«АТАМАННЫҢ АҚЫРЫ» — толық метражды, екі бөлімнен құралған көркем фильм. 1970 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. 1920-21 жылдардағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр аймағындағы тарихи оқиғалар жайлы баяндалады. Атаман Дутов бастаған ақ гвардияшылардың әркеттері сипатталған. Ақ гвардияшы атаман Дутовтың бандасын жою туралы операция дайындалады. Оны орындау чекист Шадияровқа жүктелді. Ол атаманның штабына еніп, әбден оның сеніміне кіріп алып, өз өмірін қатерге тіге жүре берілген тапсырманы орындап шығады.
«Атаманның ақыры» — детектив жанрында түсірілген екі сериялы тұңғыш қазақ фильмі. Фильмнің негізгі тақырыбы — отаншылдық.Рөлдерде Қасымхан Шадияров — Асанәлі Әшімов, Николай Суворов — Виктор Авдюшко, Юхан — Геннадий Юдин, Нестеров — Юрий Саранцев, Ахмед — Құрбан Абдрасулов, Петр Кривенко — Владимир Гусев, Александр Дутов — Владислав Стржельчик, Ионның әкесі — Борис Иванов, Абылайханов — Нұрмұхан Жантөрин, Салтанат — Алтынай Елеуова.1972 ж. осы фильм үшін Михалков-Кончаловскийге, Тропининге және Әшімовке Қазақстан мемлекеттік сыйлығы берілді.