Cөз таптары. Зат есім

Cөз таптары. Зат есім.
Тест №4
1. Жеке тұрып белгілі бір сұрауға жауап беріп,сөйлем мүшесі бола алатын сөздер.
а) көмекші сөздер б) негізгі сөздер в) дәнекер сөздер г) д.ж.ж
2. «Айгүл кітапты оқып шықты» сөйлеміндегі көмекші сөзді табыңыз.
а) Айгул б) кітапты в оқып г) шықты
3.Заттың атын білдіретін сөзді табыңыз.
а) аяз б) мен в) ол г) бес
4. Зат(адам) атауларының орнына қолданатын сөзді табыңыз.
а) бүгін б) ол в) кеше г) ойна
5. Заттың қимылын білдіретін сөз табы.
а) есімдік б) етістік в) сын есім г) сан есім
6.Қимылдың және басқа құбылыстың бейнесін білдіретін сөзді табыңыз.
а)оқы б) биік в) тез г) жалт
7.Қазақ тіліндегі сөз таптарының саны.
а) 5 б) 7 в) 9 г) 8
8.Көмекші сөздерге жататын сөз табын табыңыз.
а) етістік б) сан есім в) шылау г) үстеу
9. Асты сызылған сөз қай табына жататынын анықтаныз.
Кешкі мәлімет те ілінді.
а) зат есім б) сын есім в) етістік г) еліктеуіш сөз
10. Мағынасына қарай зат есімның бөлінуі.
а) негізгі, туынды б) дара, күрделі в) жалпы,жалқы г) д.ж.ж
11.Туынды зат есімді табыңыз.
а) бала б) жапырақ в) өнім г) ана
12.Күрделі біріккен зат есімді табыңыз.
а) ауыл б) жігіт в) белбеу г) тарақ
13.Көптік жалғауы дұрыс жалғанған сөзді табыңыз.
а) педагогтер б) педагогтар в) кітаптар г) майдар
14.Қазақ тіліндегі септіктер саны.
а) 5 б) 6 в) 7 г) 4
15.Тәуелдік септеуде тұрған сөзді табыңыз.
а) анамда б) мектепте в) мектепке г) мектепті
16. «Оның әкесі заводта жұмыс істейді» сөйлеміндегі атау септікте тұрған сөз
а) оның б) әкесі в) заводта г) жұмыс
17.Табыс септікте тұрған сөзді табыңыз.
а) әкесі б) әкесін в) әкесінде г) әкесімен
18. «Ыш » жұрнағы аркылы жасалатын зат есімді табыңыз.
а) бөл б) тарт в) жұбан г) сана
19. Барыс септік тұлғасын табыңыз.
а) мұғалімімде б) мұғаліміме в) мұғалімімде г) мұғалімін
20.Зат есімнің жалғаулар саны.
а) 2 б) 3 в) 5 г) 4
21.Тіркесті күрделі зат есімді табыңыз.
а) аяқ киім б) ата — ана в) жауын — шашын г) Ақсу
22.Жіктік жалғауы бар сөзді табығыз.
а) окушыда б) окушымен в) окушымын г) д.ж.ж.
23.адамның кәсіп-мамандықтарының атауын атайтын сөзді көрсетіңіз.
а) ұшқыш б) бала в) нағашы г) ата
24.Етістіктен жасалған туынды зат есімді табыңыз.
а) айтыс б) малшы в) үйші г) әнші
25.Көмектес септігінің дұрыс тұоғасын табыңыз.
а) кітапбен б) қағазмен в) қаламмен г) досымбен


Морфология. Етістік
Тест № 5
1.Заттың қимыл-әрекетін білдіретін сөз табы.
а) сын есім б) зат есім в) еліктеуіш сөздер г) етістік
2. Тұлғасына қарай етістіктердің бөлінуі.
а) дара және күрделі б) негізгі және туынды в) негізгі және көмекші г) салт және күрделі
3. Іс- әрекетің орындалуына қарай етістіктің бқлінуі.
а) салт және сабақты б) болымды және болымсыз в) негізгі және көмекші г) дара және күрделі
4. «Жәрдем ет» етістігінің тұлғасына қарай құрамын анықта.
а) құрама б) құранды в) қосарлы г) біріккен
5. Тұйық етістіктің жасалуы.
а) у- жұрнағы арқылы б) ар — жұрнағы арқылы в) р- жұрнағы арқылы г) д.ж.ж.
6.Қимылдың объекті мен субъектіге қатысын білдіретін етістіктін категориясы.
а) етіс категориямсы б) шақ категориясы в) рай категориясы г) д.ж.ж.
7. -ыс, -іс, -с жұрнағы арқылы жасалатын етіс.
а) өзгелік етіс б) ортақ етіс в) ырықсыз етіс г) өздік етіс
8. «Киінді» етістігінің етіс категориясын анықтаңыз
а) өздік етіс б) өзгелік етіс в) ортақ етіс г) ырықсыз етіс
9. Қимылдың бөгде адам арқылы жасалуын білдіретін етіс.
а) өздік етіс б) өзгелік етіс в) ортақ етіс г) ырықсыз етіс
10.Қимыл — әрекетті білдіру мен бірге есім сөздің де белгілерін білдіретін етістіктің түрі.
а) болымсыз етіс б) есімше в) көсімше г) тұйық етістік
11.Есімшені табыңыз.
а) өлең жазған б) кітап оқыған в) оқыған адам г) д.ж.ж.
12.Қимыл — әрекеттің қалай; қайтіп жасалатынын білдіретін етістіктің түрі.
а) есімше б) көсімше в) тұйық етістік г) болымсыз етістік
13. Қимыл — әрекеттің шындық өмірге қатысын білдіретін категория.
а) шақ категориясы б) етіс категориясы в) болымды және болымсыздық категориясы г) рай категориясы
14. Қалау райды тұрған етістікті табыңыз.
а) бар б) барды в) барғым келеді г) барса
15. Ашық райда тұрған етістікті табыңыз.
а) жазады б) малды в) жанды г) ақылды
16.Жедел өткен шақта тұрған етістікті табыңыз.
а) қойды б) алады в) ашады г) сүртеді
17.Бұрынғы өткен шақта тұрған етістікті табыңыз.
а) бардым б) барыппын в) баратынмын г) барамын
18.Болжамбы келер шақ тұлғасын табыңыз.
а) айтармын б) айтпақпын в) айтамын г) айттым
19. Дұрыс жасалған мақсатты келер шақ тұлғасын табыңыз.
а) келмекбін б) келмекпін в) келбекпын г) келпекпін
20.Нақ осы шақ 3 жақтығы тұлғасын табыңыз.
а) тұрсың б) тұрсыз в) тұр г) тұрмын
21. Нақ осы шақтың күрделі түрінің дұрыс жасалғанын табыңыз.
а) барып жатырмын б) бара жатырмын в) келіп жатырмын г) д.ж.ж.
22. Етістіктің болымсыз түрін табыңыз.
а) кеме б) хаттама в) алма г) намазнама
23. Өзгелік етіс тұлғасындағы етістікті табыңыз.
а) салыстым б) үйрендім в) қалдырдым г) таныстым
24.Көсемшені табыңыз.
а) қайтқалы б) қайтты в) қайтқан г) д.ж.ж.
25.Көсемшенің жіктелетін түрі.
а) -ып,-іп,-п б) -а,-й,-е в) -ғалы,-гелі г) -ғанша,-генше

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *