АСТЫҚ СҰР КӨБЕЛЕГІ

АСТЫҚ СҰР КӨБЕЛЕГІ, дән сүр көбелегі (Apamea anceps) — дәнді дақылдар зиянкесі, коңыр көбелектер тұқымдасына жатады. Қазақстанның барлық аймағында кең тараған. Олар бидайды, қара бидайды, аздап арпаны, кейде жүгеріні зақымдайды. Ұз. 15 — 18 мм, қанаттарының жайғандағы үз. 38 мм, қанаттарының түсі сұр немесе қоңырқай сұр, ақшыл келеді. Жылына бір ұрпақ береді. Жұлдыз құрттары 5 — 15 см терендіктегі топырақта қыстайды. Төгілген астық дәнімен немесе жабайы астық тұқымдас өсімдіктердің көгімен қоректенеді. Мамыр айында топырақтың беткі қабатында қуыршаққа айналып, дамуы 25 — 35 күнге созылады. Маусым айында ұша бастайды, түнде қоректенеді, ал күндіз өсімдіктер мен жапырақтардың арасына немесе топырақ астына тығылады. Ол 2500 жұмыртқаға дейін салады. Эмбрионалдық дамуы 5 — 15 күн. Әрбір жұлдыз құрт қысқы ұйқыға кеткенге дейін 2 г-ға жуық астық дәнін жейді. Сұр көбелектің табиғи жаулары: кірпі шыбындары, өрмекшілер, барылдақ қоңыздар, гранулеза вирусы. Кейде жұлдыз құрттардың 85 — 90%-і вирустан қырылып қалады. Егістік жерлерді сапалы жырту, топырақты жақсы баптау және инсектицидтер шашу арқылы олардың залалын азайтуға болады.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *