АСТЫҚ БІТЕСІ 

АСТЫҚ БІТЕСІ  (лат. Schizaphis graminum) – тең қанаттылар отрядының бітелер тұқымдасына жататын жәндік. Қазақстанның орманды-дала және далалы аймақтарында таралған. Түсі көк немесе сарғыш сұр болады. Астық бітесі партеногенетикалық жолмен көбейеді. Жылына 15 рет ұрпақ береді. Астық бітесі астық тұқымдастарға жататын өсімдіктерді (арпа, бидай, қарабидай, сұлы, күріш, жүгері) зақымдайды. Ол түскен өсімдіктің жапырағы, сабағы ағарып қурап кетеді, масақтанбайды. Астық бітесі көбейіп кеткен кезде, агротех. шаралармен қатар, химиялық препараттар қолданылады.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *