АСТЫҚ ТЕСКІШ 

АСТЫҚ ТЕСКІШ (лат. Stegobium paniceum) – қатты қанаттылар сабына жататын тескіш қоңыздар тұқымдасының өкілі. Қазақстанның барлық аймағында кең тараған. Денесінің ұзындығы 2 – 3 мм, түсі қызғылт келеді. Астық тескіштің дернәсілдері қойма зиянкестері болып табылады. Ол қоймадағы кептірілген көкөністерді, дәрілік өсімдіктерді, ұн өнімдерін, сондай-ақ кітап, қағаздарды да зақымдайды. Зақымданған ұн өнімдерінің сапасы төмендеп, қарайып кетеді. Астық тескіш маусым – шілде айларында жаппай ұша бастайды. Ұрғашылары тағам өнімдеріне 140-қа дейін жұмыртқа салады. Дернәсілдері ұн өнімдерін, астық тұқымдарын жеп, сол жерде қуыршаққа айналады. Астық тескіш жылына 4 рет көбейеді. Ол астық қамбаларындатазалық тәртібін дұрыс сақтау, уақытында химиялық және физикалық өңдеу әдістерін қолдану арқылы жойылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *