Сарсен Дана Айдаулетовна1
1КазНПУ им. Абая
7М0119 — «иностранный язык:два иностранных языка» магистрант 1-курса
ФОРМИРОВАНИЕ КОММУНИКАТИВНОЙ КОМПЕТЕНЦИИ В СИСТЕМЕ ОБУЧЕНИЯ ИНОЯЗЫЧНОЙ РЕЧЕВОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ СТУДЕНТОВ.
Аннотация
Сегодня компетентность занимает особое место. То есть развитие образования основано на этом. Из-за спроса на иностранный язык были предприняты попытки заговорить. Важно развивать коммуникативную компетентность у студентов, свободно владеющих английским языком. Формирование коммуникативной компетенции в системе обучения студентов иностранной речи является предметом исследования. Задача состояла в том, чтобы развить личное самопознание и общение с окружающими, языковые навыки, соблюдение определенных социокультурных норм речевого поведения, научить студентов правильно и эффективно использовать знания, навыки и умения, приобретенные в процессе изучения иностранного языка. Особое место в процессе изучения другого языка отводится умениям и способностям, навыкам, то есть гибкости учащегося. Поэтому важно обратить внимание на гибкость говорения на иностранном языке. Использование языка на практике — это общение. Существуют виды развития отношений, процесс участия, его содержание, система его состава и т. д. И эти особенности учитываются при обучении студентов говорить.
Ключевые слова: компетентность, обучение студентов говорить, коммуникативная компетентность, система обучения.
Сәрсен Дана Айдаулетқызы1 1Абай атындағы ҚазҰПУ-нің
7М0119 — «шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша 1-курс магистранты
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЕТТІЛДІК СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Түйіндеме
Бүгінгі таңда адам бойындағы құзіреттілік ерекше орынға ие. Яғни білім беруді дамыту осы нәрсеге негізделеді. Шетел тілінің сұранысына байланысты сөйлеу әрекеті қолға алына бастаған. Ағылшын тілін меңгеріп еркін сөйлеуде студенттердің бойына коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыру маңызды. Студенттердің шеттілдік сөйлеу әрекетін оқыту жүйесінде коммуникативтік құзыретті қалыптастыру зерттеу нысанына ілігіп отыр. Жеке өзін-өзі тану және басқалармен қарым-қатынас, тілдік дағдыларды игеру, сөйлеу мінез-құлқының нақты әлеуметтік-мәдени нормаларын сақтау, студенттің шет тілін оқу үдерісінде меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін іс жүзінде дұрыс, орынды, тиімді пайдалануға баулу міндетке айналды. Өзге тілді игеру барысында студенттің қабілеттілігі мен бейімділігі, шеберлігі яғни икемділігі ерекше орын алады. Сол себепті шет тілінде сөйлесу икемділігіне көңіл аудару қажет. Тілді тәжірибеде пайдалану – сөйлесу, яғни қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың дамуының түрлері, қатысым үрдісі, оның мазмұны, оның құрамының жүйесі т.б бар. Ал студенттерді сөйлеуге үйретуде осы ерекшеліктер негізге алынады.
Кілт сөздер: құзіреттілік, студенттерді сөйлеуге үйрету, коммуникативті құзіреттілік, оқыту жүйесі.
Sarsen Dana Aidauletkyzy1
1KazNPU named after Abay
7M0119 — «Foreign language: two foreign languages»
1st year master
FORMATION OF COMMUNICATIVE COMPETENCE IN THE SYSTEM OF TEACHING FOREIGN LANGUAGE SPEECH ACTIVITY OF STUDENTS
Abstract
Today, competence has a special place. That is, the development of education is based on this. Due to the demand for a foreign language, there have been made several attempts to speak. It is important to develop communicative competence among students who are fluent in English. The formation of communicative competence in the system of teaching students of foreign speech is the subject of research. The task was to develop personal self-knowledge and communication with others, language skills, observance of certain sociocultural norms of speech behavior, to teach students to correctly and efficiently use the knowledge, skills and abilities acquired in the process of learning a foreign language. A special place in the process of learning another language is given to skills and abilities, skills, that is, the flexibility of the student. Therefore, it is important to pay attention to the flexibility of speaking a foreign language. Using the language in practice is communication. There are types of development of relations, the process of participation, its content, the system of its composition, etc. And these features are taken into account when teaching students to speak.
Key words: competence, teaching students to speak, communicative competence, system of teaching.
Қазіргі таңда білім беру саласында да, қоғамда да шет тілдеріне деген сұраныс арта түсуде. Осыған орай шет тілін үйретушілердің де, үйренушілердің де саны күн санап өсіп келеді. Бұл әрине өмір ағымына ілесуге, алға қарай дамуға, әлемдік ақпараттар кеңістігіне шығуға үлкен көмек. Өзімізге мәлім шет тілін қолдана отырып, біз еліміздің мәдениетін, салт – дәстүрін өзге елге таныта аламыз. Тіл — адам қатынасының аса маңызды құралы.
Елдер мен халықтар арасындағы мәдени және экономикалық байланыстардың дамуымен бірге шет тілдерін үйренудің рөлі артып келеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біз үштілділікті дамыту қарқынын үдетіп отырмыз. Бұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Қазірдің өзінде Қазақстандықтардың 20%-ы ағылшын тілін меңгерді. Яғни, үш тілді меңгеру, білу- бұл жаhандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принципі. Жаhандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады. Сондықтан да олар әлемнің кез келген өңірінде жұмыс істеп, күнін көре алатын болады. Яғни, бүгінгі күрделі әлемде біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі керек, біз соған жағдай жасап жатырмыз» — деді.
Сондықтан білім беру ұйымдары мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, сонымен қатар орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін- мемлекеттік жалпыға бірдей білім стандарттарына сәйкес әлемдік экономикаға сәтті кірігу тілі ретінде оқытуды қамтамасыз етуі қажет. Білім алушы қандай да бір тілді меңгере отырып, тіл тасмалдаушы – халыққа құрметпен және ықыласпен қарайды, оның психологиялық және рухани көңіл-күйін жақын қабылдайды, оның рухани және мәдени құндылықтарын, тарихи өткенін қазіргі таңда түсінеді. Тілдер түрлі ұлт өкілдерін рухани және адамгершілік жағынан жақындастыра отырып, интернационалдық миссияны орындайды.
Осыған байланысты, қазіргі таңда шет тіліне деген үлкен сұраныс болуынан елімізде сөйлеу мәселесі қолға алына бастады. Өзекті болуының себебі шет ел мемлекеттерімен қарым-қатынас негізгі мақсаты болуына байланысты студенттердің дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жоғарғы оқу орындарында ойын еркін жеткізуге, бөгде біреудің сөйлеуін түсініп, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеріп, шет тілінде қарым-қатынас жасауға жаттықтырылады. Студенттерді мұндай дәрежеге жеткізу үшін сөйлеудің өзіндік жүйесі, тәсілдері мен амалдары, жолдары ойластырылады.
Студенттердің шеттілдік сөйлеу әрекетін оқыту жүйесінде коммуникативтік құзыретті қалыптастыру зерттеу нысанына ілігіп отыр.
Білім беру жүйесінде «құзырет», «құзыреттілік», «құзырлылық» деген жаңадан қолданысқа енген сөздердің мәні мен мағынасын біреуге түсінікті, таныс болса, біреуге бейтаныс болуы мүмкін.
Құзырлылық- бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. Құзырет- тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға қабілетінің дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағды, құзыреттіліктер (іс-әрекет тәсілдері), педагогикалық-психологиялық ерекшеліктер, құндылықтар жатады.
Құзыреттілік –бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.
Құзыреттілік- хабардар болушылық, абыройлылық дегенді білдіреді.
Коммуникативтік құзыреттілік- мұнда оқушы бойына коммуникативтік құзіреттілікті тіл материалдарының бағыттары арқылы, яғни лексикалық бағыттағы жұмыстар арқылы қалыптастыруға болады. Жаңа сөздер үйрене отырып, сөздік қорлары байиды, сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдыланады.
Ағылшын тілін меңгеріп емін-еркін сөйлеуде студенттердің бойына коммуникативтік құзыреттілік қалыптастырудың маңызы зор.
Студенттерге шет тілін оқыту жағдайын мәдениетаралық коммуникация процесінен бөлек қарастыру мүмкін емес, яғни шетел тілін оқытудың негізгі мақсатқа жетудің жолы мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға негізделетіні белгілі. Осы тұрғыдан қарағанда шетел тілін оқытуда студенттердің коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру әрі дамыту қазіргі күні білім саласында маңызды орын алып отыр. Анықтамаға мән беретін болсақ, коммуникативтік біліктілік дегеніміз шет тілінің грамматикалық құрылымы мен тілдік бірліктердің қызметін толық білетін, тілді жақсы меңгерген, яғни лингвистикалық білімі сөйлеу әрекетінен жоғары деңгейде көрінетін шетел тілінде еркін қарым-қатынас жасайтын адамның қабілеттілігі. Коммуникативтік біліктілікті белгілі бір тілдік ортада немесе арнайы ұйымдастырылған оқу процесінде қалыптастыруға болады. Бұл тіл үйренушінің жеңіл және сауатты сөйлеуіне, қарсыласына түсінікті болатындай тілдесе білуіне септігін тигізеді.
Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, «коммуникативтілік» термині тілдік қатынас деген ұғым. Қоғамнан тыс адам болмайтыны сияқты, адамнан тыс тілде болмайды. Бірақ ол тіл- жеке адамның тілі емес, белгілі қоғамда өмір сүруші адамдардың өзара түсінісуі, сөйлесу құралы. Сондықтан тіл әрі қоғамдық, әрі коммуникативтік қасиетке ие болады.
Коммуникативтік қабілетті қалыптастыру кезінде ең алдымен қарапайым деңгейден бастаймыз, яғни мәдени ортада немесе оқу ортасында өз еркімен қарым-қатынас жасай білу қабілеттілігі, ынталылығы, сөйлеу кезінде студент тақырыпты еркін баяндауы, психологиялық жағынанда тартынуды болдырмау.
Бұдан әрі қарай коммуникативтік қабілетті қалыптастыру кезінде, студент монологты сөйлеуде дайындалған және де дайындалмаған тақырыптарда өткен материалдарды қолдана отырып, еркін сөйлеуі, берілген тақырыптарға талдау жасауы қажет. Ұсынылған жағдаяттағы мәселені дұрыс шеше біліп, өз тапқырлығымен жол таба білуі қажет.
Коммуникативтік әдіс барлық тілдік әрекетті дамытатынын білеміз. Олар айтылым, жазылым, оқылым және тыңдалым. Шет тілін оқыту процесінде коммуникативтік әдісті қолдану тек тілдік білім алуға ғана емес, сонымен қатар студенттің жалпы ой өрісінің қалыптасып, дамуына көмегін береді.
Бүгінгі таңда білім беруді дамытудың маңызды бағыттары құзіреттілікке негізделген тәсілді қолдану болып отыр. Біз адамның коммуникативті қабілетін, оның мәдени, әлеуметтік және ақпараттық құзіреттілігін тәжірибеде қолдануға байланысты дағдыларды қалыптастыру туралы айтып отырмыз. Бұл мәселе ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде кеңінен талқыланады. «Құзыреттілік» ұғымы психологиялықпедагогикалық әдебиеттерде әлдеқашан қолданылған, бірақ оған деген қызығушылық кейінірек пайда болды.
Құзыреттілік- бұл шет тілін оқыту процесінде қалыптасқан білім, білік, дағдылардың жиынтығы. Сондықтан, тіл – бұл адамның айналасындағы әлемді ғана емес, сонымен бірге оның менталитетін, ұлттық мінезін, өмір салтын, салт-дәстүрін және дүниеге көзқарасын бейнелейтін мәдениеттің айнасы.
Шет тілін оқытудың мақсаттарының бірі- шет тілінің коммуникативті құзіреттілігін дамыту, яғни тұлғааралық және мәдениет аралық қарым-қатынасты шет тілінде жүргізуге қабілеттілік пен дайындық.
Шет тілдерін оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес коммуникативті құзіреттілік келесі негізгі дағдыларды қамтуы керек:
-қарапайым мәтіндерді оқып, түсіну (негізгі мазмұнын түсіну);
-өзі туралы, қоршаған орта туралы қысқаша айту, пікір білдіру, баға беру;
-білім беру, еңбек, мәдени, тұрмыстық салалардағы стандартты жағдайларда ауызша қарым-қатынас жасау;
-қарапайым ақпаратты жаза алу және жеткізе алу мүмкіндігі.
Шет тілінің коммуникативті құзыреттілігінің құрамына бірқатар құзіреттер кіреді. Біріншіден, бұл -лингвистикалық құзыреттілік, коммуникативті құзыреттіліктің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Тілдік құзыреттілік дегеніміз адамның белгілі бір тілдің нормаларына сәйкес грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылымдарды дұрыс құра білу қабілеті деп түсіндіріледі. Сөйлеу құзыреттілігі- сөйлеу мінез-құлқының нормасын иелену(сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде). Тәрбиелік құзыреттілік студенттердің тіл бойынша өзіндік жұмысын ұйымдастырады және оңтайландырады, шет тілін үйрену кезінде шет тілін сапалы меңгеруге ықпал етеді, пәнге қызығушылығын арттырады.
Айта кету керек, шет тілінің грамматикалық құрылымын білместен коммуникативті мәселелерді шешу мүмкін емес. Сонымен, граматикалық және лексикалық дағдылар мен қабілеттер сөйлеу дағдылары мен қабілеттеріне негізделген тілдік құзіреттіліктің орталығы болып табылады.
А. Б. Добрович коммуникативтік құзіреттілікті қарым-қатынас жасауға әрдайым дайын болу деп қарастырған және оны адам санасы, ойлау ерекшелігімен түсіндірген. Адам үнемі ой процесінде, яғни диалогтік жағдайда болады деген.
В. А. Кан-Калик пен Н. Д. Никандров коммуникативтік құзіреттілікті адам іс-әрекетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Осыған байланысты кез-келген әрекет сияқты қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастыруда негізгі мақсатқа айналып, оның әдістері мен құралдары анықталуы тиіс деп есептейді.
Адамның құзіреттілігін, оның біліктілігі тұлға аралық қатынасын Л. А. Петровская қарастырады. Ол ересек адамдардың құзіреттілік қатынас дамуын екі түрлі ұсынады, бір жағынан – жаңа қырынан білім алу, іскерлігі мен тәжірибелері. Екінші жағынан бұл- түзетулер, құрылған тәсілдердің өзгертулері.
С. Л. Братченко өзінің зерттеуінде коммуникативті құзіреттілікті анықтау, тұлға аралық кешенді мінез-құлықтарын, әртүрлі құрылымдық коммуникативті құзіреттілік топтарға бөледі, олар когнитивтік, эмоционалдық және мінез-құлық сипатта. Тұлғалық компоненттердің негізгі мазмұнының бағыты диалогты қатынас, оның негізгі мақсаты қатынасқа дайындау болып табылады. Әлеуметтік психологияда «Коммуникативтік құзіреттілік» түсінігі басқа адамдармен негізгі байланыс ұстау және қабілет орнату. Құзіреттіліктің құрамына білімдер жиынтығы мен іскерлігі, тиімді коммуникативті процесспен қамтамасыз ету енгізіледі деген пікір айтқан.
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда музыканың алатын орны зор. Атақты педагог Ян Амос Каменский «музыканы түсінбейтін адам- сауатсыз деп айтуға болады» деген. Ежелгі Греция мектептерінде мәтіндерді әнмен үйреткен. Индияда арифметиканы әнмен оқытады.
Шетел тілін үйрету барысында да музыканың ықпалы зор. Олай болса тіл үйретудегі музыканың әсері көп.
Ән- сөздік қордың кеңеюіне ықпал етеді, есінде тез сақталады. Лексиканы қайталайды, дыбыстарды дұрыс атап үйренеді. Шығармашылық қабілеттері ашылады, көңіл-күйлері көтеріліп, оқушының тілге деген қызығушылығы арта түседі.
Коммуникативті құзіреттілік – студент пен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.
Өзге тілді игеру барысында студенттің қабілеттілігі мен бейімділігі, шеберлігі яғни икемділігі ерекше орын алады. Сол себепті шет тілінде сөйлесу икемділігіне көңіл аудару қажет. Тілді тәжірибеде пайдалану – сөйлесу, яғни қарым-қатынас жасау. Қарымқатынастың дамуының түрлері, қатысым үрдісі, оның мазмұны, оның қүрамының жүйесі т.б бар. Ал студенттерді сөйлеуге үйретуде осы ерекшеліктер негізге алынады.
Сөйлеу тілін дамыту әрқашан әдісте қаралып отырады. Оның маңызы, қажеттілігі айқындалады. Бірақ шет тілінде сөйлеу енді ғана қалыптасып келеді. Әсіресе сөйлеуге жаттықтырудың негізгі атаулары және категориялары, тіл дамытуға арналған жұмыстар, сөйлеудің мазмұны, құралы, студенттердің тіл байлығын бағалау қалыптары анықталмаған, бірақ қазіргі тіл дамыту әдістерінің өзіндік зерттеулері бар, керекті психологиялық, лингвистикалық базасы жетіле бастаған. Бұл мәселелер студенттердің қатысымдық әрекет негізінде сөйлеуге үйретудің өзектілігін анықтайды.
Қазіргі заман сөйлеудің үш түрлі- ауызша, жазбаша және электронды түрлерінің дамуын ерекше талап етіп отыр. Ауызша сөйлеуге үйрету барлық топтарда жүргізіледі. Студенттерді ауызша сөйлеуге баулу мәселесі әлеуметтік қажеттілік екенін айтсақ болады. Себебі, Елбасы Н.Ә Назарбаев « Өсіп келе жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді де ұмытпауға тиіспіз» деген міндеті бар.
Бүгінгі таңда әр адам және мемлекет әлемдік нарыққа шығуды, әлемдік мәдениетті білуді қамтамасыз ететін шет тілін практикалық меңгеруге мүдделі. Сондықтан коммуникативтік құзыреттілік басым мақсатқа айналады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.З.Игиликова. Ағылшын тілін оқыту арқылы оқушылардың құзіреттілігін дамыту.//Шетел тілін оқыту әдістемесі/Методика обучения иностранному языку.2015.- №6(68) -С45-48.
2. Сүгірбекова Н., Әшімова Н. Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.//Қазақстан мектебі.-2011.- №9.- С. 32-34.
3. А.Ш.Нұртаза. Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзыреттілікті дамыту.//Шет тілін оқыту әдістемесі.-2014.-№4 (60).-С3-7.
4. . Г.А.Абикенова. Развитие коммуникативных навыков через диалоговое обучение. .//Шетел тілін оқыту әдістемесі/Методика обучения иностранному языку.-2014.- №6(62) –С3-6.
5. 11. Н. С. Нусипалиев. Жоғарғы оқу орындарындағы тілдік емес мамандықтар бойынша ағылшын тілін оқытуда коммуникативті технологияларды қолдану. .//Шетел тілін оқыту әдістемесі/Методика обучения иностранному языку.-2019.- №4(90) -С41-44.