Мұртаза А.Ш1., Жанұзақова Г.А. 2 Жумалиева Ж. К.3 123Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқутышылары, Алматы, Қазақстан.
еmail: gulmir_zhan@mail.ru
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ
КОМПОНЕНТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Түйіндеме
Бұл мақалада шет тілін оқытуда өзге тілді әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру жайлы айтылған. Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік — оқып жатқан тілде сөйлейтін елдер туралы әлеуметтік-мәдени білімін жинақтауға (мінез-құлық, әдеп) және оны қарым-қатынаста қолдана білуге, сондай-ақ өз елін және оның мәдениетін өзгелерге жеткізе білуге үйрету. Қазіргі жаhандану заманында шет тілін оқытудағы әлеуметтікмәдени компонентін дамыту – маңызды мәселелердің бірі. Тіл үйренушінің өзге ортада әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін келесідей құралдар арқылы дамытуға болады: таспаға жазылған мәтіндер видеоматериалдар — олар кезіндегі және қазір де белгілі құралдар виртуалды ену – оқушылардың әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін дамытудың тиімді құралы. Бұл виртуалды кеңістік интернет, басқа да компьютерлік технологиялармен бірге қолданылады. Әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті дамытудың ең тиімді құралы, әрине, сол тілде сөйлейтін елдерде болып қайту жайлы айтылған.
Кілт сөздер: әдеп, мінез-құлық, әлеуметтік-мәдени, жаhандану заманы, тіл үйренуші, компонент, виртуалды кеңістік.
Муртаза А.Ш.,1 Жанузакова Г.А. 2 Жумалиева Ж. К.3
123Старшие преподаватели кафедры дипломатического перевода факультета международных отношений
Казахского Национального Университета им. Аль Фараби
Алматы, Казахстан еmail: gulmir_zhan@mail.ru
ОСОБЕННОСТИ РЕАЛИЗАЦИИ СОЦИОКУЛЬТУРНОГО КОМПОНЕНТА В МЕТОДИКЕ ПРЕПОДАВАНИЯ ИНОСТРАННОГО ЯЗЫКА
Аннотация
Данная статья посвящена формированию социокультурной компетенции в изучении иностранного языка на другом языке. Социокультурная компетенция — это способность накапливать (поведение, этика) и применять социокультурные знания о странах, где изучается язык в общении, а также передавать свою страну и свою культуру другим. В современном глобализированном мире развитие социокультурной составляющей преподавания иностранных языков является одним из наиболее важных вопросов. Социокультурные компетенции изучающих язык в других средах можно развивать с помощью следующих инструментов: магнитофонные записи видео — инструменты, которые были и остаются известными виртуальный доступ — эффективный инструмент для развития социокультурных компетенций учащихся. Это виртуальное пространство используется совместно с Интернетом и другими компьютерными технологиями. Разумеется, наиболее эффективным инструментом развития социокультурной компетенции является посещение стран, говорящих на одном языке.
Ключевые слова: этика, поведение, социокультурность, глобализация, изучающий язык, компонент, виртуальное пространство.
Murtaza A. Sh.1, Zhanuzakova G. A.2 Zhumaliyeva Zh.K.3
123Senior teachers of Chair of “Diplomatic Translation” of Department of “International Relations” of Al Farabi Kazakh national University, Almaty, Kazakhstan. email: gulmir_zhan@mail.ru
FEATURES OF THE IMPLEMENTATION OF THE SOCIO-CULTURAL
COMPONENT IN THE METHODOLOGY OF TEACHING A FOREIGN LANGUAGE
Abstract
This article is devoted to the formation of socio-cultural competence in the study of a foreign language in another language. Sociocultural competence is the ability to accumulate (behavior, ethics) and apply sociocultural knowledge about the countries where the language is learned in communication, as well as to transmit their country and their culture to others. In today’s globalized world, the development of the socio-cultural component of foreign language teaching is one of the most important issues. Socio-cultural competence of language learners in other environments can be developed using the following tools: tape recordings of video-tools that were and still are known virtual access-an effective tool for the development of sociocultural competencies of students. This virtual space is shared with the Internet and other computer technologies. Of course, the most effective tool for developing socio-cultural competence is to visit countries that speak the same language.
Keywords: ethics, behavior, globalization, language learners, component of the virtual space.
Қазіргі кезде білім беру стандарты талаптарына сай қоғамдық пәндерді оқытуда ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеледі. Жаңа педагогикалық және ақпараттық- коммунитативтік технологияларды қолдану бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда басты рөл атқарады. Оның басты міндеттері мынадай:
— оқушылардың ежелгі адамзат қоғамының дамуынан, бүгінге дейінгі дамуынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
— оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
— оқушылардың басты назарын қоғам тарихына аудару;
— тұлғаның жеке мүддесі, мүмкіншілігін ескере отырып, бүкіл адамзаттың мәдени тұлғасын сақтауға және байытуға үлес қосуға тәрбиелеу.
Осы міндеттерді орындау үшін шет тілін оқыту маңызды орын алады. Сондықтан шет тілін оқытуда оқушылардың айрықша белсендігін, ойлау қабілетін, ізденісін дамыту үшін сабақтың әртүрлі типтерін ұйымдастыру қажет. Қазіргі еліміздің даму қарқыны мемлекет құрылысының барлық салаларына әсер етуде. Жаңа заман талабына сай теориялық білімді игеру мен жаңғырту, технологиялық процестерді үздіксіз қолдану оқушылардың алған білімін жаңаша, шынайы қалыптастырады. Шет тілі пәнін оқытуда ақпараттандыру құралдарының орны ерекше. Шет тілін мәдениетпен байланыстыра оқытудың басты мақсаты: шәкірттердің ойлануына, толғануына, пікір таластыруына ықпал ету, дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру, эстетикалық талғамын тәрбиелеу, оларды өз еңбегімен ізденуші, білім алушы дәрежесіне жеткізу.
Жастар тәрбиесіне қатысты логика мен психология ғылымдарының өзара қарымқатынасын әрбір оқытушы, барлық адамдар білуі парыз. Қазіргі білім беру жүйесіндегі қайта құру процесі осы мәдениеттің жалпы дамуын, философиялық, ғылыми-әлеуметтік көзқарасты меңгеруді қажет етуде [42]. Жалпы мәдениетті қалыптастыру процесі оның гуманистік табиғатын одан әрі дамытып, оған тән ізгілікті, адамға тән сүйіспеншілікті білім беру жүйесіне енгізумен бара-бар. Ғылым мен техниканың дамуы да, қоғамдық қарым-қатынастардың жан-жақты гүлденіп, нығаюына байланысты білім беру мәдениет пен өнер, әдебиет, тарих, отбасы және неке, қарым-қатынас психологиясы, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті туралы арнайы курстардың орын алуынан өскелең өміріміздің даму логикасы анық көрініп тұр. Мұны адамның ертеңгі дамуына жол ашу, қоғамдық қарым-қатынастағы оның орнын үйлестіріп отыру сияқты әлеуметтік ғылымдардағы қазіргі мәселелер ерекше дәлелдеуде.
Шет тілін еркін меңгеру, тіпті шектеулі дәрежеде сөйлей білу – қыр- сыры көп аспектілердің бірі десек, ал қажырлы оқудың нәтижесі – коммуникативтік құзыреттілік – өте күрделі, көп компонентті құбылыс болғандықтан, шет тілін оқытудың мақсатына, яғни күрделі интеграциялық тұтастықты көрсете отырып, мәдени аралық құзыреттілікке алып келеді.
Шет тілін оқып-үйрену процесі кезінде коммуникативтік құзыреттіліктің мынандай компоненттерін дамытуға аса мән бергеніміз жөн:
1. Сөйлеу құзыреттілігі – оқушылардың сөйлей алуы (диалогтық және монологтық сөйлеу), оқу және жазу; Шет тілін оқытуда қойылған мақсатқа жету үшін оқытудың әр түрлі құралдарын пайдалану көзделген. Оқу құралдарына оқытуды ұйымдастыруда, оқыту-тәрбие процесін жүргізуде қолданылатын барлық материалдар жатады. Әр оқу құралын тиімді пайдалану оқытушыға байланысты. Соған орай ол қажетті нәтижеге қол жеткізе алады. Сөйлеу құзыреттілігін дамыту үшін төмендегідей оқу құралдарын пайдалану қажет: оқулық — оқытудың ең басты және негізгі құралы, ол оқытудың барлық әрекетін қамтитын оқу материалдарынан тұрады; оқуға арналған кітап — ол әр оқушының қолында болуы тиіс. Әр түрлі тақырыптардағы мәтіндерді оқу практикалық, тәрбиелік, білімділік, дамытушылық мақсаттарды жүзеге асырады; оқу құралы — жеке және өзіндік жұмысқа, практикалық сабаққа, ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған. Мұндай оқу құралдарын түгелдей немесе жартылай сол оқу орындарының мұғалімдері жасап шығаруы мүмкін; аудио- және видеожазбалар — шет тілін оқытуда маңызды рөл атқарады. Ол тіл үйренушілерге нақты шет тілінде сөйлеуді, яғни шет тілінде сөйлеушінің сөйлеу мәнерін тыңдауға мүмкіндік береді, ол тіл үйренушілердің сөздерді дұрыс айту сапасын арттырады, тыңдау қабілетін дамытады; компьютерлік программа, интернет жүйесі — оқушылардың функционалды компьютерлік сауатын қамтамасыз етеді. Өз бетінше және қашықтықтан білім алуына мүмкіндік береді. Оқушылардың ең осал тұстары, жазбаша коммуникативтік икемділіктерін дамытады.
2. Тілдік құзыреттілік сөйлеудің айтылу, лексикалық, грамматикалық жақтарын меңгеруді қамтиды, графика мен орфография. Тілдік құзыреттілікті дамытудың негізгі оқыту құралдары: жұмыс дәптері – үйде өздік жұмысты орындау үшін қажет, ағылшын тілінің графикасы мен орфографиясын меңгеруге, лексикалық грамматикалық материалдарды әр сабақта тапсырмаларды орындау кезінде игеруге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тексеруге, түзетуге, бағалауға үйретеді; таблицалар, схемалар, үлестірмелі материалдар, түрлі-түсті суреттер — мүмкіндігінше сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерудегі қабілеттілігін дамыту мен қалыптастыру процесінде белсенді болуы мен даралануына мүмкіндік береді және де тіл үйренушілердің тілдік және сөйлеу бірліктерінің жинақталу процесін дамытады; оқулық; аудиоматериалдар; компьютерлік программа, интернет.
3. Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік — оқып жатқан тілде сөйлейтін елдер туралы әлеуметтік-мәдени білімін жинақтауға (мінез-құлық, әдеп) және оны қарым-қатынаста қолдана білуге, сондай-ақ өз елін және оның мәдениетін өзгелерге жеткізе білуге үйрету. Қазіргі жаhандану заманында шет тілін оқытудағы әлеуметтік-мәдени компонентін дамыту – маңызды мәселелердің бірі. Тіл үйренушінің өзге ортада әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін келесідей құралдар арқылы дамытуға болады: таспаға жазылған мәтіндер (нақты шетелдік азаматтардың және тіл тасушылардың оқыған мәтіндер жазбасы); видеоматериалдар — олар кезіндегі және қазір де белгілі құралдар (олар сол елдің мәдениетін беруші беделді құрал); виртуалды ену – оқушылардың әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін дамытудың тиімді құралы. Бұл виртуалды кеңістік интернет, басқа да компьютерлік технологиялармен бірге қолданылады. Әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті дамытудың ең тиімді құралы, әрине, сол тілде сөйлейтін елдерде болып қайту. Ондай елдерге барып қайтқан оқытушылар оқушылар үшін «көрнекті құрал» тәріздес, себебі, олардың сол ел туралы көрген-білгендері көп.
4. Компенсаторлық құзыреттілік – ақпаратты алуда және беруге тілдік құралдардың жетіспеу жағдайында қиындықтан шыға білу. Бұл құзыреттілік келесідей құралдар арқылы дамытылады: оқулық; интернет; сол тілде сөйлейтін елде болып қайту.
5. Оқу-танымдық құзыреттілік — жалпы және арнайы оқу, тілді өз бетінше үйренудің әдіс-тәсілдері, соның ішінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану.
Оқу-танымдық құзыреттілікті дамытуға жататын құралдар: әртүрлі сөздіктер (ағылшынша-орысша, орысша-ағылшынша, түсіндірме). Оқушыларға жаттығуларды орындауда көп көмегі тиеді, білуге құмарлығын, тілге қызығушылығын арттырады [44]; оқулық; оқуға арналған кітап; оқу құралдары; компьютерлік бағдарламалар, интернет.
Жоғарыда айтылған педагогикалық және прагматикалық аспектілердің бәрі ескеріле отырып, шет тілін оқытудың ең маңызды екі мақсаты негізделеді: 1. когнитивті коммуникативтік мақсат, 2. когнитивті дамытушы мақсат.
Когнитивті коммуникативтік мақсат ең алдымен оқушыларға аутенттік мәтіндерді оқыту арқылы беріледі және оған коммуникативтік іскерліктердің барлық түрлерін (оқу, тыңдау, сөйлеу, жазу) бірікіре оқыту арқылы шетелдік аутенттік мәтіндерді оқудағы өзгерістерді оқып-үйрену жатады. Негізгі ерекшеліктерді игере отырып, оқушы практикада, өмірлік жағдайда пайдалануға мүмкіндік алады. Екінші мақсат – когнитивті дамытушы – ол бірінші мақсатпен тікелей байланысты және аутенттік мәтендерді оқыту процесінде қалыптасады.
Шет тілін оқытудағы когнитивті дамытушы мақсат оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық және танымдық қасиеттерімен бірге ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытуда тілдік формаларға мән бере отырып, лингвистикалық қызығушылыққа қол жеткізеді, демек, басты мақсатымыз когнитивті коммуникативтік мақсатқа алып келеді.
Қорыта келе, бұл мақсаттарға жету үшін оқыту кезеңдерінен өту керек. Көптеген түрлі тапсырмалар орындалуға тиіс. Сабақтардың сан алуан түрлерін өту – қажетті деңгейде еңбектенуді қажет етеді. Демек, оқытудың барлық кезеңінде жүйелі оқыту барысында ғана қол жеткізуге болады.
«Шет тілін үйренушілер лингвистикалық және экстралингвистикалық күнделікті тұрмысқа қажетті мәліметтермен қамтамасыз етілсе, онда мәдениет аспектісін шет тілін оқыту процесіне енгізудің біраз мәселесі шешілер еді. Мұндағы экстралингвистикалық мағлұматтар деп отырғанымыз – жағдайға үйлесімді паралингвистикалық іс-әрекет, ал лингвистикалық мәліметтер коммуникативті ниетті іске асырудың қарым-қатынас үлгілері болып табылады. Мысалы, «Famіly» тақырыбын өту барысында лингвистикалық мәліметтер ретінде жанұядағы сыйласым, тәуліктің әр мезгіліндегі амандасу, қоштасу, жақсы тілек тілеу, кешірім сұрау, рақмет айту, мақтау сөздерінің үлгілері оқытылса, экстралингвистикалық мағлұмат ретінде бала тәрбиесі, жанұя мүшелерінің қарымқатынасы, уақытты өткізу, тамақтану, үй құрал-жабдығы, үйлену дәстүрі сияқты мағлұматтар қамтылғаны дұрыс».
«Шет тілін оқытуда, тіл үйренудің жемісті болуына ықпал етуде, оқушылардың қызығушылықтарын арттыруда бейнетаспалар мен үнтаспалардың маңызы зор. Шет тілі сабақтарында оқушылардың үйреніп жатқан тілдерін көп естіп, көп қолдануы негізгі жаттығулардың бірі болып табылады. Сол себепті оқытушылардан оқушыларды көбірек сөйлетуі талап етіледі. …Шет тілін оқытудағы ең маңызды сәт – үйретілгендердің күнделікті өмірде қолданылуы. …ұстаздың міндеті – жұмысқа әр түрлі тәсілдер мен құралдарды, түрлі ойындарды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру. Бұл жайт үйренушілердің назарын білім игерудің қиыншылықтарынан оның қызықты жақтарына аударады, оларды ынталандырады, еркіндік береді. …Оқушылардың қызығушылығы, қабілеті және меңгеру жылдамдығы әр түрлі болып келеді. Кейбір оқушылар тез қабылдаса, кейбірі баяу қабылдайды, бірі естігендерін жақсы түсінсе, ал бірі көзбен көрген нәрселерін тез қабылдайды, есте сақтайды, ал тағы біреулері ауызша жаттығуларға жақсы болса, ал басқалары жазбаша жаттығуларда өзін жақсы жағынан көрсетіп жатады».
Шет тілін үйретудің ерекшелігі – сөйлеу қызметіне үйрету, ал сөйлеу қызметінің пәні ой болып табылады. Сондықтан шет тілін үйретуде өздігінен ойлауды стимулдау, әр түрлі проблемаларға өзінің жеке көзқарасын дәлелдеу сияқты негізгі қызмет түрлерін қолдану қажет. Басқаша айтқанда, «проблема, проблемалық ситуация; шет тілін үйрету барысында оқытушы студенттің назарын сөйлеу қалпынан оның мазмұнына өтуіне мүмкіндік жасай отырып, оқытудың коммуникативті бағдарын анықтайды. Осыдан дәрісте тек трансформациялық жаттығуларды ғана орындап қоймай, өздігінен ой құрастырып, дискуссияға, әңгімеге, рөлдік ойындарға қатысу сияқты түрлі қызметтерді қолдану қажет».
«Мәдениетаралық қарым-қатынас концепциясы негізінде құрылған шетел тілдерін оқыту мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
1. Мәдениетаралық қарым-қатынасты үйрету барысында оқылатын тақырыптар студенттердің өмір тәжірибесімен байланысты болуы шарт.
2. Тілін оқып жүрген ел оны қоршап тұрған жоқ. Ол бұл әлеммен тек мұғалім айтуымен, оқу құралдары арқылы байланыса алады. Сондықтан сол елдің мәдениетін, тілін түсініп, қарым-қатынасқа түсу үшін ықпал ететін әдіс-тәсілдерді қолданған жөн.
3. Тілді үйренуде мәдени құбылыстарға көңіл аудармау қателік болып табылады және ол фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарға тәуелді. Сондықтан тілдік механизмдерді үйреніп, меңгеру мен тілдік модельдерге жаттығулар жасауға баса назар аударған жөн.
4. Мәдениетаралық қарым-қатынасты үйретудің негізгі тәсілі өз мәдениетінің элементтері мен бірліктерін тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен салыстыру болып табылады. Бұл сонымен қатар тілдерді де бір-бірімен салыстыруға көмектеседі [50].
Шет тілін кәсіптік-бағдарлы оқыту осы тілдің білімді иесіне тән деңгейіне жақындауды көздейді .
Әңгіме тек оқу, жазу, сөйлеудің жоғары деңгейі туралы ғана емес. Кәсіби — лингвистерді (аудармашы , оқытушы , филолог) оқытуда болашақ мамандарды үйретіліп жатқан тіл елінің ұлттық ерекшеліктеріне, тарихына, мәдениетіне, дәстүріне бағдарлау соңғы орында қалып отырған жоқ .
Лингвистикалық-әлеуметтік-мәдени құзыреттілік тілді мәдениетпен байланыстырып қарастыру қабілеттілігі – мамандарды кәсіптік дайындаудың негізгі құрамдас бөлігі.
Әлеуметтік және мәдени орта сияқты компонентке жүгінетін лингвистикалық әлеуметтік-мәдени әдіс лингвистикалық дидактика дамуының қазіргі заманғы кезеңінде шет тілін оқытудың ең маңызды әрі толық қамтушы әдістердің бірі.
Аталмыш әдістің негізгі мақсаты сұхбаттас айтқандарының тек эксплицитті берілгенін ғана емес,сонымен бірге оның имплицитті мағынасын дұрыс түсіндіру, бөтен мәдениетті қабылдауды интуктивті деңгейде қалыптастыру, және де басқа мәдениеттермен байланысқанда жүріс – тұрыстың, өзін ұстаудың белгілі дағдылары мен стратегиясына төселдіру болып табылады .
Сондықтан кімде кім осы негізгі және тұтас әдісті таңдаған болса, тілге халықтың географиясы, тарихы, оның өмір жағдайы, салты, тұрмысы, күнделікті жүріс тұрысты көрсетілген айна ретінде қарауы тиіс.
Лингвистикалық-мәдениеттанушылық әдіс – әлеуметтік-мәдени құзыреттілікті қалыптастыру үшін ең тиімді әдіс. Себебі бұл әдіс арқылы оқытылатын екінші тілдің ұлттық-мәдени болмысын терең тануға болады және аударуға келмейтін төл ұлттық тіл бірліктеріне ұқсас баламаны оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, қазақ тіліндегі «Абылайдың асындай», «Асан қайғыға салыну» сияқты прецедентті тұрақты тіркестерге балама табу үшін тура аударымайды, мағынасына қарай, молшылық, қайғыға түсу, мұңдану ұғымдарының мәнін қолдануға тура келеді. Сондай-ақ ағылшын тілінде қыз бала мен бойжеткен сөздерін сипаттайтын, яғни жас ерекшелігіндегі өзгешелігіне қарай таңбаланған тіл бірліктері жоқ. Тек жалпы қыз ұғымын білдіретін girl сөзі ғана кездеседі. Ал орыс тілінде девочка және девушка сөздерінің қазақ тіліндегі (қыз бала-бойжеткен) балама аударма атаулары бар. Сондай-ақ ағылшын тіліндегі bank’ — өзен жиегі мен shore – теңіз жағалауын білдіретін екі сөз орыс тілінде бір ғана «берег» сөзімен ғана таңбаланады. Ал қазақ тілінде өзен жиегі, теңіз жағалауы немесе өзен жағалауы, теңіз жиегі деген тіркестер жарыспалы қолданыла береді. Осындай ерекшеліктер лингвистикалық-мәдениеттанушылық әдіс арқылы жүзеге асырылады.
Контент-талдау әдісі. Берілген мәтінді ойда тиянақтап, негізгі айтылмақ ойды, басты идеяны, ол мәтінннің нәтижесін тезистеу үшін, санада терең сақтап, тілдік қолданыста еркін пайдалану үшін, әрбір мәтін арқылы осылайша тілдік қолданыстың жүйесін игеру мақсатында контент-талдау әдісі қолданылады.
Салыстырмалы-сипаттамалы әдіс. Шет тілін оқыту барысында бұл әдіс өте жиі қолданылады. Әсіресе фразеологизмдерді, бейнелі сөздерді аудару кезінде оларға дәл келетін баламаны табу кезінде ағылшын тіліндегі тілдік бірлікті мәтін мазмұнындағы қолданысын нақты айқындау үшін қазақ немесе орыс тіліне аударып, салыстыру әдісін қолдану шет тіліндегі сөйленістің сауатты шығуына мүмкіндік береді.
Ассоциациялық эксперимент әдісі. Ағылшын ұлтының өкілі мен қазақ ұлтының азаматына ассоциациялық эксперимент жүргізіп, нәтижелерін салыстыру арқылы, қарапайым ойлау деңгейіндегі ұқсастық пен айырмашылықты анықтауға болады. Мәселен, қазақ баласы «бақыт» деген ұғымға өмірге келу, жетістікке жету, балалы болу, ұрпақ өсіру, ата-ананың амандығы, баланың қызығын көру деп ассоциация беруі мүмкін. Ал ағылшын ұлтының өкілі бүкіләлемге саяхат жасау, ғарышқа ұшу, мақсатқа жету, сүйіктіммен мәңгі болу, т.б. деп жауап беруі мүмкін. Олар үшін қазақ секілді балалы болу, ұрпақ жалғастыру аса маңызды бақыттың қатарына жатпайды. Ассоциациялық эксперимент арқылы әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктің әр ұлт өкілі үшін тепе-тең емес екенін аңғаруға болады.
Әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-лингвистикалық құзыреттілік пен коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру үшін интернетті пайдалану тиімді.
Қазіргі кезде мәдениетаралық коммуникация облысында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру шет тілін оқытудың мақсаты болып тұр. Бұл өзге мәдениет өкілдерімен тілдік әрекеттестікке қабілеттің болуын меңдейді .
Мәдениетаралық коммуникация – бұл әр түрлі ұлттық мәдениетке жататын коммуникативті актіге екі қатысушының барабар өзара түсіністігі. Сондықтан да шет тілін оқытудың мақсаты – бұл алдымен серіктестер арасындағы өзара түсіністік пен мәдениетаралық қарым – қатынасты қамтамасыз ету.
Оқушыларда ұлттық — мәдени компонентті қалыптастыру тілін үйреніп жатқан елдің атақты адамдарымен, тарихымен,салт-дәстүрімен таныстықтан ғана тұрмайды, бірінші кезекте тура қарым – қатынас жағдайында оқушы қажетіне жарайтын білім беру болып табылады. Шет тілін оқытудың өзекті мәселелерінің бірі бүгінгі таңда тіл иесі әлемін анағұрлым тереңірек зерттеу қажеттілігі есептеледі. Қатынасқа түсетін адамдардың ойлау қалпын қалыптастырған тарихи және мәдени дәстүрлерді зерттемей, әлеуметтік және саяси мәдениетті білмей, әлеуметтік – экономикалық жүйені талдамай қатынас құралы ретінде тілді зерттеу мүмкін емес.
Тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік — мәдени ерекшеліктері туралы білімсіз халықаралық қатынас құралы ретінде өзге тілді меңгеру мүмкін емес.Тіл стильдерін пайдалану шеберлігісіз, тілдік айтылымдардың этикеттігін ұғынусыз тіл мәдениетінің болуы мүмкін емес. Өзара тығыз байланыстағы әр түрлі тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктерін түсіну коммуникацияның тиімділігіне септігін тигізеді.
Коммуникативті құзыреттілік бір қатар суб құзыреттілікті, оның ішінде әлеуметтікмәдени және әлеуметтік-лингвистикалық құзыреттілікті қамтиды. Әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктің астарында «әлеуметтік-мәдени контексте пайдаланылған тілмен таныстықтың біршама дәрежесі» жатыр. Мәдениетаралық коммуникация теориясында әлеуметтік-мәдени құзыреттілік концепті басты орынды алып тұр.
Студенттердің әлеуметтік — мәдени дамуында ана тілімен туған мәдениетін және шет тілі мен өзге халықтар мәдениетін қатар үйреніп жүреді, өзге тілді мәдениетаралық қатынас жағдайында оқушылардың өз елі мен мәдениетін көрсету қабілетін дамыту да жүреді.
Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік үш блок білімнен тұрады: лингвистикалықелтанушылық білім, әлеуметтік-психологиялық білім, мәдениет танымдық білім. Лингвистикалық-елтанушылық білімдер ұлттық-мәдени семантикалық лексикалық бірліктер білімі және оларды мәдениетаралық қатынас жағдайларында пайдалана білу дағдылары. Тілін үйреніп жатқан ел халқының менталитетінің көрінісі ұлттық мақалмәтелдер. Олар студенттерге халық қатынасы ұстанымдары мен ережелері туралы, құндылықтары туралы, приоритеттер туралы, сөзге беріктігі туралы жорамалдауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік-психологиялық білім-берілген мәдениетте қалыптасқан коммуникативті лексиканы пайдалана отырып жүріс-тұрыстың әлеуметтік -мәдени белгіленген сценарийін, ұлттық өзгеше үлгісін игеру.
Мәдени танымдық білімдер әлеуметтік — мәдени, тарихи-мәдени, этномәдени ортаның білім және сол мәдениет иелерімен өзара түсіністікке жету үшін оларды қолдану шеберлігі. Тұлғалық бағдарлы білім пікірлерін жүзеге асырудың бір әдісі болатын мәдени танымдық тәсіл білім беру үрдісін қалыптастыруға, оқыту әдістемесіне үлкен әсерін тигізіп қоймай, тең құқылы тұлғалар — мәдениеттердің диалогтың қарым-қатынастағы мұғалім-студент, студент-топ қатынасының жаңа стилін нығайтады. Мәдениетаралық оқыту теориясына сәйкес шет тілін меңгеру өзге халықтың жеке ұжымдық менталитеті мен мәдениетіне кірігуді білдіреді және әр ұлттық тілдің артында тұрған осы халыққа тән және маңызды құбылыстар мен әлеуметтерден тұратын әлем бейнесінің ұлттық-мәдени өзгешелікпен танысуды да көздейді. Әлеуметтік — мәдени тілдік құзыреттілік деп мәдениетаралық коммункацияда барабар қолданылатын әлеуметтік-мәдени тілдік білімді айтамыз. Әлеуметтік –мәдени құзыреттілік дағдыларының болмауы коммуникацияны едәуір қиындатады.
Әлеуметтік-лингвистикалық құзыреттілік тілдің әлеуметтік -мәдени жағдай шарттарын пайдалануды көрсетеді (әртүрлі ұрпақ, жыныс, класстар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастың әлеуметтік нормаларға бағдарлау, салт жораларды рәсімдеуге). Бұл құзыреттілік әр алуан мәдениет өкілдері арасындағы тілдік қатынасқа әсер етеді.Әлеуметтік лингвистикалық құзыреттілік жағдайға сәйкес тілдік формаларды түрлендіру мен пайдалану қабілеттілік болып табылады.
Бұл жерде қатынас сипаты мен стиліне байланысты сөздер; идиоматикалық нақысты сөздердің ерекшеліктері мен симантикасын және олардың әңгімелесушіге тигізетін әсерін білу өте маңызды. Диалект пен акцентке қатысты әлеуметтік лингвисикалық құзыреттілікке әлеуметтік топтардың тілдік ерекшеліктерін, өмір сүру орындарын, шығу тегін, қызмет түрін анықтау қабілеттілігі жатады. Мұндай ерекшеліктер лексика, грамматика, фонетика (сөйлеу мәнері, паралингвистика) деңгейінде, сөйлеу мәнерінде, паралингвистикада, дене қимылы тілінде кездеседі. Әлеуметтік лингвистикалық құзыреттілік аймағына педагогикалық қатынас ұйымдастыру мен нақты педагогикалық жағдайды ескеру шеберлігі кіреді, тілін үйреніп жатқан елге тән болмыстар, ерекше сөз тіркестер, тілдік қатынастың өзгеше ережелері пайдалану шеберлігі кіреді,яғни мәдениет, дәстүрлердің әсерін куәлендіретін тілдегі өзгешеліктер. Әлеуметтік ережелерге (әртүрлі жыныс, ұрпақ, әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қатынас ережелері, жақсы әдеп ережелері, аталмыш қоғамда қабылданған арнайы салт жоралардың тілдік бекітілімдер) байланысты әлеуметтік лингвистикалық компонент әртүрлі мәдениет өкілдері арасындағы қатынасты тілдік дайындауға зор ықпал жасайды.
Әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік лингвистикалық құзыреттілікті қалыптастыру үшін Интернетті қолдану .
Шет тілін оқытудың ең басты міндеті – студенттердің (үйренушілердің) мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру. Оны тануға бағытталған Шет тілін оқыту- лингвистикалық (тілдік),дискурсивтік (сөйлеу), әлеуметтікмәдени және басқа компоненттерден тұратын күрделі интергративтік тұтастыққа негізделген. Атап айтқанда, лингвистикалық компонент — оқып үйренетін тілдің фонетикалық, лексикалық, граматикалық құбылыстары мен сол тілдің қалыптасқан заңдылықтарын оқушылардың өз-ара қарым-қатынаста қолдана білуге үйретеді. Дискурсивтік компонент — нақтылы әлеуметтік-мәдени контексте кездесетін тілдік бірліктерді нақтылы ауызекі сөйлеу процесінде пайдалана білуге бағытталған. Әлеуметтік – мәдени компонент – тілін оқып үйренетін елдің мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, мемлекеттік құрылысын заң ережелерін және тіл өкілдерінің мінез-құлық ережелерін үйретуді мақсат етеді.
Көрсетілген құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін шет тілін оқып үйренушіге тілін үйреніп жатқан ел туралы (географиясы, тарихы, мәдениеті, экономикасы және т.б.) белгілі бір білім және де шет тілі иелерінің өмір сүру
үлгісі, салт – дәстүрлері жайлы қандай да бір мағлұматтарға ие болуы керек.
Ел туралы білімді тиісті әдебиет оқып алуға болса, халықтың өмір сүру салты, дәстүр, ғұрыптарымен танысу үшін тілін үйреніп жатқан елдегі қатынастың нақты жағдайларында олардың мінез – құлығымен танысу қажет. Мұндай мүмкіндікті Интернет ұсына алады. Интернет технологиялар тілдік ортаны барынша тез жасауға және оған кіруге мүмкіндік береді, яғни тілдің функционалдық принципін жүзеге асыра отырып өзге мәдениетке енуге мүмкіндік жасайды .
Мәдениет аралық әрекеттестікке қабілеттілік біздің көзімізде Шет тілін үйренуші студенттердің кез келген кетегорияларына аса талап етеді. Интернет ғаламторын пайдалану кез — келген мамандық бойынша ақпаратты алу мен жіберудің күннен күнге қажетті шарт болып отыр. Білім беру мекемелерінің жүргізіп отырған тіл саясатының негізгі принциптерінің бірі білім аясына кіруді қамтамасыз ететін мобильдік, жеделдік принципі болып табылады. Міне сондықтан да интеракция құралы ретінде де, білім алудың құралы және ажырамас жабдығы ретіндегі интернет арқылы жаңа технологиялар ұсынып отырған бар мүмкіншіліктерді толыққанды пайдалану қажет .
Осы міндетті шешу үшін компьютерді таңдау себептері:
Компьютер түйсінудің барлық үш арнасын (есту, көзбен шолу және кинестетикалық) іске қосуға мүмкіндік береді, оның өзі материалды меңгерудің көлемін ұлғайтуға және берік болуын қамтамасыз етеді.
Оқушылардың танымдық белсенділігін көбейтіп, пәнге деген қызығушылығын қолдайды.
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі үшін кеңестікті ұлғайтады.
Әр оқушыға тұлғалық маңызы бар жағдайларды жасақтауға мүмкіндік береді.
Виртуалды кеңістікке — оқушылардың әлеуметтік-мәдени құзырын дамытудың тиімді құралы — енудің құралы ретінде Интернетті пайдалануға мүмкіндік жасады . Бұл жағдайда бізге Интернет не береді: rонтекстуалды ақпараттың едәуір көлемін;
қажет болған кезде пайда болған мәселені басын аша отырып студентке өз
жеке оймен жүруге рұқсат етеді; коммуникативті бағдарламалар (чаттар, почта және т.б.) ұсына отырып
виртуалды әлеуметтік-мәдени және тілдік орта қалыптастырады; қандай да бір елде виртуалды болуға мүмкіндік береді; әр түрлі проектілерге, оның ішінде шет елде, қатысу мүмкіндік береді.
Лингвист — маман әлеуметтік-мәдени құзыреттілікке — мәдениет диалогын жүргізуге қабілеттілік пен дайындыққа — ие болуға тиіс. Е.М. Верещагин сөзімен айтқанда, «тұлға мен мәдениет ара қатынасын анықтауда тұлғаның қалыптасу генезисін әлеуметтік қауымдастықпен (кіші әлеуметтік топтын , ақыр соңында ,ұлттын) бөлек түсіну мүмкін емес, орыстың немесе немістің , поляктың немесе француздың ішкі жан дүниесін түсінуге ықыластық болса, орыс немесе тиісінше неміс, польша , француз мәдениеттерін зерттеу қажет ». Тілін үйренетін ел болмысы , өнегесі , әдеті , салт – дәстүрі туралы білімдер; тілдік коммуникация актілерінде коммуникативтік мінез – құлық дағдылар мен білімдер; вербалды және вербалды емес мінез – құлық шеберлігі мен дағдылары қалыптасуға негіз болатын шет тілін оқытудың әлеуметтік — мәдени компоненті ұлттық мәдениет мәдени танымдық білімді (мәдениет фактілерін) меңгеруді ғана емес, үйреніп жатқан тіл иелерінің менталдігін түсінуге дайындық пен қабілетті, және осы ел халқының коммуникативтік мінез-құлық ерекшеліктерін ұғуды да ойластырады.
Шет тілі факультетінде шет тілін оқыту студенттердің өзара байланысты коммуникативтік және әлеуметтік – мәдени дамуын қарастырады. Соның нәтижесінде өзге мәдениетке, өзге өмір салты мен құндылықтар иерархиясына қызығушылық, басқа халықтар мен мәдениеттерді сыйлау қабілеті, туған халқы мәдениетін басқа елдің мәдениеті мен салыстыру мен өзге халық өкілдерімен қатынасу және өзін әлемдік қауымдастық мүшесі, елдің белгілі әлеуметтік — мәдени көзқарастарын тасымалдаушы ретінде сезіну шеберлігі қалыптасады.
Сонымен қатар бір-бірін түсінудегі қиындықтар, байланысты немесе қатынасқа ықыласты жоғалту көбіне лингвистикалық құзыреттілікті меңгеру деңгейінің жеткіліксіздіктері ғана емес, әлемді әлеуметтік — мәдени қабылдаудың айырмашылықтары да туындатып отырады. Өзге мәдениет адамының айтқандары мен әрекеттерін түсіну таза вербалды немесе жүріс – тұрыс тесті шеңберінен шығуды және осы мәдениет адамына тән күнделікті үйреншікті сана стереотиптері мен түсініктердің кең контекстінде қарастыруды талап етеді.Сонымен оқытудың тәжірибелік мақсаттарына оқытушылардың шет тілінде ауызша және жазбаша қатынасудың әдет, шеберлігі ғана емес, сонымен қатар «Шет тілі » пәнінің потенциалдық мүмкіндіктерін толыққанды пайдалану жолымен білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарына да жетудің қажеттілігі күмән тудырмасы сөзсіз. Өзге әлеуметтер, өзге мәдениеттер арқылы тану, оларды туған мәдениетпен салыстыру және олардың жалпы мәдени деңгейн көтеру арқылы тұлғаны қалыптастыру ақырғы нәтиже болуы тиіс.
Әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін дамыту қажеттіліктері, мамандандырылған ЖОО студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзыреттілігі мазмұнының құрлымы мен ғаламтор ресурстарын маңызды ақпарат көздерінің бірі ретінде таңдап алу дидактикалық мүмкіндіктерін талдады, белсенді оқу әдістемелеріне мінездеме берілді және таңдап алынды. Шет тілі мамандандырылған ЖОО студенттеріне негізгі мамандық болып саналмайды, ол кәсіби істі іске асыру құралы ұсынады. Мамандандырылған ЖОО шет тілін оқыту және ақпараттық-аналитикалық істі жүргізе алуын дамытуға арналған, ақпаратты табу, оны кәсіби іс-әрекетте қолдану және өңдеуге дәрістік сағаттар көлемінде жүзеге асады. Мамандандырылған ЖОО үшін ақпаратпен жұмыс істей алу, коммуникативті құзыреттілікті дамыту,білім берудің негізгі мақсат болып табылады. Алайда мамандарға жалпы еуропалық даму барысына табысты қосылу үшін (шет тілінде шетелдік азаматтармен әрдайым қарым – қатынасқа түсу) өзінің кәсіби іс әрекетінің ерекшелігіне мәдениетаралық өз ара әрекет жасау шартында шынайы қарым – қатынаста оны қолдану үшін шет тілін білу қажет. Бұл дерек мамандандырылған ЖОО-ның студенттерінің басқа мәдениетті қабылдауында, өзге менталитетті өкілдермен қарым – қатынас жасауда студенттерді дайындау қажеттігін растайды. Осы бейіндегі мамандар әңгімелесушіні сұхбатқа ынталандыру, әңгімені жалғастыру,тілді тасмалдаушыларға мәдениетті түбегейлі білу қажеттілігі, мемлекеттің мемлекеттік және қоғамдық білім беру құрлымын, саяси және мәдени жағдайлардың артықшылықтары мен т.б. білу керек. Осы мен байланысты зерттеуде шет тілін оқуға деген әлеуметтік – мәдени тәсіл өзектелінеді (В.В.Сафонова). Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік компоненттері (жалпымәдениет, лингвистикалық-елтанушылық, әлеуметтік лингвистикалық, әлеуметтік) және басты заманауи мәдениеттанымдық білім беру принциптері мамандандырылған ЖОО оқыту мақсаты негізінде тиімді шешеді.
Мамандандырылған ЖОО студенттерінің әлеуметтік-мәдени құзыреттілігін қалыптастыру деңгейіне, сонымен қатар коммуникативті әңгіме ықпалдастығын дамыту қажеттілігі, әлеуметтік – мәдени іскерлігі, келелі материалдарды беру қажеттілігі себепші студенттердің интеллектуалды дамуына жеке бағдарға оқытуға бағытталған жоғарғы талаптар. Бізбен таңдалып алынған белсенді дидактикалық әдістер мамандандырылған ЖОО оқу барысында, гуманистикалық педагогикамен бағыт көрсету тәсілі принциптері негізінде көрінумен заманауи дидактикалық барлық талаптарға жауап беруді ұйымдастыра алады (кіші топтарға қызмет жасауға үйрету, шет тілдік мәдениет танымдық бағыт талас – тартыстар, мәдениеттанымдық — бағытталған рөлдік ойындар келелі бағытпен, жағдаяттық анализ).Болашақ мамандандырылған ЖОО студенттерінің өзіне әртүрлі үлкен көлемді ақпарат көздерінен ақпарттық аналитикалық жұмыспен, қажетті ақпартты оның бағасын, қажетті ақпартты таңдап алу және т.б. түлектердің сыни ойлау деңгейін тек жоғарғы мүмкіндікте кәсіби іскерлігі. Сонымен қатар ЖОО алдында оларды осыған оқыту міндеті тұр. Сонымен, бір жағынан, студент ақпаратпен соның ішінде электронды ақпаратпен нәтижелі жұмыс істей алу үшін оларға сыни ойлау интеллектуалды іскерлігін білу керек.
Басқа жағынан, әңгімелесушімен қарым-қатынас жасау барысында тілін оқып жатқан мемлекеттің мәдени ерекшеліктерін білуді белсенді қолдану үшін әлеуметтік – мәдени құзыреттілікті жан – жақты дамыту қажет. Сондықтанда мамандандырылған ЖОО студенттерінде әлеуметтік – мәдени құзыреттілік дамыту үшін ақпараттандырылған қоғам жағдайында және сыншыл ақыл өзекті, маңызы бірдей, бір – бірімен байланысты тапсырмалар болып табылады және оларды салыстырмалы дамыту керек.
Шет тілін үйрену барысында ғаламтор материалдарын қолдануға өзіндік пікірдің қалыптасуы мен сол немесе басқа мәселелерді жан — жақты зерттеу , әртүрлі ақпаратты іздеу мүмкіндігін, шынайы тілдік ортаны құруға, интерактивті оқытуға, аутентикалық ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бірақ ғаламтор сервисі мен ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуде өзінің ашық ерекшелігі бар екенін көрсетеді. Сондықтан да жүйелі оқу курсын бастамас бұрын студенттерді ғаламтордағы іздеу жүйесімен таныстыру маңызды, практикалық және технологиялық жоспарлардың негізгі қиындықтарымен, ғаламтор — ресурстарымен жұмыс істеуде олар кездесуі мүмкін . Осындай жағдайда студенттерді ақпараттық ресурстармен жұмыс жасау ерекшелігімен, олардың айдарлары мен құрылымымен, әлеуметтік – мәдени және ақпараттық – коммуникативті сипаттамаларымен , ерекшеліктерімен АКТ құралдарымен таныстыру үшін пропедевтикалық курс өткізу қажет.
Маманданған ЖОО студенттерінің сыни ойлауы мен әлеуметтік- мәдени құзыреттілігін дамыту бір-бірімен байланысты міндеттер болып табылады немесе олардың оқу барысында іске асуы мынадай болуы керек:
1. Әлеуметтік-мәдени білімдерін алу мен тереңдету ;
2. Оқу мен кәсіби міндеттерді АКТ тәсілімен қолдануды шешу мүмкіндіктері, коммуникативті және әлеуметтік – мәдени іскерліктерін дамыту .
Ғаламтор және телекоммуникация құралдарын қолданумен шет тілі мен ана тілінде практикалық тәжірибесімен алмасу, оны бағалау, жаңа қажетті ақпаратты табу іскерлігі , АКТ тәсілін қолдану кезінде өзін — өзі кемелдендіру қабілеттілігі.
Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Сол себепті оқытушылардың әдістемелік шығармашылығын дамытуды кәсіби құзіреттілігінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Оқытушының құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді.
Әлеуметтік-мәдени құзыреттілік – оқитын елдің әлеуметтік – мәдени ерекшеліктерін білу болса, лингвистикалық-елтанушылық құзыреттілік қатысымдық құзыреттілікті қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.
Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.
Қазіргі оқу орындарында ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады. Ойынның оқыту мүмкіндігі жөнінде ертеден белгілі.
Қазіргі заманда оқушыларды оқу құралдарымен, басқа да құрал-жабдықтармен, техникамен, аппараттармен таңғалдыра алмайсың. Алайда балаларды мұғалімдердің көптен бері қолданып жүрген ойын әдісі әрқашан қызықтырады. Шет тілі сабақтарында ойын түрлерін пайдалану, әсіресе, төменгі буындар үшін өте тиімді. Сабақтағы ойынның орны, оған бөлінетін уақыт мөлшері оқушының білімінің деңгейімен, оқу материалының жеңіл не қиындығымен, сабақтың мақсаты мен мүмкіндіктеріне байланысты. Оқушылардың белсенділігі ойын арқылы артады, мұғалім мен оқушының, оқушы мен оқушының арасындағы психологиялық кедергілер жойылады. Яғни, ойында бәрі тең, нәтижесінде ұялшақ, жасқаншақ оқушылар оның барысында белсенді серік болуға мүмкіндік алады. Оқушылардың бұл кездегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін есепке алуға байланысты.
Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
Білім беру саласындағы инновацияны жасау, игеру және тарату – жаңа білім беру жүйесін қалыптастырады. Бұл икемді, ашық, жеке тұлғалық, жасампаздық білімнің, адамның бүкіл өмір бойы үздіксіз білім алуының жаhандық жүйесі.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.
Шетел тілін оқытуда оқушылардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру бүгінгі күнде ең маңызды мәселенің біріне айналуда. Шетел тілінде сөз әрекетінің жоғары деңгейде болуы коммуникативтік біліктілік элементтерінің оқушылардың бойында толық қалыптасуынан көрініс табады. Олар: коммуникативтік білім, коммуникативтік дағды, коммуникативтік іскерлік. Осы элементтерді шетел тілдерін оқып үйренудің бастапқы деңгейінде сөз әрекетінде қалыптастыра білуіміз қажет.
Оқушының коммуникативтік қабілетін дамытуда оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу-ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас бір уақытта дамиды; оқытудың бұл төрт түрі де сөйлесушілердің бір-бірін түсінуін қамтамасыз етеді.
Оқу үрдісі негізінде коммуникативтік қабілетін дамытуда ойын элементтерін пайдаланып, топпен және жеке немесе жұппен жұмыс істеу арқылы оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін анықтау, зейінділігін қадағалау, өз білім деңгейіне өзі баға беруіне көмектеседі.
Білім беруде компютерлік технологиялардың жетістіктері, әсіресе шет тілдерін оқытуда интернетті пайдалану, қолдану бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі болып табылады. Мәселен, дистанциялық білім беру технологиясын жасауда интернеттің қызметін пайдаланудың маңызы зор. Ақпараттық технологияны қолданудың өзектілігі әуелі педогогикалық қажеттіліктерден яғни білім беруді тиімді дамыту, сапасын арттыру, студенттің өзіндік оқу қызметін қалыптастыру негізінен туындайды. Қазіргі уақытта ақпараттың асқан жылдамдықпен көбейуіне байланысты білім жеке адамның кәсіби қызметінде тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың шарты болып табылады. Ендеше, студенттерге оқу процесіне белсене қатынасатын, үнемі ізденісте болатындай мүмкіндіктер жасау керек, студенттің шығармашылық қабілетін ашып, дамытатын оқу процесінің моделін жасау керек.
Шет тілін оқытудағы негізгі мәселе басқа тілдердерді оқытудағы қызметі мен ойлау қабілеті, ауызша коммуникацияда мәтіндер арқылы түрлі ақпараттар алу болып саналады. Тілдік емес жоғары оқу орындарында шет тілін оқыту жан-жақты процесс болып келеді, негізгі мақсатты студенттің оқитын тілді мәдени аралық коммуникацияда қолданудың қабілеті мен қызығушылығын дамыту, өз бетінше басқа шет тілінде сөйлеу қызметін меңгеру мен жетілдіру яғни студентті тұлға ретінде қалыптастыру болады. Жоғарғы оқу орындары өз түлектерін түрлі мамандықтарға бағыттап, практикалық қызметке баулиды, кәсіби маман ретінде қалыптастырады.
Интернет арқылы тілді коммуникативтік оқыту студенттің қабілетін дамытуда маңызы зор, оқып үйренген шет тілін қатынастың тиімді құралына айналдырады. Тілдік емес жоғарғы оқу орындарындағы шет тілінің бағдарламасы бұл пәнді жеке курс ретінде қарастырады. Негізгі мақсаты – болашақ түрлі ғылыми және техникалық саланың мамандарын шет тілін қажетінше өндірістік қызметте пайдаланудың кең көлемдегі тілдік тәжірибесін қалыптастыруды көздейді.
Шет тілін оқып үйренудегі ақпараттық технологияларды қолданып өз бетінше дайындалудың негізгі мазмұны интернет арқылы ақпаратты іздеу барысында түрлі тапсырмаларды орындауға болады. Мысалы, арнайы тақырыптық мәтіндер даярлау, баяндамалар (Ұлыбритания, АҚШ, т.б. алдыңғы қатарлы елдердің күн тәртібіндегі өткір мәселелері жөнінде) дайындауға тапсырмалар беруге болады. Студенттер шет тілінде өз бетінше баяндамалар мен презентациялар дайындау кезінде арнайы веб-сайттардың қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін қызу талқылаған тақырыпқа қатысты мақалалардағы материалдарды қолдануы керек. Олар интернеттегі күнделікті іздеу жүйелерін (гугл, яндекс, апорт т.б.) еркін қолдана білуі, тиімді қолданудың кілттерін жетік меңгеруі шарт. Шет тіліне қатысты үй жұмыстарын орындауда электрондық деректерді қолдану студентке қойылатын талаптың бірі, яғни бүгінгі таңда қай саладағы болашақ маман болмасын интернет-қорлары арқылы білімін қалыптастыру зәру мәселеге айналып отыр. Шет тілінде алынған ақпаратты өңдеуден өткізу де жеке компьютердің көмегімен жүзеге асырылады. Нәтижесі МС Word программасында, немесе Power Point презентациясында құрастырылады.
Шет тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың педогогикалық маңызы зор болмақ, шет тілін оқытудағы тірі шығармашылық процестің тиімді құралына айналады. Әрине, оқытушы компьютер емес және ол оқытушыны ешқашан алмастыра алмайды, компьютер тек қызмет құралы ғана. Ендеше жаңа ақпараттық технологияны қолдану тілдік емес жоғары оқу орындарында шет тілін оқыту процесін қызықты, тиімді дамытуда маңызы ерекше. Бүгінгі дамыған қоғамымызда техникалық жоғарғы оқу орнының түлегіне қойылар талаптар жоғары болмақ яғни олар өз мамандығын жетік меңгерген, жақ-жақты, ғылыми шығармашылықпен айналысудың әдістемесін қолданатын, заманауи ақпараттық технологиялардан терең хабардар, ғылыми ақпаратты қолдану, өңдеу, жиынтығын жасаудың түрлі жолдарын, әдістемелерін білуі тиіс.
Шет тілін еркін білу және компьютермен оны қолдану, кәсіби қызметінде жарату еуроапалық құжаттардың талабы бойынша әрбір кәсіби маманның күнделікті қызметіндегі кәсіби біліктілігі болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияларды тілдің емес жоғарғы оқу орындарында оқу процесінде қолданудың қажеттілігі ақпарат көлемінің үздіксіз ұлғаюы және оны оқу барысында зерделеу, өңдеуден өткізу талаптарынан туындайды. Жаңа заманауи ақпараттық технологияларды қолдану бүгінгі таңда шет тілін оқытудың сапасын арттыру және педогогикалық еңбектің өнімділігі мен тиімділігін өсірудің тың бағыты болып саналады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Исмагулова Р.С. Коммуникативтік құзыреттіліктің шет тілін оқып үйренудегі рөлі // Известия НАН РК. — 2015. — № 2(300). — С. 186-190.
2. Жанысбаев Д.С. Шет тілін оқыту процесінде мәдениет аспектісінің маңызы // Жанұя мен мектептегі тәрбие = Воспитание в семье и школе. – 2012. – №4. – 6-7 бб.
3. Ибрагимова Ж.С. Шет тілін оқытудағы негізгі ұстанымдар // Орта мектеп жаршысы = Вестник средней школы. – 2013. – №3. – 3-б.
4. Ахметова Г. Шет тілін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудағы кейбір мәселелер // Ұлағат. – 2007. – №6. – 12-17 бб.
5. Нұрманалиева А.С. Педагогикалық колледж студенттерінің әлеуметтік – мәдени құзыреттілігін қалыптастыру.
6. Кабдушева Л.Ж. Жоғары оқу орындарында шет тілін оқытудың озық әдістері.
7. Ельцова С. С. Социокультурный компонент в содержании обучения иностранному языку // университетская наука, 2014.
8. Барышников Н.В. Параметры обучения межкультурной коммуникации в средней школе // Иностранные языки в школе, №2, 2002г.