Сабақтың тақырыбы: Сән және талғам.Үстеулерді қайталау.
1.Үстеу дегеніміз не?
2.Үстеудің мағыналық түрлері қандай?
3.Мезгіл үстеуі дегеніміз не?
4.Мекен үстеуі дегеніміз не?
5.Сын-қимыл (бейне) үстеуі дегеніміз не?
6.Мөлшер үстеуі дегеніміз не?
7.Күшейткіш үстеуі дегеніміз не?
8.Мақсат үстеуі дегеніміз не?
Тапсырма:
Мына мәтінге үстеулерді қосып өзгертіңіз:
Мен таңертең сағат жетіде тұрдым. Денешынықтыру жаттығуларын жасадым..Сағат сегізде үйден шықтым. Жұмыс сағат тоғызда басталады, сағат 19.00-де аяқталады. Сағат он жарымда ұйықыға жатамын.
Сән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.
түрлі қоғамдық топтардың тұрақты киім үлгісі.
Классикалық стиль:
• Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;
• Нәзік реңкті немесе ұсақ суретті жоғары сапалы мата;
• Түстері қатты ашық емес және нәзік;
• Аксесуарлары мен әшекейлері ұстамды;
• Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ — киімдер.
Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.
Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, желбіреушелер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль (этникалық стиль) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлтық ою — өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады.
Жаңа сөздермен танысу
құмар-азарт, увлечение
мінез-құлық-характер
әрдайым-всегда
адал-верный
нәзіктік-нежность
үміт-надежда
белсенді-активный
сенімділік -надежность
қарапайымдылық-простота
пәктік-чистота,непогрешимость
табанды-настойчивость
іскерлік-деловитость
Әр адамның өз талғамы бар. Талғаммен киіну де -өнер.Киім сатып алғанда немесе үйімізді жиһаздармен толтырғанда неліктен кей түстерге басымдық беріп, кейбірін мүлдем ұнатпаймыз? Себебі ол түс –көңіліңізге жағымды.
Адамның белгілі бір түске өмір бойы құмар болуы оның мінез-құлқын танытады.
Қызыл Қызыл киім киетін адам өмірді сүйеді. Бұл түсті ұнататын адамдар – әрдайым көмек беруге даяр адал достар.
Алқызыл –әйелге тән қасиет пен нәзіктік түсі.
Сары – күн сәулесі, қуанышқа толы үміт түсі. Оны көңілді, өмірді сүйетін, белсенді,адамдар таңдайды. Жасыл түс – ақылды , жағдайды терең түсіне білетін жандарға ұнамды.
Көгілдір – тыныштық пен ақиқат түсі.
Көк түсті ұқыптылық пен тазалықты ұнататын сезімтал адамдар таңдайды. Тыныштықты бәрінен артық көреді.
Күлгін түс армандарды оятады. Оны ұнататын жандар – шығармашыл адамдар.
Қоңыр – тұрақтылық, ұстамдылық, сенімділік пен қарапайымдылықты білдіреді. Бұл түсті ұнататын адам – тамаша қызметкер және сенімді адам.
Ақ – тазалық, пәктік, тыныштық түсі.
Сұр – іскерлік түсі. Оны ұнататын жандардың мінезі қатты және табанды.
Қара – «қауіпті әйелдер» түсі. Қара киім киетін әйел аяушылық сезімін білмейді.
Сұрақтарға жазбаша жауап жазыңыздар
Сіз қандай стильдегі киімдерді ұнатысыздар?
Қандай түсті киімдерді кигенді ұнатасыздар?
Психологтардың түстер туралы айтатыны дұрыс па? Қалай ойлайсыздар?