АТА КЕГІ

АТА КЕГІ — адамзат қоғамының белгілі бір даму сатысында болған кек алу ғұрпы. Қатты жәбірленген, жараланған, жақыны өлтірілген, мал-мүлкі таланған жеке адам, ата әулеті не бүкіл ру өштесіп, кек (“Қанға қан”) қайтарып отырған. Тәуке ханның жарлығымен (“Жеті жарғы”, 17-18 ғ.) қазақ арасында қанды қанмен жуып, зақымшылық жасау жойылып, кісі өлтірушіге құн төлету тәртібі енгізілді. Кек қайтару үшін қарадан шыққан ер адамды өлтірушіден бір мың қой, әйелді өлтірушіден жарты құн (500 қой), сұлтан мен қажыны өлтірушіден жеті адамның құнын төлеу талап етілген. Егер өлтірушінің құн төлеуге шамасы келмесе яки туыстары құн төлеуден бас тартса, оны өлген адамның туыстары өлтірілген не құлдыққа алынған. Ата кегі көптеген ұлттарда болған ғұрып. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *