АТАҒОЗЫ АЙТҚҰЛҰЛЫ (1704 – 1794) – батыр. Руы – адай. 40 мыңдай қазақ, қарақалпақ жастарының 1723 жылы қалмақтармен соғысында ерлігімен аты шыққан.1726 жылы қалмақ ханы Цэрен Дондукке қарсы жорықтарда ерекше көзге түсті. Кейіннен Еділ, Жем, Үстірт, Маңғыстау жерлерінде басқыншылармен болған шайқастарға қатысқан. Халық аузында Атағозы батыр туралы және батыр айтты деген көптеген қанатты сөздер сақталған. Х.Досмұхамедов өзінің «Аламан» жинағында Атағозы есімін қазақтың атақты билері қатарында атайды. Мұрат Мөңкеұлы, Аралбай, Нұрым сынды ақын-жыраулар Атағозыны жырға қосқан. Зираты Бейнеудегі Бекет ата мешітінің солтүстігінде 2 км жерде.