БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЯРЛАУДА М.ҒАБДУЛЛИННІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ РӨЛІ
Ж.Қ. Мұқытова, А.Ж.Кусаинова
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік уиверситеті arnagul.raimbekova@mail.ru
Көрнекті ғалым және қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің100 жылдық мерейтойы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығымен сәйкес келіп отыр.Батыр-ғалымның 100 жылдық мерейтойына кезінде өзі оқып, білім алған, ұстаздық еткен әрі 10 жылдан аса басшылық еткен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы 2 жылдан бері қызу дайындық үстінде. Университет ректоры, академик Серік Жайлауұлы Пірәлиевтің тікелей басшылығымен оқу орнында Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» ғылыми-
зерттеу орталығы ашылып, жемісті жұмыс істеп келеді. Біз, Көкше өңірінің педагогтары, болашақ ұстаздарды даярлауда М. Ғабдуллиннің педагогикалық қызметімен еңбектерін студент жастарға үлгіетуді маңызды мәселе деп санаймыз. Себебі, батыр ұстаздың жан-жақтылығы, (қазіргі терминмен сипаттасақ) құзырлылығы болашақ ұстаздардың азаматтық, ұстаздық сана-сезімін қалыптастыруда маңызы зор.
Кеңес Одағының Батыры, педагогика ғылымы академиясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор М. Ғабдуллиннің өмірі қаһармандық, батырлық іс-қимылдары, терең ғылыми ізденістері, ұстаздық, санаткерлік ерен еңбегі, қаламгерлік қабілеті, дарыны жан дүниесінің кіршіксіз, мөлдір тазалығы, кісілік мейірім-қасиеттері, әдепинабатылығы, тарихи тұлғасыстудент жастарға барлық жағынан үлгіөнеге.
Мәліктің өз шәкірттері «Мәліктанушы» бағдарламасы бойынша өмірінен бастап, батыр, патриот екенін өз еңбектерінде әлі де жазып жүрген белгілі жазушыларымыз да баршылық. Атап айтатын болсақ, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Нұршайықов, Д.Снегин, Т.Сауранбаев, С.Негимов, К.Сейдеханов, Б.Кенжебаев, Ж.Бекенов және т.б. жазушығалымдарды атай беруге болады.
Мәлікке жалынды өлең жолдарын арнаған ақындар: С.Сейтқазин,
Ғ.Қайырбеков, С.Мәуленов, Е.Ибраһим, Т.Жароков, Қ.Бекқожин, Ә.Тәжібаев, К.Жармағамбетов, С.Бегалин, Қ.Сатыбалдин, Д.Әбілев, Е.Мейрамқұлов, О.Қасымұлы, Н.Батқалова және т.б. [1]
Мәлік Ғабдуллиннің педагогикалық еңбектері туралы зерттеулер аз, оны зерттеген ғалымдарҚ.Бержанов, А.Көбесов,Қ.Жарықбаев,С.Қалиев т.б. Қ.Бөлеев, Т.Әбдікәрімова «М.Ғабдиллиннің этнопедагогикалық мұрасы» атты бағдарламаны жасаған. Бұл бағдарламаны жоғары педагогтік оқу орындарының педагогика кафедраларының оқытушылары мен студенттерге ұсынудағы мақсат — М.Ғабдуллиннің этнопедагогикалық мұрасының жас ұрпаққа және жастарға ұлттық тәрбие берудегі маңызын ашып көрсету болды. Бұл бағдарламада бесінші тақырыбы
М.Ғабдуллиннің патриоттық тәрбие беру туралы еңбектеріне арналған. Бұл бағдарлама бойынша барлық оқу орындарында жастарға арнайы
курстар оқылса, Мәлік Ғабдуллиннің жайында білімдеріне білім
қосылатыны сөзсіз. [2]
М.Ғабдуллин «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты еңбегінде «Қазақ халқының өмірінде тәрбиенің алатын орны ерекше екенін атап өткен. Ол еңбекті жазудағы оның көздеген мақсаты революцияға дейінгі қазақ арасындағы жас ұрпақты жастайынан тәрбиелегенде оның өсе келе кім болатынына көз жеткізу. Жастарды еңбек пен ерлікке, патриоттық тәрбиеге, адами жақсы қасиеттер жайында жазып, айтып өткен болса, біз оның осы еңбегінің жас ұрпаққа қазіргі тәрбие беру маңызында ұмыт қалмасын қадағалауымыз керек. Бұл еңбектегі бала тәрбиесін қазіргі күнмен салыстыру, соған толығымен көңіл бөлу, бізді айналдыра қоршаған проблеманың басты себебі болып отыр. Қазіргі біздің заманымыздағы тәрбиенің өте күрт төмендегенін айтпай-ақ, біз өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қылықтарынан, жүріс- тұрыстарынан байқаймыз. Оған кіналы әрине, біздің өзіміз, ең бірінші тәрбие беруші ата – аналар және мұғалімдер, қоршаған ортаның теріс ықпалы.[3]
Қазіргі кезде мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі көп мәдениеттілігі мен көптілділігі. Осы орайда М.Ғабдуллиннің өміріне көз жүгіртсек, келесідей бір оқиғалар еске түседі. Соғыста жүрген кезінде де тәрбие беру мәселесін назарынан тыс қалдырмаған. Жас жауынгерге батырлар жырынан әрбір ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып қырғыздарға «Манастан»,өзбектерге «Алпамыштан»,түркмендерге «Кероғлы жырынан» олардың ана тілінде оқып бергендері олардың бойын серпілтіп жіберетінін С.Негимов өзінің М. Ғабдуллин туралы еңбегінде жазған. Жауынгерлерге берген тәрбиесі, оларға көрсеткен үлгіөнегесі, оның әскери мемуарларындағы «Менің майдандас достарым», «Сұрапыл жылдар»т.б шығармаларындағы нағыз халық батырларының бейнесін нақты өмірде болған адамдар арқылы көрсетуі, солармен бірге жүріп жасаған ерліктері бүгінгі жастарға үлкен өнеге. М.Ғабдуллин Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеу түбіндегі қанды оқиғаларға толы күндердің бірінде;шешесінен айрылған, әкесі әскерде жүрген қорғансыз қалған 4-5 жасар Вованы Мәскеудегі балалар үйіне тапсырып, оның фамилиясын «Гвардейевцев» деп жаздырғаны батылық,ерлік істерімен бірге адамгершілік мейрімін байқататыныны туралы сөз болады. [4]
Мәлік Ғабдуллиннің өмірімен студенттерді таныстыруды Көкшетау қаласында ашылған екі мұражайға экскурсия жасаудан бастаймыз. Бірінші курстың студенттері қаламен танысуды М.Ғабдуллиннің мұражайына саяхат жасаудан бастайды. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауда да оларда жинақталған материалдарды пайдаланып, ғылыми жұмыстарын дайындайды. Атап айтсақ, «педагогика және психология» мандығын бітірген Айтмағанбетова Ғалияның «Жастарға патриоттық тәрбие берудегі М. Ғабдуллиннің өмірінің үлгі-өнегесі» атты ғылыми жұмысы «За гражданственность и патриотизм» номинациясы бойынша 2007 жылы облыстық конкурста қатысып 1 дәрежелі диплом және ақшадай сыйлықпен марапатталған. Ол жұмыс М.Ғабдуллин мұражайына тапсырылған.
Көкшетау қаласындағы бүгінгі №3 қазақ орта мектебіне ержүрек әрі батыр М.Ғабдуллин есімі 1973 жылы берілсе, 1975 жылы 8 мамырда бұл мектепте «Ерлік – даңқы» мұражайы Ұлы Отан соғысының 30 жылдығына орай ашылған еді. Көкшетау қаласына көшіп келгенде Мәлік осы мектепте оқып, білім алған болатын.
Қаһарман батыр, ғалымға арналып тағы бір мұражай ашылған. Ол Көкшетау қаласындағы мұражайы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1993 жылғы 465-ші қаулысына орай 1995 жылғы қыркүйек айының 7-ші жұлдызында ашылған болатын. Мұражай XIX ғасырдың архитектуралық үлгісімен салынған екі қабатты үйге орналасқан. Мұражай бағыты – тарихи — әдебиеттік. Ол алғаш ашылғанда мыңға тарта мұрағат болса, қазір ол сан бес мыңнан асып отыр.
Студент жастар бұл мұражайларға тәжірибе өту барысында оқушыларды жиі апарып, түрлі тәрбие шараларын өткізу арқылы М. Ғабдуллиннің өмір жолымен таныстырады.
М.Ғабдуллиннің ғылымға қосқан үлесін қазіргі жастарға баяндай отырып, ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысуға ұмтылдырамыз. Мысалы, «Мектепке дейнгі оқыту және тәрбиелеу», « Әлеуметтік педагогика және өзін- өзі тану» және «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандықтарында оқитын студенттер «Ұстаздардың — ұстазы», «Мәлік Ғабдиллиннің педагогикалық көзқарастары», «М.Ғабдуллиннің отбасы тәрбиесі туралы кеңесі», «М.Ғабдиллин өміріне саяхат», «М.Ғабдуллин халқының қаһарлы батыры» және т.б. тақырыптарда баяндама, реферат, курстық, дипломдық жұмыстары орындалып жүр. Университет қабырғасында М.Ғабдуллинге арналған тәрбие шаралары, семинар, конференциялар өткізіліп тұрады. Мысалы, 14-қарашада 2007 жылы «Тарихи тұлға тағылымы» атты көрнекті фальклортанушы-ғалым, академикке арналған аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтіп, айтысты тамашалаумен жалғасты, оған сегіз оқу орындарының студенттері қатысты.
Студент жастарға М. Ғабдуллиннің өмірін үлгі-өнеге ету мақсатында, оларға азаматтық, патриоттық тәрбие беруде біз педагогика курсын оқу барысында тәрбие салаларын өту кезінде атақты жерлесіміздің ерліктеріне тоқталып өтеміз. Сонымен қатар, өздік жұмысты ұйымдастыру кезінде студенттер М.Ғабдуллиннің соғыстағы, ғылымдағы ерліктері туралы баяндамалар, рефераттар, курстық жұмыстар орындап жүр. М.Ғабдуллиннің әр саладағы еңбектері бойынша бірнеше дипломдық жұмыстар қорғалған. Университетте магистратура бөлімі ашылуына байланысты магистранттарда ғылыми зерттеу тақырыптарын
М.Ғабдуллиннің ұстазық қызметі, педагогикалық көзқарастарына, отбасы тәрбиесіне, адамгершілік, патриоттық тәрбие берудегі үлгі-өнегелеріне байланысты зерттеулер жүргізуде.
Болашақ ұстаздардың басты мақсаттарының бірі — білімді беру, таратумен қатар, оқушыларды адамгершілікке, Отансүйгіштікке, ұстаздық қызметті сүюге тәрбиелеу болып табылады. Студенттер арасында М.Ғабдуллиннің батырлығы, ғалымы еңбектері, ұстаздығы, адамгершілігі, патриоттық тәрбие берудегі рөлі туралы сауалнама жүргіздік. Оның нәтижесінде едәуір олқылықтар байқалды. Сондықтан, кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқитын болашақ ұстаздарға М.Ғабдуллиннің педагогикалық көзқарастарыжайында толық мағлұмат беретіндей «Педагогтарды даярлауда М.Ғабдулиннің педагогикалық мұраларының рөлі» атты эллективті курс барлық факультеттерде оқылуы қажет деп санаймыз. Онда төмендегідей көрсетілген мәселелер қарастырылуы керек: педагогикалық қызметі, педагогикалық еңбектеріндегі көзқарастары, М. Ғабдуллиннің ғылымға қосқан үлесі,патриоттық тәрбие туралы ойлары , қазақ батырларының ерлік дәстүрі, соғыс кезіндегі көрсеткен ерліктері, жігерлігі, батылдығы, адамгершілігі, отбасы туралы ой-пікірлері, этнопедагогикалық көзқарастары т.б.
М.Ғабдуллиннің педагогикалық еңбектеріне байланысты жинақтаған материалдарын (портфолио) студенттер, оқытушылар алдында қорғаулары маңызды. Нәтижесінде жақсы қорғалған жұмыстарға ұсыныстар жасалуға тиіс. Мысалы, студенттердің ғылыми практикалық конференцияларға қатысуға құқылығы, диплом жазуы арқылы жұмысты жалғастыру қажеттілігі т.б. Ол арнайы курсты бағдарлама бойынша оқытуға болады. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттерге арналып элективтік курс 2 кредит бойынша, құрылымы: 30 сағат дәріс, 15 сағат семинар, 45 сағат өздік жұмыс.Бұл элективтік курсты оқытуда «Портфолио қорғау » деген технологияны қолдануға болады. Студенттер курс бойынша бірнеше тақырыпта өзбетімен материалдар жинастырып басқа курстың студенттерінің, оқытушылардың алдында қорғайды, сұрақтарға жауап береді.
Жоғары аталған элективті курсты біз педагогикалық мамандықта оқып жүрген студенттерге оқытуға болады деп есептейміз және М.Ғабдуллиннің ғалымдығы, ұстаздығы, этнопедагогикалық мұралары т.б. дарындылығы жайында элективті курстар құруға болар еді.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау барысында Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құзыреттілігі жетілген, шебер ұстаз болу жолында Мәлік Ғабдуллиннің педагогикалық еңбектері мен өнегелі істерінің мәні мен мағынасы ерекше.
Мәлік Ғабдуллин сегіз қырлы, бір сырлы аяулы жан, ақыл-ойға кемел, мейірімге, инабатқа, биязылыққа толы алтын жүзі, адамшылдық, ұстаздық, жазушылық, қайраткерлік істері болашақ дәуір биігіне самғатып, келешекпен сөйлесетіндігіне, сыр бөлісетіндігіне күмәнсіз сенеміз.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Ә.Нысанбаев. Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы. — 1999ж (720-б).
2. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау: Теориясы және практикасы. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2004. – 304 бет. 3. М.Ғабдуллин. Ата -аналарға тәрбие туралы кеңес. Алматы. Мектеп. 1966.
4. Негимов С. Мәлік Ғабдуллин. Алматы. Санат. 2001. 192 бет.