Мұхаммад Саид ТАНТАУИ/,
профессор, доктор, әл-Азһардың
ең үлкен шейхы
ИСЛАМИ СҰХБАТТАСТЫҚТЫҢ ӘДЕБІ
Әлемдердің тәрбиешісі Аллаһ тағалаға мақтау, Оның елшісі пайғамбарымызға салауат және сәлем болсын!
Көңілдер жай тауып, ақиқатқа жетуде пайғамбарлардың хақ екені, олардың Раббысынан келген жауапкершіліктерінде шынайы екені шындық. Аллаһ тағаланың жалғыздығын дәлелдеуде Құран Кәрімнің ұстанған жолы –сұхбат және ғылыми тұрғыдан тартыс пен пікірталас. Осы жолдан айнымаған адам әртүрлі шүбәлер (күмән) мен теріс ойлардан ада, иманына берік өмір кешеді.
Дәлелдер көбінесе «القول», яғни «айту» немесе «сөз» және сол түбірден түрленетін «قال» «айтты», «قل» «айт», «يقلولون» «олар айтады» деген сияқты ұғымдармен берілген. Осылай келуінің өзі адамдар арасындағы нақты мәселелерде туындайтын пікірталас пен тартыстарға дәлел. Дәлелдер Құран Кәрімде бір мың жеті жүз жерде қайталанып келген.(1)
Құран Кәрімдегі пікірталас және тартыс өзінің кең мағыналығымен, саналуан мәселелердің айқындығымен көрініп тұрады. Құран Кәрімде Жаратушының мақлұқтарымен, яғни пайғамбарлармен және періштелермен, сондай-ақ малғұн сайтан арасында болған сұхбаттар бар. Сонымен қатар пайғамбарлар мен қауымдары, жақсылар мен жамандар, жақсылар немесе жамандар арасындағы өзара сұхбаттар орын алған.
Кейбір адамдар аузынан «الملناظللرة» «әлмуназара», яғни пікірталас; «المجادلة» «әлмужәдәлә», яғни тартыс, «المكابرة» «әлмукабара», яғни «көкірек керісу» деген сөздер шыққан.
Зиялы қауымның ұстанымына қарағанда «المناظرة» «алмуназара», яғни «пікірталас», ол – пікірталасшылардың ойлары бір мәселе бойынша таласқан жағдайда ақиқаттықпен дұрысты табу және соған жету болған. Пікірталас, тартысу – сұхбаттың мақсатын дәлелдей отырып ұрыс-тартысты тоқтатып, ашық дәйектермен оны жеңу. Ал «المكابرة» «әлмукабара», яғни «көкірек керісу» дегенге келсек, ол нәпсісіне беріліп ақиқаттан ауытқып сол секілді ұстанымда болу.
Аллаһ тағаланың тәуфиқы және бұйрығымен Құран Кәрімде мүміндердің иманына иман қосатын, бекемдігіне қуат беретін, негізсіз болған тартыс-керісті жоятын, таза жандардың және ақылды адамдардың жүрегіне жұбаныш себетін күшті дәлелдер мен мықты ұстанымдарды пенделеріне көрсетіп бұйырғанына куә боламыз. Сондай-ақ пайғамбарымыздың сахабаларымен және дұшпандарымен сұхбат, пікір таласында Құран Кәрімнің жолын ұстағанын, оған қоса сахабалар да сол ұстанымда болғанын көреміз. Құран Кәрімнің Ахзаб сүресі, 21- аятында «Аллаһты көп еске алып, ақырет күнінде одан үміт ететін жандарға Аллаһ тағаланың елшісінде сіздер үшін көркем үлгілер бар», – делінген. Аллаһ тағаладан өзі разы болатын сүйген жолына салуын, амал да, сөз де туралық пен ықыласты бізге нәсіп етуін сұраймыз.
Адамдардың түрлі пікірде болуы және оның себептері
Дін және дүние мәселелерінде адамдардың түрлі көзқараста болуы бұрыннан келе жатқан жағдай. Бұл тартыс жер жүзінде жан қалмағанша жалғаса беретіні де табиғи заң деп айтуға болады. Бұл жағдайға Құран Кәрімнің аяттары айқын дәлел. Һуд сүресі, 118-119-аяттарында: «Егер Раббың қаласа, әлбетте бүкіл адамдарды бір тек үмбет етіп жаратар едік, бірақ бастары қосылмай барады. Рабыңның мейірімі түскендер олар емес… сол үшін оларды жаратты», – деп айтылған. Яғни әр қауымның иманға келуін шын жүректен қалаған пайғамбар: «Егер Раббың қаласа, бүкіл адамзатты ақиқи дінге жиналатын бір тек үмбет етіп жараталатын еді, бірақ Аллаһ тағала олай жасамады, оның қалауына ешкімде кедергі жасай алмаушы еді, себебі осылайша жақсы мен жаманның айырмашылығы жүзеге шығады», – деген. Адамдар пікірлерінде, ұстанымдарында, алға қойған мақсаттарында бір жағадан бас шығаратындар тек қана Аллаһ тағаланың мейіріміне бөленгендер және тура хақ жолмен жүргендер болып табылады. Өйткені олар пәк болған діннің негіздерінде бөлінбейді. Олар қайырлы жолды бекем ұстап жүреді. Аллаһ тағаланың шеберлігі және құдіреті адамдардың ихтилафта, яғни түрлі көзқараста болуына қарсы емес, егер адамдардың түпкі мақсаты тура және хақ жолды табу болатын болса, Раббыңның мейірімділігі жалпы барлығын қамти алады. Әнғам сүресі, 35- аятта: «Аллаһ тағала қаласа, олардың барлығын һидаят (дұрыс) жолына жинайтын еді, әсте надандардан болма», делінген. Адамдар өз араларында діни және өмірлік мәселелерде келісе алмайтындығының себептері көп, мәселенің өзегі ап-ашық және жасырын түрде болады. Сол тартысты қолдайтыны да бар. Ол – ақиқатты толық түрде үйрену және іздену, оған дәләлдер көрсету сияқты ұстаным ғұламалардың арасында «бахс» деп аталады. Ол – пікірталас, тартыс деген ұғымды береді. Ал тағы бір түрі жаман ниетте болып, менмендік, өркөкіректікпен тартысады, ол – қырсықтық және өзін жоғары ұстау деп аталады. Келіспеушілік себептерінің тағы біреуі ол бір мәселе төңірегінде кең пікірде болмай біржақты ой жүгіртеді,ал қарсыласы басқа бір жолды айтып отырады, ал үшінші жақ екеуінен де өзгеше пікірде көрінеді.
Бұрынғы ғалымдар: «Адамдар ақиқатқа барлық жағынан жете алған жоқ, барлық жағынан да қателескен емес. Бәлкім олардың кейбіреулері бір жағын таба алды, ал басқалары басқа бір жағын тапты», – деп айтқан.
Осы тұрғыда соқыр бір топ жайында хикая бар. Олар бір пілдің айналасына жиналып, әрқайсысы пілдің бір мүшесін ұстап, оның қандай екенін сол мүшесіне орай сипаттаған. Пілдің аяғын ұстаған адам: «Е, піл ұзын құрма ағашы секілді екен ғой», – дейді. Ал пілдің арқасын ұстаған кісі: «Піл үлкен төмпешік сияқты екен», – деп дәріптеген. Осылайша әрбір соқыр піл турасындағы өз көзқарасын білдірген. Олар осы тұрғыдан алғанда (қолымен ұстағанына қарай) дұрыс айтып тұр, ал серіктерінің пікірін теріске шығару жағынан алғанымызда, әрине ол қателеседі. Бұл келіспеушіліктің ең жеңіл түрі деуге болады. Тартыс үдейе түсіп ақиқатты толық білген кезде, ол тартыс жойылады, әрине, өйткені мәселе жан-жақты талқыланып, оның өзегі табылады. Сондықтан бұрынғылар: «Егер тартыстың өзегі ортаға шықса, келіспеушіліктің көзі жойылады», – деген.
(2) Біреулерге ешқандай дәлел және дәйектерге жүгінбей еру, солардың жолын ұстау. Бұл жайлы Құран Кәрімді оқысаң ата-бабаларына, басшыларына еріп адасқан надандарды айыптаған көптеген аяттарды көруіңе болады. «Мекке мүшіріктеріне Аллаһ түсірген Құранға бойсұныңдар деп айтылса, олар: «Жоқ, аталарымызды қай жолда көрсек, сол көргенімізге ереміз», – деді (Бақара сүресі,180-аят). Жақсы олар ештеңені түсінбеген және тура жолда болмаса ше?. Тура жолдан ауытқып адасқан кісілерге елшісіне түсірілген Құран Кәрімге ұйыңдар десе, олар қабылдамай, насихатты тастап ақымақтық және қырсықтықпен: «біз мүсіндерге, пұттарға құлшылық жасаған үлкендеріміз бас иетін аталарымыздың жолынан айрылмаймыз», – деп қасарысады. Құран Кәрім тақлид етіп, яғни өзгенің істегенін қайталап жүргендерді өзінің күшті тәсілімен қайтарып: «Олардың ақылдары ештеңеге жетпеген және тура һидаят таппағандар болсашы!», – дейді (Бақара сүресі, 180-аят). Аталардың және басшылардың, одан басқалардың қылығын тақлид ету (салу), ол адамдар арасындағы қатты келіспеушіліктің себептері болып саналады, әсіресе ол қырсықтық жасаса және ақиқатқа қарсы шықса, өз нәпсісіне құл болады.
(3) Пікірде қатып қалу, жеке пайдасы үшін қарсы тұру, Аллаһтың кеңшілігін басқалардан қызғанып көре алмау, өзінің білгенін басқа қабылдамай, әуелі нәпсісіне құл болып соның айтқанын жасау. Дұрыстап ой жүгірткен адам бұрын-соңды келіспеушіліктердің басым көпшілігі осы жиренішті себептерге барып соғатынын көре алады.
Құран Кәрім өзінің көптеген аяттарында мүшіріктер пайғамбарымыздың хақ екенін, Раббысынан келген Құран Кәрім шын екенін біле тұра, менмендігі, қырсықтығы, көкіректігі жібермегендіктен оған қарсы шығып, оны мойындамағандығын әңгімелейді. Осы ақиқатты нақты көрсететін аяттар өте көп. Мысалы, «Олардың айтқандары сені уайымға салғанын өте жақсы білеміз, күмәнсіз олар сені өтірікші деп айта алмайды, бірақ залымдар Аллаһтың аяттарын қабылдамайды», – деген (Әнғам сүресі, 33-аят).
Ибн Касир өз тәпсірінде бұл аятқа мынадай тұжырым жасаған: Аллаһ тағала пайғамбар қауымының оған қарсы шығып, өтірікші дегеніне жұбату жасап: «Қауымың сені жалғаншы дегенін жақсы білеміз, олар сені өтірікші деп жала жаба алмайды, бірақ олар ақиқатты біле тұра қабылдамағандар», – дейді. Әбу Жаһл «Ей, Мұхаммед, біз сені өтірікші деп айтпаймыз, бірақ сен әкелген Құранға сенбейміз, оны жалған дейміз», – деген. Тағы бір сөзінде ол: «Ант ішейін, оның пайғамбар екенін білемін, бірақ біз Абду Манаф ұлдарына қашан мойынсынып едік», – деп жауап берген.
Әл-Ахнас ибн әш-Шурайқ деген кісі Әбу Жаһлге барып: «Ей, Хакамның әкесі, Мұхаммед жайлы не дейсің?», – дейді. Сонда ол, біз Һашым әулетімен абыройда жарастық, ас берді, бізде ас бердік, сыйлық таратты, бізде сыйлық тарттық, аттар сияқты жарыстық. Олар «бізден пайғамбар шығады, оған уахи түседі» деді, біз ол қашан шығады дедік? Аллаһқа ант етейін, оған біз ешқашан сенбейміз, оны қолдамаймыз, не үшін Махзум әулетінен пайғамбар шықпасқа! Яғни Әбу Жаһл әулетінен!», – деген. Бір риуаятта әл-Ахнас Әбу Жаһлді тартқылап: «Ей, Хакамның әкесі! Мұхаммед өтірікші ме әлде шын сөйлей ме? Біздің әңгімемізді құрайыштан ешкім естімейді», – дейді. Сонда Әбу Жаһл: «Өкінішке орай, ол не сөйлесе шын айтады, өмірі өтірік сөйлемеген. Сонда Һашым әулеті туды алса, Қағбаның зиратшыларын сумен қамтамасыз етсе, құрайыштың басқа ұлдарына не қалады!», – деген.
Ибн Касирдің тәпсірінен: «Шынында мүшіріктердің кейбіреулері баста Әбу Жаһл болып пайғамбарымызды және оның пайғамбарлығын мойындаған, бірақ көре алмай, олардың көкіректігі жібермеген», – деген магынаны ұғамыз.
Ғылым аспаннан жауған жаңбыр секілді, одан тек қана таза жер сусындайды, сондай-ақ ғылымды тек таза жандар ғана пайдаланады. Пайғамбарымыздың сахих хадисінде «Ілім екі түрлі. Біреуі жүректе болады, ол иесіне пайдалы, ал біреуі тілде болып, ол иесінің зиянына құжат болады», – деген.
Адамдар арасындағы келіспеушіліктің басым көпшілігі жан-жақты толық түсінбегендіктен немесе біреулерге еру, қырсығу, пайдакүнемдік сияқты жеккөрінішті қасиетсіздік болып саналатын даңғойлық, ақылға сыймайтын, ауызбен жүретін, көре алмайтын дұшпандық секілді факторлардан келіп шығады.
Исламдағы сұхбаттың негіздері
Жоғарыда айтқанымыздай діни және дүнияуи мәселелерде түрлі пікірде болып, келіспей жатуы ежелден келе жатқан жағдай. Ол жағдай Ақыретке шейін жалғасын табады. Бұл келіспеушіліктің бірнеше себептері бар. Оның кейбір жақтарын айтып өткен едік.
Ислам шариғаты өзінің заңдарымен, ұлы әдебі және кең ақ жолы аясында халықтың арасында кездесетін түрлі пікір талас, сұхбат және тартыстарды Аллаһ тағаланың сызып қойған шеңбері аясында ақылға қонатын дәрежеде, түпкі мақсаты елдің қамын ойлайтындай, ақиқатқа жетелейтіндей етіп, әділдік және жұмсақтықпен шешудің жолдарын көрсетіп береді. Сол тартыс және пікір таластарды бойсұндырудың шариғатта көрсеткен қағидалары мен әдептерінің бірі – әрқашан шынайы болу, яғни «өзара тартысып сөйлескенде түрлі күмән, өтірік және бос сөздерден қашық болып, тек қана ақиқатқа сеніп, шындықтың тізгінін ұстау».
Құран Кәрімде сөз болған пайғамбарлардың өз қауымдарымен, жақсылардың жамандармен жасаған тартыстарына зейін салсақ тек қана ақиқат пен шыншылдықты ту еткенін көреміз. Таха сүресінің 42-аятынан 54-аятына шейін Мұса пайғамбар мен Перғауын арасында орын алған тартысты байқаймыз.
Шура сүресінің 10-48-аяттарында Мұса пайғамбар Перғауынмен тартысқанда, Мұса пайғамбардың танытқан батырлығы, сезімталдығы, шынайылығы сезіледі. Сөздің басы Мұса пайғамбар Аллаһтың әмірімен Перғауынды зұлымдықты тастап, адасудан қайтып, жалғыз Аллаһқа құлшылық жасауға шақырудан басталады.
Аллаһ пайғамбары Мұсаны сүйіншілеп, оны жалғыз тастамай, керісінше, оған көмекші болатындығын айтады. Аллаһ тағаланың бұйрығын және насихатын амалға асыру үшін Перғауынның қасына келеді, сонымен Құран Кәрімдегі сұхбат жүзеге асады. «Сені бала қып асырамадық па? Өміріңнен бірнеше жыл біздің арамызда болмадың ба? Істеріңді істедің, сен насүкірлерденсің», – дейді (Шура сүресі, 18-19-аяттар). Перғауын Мұса пайғамбармен бетпе-бет келген кезде: «Ей, Мұса! Жұбайым оны өлтірмеңдер, оның бізге пайдасы тиер немесе оны перзентікке алайық деп айтады» (Қасас сүресі, 18-аят).
Сені біз жастайыңнан тәрбиеледік, кішкентайыңнан шаңырағымызда өстің, бізбенен бірнеше жыл өмір сүрдің, біздің тайпадан адамда өлтірдің, жақсылықтарымыздың рақметі осы ма? – деп кейіді. Осы сөзімен Перғауын Мұса пайғамбардың ауызын жауып, сазайын бердім деп ойлады. Бірақ, Мұса пайғамбардың дұғасы қабыл болып, тіліндегі түйін шешіліп, Оған Құран Кәрімде келгендей шешендікпен: «Мен ол істі жасағанымда қателесіп едім дедім, сондықтан сендерден қорқып қаштым. Ақыры Раббым маған хикмет беріп, пайғамбарлық берді. Сен Исраил ұрпақтарын құл етіп міндетсінгенің осы», – деп шыншыл жауап береді (Шура сүресі, 20-22- аяттар).«Дұрыс, үйіңде алған тәрбиемді ұмытпадым, бірақ ол сенің қолыңда болмаған еңбектердің жемісі болатын, тайпаңнан болған кісіні өлтіргенімді есіме алдым, ол маған пайғамбарлық келмей тұрып болған жағдай, оны өлтірем деп ойлаған жоқ едім, ниетім оны зұлымдықтан тыйып әдебін беру болатын, ол тірлігім жәбірленушіге болған зұлымдықты қайтару мақсатында еді, сендерден жаманшылық күткен соң сендердің көздеріңнен алысқа кетейін деп едім, өзімнен қорқып қаштым. Сол жолы Аллаһ тағала маған пайдалы ілім берді, өзінің таңдаулы құлдары қатарына қосты, пайғамбарлық жүктелді» деді.
«Сонда қауымыңды өзіңе табындырғаның, еркектерін өлтіріп, әйелдерін таптағаның маған жасаған жақсылығың болып санала ма? Жоқ бұл істегенің нығмет емес қасірет, олардың сенен шеккені мағанда және әр ақылды кісіге бататын жағдай» деп қатты айтып тастады. Перғауын бұл әсерлі жауапты естіген соң әңгімені Шура сүресінің 23-аятында келгендей басқа жаққа бұрды. «Әлемдердің Раббысы дегенің немене?», яғни тәкаппарлықпен «мен оған табынатұғын әлемдердің Раббысы дегенің не ол?» деді. Мұса пайғамбар батырлықпен және шындықпен:
«Егер анық сенетін болсаңдар ол – жер көктің әрі арасындағылардың Раббысы» (Шура сүресі, 24-аят), – деп жауап берді. Яғни Мұса: «Ей, Перғауын! Раббымыз және сенің Раббың Ол: аспан, жер және ол екеуінің арасындағы барлық құбылыстардың Жаратушысы, еш күмәнсіз Оған ақиқи иман келтірулерің қажет екенін айтайын» деді. Перғауын Мұса пайғамбардың айтқандарынан айналасындағылар да бірге таңғалсын деген оймен оларға жалтақтап «естідіңдер ме?» деді. Шуара сүресінің 24-аятына, яғни Мұсаның сөздеріне қараңдар! Біз қабыл ете алмайтын, сабырымыз шыдамайтын бізге жат әңгімелер айтуда дейді. Бірақ Мұса пайғамбар Перғауынға мұрша бермей, айналасындағыларға Аллаһ тағаланың бірлігі мен құдіретін дәріптеп: «Раббыларың ол бұрынғы өтіп кеткен ата бабаларыңныңда Раббысы», – деп жауап қатты (Шуара сүресі, 26-аят).
Яғни: «Раббымыз және Раббыларың ол жер мен көктің Раббысы, бұрынғы өткен аталарыңның да Раббысы, қалайша оған құлшылық жасамайсыңдар? Құдайдың жаратқан құлы Перғауынға табынасыңдар ма?» дейді. Дымы құрып жауап таба алмаған Перғауын сасқалақтап «сендерге жіберілген пайғамбарларың жынданыпты» дейді (Шуара сүресі, 27-аят). Яғни, Перғауын Мұса пайғамбарды өзінің үлкенсымақтарына масқаралағансып «көрдіңдер ме мұның айтып тұрғаны барып тұрған жындылық, абайлаңдар! Өйткені мұндай сөзді бұрын соңды естімеппіз» дейді. Мұса пайғамбар оның бұл сөзіне еш саспай, батырлықпен және байсалдылықпен «егер ақылдарыңды істетер болсаңдар ол шығыс пен батыс және екеуінің арасындағылардың да Раббысы», – дейді (Шуара сүресі, 28-аят), яғни Мұса пайғамбар Перғауынға және оның айналасындағыларға қарап «Раббымыз және Раббыларың жер мен көк және оның арасындағылардың, таңның атар жағы шығыс және оның батар жағы борлаған батыстыңда Раббысы» деп жауап береді.
Осылайша бір дәлелден екінші дәлелге, бір тәсілден екінші тәсілге көшіп айналасындағылардың иманын күшейтіп күмәндануға жол бермейді. Перғауынды Мұса пайғамбардың дәлелдері тырп еткізбегендіктен оны, дәлелдеріне дәлел келтіре алмай, дымы құрып адасқан соң, күшпен қайтармақшы болып, оған: «егер менен басқа Құдайға табынатын болсаң мен сені күмәнсіз зынданға атамын» (Шуара сүресі, 29-аят), яғни Перғауын Мұса пайғамбарға ашуланып: «менен басқа Құдайға табынып құлшылық етер болсаң, зынданымда жатқандардың біреуі боласың, бұл маған табынбай қарсы келетіндердің жазасы» дейді. Мұса пайғамбарды бұл қоқан-лоқы еш қорқыта алған жоқ, өйткені ол ақиқатты паш етіп сөйледі. Шешендікпен оған: «егер саған ашық дәлел (мұғжиза) көрсетсемде ме?» (Шуара сүресі, 30-аят), яғни: Мен саған ешкім көрмеген мұғжиза көрсетсемде менің пайғамбарлығыма және шын сөзіме нанбай зынданға тастай бересің бе? деді.
Мұса пайғамбардың бұл сөзі одан үмітті үзбеген тағы бір әрекеті еді, өйткені пайғамбардың негізгі көздегені оны таухидқа (Аллаһ тағаланың бірлігіне), соған ғана құлшылық жасау керек екеніне шақыру тұғын. Себебі Перғауынның соңғы тәсілі – қорқыту оны осы тірлікке мәжбүрлеген-ді. Перғауынның қолынан тек «кәне, рас сөйлесең көрсете ғой…» деп айту ғана қалған-ды (Шуара сүресі, 31-аят). Яғни, шын пайғамбар болсаң, сөзің рас болса, көрсет кереметіңді! деді. Міне, осы жерде Аллаһ тағала Мұса пайғамбарды қолдады. «Аса таяғын тастап еді, жыланға айналды, қолын шығарып еді, қарағандарға аппақ болып жарық шашты» (Шуара сүресі, 32-33-аяттар), яғни қолындағы асасын тастап еді, ол үлкен жылан болды, қолын қалтасынан шығарып еді, қара тәнді болса да алақаны аппақ болып, айдың бір бөлігі сияқты шуақ шашты.
Перғауын бұл жағдайдан қорқып, қол-аяғы дірілдегенін сезе бастады, оның жасанды құдайлығыда әшкерелене түсті, айналадағы жұрт мұғжизаны көріп, иман келтіруге көшті. Перғауын оларды өзіне баурап алмаққа әрекеттеніп, Мұса пайғамбарға қарсы қою үшін Құран Кәрімдегі: «Ол айналасындағы халқына: мына барып тұрған білімді сиқыршы, сиқырмен сендерді елдеріңнен қуып шықпақшы, маған айтыңдар, не істейін дейді», яғни Мұса пайғамбардың бұл көрсеткен мұғжизасы Перғауынды тәлтіректетіп қойған соң «бұл кісі таза сиқыршы екен, өніп өскен жерлеріңнен қуып шығатын түрі бар, оны жеңу үшін не істейін айтыңдар» дейді.
Жаңағы қасындағы кісілер Перғауынға «мықты сиқыршыларды жинайық» деп ақыл береді, айтқандай мықты сиқыршылар жиналады. Егер олар жеңсе, үлкен сыйлықтар беруге уәде етеді. Сонымен олар өздерінің мейрамдары болған күнді кездеседі. «Мұса таяғын тастап еді, олардың жасанды сиқырларын жалмай бастады» (Шуара сүресі, 45-аят). Сиқыршылар өз көздерімен бұл мұғжизаны көріп, бұл жағдай адам баласының ісі емес екеніне және сиқыр емес екеніне көздері жетеді. Олар өздерін ұстай алмай Құран Кәрімде әңгімеленгендей еріксіз әрекетке түседі, «сиқыршылар жерге өздерін тастап, сәждеге бас ұрды, біз әлемдердің Раббысына иман еттік, Мұсаның және Перғауынның Раббысына», – дейді (Шуара сүресі, 46-48-аяттар).
Осылайша жалғанды ақиқат, сұмдықты қайыр (жақсылық), зұлымды әділдік, жасандылықты шындық, қорқақтық пен ақымақтықты батырлық жеңіп Мұса пайғамбар мен Перғауынның арасындағы тартыс тамам болды.
Бұл сұхбаттан оқырманға көрсетуге талпынғанымыз мыналар:
Мұса пайғамбар Перғауынға ешқандай өтірік араласпаған шын жауаптарды берді. Бұл шындық әрине пәк, кіршіксіз, таза жаннан, өтірік және сұмдықты білмейтін жүректен шығады және Аллаһ тағаланың қолдауымен Перғауынның өтірік қара ниетін, көкіректігі және жалғандығын әшкерелеген шешендік, тапқырлық, парасаттылық қасиеттер мықты ақылдан ғана туады.
Бұл тартыс, яғни сұхбатта: негізі шын сөзден тұратын, көркем мінез және әділдік пен ақиқатқа жетуге мақсатталған бір тура жолды көреміз. Ал өтірікші, надан, ақымақ, пайдакүнем, әуейі-нәпсінің құлдары. Жүректері қорқақтық, көкіректік және көреалмаушылыққа толған кісілерді айтар болсақ, олар ешқандай дәлел-дәйексіз көкіректерін керіп, менмендік жасап, тек қана өтірік жалғандықпен қарсыласына күйе жағады. Аллаһ тағала мұндай сұмдықтан бізді қашық етсін.
2. Мақсаттан айнымау;
Ислам шариғаты халық арасында тартыс және пікірталастықты реттеп, көңіл көншитін нәтижеге жету үшін тақырып шеңберінен ауытқымау әдебін (қағидасын) ұсынады, яғни тартыс және пікірталасқа қатысты тақырыптан ауытқымай, сол мәселе төңірегінде айтысады. Өйткені көп адамдардың нақты мәселе және тақырып төңірегінде тартыса келіп қазіргі күнде жиі кездесетін қағаз (құжат) жасандылығы деп аталатын жолдыұстануы шынында ол апат екені белгілі, өйткені жұртшылық мәселенің мән-жайын түсінбей қалуы әбден мүмкін және негізі жоқ осындай мәселелердің көлеңкесінде ақиқат сыртта қалып қояды.
Құран Кәрімде пайғамбарлар және қауымдары арасындағы орын алған пікірталас, тартыс және сұхбаттарды оқып отырсаң, пайғамбарлар тартысып жатқан мәселенің шеңберінен шықпай, қарсыластарының сөздеріне қарсы жауап бере отырып, оларды жеңгендерін байқайсың.
Құран Кәрімдегі Нұх пайғамбардың айтқан сөздерінен үзінді келтірейік:
«Оның қауымынан бір жамағат «біз сені ашық адасуда көреміз»» деді, сонда Нұх (а.с): «Ей қауымым мен адасуда емеспін, бірақ әлемдердің Раббысынан келген елшімін, Раббымның үкімін сендерге жеткізіп, насихаттаймын және сендер білмейтін дүниені (заттарды) білемін», – деді (Ағраф сүресі, 60-62 – аяттар).
Көп мәселелерде ақиқат дұшпандары, яғни Нұх пайғамбардың кәпір қауымы онымен көп тартысты, олардың күмәнданып қараған Құран Кәрімге зікір етіп, ол күмәндарына тойтарыс беретін жауапты пайғамбардың тіліне салды. Бұл жауап олардың сөздерінің айналасында, яғни екі жақ арасында болған тартыс төңірегінде болды.
Құран Кәрімді тыңда! онда сол сияқты күмандарға, тартыстарға қалай жауап берді және олардың үндерін қалай өшірді.
«Олар қашан бір арсыздық жасаса: аталарымызды осы жолда таптық, мұны бізге Аллаһ бұйырды! – деді. Шынында Аллаһ арсыздыққа бұйырмайды. Аллаһ жөнінде білмегендеріңді айтасыңдар ма? – деді. Раббым әділдікке әмір етеді деп айт, әрбір құлшылық орнында бет алыстарыңды туралаңдар, діндеріңді Аллаһқа арнай отырып, дұға жасаңдар. Сендер бастапқы жаратқанындай оған қайтасыңдар» (Ағраф сүресі, 28-29-аяттар).
Оқырман бауырым, менімен бұл аяттарға мысал ретінде зейін салшы, адасқандардың күмәнды сұрақтарына жауап берген кезде тақырыптан ауытқу байқала ма? Әрине жоқ. Оларға берілген жауаптың нақты және шешуші екенін байқайсың. Оларға берілген жауап олардың мүдделерін тамырынан жойып, ешқандай қағазды керек қылмай, негізгі тақырыптан шықпағанымызды байқаймыз.
Адамдармен тартысу кезінде, міне, осы дана жолды ұстануларыңды үміт етер едім, әрине, діни және дүниелік мәселелерде тартысқан кезде бұл жолды ұстану тақырып шеңберінен шықпау дегеніміз ғой!
Махмуд Фаһми ХИЖАЗИ,
профессор, доктор, академик,
Нұр-Мүбарак университетінің ректоры