БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Х.С.КАКИБАЕВА

 

Аннотация
Мақалада бастауыш сынып шәкіртерінің ӛзіндік жұмыстарын
ұйымдастырудың тәсілдері қарастырылады. Мысалдар негізінде математика сабақтарында оқушыларындың ӛзіндік жұмыстарының формалары мен әдістері баяндалады.

В статье рассматриваются способы организации самостоятельной работы учащихся начальных классов. На примерах излагаются формы и методы самостоятельной работы учащихся на уроках математики.

Annotation
The article speaks about the organization of independent work of pupils in primary schools. There have been given examples on the forms and methods of independent work of students at the lesson of mathemathics.
.
Түйін сөздер: ӛзіндік жұмыс, білім, тәрбие, математика, логика.

Әлемдік стандарт пен қазіргі талапқа сәйкес келетін ұлттық білім жүйесін құрудың мәселелерін шешуге арналған. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «…Бастауыш мектептің бағғдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған … І сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметінде негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен игеру үшін мыналарды: оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен ӛзін-ӛзі кӛрсетуді, мінезқұлық мәдениетін, жеке гигиенасы және салауатты ӛмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағдарланған», — деп кӛрсетілген /1/. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін бастауыш сыныптарда білім беруді дамыта және нәтижелі іс-әрекет тұрғысында ұйымдастыру қажеттігі туындайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған: «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы». Бұл стратегияны жүзеге асырудың бірден-бір жолы, жалпы білім беретін мектептерде — оқыту үдерісінде оқушыларды ӛздігінен жұмыс жүргізу әрекеттерін жетілдіру болып отыр. Жалпы алғанда, өзіндік жұмысты ұйымдастыру мақсаты тұлғаны ӛз бетінше іс-әрекетке дағдыландыру.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары туралы педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде әр түрлі анықтамалар кездеседі. М.Н.Скаткин «Оқушыларды тек қана білім мен білгірлік жүйесімен қамтамасыз ету аз, сонымен қатар оларды білімге, жаңалыққа құштар болуын, ұмтылысын арттыруы қажет, бұның ӛзі жан-жақты дамыған адамның жеке басы үшін өте маңызды. Тек сонда ғана оқушы жастардың оқу еңбегіне деген кӛзқарасы ӛзгереді, оқуға, білімге, жаңалыққа ұмтылатын болады» — деген.
Н.Г.Дайри өзіндік жұмыстың негізгі сипаттамасына ойдың дербестігін, логикалық таным, шығармашылық ойлауды жатқызады. Оның пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмысының нәтижелілігі оқу іс-әрекетінің сапасымен тығыз байланысты. Бүгінде нәтижеге бағытталған білім беруде бұл идея жүзеге асырылуы тиіс деп ойлаймыз. Өйткені, білім сапасы, оның нәтижелілігінің кӛрсеткіші болып табылады.
С.И.Ожегов сөздігінде (Самостоятельный) ӛзбетінше немесе дербес, ӛзбеттілік деген сӛзге, бірінші – басқалардан бӛдек ӛмір сүретін, тәуелсіз, екінші — шешімді, ӛзінің жеке пікірі бар, үшінші — бӛгде адамдардың кӛмегінсіз, ӛз күшімен мақсатына жететін тұлға делінген. Міне, осындай қасиеттерді балаға ӛзіндік жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру арқылы қалыптастыруға болады. Дұрыс ұйымдастырылған ӛзіндік жұмыс арқылы баланың таным қызығушылығы арта түседі. Ӛздігінен орындайтын жұмыстар деп берілген тапсырманы мұғалімнің басшылығымен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз, оқушылардың ӛздері атқаратын жұмвстарды айтады. Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты — жан-жақты дамыған алдыңғы қатарлы елдермен теңесу, оған жетудің басты жолдарының бірі әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның ӛзі ұлттық білім жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді.
Қазіргі кездегі әлемде жүріп жатқан жаһандану үрдісі мектептегі білім беру жүйесімен оқушыны оқытып, тәрбиелеуге ӛз үлесін тигізе бастады. Жалпы білім беретін мектептерде кӛкейкесті мәселелердің бірі оқыту үрдісінде оқушыларды ӛздігінен жұмыс жүргізу әрекеттерін жетілдіру болып отыр.
Профессор Т.С.Сабыров оқушылардың ӛзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы мен міндеттерін айрықша ашып, былайша анықтама берді. Оқушылардың ӛзіндік жұмысы жеке ӛз алдына оқыту әлісі бола алмайды. Оның себебі: мұндай жұмыстардың ӛзі әртүрлі әдістер арқылы іске асырылады. Әрбір оқыту әдісі оқушылардың ӛзіндік жұмысын қамтиды: оқыту әдісінің міндеті – оқушылардың дербестігін арттыру, ӛздігінен жұмыс істей білуге баулу /2/.
Бастауыш сыныптарда ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Себебі, ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастыру нәтижесінде оқушылардың ісәрекетінің дербестігі артады. Ӛзіндік жұмыстар дегеніміз – оқу жүктемесін мұғалімнің кӛмегінсіз даярлау болып табылады. Оқушылар ӛздігінен орындайтын жұмыстарының ӛзара тығыз байланысты екі міндетін білгені дұрыс. Біріншісі – оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту, оларды білімді ӛздігінен игеруге, дүниеге кӛзқарастарын қалыптастыруға үйрету, екіншісі – оқушылардың алған білімін іс жүзінде қолдана білуге баулу.
А.Байтұрсынов оқушылардың ӛзіндік жұмысының маңыэы туралы былай деген: «Бала білімді тәжірибе арқылы ӛэдігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің ӛздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолын қысқарту үшін – керек білімнің кешікпей дер кезінде алып отыру үшін балаға жұмысты шағындап беру керек» /3/.
Ӛзіндік жұмыстар оқушылардың ақыл-ой еңбегінің жоғары сатысында болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге кӛмектеседі. Ӛзіндік жұмыс оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, тәртіптілік, еркіндік, ізденімпаздық, белсенділік сияқты қасиеттерді дамытады.
Ӛзіндік жұмыс – бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың ӛзіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Бастауыш сыныптарда ӛзіндік жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай бұл оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ӛзіндік ерекшеліктері болып табылады. Бұл жастағы оқушылардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады. Осы ерекшеліктерді ескере келе, ӛзіндік жұмыстың негізгі үш түрін ұсынамыз:
1. Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар (ребус, сӛзжұмбақ, анограмма).
2. Берілген тапсырмаларды түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері есеп құрастыру, мәтіннің мазмұнын ӛңдеу және т.б.).
3. Ӛз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген шығармашылық жұмыстар (ӛлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу және т.б.). Оқушыларға ӛзіндік жұмысты орындатуға соңғы жылдары сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел – оқушының жеке басын дамытуға бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны, соның негізінде жасалған оқулықтар. Себебі мұнда, оқушының ӛз бетімен білім алып, дамуына жете мән беріле бастады.
Оқушылардың ӛздігінен атқаратын жұмыстары олардың ой еңбегін дамытуға бағытталған және мұнда мұғалімнің берген тапсырмаларын орындаудың ең тиімді тәсілдерін ӛздеріне іздеттіру кӛзделген.
Математика сабақтарында оқушылардың ӛздігінен орындайтын жұмыстарын былайша жіктеуге болады: оқулықпен, оқу құралдарымен және басқа анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу, үлестірмелі материалмен жұмыс істеу, сабақта ӛздерінің жолдастары берген жауапты толықтыру, математикалық конференцияларда жасаған баяндамаларға немесе хабарламаларға пікір айту, жеке немесе топтық тапсырмаларды орындау, рефераттар жасау, кейбір кӛрнекі құралдарды (плакаттар, сызбалар, альбомдар) жасау, экскурсия кезінде ӛлшеуге немесе есептеуге байданысты практикалық жұмыстар орындау.
Ӛздігінен орындалатын жұмыстың негізгі мазмұны – оқушылардың ой белсенділігін арттыру. Оқушылардың ӛзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру және жүргізу мұғалімнен терең білім, ұстаздық шеберлік, асқан тапқырлық, үлкен шыдамдылық талап етеді.
Ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
— мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
— жұмысты ӛз еркімен және мұғалімнің қолдауымен жасауы; — әсер етуші мотивтер.
Сонымен бірге оқушылардың ӛзіндік жұмыстарының маңызын түсіну үшін ӛзіндік жұмыстардың негізгі атқаратын міндеттерін атап кӛрсетеміз:
— Оқушылардың дербестік қасиетін мейлінше арттыру;
— Оқушылардың алған білімдерінің саналылығы мен дағдысын қалыптастыру;
— Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілетін дамыту;
— Оқушыларды сыныптан тыс дербес білім алуға дағдыландыру:
— Оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, үлгермеушілікті болдырмауға әсер ету /4/.
Оқушылардың ӛзіндік жұмыстары оқыту әдістерінің барлық жіктелуінде жобаланып түсіндіріледі. Оқушылар оқу жұмысының бір бӛлігін сыныпта орындаса, осы орындалған тапсырманы есте сақтап, толықтыру үшін қажетті тапсырмаларды үйде орындайды. Осыған орай ӛзіндік жұмыстарды сыныпта орындалатын ӛзіндік жұмыстар және үйде орындалатын ӛзіндік жұмыстар деп қарастырамыз. Сыныпта орындалатын ӛзіндік жұмыстардың негізгі қызметін бақылау, тексеру болса, үйге берілетін ӛзіндік жұмыстар қызметі бекіту, жалпылап қорыту, нақтылап дәлелдеу болып табылады.
Оқушылардың ӛзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімін терең бекітіп, жүйелі қалыптасуына ӛздік жұмысқа берілетін есептер мен жаттығулардың дұрыс таңдап алынып, қарастырылуына байланысты болады.
Ӛздік жұмысты ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалуы қажет: Ӛздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс.
Ӛзіндік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әртүрлі болуы керек.
Әрбір ӛзіндік жұмыс тексеріледі және бағаланады.
Ӛзіндік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей, сабақтың барлық кезеңдерінде , орынды жерінде ӛткізу керек.
Білім алуда оқушының оқуға деген талабы, ынтасы, қызығуы және оқудың қажеттілігін сезінуі үлкен рӛл атқарады. Бұл жайттарды ескермей балаларды білім негіздері мен қаруландыруы қиын. Сондықтан да ең алдымен оқушыларды білім алуға қызықтыруға, яғни олардың білімге ынтасын арттыруға айрықша кӛңіл бӛлінеді. Сондай-ақ берілген білімді тұрақтандырып оқушыларды ӛздігінен жұмыс істей білуге үйрету қажет. Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықта, ғылым мен практика жетістіктері негізінде бәсекеге қабілетті жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу және жеке адамның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту, жеке басының дамуы үшін жжағдай жасау арқылы дамыту міндеті кӛзделген.
Мұғалім жұмысының нәтижелері тӛмендегі ерекшеліктер негізінде анықталады:
— әрбір оқушының белсенділікпен білімді терең меңгеруін жүзеге асыру үшін сабақты түрлендіріп ӛткізуді ұйымдастыру;
— түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушының ынтасын, қызығушылығын қалыптастыру;
— ӛзіндік жұмыс пен ӛзіндік бақылау жүргізу
— берілген мәліметтер бойынша есептер құру және оны шығару, оған ӛзіндік талдау жасау барысында оқушының ӛзіндік шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру.
Қорыта келе, ертеңгі күннің бүгінгіден гӛрі нұрлырақ болуына ықпал ететін, адамзат қоғамын алға апаратын күш – білім. Демек, қай елдің болсын ӛсіп-ӛркендеуі оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты болмақ.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы//Астана. — 2004.
2. Сабыров Т.С. Оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары. – Алматы, 1993.
3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.
4. Оспанов Т.Қ. және т.б. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. – Астана, 2007.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *