ОСЫ ШАҚ (PRESENT SIMPLE TENSE)
ОСЫ ШАҚ — әңгіме болып жатқан шақта болып жатқан оқиғалар мен іс-әрекеттерді сипатттайтын, күнделікті өмірде істейтін әрекеттерді сипаттайтын етістіктің шағы. Ағылшын тілінде осы шақтың 4 түрі бар (қазақ тілінде осы шақтың 2 түрі бар: ауыспалы осы шақ, нақ осы шақ): ✔️PRESENT SIMPLE (осы шақ);
Present continuous немесе Present progressive (нақ осы шақ немесе созылыңқы осы шақ);
Present perfect simple (аяқталған осы шақ);
Present perfect continuous (Present perfect progressive).
Жоғарыда атағанымдай екі тілдегі осы шақтың түрлері әр түрлі болып келеді. Қазақ тілі мен ағылшын тілінде сәйкес келетіндері: ауыспалы осы шақ (Present simple) пен нақ осы шақ (Present continuous). Бұл сабағымызда ағылшын тіліндегі осы шақтың осы алғашқы түріне тоқталамыз. Алдағы сабақтарда нақ осы шақ (Present continuous) тақырыбы қарастырылады. Ал одан басқа екеуі келесі деңгейдің сабақтарына жатады. ✔️Present simple — осы шақ “Present simple” тіркесін қазақшаға сөзбе-сөз аударатын болсақ, “жай осы шақ” деген мағына шығады. Жай осы шақ дегеніміз қазақ тілі грамматикасында
Жекеше → Көпше
I am → We are
You are → You are
He/she/it is → They are
осы шақтағы to do етістігі:
Жекеше → Көпше
I do → We do
You do → You do
He/she/it does → They do
PRESENT SIMPLE-дың болымды (Affirmative), болымсыз (Negative) және сұраулы (Question) сөйлемдері
Болымды түрі: He plays (ол ойнайды). || We speak English (Біз ағылшынша сөйлейміз). Болымсыз: He Does Not Play (Ол ойнамайды). || We do not speak English (Біз ағылшынша сөйлемейміз). Сұраулы: Does he play (Ол ойнайды ма?)? || Do we speak English (Біз ағылшынша сөйлейміз бе?)?