АСТРОФИЗИКА ИНСТИТУТЫ

АСТРОФИЗИКА ИНСТИТУТЫ – ҚР Ғылым 

 Академиясының  астрономия және астрофизика зерттеулер жүргізетін ғылым- зерттеу мекемесі. Ол 1950 жылы Астрономия және физика институты негізінде құрылған.  Астрофизика институты Алматы қаласының орталығынын 14 км жерде, теңіз деңгейінен 1500 м биіктікте, Құмбел жотасының етегінде орналасқан. Институттың құрылуына және қалыптасуына В.Г.Фесенков пен Г.Л.Тихов көп еңбек сіңірді. Астрофизика институтының негізгі бақылау құрал-жабдықтары: планеталарды бақылайтын 70 см-лік рефлектор, жарық күштілігі жоғары 50 см-лік Максутов телескопы, Күнді бақылайтын горизонталь орнатылған «АЦУ-5» телескопы, 50 см-лік үлкен коронограф, 50 см-лік Герц рефлекторы, 20 см-лік рефрактор, 20 см-лік Шмид камерасы, Лио жүйесіндегі коронограф және Күн хромосферасы мен фотосферасын бақылайтын телескоп. Институттың құрамында астрофизика,  жұлдыздар динамикасы, Күн физикасы, қолданбалы спектр фотометриялық зерттеулер, астрономия приборлар жасау бөлімдері және 5 лаборатория (абсолют жұлдыздық спектрофотометрия, Ай және планеталар физикасы, аспаптық астрономия, атмосфера-оптикалық спектрлік зерттеулер және атмосфера оптикасы) бар. Эксперименттік базасы – обсерватория, Күн обсерваториясы (Үлкен Алматы каналы маңында) және Асы-Түрген обсерваториясы. Ғылым-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары – галактикадан сырты астрономиясы, Ай және планеталар, Күн және планеталар байланысы, Галактиканың құрылымы мен динамикасы, Күн жүйесіндегі кіші денелер мен метеорлық зат, жасанды аспан денелері, т.б. Институтта 53 ғыл. Қызметкер жұмыс істейді.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *