АСЫЛҰЛЫ Омархан (1937 жылы туған, ҚХР, Шыңжан-Ұйғыр авт. районы, Тарбағатай аймағы) — ғалым. Шыңжан институтын бітірген (1957). 1957 — 1961 жылы осы институтта оқытушы қызметін атқарды. 1961 — 1980 жылы саяси науқандар кезінде “оңшыл”, “ұлтшыл” деген айыппен айдауда болды. 1980 жылдан Шыңжан тіл-жазу комитетінде қызмет істеп келеді. Қытай-түркі тілдерін зерттеу, Қытайдағы аз ұлттар әдебиетін зерттеу ғыл. қоғамдарының, Шыңжаң Жазушылар одағының мүшесі, Шыңжан Қазақ тілі мен мәдениеті ғыл. қоғамының бас хатшысы. Омархан Асылұлы — Қытайдағы қазақ тілі білімі мен әдебиет саласы бойынша бірнеше кітаптардың авторы. Қытайдағы қазақтардың жазу емлесін жүйеге түсіруде көп еңбек сіңірген.