштастырылған терең білім беріп, білікті маман даярлау.
Ал, шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту ел басшымыздың үштұғырлы тіл саясаты аясында және де еліміздегі тіларалық байланыстардың, өзара қарым-қатынастардың нығаюы кезеңіндегі өзекті де келелі мәселелері болып табылады.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы ісәрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Қазіргі уақытта педагогикалық технология сөзінің көптеген анықтамасын кездестіруге болады.
В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарымқатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» – деп түсінік берді.
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген 1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер – оның бөлігі ғана» – деп көрсткен В.Беспалько.
Оқу үрдісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. «Ойын» сөзінің этимологиясына қарастырсақ, ол «ой» деген сөзге тікелей қатысты болып шығады, міне сол себепті де ойлану арқылы ойынның мақсатына жетуге болатындығын байқауға болады. Сондықтан, ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың маңызы зор деп есептеймін.
Ойын әдісі арқылы оқыту оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай , өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Егер мұғалім ойын технологиясын жеткілікті деңгейде орындаса, яғни жақсы құрастырылып, тиімді әдістермен ұйымдастырылса, онда ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан негізгі оқыту тәсілі болып табылады.
Ойын арқылы оқыту технологиясы. Бұл технологияда ойын арқылы оқушыны қызықтырып, оның бойындағы білімдік, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық қасиеттерін аша түсу. (http://agartu.com/index.php?newsid=329)
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімділік құндылығын дәлелдейді. Ойынның шығу сырын ғылымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни , әлеуметтік-
экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолданған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Кеңес өкіметі кезінде халық мәдениетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы мен сақталуы қала сыртындағы жазық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен басталды.
Әлем педагогикасында ойын- белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады. Ойны ең алдымен қарым-қатынас жасау , үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады.
Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде сыныптағы топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын мақсатына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, оқушылардың жеке мінез-құлқы қалыптасады.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде.
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р.М. Жуковская, Д.В.Менджерицкая, Т.А. Маркова, П.И.Пидкасистый, Н.Я Михайленкоглардың айтуынша балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал шетелдің К.Гросс, Ф.Шиллер, Г.Спенсер, К. Бюлер, З. Фрейд, Э.Пиаже және тағы басқа ойшылдары мен зерттеушілері де ойын проблемасы туралы әртүрлі пікірлер білдірді. Оқытудың ойындық технологиясының теориясы мен тәжірибесіне байланысты мәселелер M.Ж.Арыстанов, Н.К.Ахметов, Б.А.Қойшыбаев, П.И.Пидкасистый, Ж.С.Хайдаров және басқалардың еңбектерінде қарастырылған. [5]
К. Гросстың теориясы кеңінен танымал . Ол ойын келешектегі іс-әрекетке дайындық ретінде қызмет етуінің маңыздылығын айқындаған. Ойында адам жаттығу арқылы өз қабілетін шыңдайды. Бұл теория бойынша ойын дамумен байланысты. Бұл теорияның кемшілігі — ойынды тудыратын себеп, түрткілерді ашпауы.
Ф.Шиллердің ойын дамытып, Г. Спенсер қалыптастырған ойын теориясында ойын бастауы күштің артықтығынан көрінеді. Олардың пайымдауынша өмірде, еңбекте қолданылмаған күш ойында шығады.
Шаршаған адамның демалу үшін ойнауы, күшті басқа арнға бұрмай ойынға жіберу себебі анықталмаған.
С.Л. Рубинштейннің піікір бойынша, ойынның жиналған күшті шығаруы формалды түрде, ойынның динамикалық аспектісі мазмұнынан бөлек бастау алады. Сол себепті бұл теория ойын жайын толық түсіндіріп бере алмайды.[3]
Ойын түрткілерін ашуға ұмтыла отырып, К. Бюлер нәтижесіне қарамастан әрекеттің өзінен қанағат алу, басқаша айтқанда, функционалды қанағаттану теориясын ұсынады. Бұл ойын түрткісінін негізі деп түсіндірді. Бұл теория ойынды ағзаның қанағаттануы ретінде ған көреді.
Фрейд теориясы өмірде жүзеге аспаған тілектерді ойын арқылы іске асыру деп біледі. Адлерлік түсінік бойынша ойында өмірде шамасы жетпеген кедергілерден қашқан адамдардың әлсіздігі көрінеді. Сөйтіп, ойын өмірдің, әдемілігі мен сәнін мадақтайтын щығармашылық белсенділіктен өмірге керексіз қалдыққа айналады, даму факторы мен өнімімен жетіспеушілікке, өмірге дайындықтан қашуға айналады.[4]
Л.С. Выготский мен шәкірттерінің пікірінше ойында ең маңыздысы адам ойнай отырып, өзінен қандай да бір жағдаят тудыру арқылы белгілі бір рөлді ойнайды. Ал мұғалімнің міндеті- балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету керек. [6]
Сабақ процессінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады. Мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы қалыптасады. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көрсете білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы , дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті үлгерімі төмен оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын тудыратын ойындардың бірі-дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны -балаларды оқытудың бір әдісі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, сөздік қорының молаюы, бір – біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойындарда күтілетін нәтижелер:
1. Ойын — тәрбие құралы, ақыл — ойды, тілді ұштастырады, сөздік қорды молайтады, өзін қоршаған ортаны танып, мейрімділік сезімге тәрбиелейді;
2. Еркін мінез – қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді; 3.
Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі;
4. Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады;
5. Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді;
6. Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Қорыта келе, ойын түрлері педагогикалық, психологиялық және оқыту әдістемесі тұрғысынан салғастырмалы талдау жасау арқылы қарастырылу барысында, ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативті біліктілігі мен сөйлеу дағдысын дамыту, коммуникативті ортаны қалыптастыру және де білім беру жолында жоғары нәтижелерге жету үшін, білім берудің қазіргі тұжырымдамасына сәйкес оқу үдерісінің белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізілуі, сонымен қатар, осы тұста, тіл, психология және педагогика сабақтастығының қажеттілігі айқындалды.


Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы//
Қазақстан жоғары мектебі. – 2004. — №1
2. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан халқына Елбасының жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» — 2007. — 28 – ақпан
3. Абдуллаева Ұ., Тіленбаева М. Ұлттық ойындар арқылы еңбекке тәрбиелеу //Бастауыш мектеп. – 2005. – №9.
4. Макаренко А.С. Коллектив и воспитание личности. – М., Педагогика. 1972, 334 с. 5.Құлжанова.Н. Ойын мақсатын талдау және ойын мәні// Қазақстан мектебі.- 2001.- №1.б.74.
6. Л.С. Язык и речь-Педагогика 1952.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *