АСТРАХАН ХАНДЫҒЫН РЕСЕЙДІҢ ЖАУЛАП АЛУЫ

АСТРАХАН ХАНДЫҒЫН РЕСЕЙДІҢ ЖАУЛАП АЛУЫ (1556) - Русьтің Шығыс елдеріне қарсы бағытталған басқыншылық жорықтарының бірі. 16 ғасырдың 2-ширегінде Мәскеу Астрахан хандығына билік жүргізу әрекетін күшейтіп, Дербісәліден жеңілген Әбдірахманның таққа кайта отыруына көмектесті (1539). 1551 ж. оның орнына Қырым ханының көмегімен Ахмет ханның шөбересі Жаңбыршы отырды. Қазан хандығы құлағаннан кейін-ақ (1552) Русьтің түпкі мақсатын түсінген Жаңбыршы Мәскеудің ықпалымен жүргісі келмеді. Соны сылтауратып, Каспий тенізііне шығуды көксеген Русстің 30 мыңдық әскері 1554 жылдың көктемінде өзенмен жүзіп келіп, Қажы Тарханға кірді. Жаңбыршы Азуға қашып құтылды, бірақ әйелі мен балашағасы орыс тұтқынында қалды. Шілде айында орыс әскері қала тұрғындарын жаппай қырғынға ұшыратты. Осыдан кейін хандықтың жаңа ханы Дербісәлі Ресей патшасына адал болуға ант беріп, жыл сайын алтын төлеп, балық өткізіп тұруға міндеттенді. Орыс балықшылары Еділ мен Каспий теңізінен ешқандай салықсыз балық аулауға мүмкіндік алды. Астрахан хандық халқы хан сайлау құқысынан айырылып, оны Ресей патшасы тағайындайтын болды. Дербес саясат жүргізуге ұмтылған Дербісәлі хан 1556 жылдың жазында орыс елшісі Мансуровты қуып жіберіп, әскерін талқандады. Сөйтіп Мәскеумен байланысын үзді. Ресей Қажы Тарханға қарсы атқыштар әскері мен казактарды аттандырды. Қырым ханы Дәулеткерей Дербісәліге көмекке зеңбірекпен қаруланған 1000 жауынгер жіберді. Бірақ ноғай княздарының опасыздығынан Дербісәлі орыстардан жеңіліс тапты. Түрік сұлтаны Селим II мен Қырым ханы Дәулеткерейдің орыстардан азат ету мақсатымен Астраханга жасаған жорығы (1569) сәтсіз аяқталды. Осыдан сон, хандық аумағы біржола Ресейдің иелігіне көшті.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *