АТАБЕК (түрік. – атабег) — орта ғасырлардағы лауазым. Атабек атауы түркі халықтарының тарихында үш түрлі мағынада қолданылған:
- салжұқ сұлтандарының мирасқорларын тәрбиелеуші әрі олардың қамқоршысы;
- 12 – 13 ғ-да Таяу және Орта Шығыс елдерінде феод. князьдіктің княздықтың басшысы.
- Мысырдағы мамлюктер билігі тұсындағы әскер басы.