АТАЛАЙ Бесим (Atalay Besіm) (1882 — 1965) — түрік тілінің белгілі маманы, қоғам қайраткері. Түркияда ұлт-азаттық қозғалысы басталысымен А. саяси өмірге араласады. 1932-51 ж. «Түрік тілі қоғамы» басқармасында жауапты ққызмет атқарады. 1937-42 ж. Анкара ун-тінде парсы тілінің маманы, профессор А. –тарих, география, тіл, әдебиет және дін туралы көптеген зерттеулердің авторы. Оның есімін әлемге танымал еткен – Махмұд Қашқаридің әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігінің түрікше аудармасы (1939-43). А. түрік тілінің 1530 ж. Бергамалы Кадри жазған ең көне граммат-н (1946), қыпшақ, шағатайтілдерінің бірнеше ескерткішін бастырып шығарды.