АСУБҰЛАҚ

АСУБҰЛАҚ — Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы кент, Өскемен қаласынан 90 км-дей жерде, Қалба жотасының орталық бөлігінде, Асубұлақ өзенінің оң жағалауында орналасқан. Іргесі сирек металдар кенін өндіруге байланысты 1941 жылы қаланған. Тұрғыны 6,2 мың адам (1997); Кен байыту фабрикасы, аудандық тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, спорт кешені, орта мектептер, кітапханалар, аурухана, дәріханалар, мәдениет үйі, бала бақшалар бар. Кент тұрғындары облыс, аудан орталықтарымен, елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *