АСТРОЛОГИЯ

АСТРОЛОГИЯ (грек. actron— жүлдыз және logos — сөз, ілім) — аспан шырақтарының жердегі тіршілікке және адамға (темпераментіне, мінезіне, қылығына және болашағына) тигізетін әсері жайлы ілім. А- лық болжам шырақтардың аспан сферасындағы көрінерлік қозғалысы мен олардың аспан сферасындағы өзара орналасуы бойынша (қ. Гороскоп) анықталады. А. ежелгі Вавилонда жұлдызға табынуға және жұлдыз аңыздарына байланысты шықты. Кейін Рим империясында (алғашқы гороскоптар б.з.б. 2—1 ғ-ларда шықты) кеңінен таралды. Христиан діндарлары А-ны қабылдамады. А. 9 — 10 ғ-ларда Арабияда едәуір дәрежеде дамыды. 12 ғ-да А. Еуропаға ауысты. Мұнда ол 17 ғ-ға дейін қолданылды. Дүниеге ғыл. көзқарастың қалыптасуына байланысты 17 ғ-дың ортасынан А. ілімі Еуропадан ығыстырыла бастады. 1-дүн. жүз. соғыстан кейін, сирек кездесетін ғарыштық ерекше құбылыстар мен биоғарыштық ритмдерге, т.б. байланысты, А-ға қайта қызығушылық пайда болды. 20 ғ-дың ортасынан бастап А. бұқаралық мәдениеттің бір түріне жатқызылады. 

«Астрологиялық трактат» – Әбу Наср әл-Фарабидің астрологияға арналған белгілі шығармасы.Толық атауы «Жұлдыз бойынша болжаулардың анығы мен қанығы». Орысша аудармасы 1975 жылы Алматыда «Ғылым» баспасынан жарық көрген ұлы ғұламаның «Математикалық трактаттарына» енген. әл-Фараби бұл  

трактатында философия, логика, жаратылыстану ғылымдарының сол кездегі жетістіктеріне сүйене отырып, аспан туралы ғылым қағидалары мен ережелерінің дұрыс-бұрыс екенін ажыратып берген. «Жұлдыздар бойынша болашақты болжауға болады» деп санайтын астрологияның жалған ғылым екенін дәлелдейді. Беймәлім, кездейсоқ құбылыстарды тәжірибе немесе алдын ала жүргізілген есептеулер арқылы болжап-білуге болмайтындығы жайлы қағидасы ықтималдықтар теориясының философия бастамасы болып табылады. «Астрологиялық трактатта» адамзат білімінің кемелсіздігі, шарттылығы туралы пайымдаулар айтылады.«Астрологиялық трактатта» ол пікірлер мен идеялар Әбу Наср әл-Фарабидің ізбасарлары Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина, сондай-ақ Леонардо да Винчи еңбектерінде қолдау тауып дамытылған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *