АСЫ ЖАЙЛАУЫ 

АСЫ ЖАЙЛАУЫ – Іле Алатауының шығыс сілеміндегі биік таулы жайлау. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданыныңжерінде орналасқан. Солтүстігінде Қараш тауы және Бақай тауларымен, оңтүстігінде Сарытаумен шектелген. Ұзындығы 15 – 17 км, ені 8 км. Теңіз деңгейінен 2380 – 2410 м биіктікте. Жайлаудың топырағы шұрайлы, шөбі шүйгін. Мөлдір сулы Асы өзені жайлаудың өн бойымен ағады. Асы жайлауы көшіп-қонуға ыңғайлы мал жайылымы болып табылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *