АТАҚҚҰМАРЛЫҚ

АТАҚҚҰМАРЛЫҚ — адам бойындағы мансапқа, даңққа қызығушылық, өркөкіректік пен өзімшілдік қасиет. Мансапқұмарлыққа ұқсас. А-қа шалдыққан адам өз бойындағы іскерлік, білімділік, парасаттылық қабілеттерінің бар-жоғымен санаспай, қалайда жоғары атаққа, лауазымды қызметке қол жеткізуді мақсат тұтады. Ол қызметі мен беделі жоғары адамдар алдында өзін өзгелерден ерекше көрсету үшін жағымпаздық жасайды. Көңіліне ұнамаған адамдар жайында өтірік-өсек тарату арқылы күншілдік пен қызғаншақтық көрсетеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *