ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӨҢІРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ӘЛ-ИДРИСИДІҢ ЖАЗБАЛАРЫ

Тулегенов Н.М.
Әл Фараби атындағы Қазақ ҰУ, шығыстану факультетінің 2 курс магистранты,
Алматы, Қазақстан, nbab@mail.ru

ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӨҢІРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ӘЛ-ИДРИСИДІҢ ЖАЗБАЛАРЫ

Түйіндеме
Тарихымызды біліу, зерттеу, жан-жақты қарастырып талдау рухани құндылығымызды сақтау болып табылады. Әр ғасырдағы шетелдік ғалымдардың зерттеу жұмыстарына қарап, Қазақ даласындағы халықтар мен ондағы елді мекендер туралы пікірлері мен мағлұматтарға қанық боламыз. Жалпы орта ғасырлық түркі халықтарының ортақ өмір салты мен мәдениетіндегі қазақ халқының рөлін анықтауға болады. Бүгінгі күнде Қазақстанның тарих ғылымының алдында, әубаста қалыптасқан идея- теория, методология тұрғысындағы негіздердің өзгеруіне орай, тарихи зерттеулердің мазмұнын жаңарту міндеті тұр. Тарихшылар отандық тарихтың көптеген мәселелерін қайта қарап, жаңаша түсіндіруге ұмтылуда. Әр ғасырдағы шетелдік ғалымдардың зерттеу жұмыстарына қарап, Қазақ даласындағы халықтар мен ондағы елді мекендер туралы пікірлері мен мағлұматтарға қанық боламыз. Қазақстанның орта ғасырлық тарихындағы зерттеулер қоғамтану ғылымында бірнеше жұмыстар атқарылып келгенімен әліде ашылмаған қажетті мәселелер баршылық. Ортағасырлық тарихты көп зерттеудің маңыздылығы, сол кездегі қазақ даласында үлкен мәдени өзгерістер мен дамулар болған кезең және сол ғасырдағы зерттеушілердің қазақ жеріне көптеп келуі себеп болып отыр. Сондықтан да бұл мақалада орта ғасырлық Қазақстан қалалары, мәдениеті, жерлері, аймақтары, өзендері және қала аралығының арақашықтығы жайлы кейбір мәліметтер беріледі.
Кілт сөздер: Қазақстан тарихы, ортағасырлық жазбалар, көне қалалар, Шаш,
Фараб, Испиджаб, Тараз , Суткент, қазақ аймақтары

Н.М. Тулегенов1
1Казахский национальный университет им. Аль-Фараби, магистрант 2 курса, востоковедение, Алматы, Казахстан nbab@mail.ru

СОЧИНЕНИЯ АЛЬ-ИДРИСИ СРЕДНЕВЕКОВЬЕ ИСТОРИЯ
ОТНОСЯЩИЕСЯ КАЗАХСКИХ РЕГИОНАХ

Аннотация
Знание, исследование и анализ нашей истории — все о защите наших духовных ценностей. Когда мы смотрим на исследования иностранных ученых всех возрастов, мы получаем представление о народах и поселениях казахской степи. Можно определить роль казахского народа в общем образе жизни и культуре средневековых тюркских народов. Сегодня историческая наука Казахстана сталкивается с проблемой обновления содержания исторических исследований в связи с изменениями основ идеологии и методологии, которые поставлены на карту. Историки стремились пересмотреть многие аспекты отечественной истории. Когда мы смотрим на исследования иностранных ученых всех возрастов, мы получаем представление о народах и поселениях казахской степи. Хотя исследования в средневековой истории Казахстана проводились в области социальных наук, все еще существуют важные проблемы, которые еще не были выявлены. Важность изучения средневековой истории обусловлена периодом больших культурных изменений и развития в казахской степи и частым прибытием исследователей того же возраста на казахскую землю. Вот почему эта статья предоставляет некоторую информацию о средневековых городах, культурах, местах, регионах, реках и расстояниях между городами.
Ключевые слова: История Казахстана, средневековая письменность, древние города, Шаш, Фараб, Испиджаб, Тараз, Суткент, казахские регионы


Tulegenov N.M1
1Kazakh National University Al-Farabi, 2-year graduate student, Oriental studies, Almaty,
Kazakhstan nbab@mail.ru

WORKS BY AL-IDRISI MEDIEVAL PERIOD HISTORY RELATED TO KAZAKH
REGIONS

Abstract
Knowing, researching, and analyzing our history is all about protecting our spiritual values. When we look at the research of foreign scientists of all ages, we get an idea of the peoples and settlements of the Kazakh steppe. You can determine the role of the Kazakh people in the general way of life and culture of the medieval Turkic peoples. Today, the historical science of Kazakhstan is faced with the problem of updating the content of historical research in connection with changes in the foundations of ideology and methodology that are at stake. Historians sought to reconsider many aspects of domestic history. When we look at the research of foreign scientists of all ages, we get an idea of the peoples and settlements of the Kazakh steppe. Although studies in the medieval history of Kazakhstan have been conducted in the field of social sciences, there are still important problems that have not yet been identified. The importance of studying medieval history is due to the period of great cultural changes and development in the Kazakh steppe and the frequent arrival of researchers of the same age on Kazakh soil. This is why this article provides some information about medieval cities, cultures, places, regions, rivers, and distances between cities
Keywords: History of Kazakhstan, medieval writing, ancient cities, Shash, Farab, Ispidzhab, Taraz, Sutkent, Kazakh regions


Әл-Идриси (560/1165 ж.к.6.) «Нузхат әл-мунштақ фи-ихтирақ әл-афақ» Мухаммед ибн Мухаммед ибн Абдаллах ибн Идрис әл-Хасани әт-Талиби, аш-Шариф әл-Идриси атымен таынымал ақсүйектер әулетінен шыққан. Кезінде әл-Идриси әулеті халифалық лауазымға таласқан, соған байланысты көптеген деректерде Идриси аш-Шериф әл-Идриси деген атпен белгілі. Деректерде әулеттің негізін салған Идрис I. Идриси Сеутте (Оңтүстік Испания, Андалусия) жерінде дүниеге келгендігі айтылады. Ол Кордовада білім алған. Кордова сол кездерде мұсылман Испаниясының мәдени орталығы болған. Жас кезінен көп саяхат жасап, Лисса- бонда, Англияда, Францияда, Мароккода, Кіші Азияда болган әл-Идриси 510/1116 жылдары Кіші Азияда өмір сүрген. 1138 жылы Сицилияға сапар шегіп, өмірінің біраз уакытын сонда өткізеді. Ал өмірінінң соңында Сеутка қайтып келіп, сол жерде дуние салады. Оның «Нузхат әл-муштак фи-ихтирак әл-афак» деген атпен белгілі географиялык шығармасы Еуpопада ең алғашқы жарық көрген араб тіліндегі шығармалардың қатарына жатқызылады.
Бұл кітапты ерекшелендретін тағы бір нәрсе кітаптын батыс және шығыс мәдениеттерінің тоғыскан жерінде жазылуы. Идриси Сицилияға коныс аударған кезде Сицилияның королі Роджер сарайына келеді. Географиялык шығарма Сицилияның королі II Роджерге (1098-1154) арналған. Онда Еуропаның, Азия мен Африканығ елдері егжей- тегжейлі суреттеледі. Кітапта Шығыс Еуропаны, Кавказды, Орта Азия мен Казакстанды мекендеген халыктар туралы этнографиялық және тарихи-географиялық сипаттағы мағлұматтар береді. Тағы да бір назар аудартатын нәрсе Идрисидің жасаған атласы. Идриси жазбаларында карталарға көп көңіл бөлген. Онын картографиялык мағлуматтарының өзі аса құндылыққа ие. Идрисидің «Нузхат әл-муштақтан» басқа да еңбектері бар. Екінші reoграфиялық еңбегі Роджердің мұрагері Вильгельм патшаға жазылған еңбегі. Еңбек «Рауд ал-унс уа нузхат ан-нафс» деген атпен белгілі.[1]
Әл-Идрисидің «Нузхат әл-муштак фи-ихтирак әл-афақ» кітабында, [2] Хорасан, Мауараннахр өзендері,[3] сондай-ақ, Ферғана, Усру- шана, Шаш, Илақ, Фараб қалаларын, әл-ағзаз (тоғызоғыз) елін камтиды. Аталмыш аймақтық бөлімдердің әр қайсысында гүлденген қалалар мен атақты қалалардың орталықтары орналаскан. Шаш пен Илақ [4] жерлерінің ендік көлемі екі күндік, бойлық көлемі үш күндік жол. Мауараннахрда қалалар, ауылдар жане ғимараттардың көптігі жағынан Шаш пен Илаққа ұқсас елді мекен жок, Аумағы Шаш өзенінен бастап, Исфиджаб пен Шашка жапсарласа орналасқан әл-Қилас атауымен белгілі, таусыз-қырсыз жазық даладағы «Баб әл-Хадид» қақпасына дейін көсіліп жатыр. Бау-бақша, көгалды жерлері мен саябақтары өте көп. Өзі түркі жеріндегі шептердің бірі. Халқы күшті әpі қуатты, Шаш – қазіргі Ташкент, гүлденген, үлкен аймақ. Халқы дәулетті, бай, жауынгер, қарулы адамдар. Бұл жерден “әл-хәндәк” ағашынан жасалған садақтар мен жебелер және көптеген көкбұта (аршагүл) тасмалданады. Шаш қалаларының ең шұрайлысы: Бинкас, Динфағаникас, Жинанжикас,[5] Нажакас, Фанакас, Харашкас, Истабайғу, Ардланкас, Хазинкас,
Канкарак, Калашжак, Fарканде, Fаннаж, Жабузн, Үрдүк, Кабранх, Ғадранк, Нужакс, Fазак, Абразкас, Бағнакс, Баркуши, Хатункат, Жабгукат, Фаранкат, сонымен катар Текелік, бұлар Шаш қалалары.
Бинкас қаласы — жер көлемі бойынша үлкен, тұрғындар саны және ғимараттары көп, сауда-саттық кең тараған, ризық несібесі мол, кайырлы бір мекен. Қаланың берік қорғаны, су арықтары мен үлкен саябақтары бар. Қала сыртында елді мекен орналасқан, айналасы корғанмен қоршалған. Ауласындағы базарлары жұртқа толы. Шаштың басты өзеніне құятын Барақ [6] деп аталатын басқа бір өзені бар. Бұл өзен бастауын түрік-қарлуқтардың
[7] мемлекеті жағынан алып, бірі Бискамадан шықса, екіншісі Жадғаладан шығып, Нажакасқа жақын орналасқан Шаш өзеніне құяды. Харшакас Бинкасқа жақын орналасқан. Харшакас адамға толы үйлер мен аулалары, саябақтары көп әсем қала. Харшакасқа Истауракас жақын орналасқан. Истауракас корғанысы мықты, шұрайлы, суы мол, ғимараттары көп қала. Шаштың қалған қалалары аталмыш қалалардан әлдеқайда кішірек әрі жұрты, алым-салығы аз, жұтандау.
Илақ қалалары Шашка оңтүстік жағынан көршілес әpі жақын орналасқан. Бас қаласы Тункас [8] атауымен белгілі. Калалары: Сакакас, Банжахаш, Нукас, Балаян, Tакас, Арбалых, Намузлағ, Хамрак, Нужакас, Каhaсим, Дахкас, Харханкас.
Тункас болса, Илақтын орталық қаласы болып eceптеледі. Тункас-адамға толы, орталық алаңы бар үлкен қала. Каланың берік салынған екі корғаны бар. Сондай-ақ бір қорғанда бірнеше қақпа бар. Базарлары жұртқа лық толы, алым-салығы мол, су арықтары көшелері аркылы ағып, ауылдары мен ғимараттарын сумен қамсыздандырып отырады. Тункас қаласының жер көлемі Бинкас жерінің жарты бөлігінен де кішірек. Қала мен базарлары Барак өзенінің жағасын бойлай орналаскан. Тункас жерінің бір бөлігі Испиджаб аймақтарымен жапcaрлас жатыр. Исфиджаб-халкы көп, жердін жазык бөлігінде орналасқан қала. Құрамында Будахкас, Субаникас, Тараз, Атлах, Шалжы, Кедер, Суткент [9], Шayғaр, Сабран, Уасидж атты калалар бар.
Субаникас болса, Канджида аймағының бас қаласы, Кедер болса, Барабтың (Отырар, Фараб- 3.И) бас каласы, Уасидж да Бараб кұрамына кіреді. Cабран — оғыздар бітім жасасқан кезде, келісім мен сауда-саттық үшін жиналатын жерлері.
Бараб аймақ атауы, жерінің ендік және бойлық көлемін бір күннен аз уақытта өтуге болады, қуатты әpі күшті қала. Егінді-тоғайлы жер.
Суткент — мінбері бар, түркілердің бас қосатын жері. Қала су алқабының батыс жақ бойында орналасқан, жақын жерде Барак өзені ағып жатыр. Сонымен қатар Бараб пен Канжида арасын шөбі шүйгін жайылымдар мен егін алқаптары алып жатыр. Қаланың айналасында ислам дінін ертерек қабылдаған оғыз түркілерінің тайпалары мекендейді. Олар бұл аймақты қоныс етіп, сол жайылымдарды пайдаланады.
Сонымен қатар, Тараз қаласы да мұсылмандардың cауда орталығы. Түркілермен Тараз мұсылмандарының apасын бөліп тұрған бекіністер бар. Солтүстігінде қарлұқ түркілері орналасқан және Тараз мұсылмандары мен қарлұктардың арасында соғыстар, шапқыншылық жиі орын алып тұратын. Екі тарап арасында бітім жасалғанда малдар, қой жүндері, тұтынатын тұрмыстық заттар және одан да басқа нәрсемен тауар айналымы жүргізіліп, caуда-саттық қатынасы орнайды.
Ходженд Ферғанамен шектеседі. Ферғананың кұрамындағы аймақтардан бөлек орналасқан жер, Шаш өзенінің Батысында. Жерінің бойлық көлемі енінен көп. Кенд каласы Ходжендтен үш миль жерде орналаскан. Yлкен, әсем қала. Жерінің барлығын жүзім ағаштары, бау-бакшалар алып жатыр. Кенд бау-бақшалары, үйлері біріне-бірі жақын тығыз орналасқан орталық қала. Mешіті қала ішінде. Әмір сарайы қыр үстіндегі ашық, алаңда орналасқан. Бұл қала арқылы өзен арнасы өтеді, ол Шаш өзені. Аталмыш өзен Yзкент шекарасындағы түрiк қалалары жағынан тоғысатын бірнеше өзеннің бір-біріне келіп қосылуынан басталады. Ол өзенге басқа да өзендер кұяды. Содан барлығы жиналып Ахсикас орқылы өтеді, содан кейін Ходжент арқылы, содан кейін Банакас арқылы, содан кейін Сүткент, содан кейін арнасы Бараб аркылы өтеді, өзен арнасы Сабран жерінен кейін оғыз түркілері орналасқан дала арқылы ағып өтеді. Содан өзен даладан үш миль жерде орналасқан Жаңа кентке (әл-Қарийа әл-хадиса-Янгикент) жетеді. Содан кейін жаңа кенттен екі мархала [10] жерде орналасқан Хорезм көліне (теңіз) кұяды. Аталмыш Жаңакентте мұсылмандар тұрады. Бірақ бұл кент мемлекетінің бас қаласы. Оғыз билеушісі осы кентте қыстайды. Ол кентпен Жент, Хауара кенттері iprелес жатыр. Аталмыш екі кентте мұсылмандар тұрады. Бұл жердің сұлтаны оғыздарға қарайды. Хорезмнен аталмыш екі кентке дейін 10 мархала. Бұл екі кент Барабтан 20 мархала жерде орналасқан.
Ахсикенттен (Ферғананың Х ғасырдағы астанасы) Қубаға дейін 3 мархала. Ахсикент пен Yзкент арасы 4 мархала. Жейхүн өзенінің арғы бетінде орналаскан Фараб қаласынаң Үзкентке дейін 23 мархала. Үзкент қала, ол туралы алдыңғы тақырыпта баяндағанбыз.
Аталмыш қала- түркілер еліне алып баратын жол бойына орналасқан сауда орталығы. Қаланың бау-бақшалары, сaябақтары, көшелері арқылы су ағатын арықтары бар.
Сух тау жақта орналасқан. Құрамында 60 ауыл бар. Үлкен қала. Таулы жерде орналасқан Уанканд қаласы жағында орналасқан аймақ. Уанқанд-аймақтың аты, қаласы Маскан. Бұдан басқа қаласы жоқ. Уш бұлда қаланың аты. Құба қаланың аты. Kөптеген ауылдары бар. Құбамен шекаралас жерде өзінен басқа қала жоқ. Аталмыш Уш қаласымен іргелес Мадауа деп аталатын басқа қала бар. Екеyінің арасы 6 миль. Үзкент қаланың аты. Ауылдары бар. Бұл жерде Yзкенттен басқа қала жоқ. Касан қала аты. Аймағының аты даКасан. Ауылдары көп. Жадғал аймақ аты. Қаласы — Ардаланкас. Бұл аймақта одан баска қала жок. Миян — Рузан аймақ аты. Ауылдары көп. Қаласының аты- Хайлам. Каруан-қала аты. Ауылдары бар. Аураст aуылдары көп. Астиякәнд пен Шлаттың ауылдары көп. Бұл екеуі — түркілер жеріне алып барар екі қақпа. Үзкент қаласы түркілер жеріне алып барар қақпа ретінде калай саналса, Миян Руз да аталмыш Астиякәнд пен Шлатқа алып баратын қақпа саналады.
Самарқандтан Шашқа алып баратын жол бағыты… содан кейін Бинкасқа дейін 1 мархала, содан кейін әл-Каластагы [11] Анфаран [12] деп аталатын рибатқа дейін 1 мархала, содан кейін Ғаркард деп аталатын кентке дейін 1 мархала, содан кейін Исбиджабқа дейін 1 мархала, содан кейін Будухкетке [13] дейін 1 мархала, Будухкеттен Таразга дейін екі аралықта рибатсыз ғимратсыз жер арқылы екі күн. Кім Банакас жолына түскісі келсе бірінші Абаркастан шығып, рибат Са’дқа аялдайды, ол жерден Заминге бет алады, одан әрі Хауасқа, одан Банакасқа, содан кейін Истауракасқа барады. Жейхун алабынан Таразға дейін жалпы 23 мархала. Шаш, Илак, Испиджаб қалаларының барлығы бiріне-бірі жақын орналасқан, ал аймақтары бірімен — бiрi шектеседі…
Қарлұқ хақаны мен қарлұқ түркілерінің калаларының бір бөлігін ол Рузан мен Йалан, Төменгі Барсхан қаласын, халажылар (қарлұқ тайпасының аты) жері мен онда орналасқан қалаларын, өзендерін, қамалдарын және қимақтар елінің кейбір жерлерін қамтиды. Біз колда бар дерекке сүйеніп, бұл жерлер туралы алдыңғы тақырыпта жазғанымыздай баяндаймыз.
Ахсикастан тоғызоғыз қалаларының бірі Карантияға [14] алып баратын жол бағытын баяндаймыз. Ахсикастан Кашукетке дейін 1 мархала, содан кейін Аншатқа дейін 1 мархала, Каншикетке дейін 1 мархала, содан кейін Букендке дейін 1 мархала, содан кейін Каркетке дейін 1 мархала, содан кейін тауға дейін 1 мархала, таудан Хаулакке дейін 3 мархала, Хаулак кентінен қарлұқ хақанының қаласына дейін 33 миль. Бұл қарлұк хақанының қаласы, ғимараттары, қорғаны, жауынгерлері, адам саны көп қала. Содан кейін Атраканаға [15] дейін 6 мархала. Бұл қарлұк қалаларының ішіндегі үлкен қала.
Атрақана қаласының мықты корғаны бар, суларын ағып турған бұлақтардан алады. Аталмыш қалада қарлұқ билеушісінің қол астында жауынгерлері бар. Атрақана қаласынан Қарантия қаласына дейін көшпелі, келбетті, мал шаруашылығымен айналысатын, тұрмыстары жақсы түркілер мекендейтін дала аркылы 10 мархала.
Карантия қаласы кимек қалаларының бірінші қаласы, үлкен, жерінің бойлык көлемі 9 миль, ендік көлемі 3 миль, Ғаған [16] деп аталатын үлкен көлдің жағасында орналасқан. Көлдің бойлық көлемі 6 күн, ендік көлемі 1 жарым күн. Қарантия билеушіci қуатты, төзімді, кол астында жауынгерлері бар, халкының саны көп, жылқылар бағатын, кұралайды көзге атқан мерген ерлері бар адам. Тіпті халкының барлығы кұралайды көзге атқан мергендер. Карантиядан кимек билеушісінің қаласына дейін 24 мархала. Жол бағытынынң барлығы Батыстан Шығыска карай.
Қарантия каласынан Бахуанға [17] дейін 7 күн. Атраканадан Бахуанға дейін онтүстікке қарай 3 мархала. Ғаған деп аталатын аталмыш көлдің батысында Faған қаласы [18] орналасқан. Карантия мен Ғаған арасы 6 мархала. Ғаған табиғи байлығы көп, берекелі қала. Бұл қалада жібек киімдерді жасаудың өзіндік тәсілдері бар. Малдың жүнінен керемет киім түрлерін тігеді. Түркі көпестері бұл киімдерді көптеп артып, түркі қалаларының барлығына апарып саудалайды. Faған қаласынан Дамурияға [19] дейін батысқа карай 4 кун. Дамурия қаласы кимек қалаларынын бірі. Гүлденген, халқы көп жер. Дамуриядан солтүстік пен шығыс арасындағы бағыттағы Сараусқа [20] дейін кимек түркілерінің ауылдары мен ғимраттар орналасқан жер aрқылы 2 мархала. Сараус корғаны мықты, жылқылар ұстайтын, салт аттты жауынгерлері, түркілерден жасақталған жауынгерлері бар үлкен қала. Бұл қаладан Faғaнға дейін оңтүстік бағытпен 3 кун.
Осындай қазақ жерлеріне қатысты деректер өте көп, дегенімен де біз осы қолжазбаларды зерттей отырып, тарихқа терең үңілумен бірге қазақ тарихын жаңа қырын көрсетеміз.

Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі:

1. Крачковский И.Ю. Арабская географическая литература / Избранные сочинения. С.287-299
2. История Казахстана в арабских источниках. Арабские географы и путешественники IX-ХII вв. / Встутительная статья, перевод с арабского, комментарии, тексты и факсимилье Б. Е. Кумеков, Р. Б. Кумекова., С. 101-127; Әл-Идриси (Мұхаммед ибн Мұхаммед иби Абд Аллаh ибн Идрис әл-Хасани ат-Талиби, аш-Шариф әл-Идриси). Нузһат әл муштак фи ихтирақ әл әфақ. 1466/2002. әл-Музжаллад 1-2. Каһира: әл- мактабату сақафийа уа-д-динийа, 1466/2002. 695-930 бб., 21
3. Мұнда Амудария және Сырдария өзендері туралы айтылған.
4. Илақ — Ахангаран алқабы. Йақұт «Му’джам ал-булдан» атты еңбегінде «Илақ — ол түріктер жерімен шектесетін Шаш ауданы, Шашатан 10 фарсақ жерде орналаскан. Оның басты қаласы — Тункас. Илақта қазанды алтын мен күміс бар», — деп жазады
5. Жинанжакас- Ташкент облысындағы қазіргі Шыназ қаласы.
6. Барақ — қазіргі Шыршық
7. Түрік-қарлуқтар VI-VII ғғ. Шаш аймағы мен Ферғана аңғарында, оларға iргелес жатқан аймақтарда мекендеген [Шаниязов К. Узбеки-карлуки (Историко-этнографичесий очерк. Ташкент: Фан, 1964. С.9-14].
8. Тункас — Илақтын бас қаласы; Ахангаран өзенінің жағасында Тункас орналасқан. Бинкеттен Тункасқа дейін сегіз фарсах. Ол барлық ортағасырлық маңызды қалалар сияқты цитадель, шахристан және рабадтардан тұрған [Байпаков Қ., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы, 1992. 203 б.] Суткенд капалардың бірі. XI гасырда огыз калаларының тізіміне енген.
9. Сүткент — Сырдариянын сол жағалауында орналасқан ежелгі қалалардың бірі XI ғасырда оғыз қалаларының тізіміне кірген. Сүткент aтауы осы уакытқа дейін сакталған, Сырдария жағалауындағы Қарасай cайында орналасқан, ауылдық округтің орталығы.
10. Мархала — Арабтарда бір күндік жүріс арақашықтығы. О.Караев мархала ғылыми әдебиетте жазық далада 30 км-ге, ал тауда 20 км-ге сәйкес келеді деп жазады [Караев О. Арабские и персидские источники IX-XII вв. о киргизах и Киргизии. — Фрунзе: Илим, 1968 – 102 с. Әл — Идриси фарсахты нақты ұзындық өлшемімен анықтайды: 75 фарсах 225 мильге сәйкес келеді, демек 1 фарсах 3 мильге немесе 6 км-ге сәйкес келеді. Бір өткел (мархала) жердің бедеріне байланысты 25-36 км. сәйкес келеді. [Кумеков Б.Е. Государство кимеков IX-XI вв по арабским источникам. — Алма-Ата: Наука, 1972. 156 с., С.81].
11. Калас- Келес даласы.
12. Анфаран — Ангрен [Агаджанов С.Г. Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии IХXIII вв. Ашхабад: Ылым, 1969. С.76.].
13. Будухкет- Казатлық (IX-XI ғғ.) қаласына сәйкес келеді [Байпаков К.М. О локализации средневековых городов южного Казахстана /Археологические исследования в Отраре. — Алма -Ата: Наука, 1977. — С. 81-92, С.84.].
14. Қарантия – Карантия қаласы Алакөл ойпатын сәйкес келетін үлкен Ғаған көлінің оңтүстік – шығысында орналасқан [Караев О Арабские и персидские источники IX – XII вв. о киргизах и Киргизи. – Фрунзе: Илим, 1968 – 102 м., С.56 Кумеков Б.Е. Государство кимеков IX-XI вв по арабским источникам. С.72]. Ж.Артықбаев бойынша Бытыгай [Артықбаев Ж. Қимақ мемлекеті: Орта Ертіс өнірі деректері бойынша Мәдени мұра. ҚР Ұлттық музейі. -Лоб (57) қараша-желтоксан /2014. -34-41 б6.).
15. Aтpақана — (1леден 25 км. солтүстікте орналасқан, Шеңгелдінің қираған үйіндісі?)
16. Ғаған көлі-Алакөл көлдер жүйесі [Кумеков Б.Е. Государство кимеков IX-XI вв по арабским источникам., С.70-73]. Ж.Артықбаев Орталық Қазақстандагы Теңіз көлі деген болжамды ұсынады [Артықбаев Ж. Қимақ мемлекеmі: Орта Ертіc өнірі деректерi бойынша, 38 б.].
17. Бахуан — Құлжа мен Куча арасында орналасқан ортағасырлық қала. Текес немесе Күнгес өзендері болуы мүмкін [Кумеков Б.Е. Государство кимеков IX-ХI вв по арабским источникам., С.70]. 88
18. Ғаған қаласы Көктұма ауылы [Кумеков Б.Е. Государство кимеков IX-XI вв по арабским источникам., С.108]. Көктұма- ортағасырлық қала орны. Қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданындағы Көктума ауылының жанында, Алакөлдің оңтүстік-шығыс жағасында орналасқан.
19. Дамурия -Б. Е. Көмеков оның орны Үш-Аралға жақын Текес өзеннінің бассейінінде деп болжамдайды [Кумеков Б.Е. Государство кимеков IX-XI вв по арабским источникам., С.106]. Ал, Ж. Артықбаев оны Өркөшекпен сәйкестендіреді. Дамурия және Сараус қалаларын Шария өзенінің бойында, яғни қазіргі Терісаққан өзенінің жағалауында орналаскан. Қимақтын Карантия, Ғаған, Сараус, Дамурия қалалары да осы көл- өзендердің жағалауында болады деп есептеуге қисын бар деп есептейді [Артықбаев Ж. Қимақ мемлекеті: Орта Ертіс өңірі деректері бойынша, 38 6.].
20. Сараус- Орманбет (Артықбаев Ж. Кимақ мемлекеті: Орта Ертic өңірі деректері бойынша)


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *