АСТЫҚ СҮЛІКШЕСІ 

АСТЫҚ СҮЛІКШЕСІ (lema melanopus) — жапырақ жемірлері тұқымдасына жататын қоңыз, дәнді дақылдар зиянкесі. Қазақстанның оңт. және оңт.-шығысындағы тау етектеріндегі аудандарда көптеп кездеседі. Даму кезеңі — бір жылдық. Ұз. 4 — 6 мм, түсі көк жасыл, алдыңғы арқасының бунағы мен аяқтары қызыл сары болады. Топырақ арасыңда қыстайды. Жұмыртқаларын жапырақ бетіне салады. Дернәсілі ақшыл сары, денесінің орта бөлігі дөңестеу келеді, үстін тұтасымен қара қоңыр шырыш жапқандықтан “сүлікше” деп атайды. Дернәсілдері де дәнді дакылдардың жапырақтарымен қоректенеді. А. с. түскен бидайдың өнімі 30 — 38%-ке кемиді. А. с. бидайдан басқа арпаны, сұлыны, кейде жүгері мен тарыны да зақымдайды. А. с. көбейіп кеткен кезде егінді инсектицидтермен дәрілеу қажет. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *