АСТРАХАН ХАНДЫҒЫ

АСТРАХАН ХАНДЫҒЫ — Алтын Ордаыдырағаннан кейін құрылған дербес мемлекеттердің (1465 – 1556) бірі. Тақ үшін күресте туысы Ахмет ханнан жеңілген Үлкен Орда ханы Махмуд (1459 –1465) ата-бабасының иелігі Қажы Тарханға(Астрахан) қашып келіп, дербес хандық құрды. Оның аумағына Каспийдіңсолтүстік-батыс жағалауы, төменгі Еділ бойы, Солтүстік Кавказ енді. Халқы100 мың адам шамасында болды, түркі тілдес тайпалардан тұрды. Көшпелі мал шаруашылығымен, аң, балық аулау, тұз өндіру, қолөнер, Бұзан бойындағылар аздап егіншілікпен айналысты. Батыс пен шығысты жалғастырған Астрахан хандығы Русьпен, Қазанмен, Қырыммен, Хорезммен, Армениямен, Иранмен, Әзербайжанмен, Сібірмен, Ноғай Ордасымен, Қазақ хандығымен, Түркиямен саяси және сауда байланыстарын орнатты. Билеушілер Жошының кіші ұлы Тоқа-Темір ұрпақтары болды. Астрахандық ханзадалар Қазан мен Русьте маңызды қызметтерге ие болып, олардың тарихына елеулі ықпал етті. Бай сауда орталығы болғандықтан Қажы Тархан көршілерінің шапқыншылығына жиі ұшырап отырды. 1492 жылы қаланы Сібір билеушісі Айбек хан басып алды. Үлкен Орда, Ноғай ордасы мен Қырым хандығы да Астрахан хандығының ішкі істеріне араласып отырды. 16 ғасырдың ортасында Астрахан хандығын Ресей жаулап алды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *