Н.Ж. Құрман
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, е-mail: nessibeli_k@mail.ru
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» МАҚАЛАСЫ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ДАМЫТУ
Қазақ тілін оқыту барысында магистранттар мен студенттерге Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын таныстырудың тиімді жолдары қарастырылады. Магистранттар мен студенттер Елбасының мақаласын аутентикалық/түпнұсқа мәтінді талдау әдісі арқылы меңгеріп, қазақша сөздік қорының ерекше қабатын қалыптастырады. Қазақ тілін оқытуда сабақтың түрлі формаларын және лингвоелтанымдық әдістерді тиімді қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады.
Кілт сөздер: Ұлы Дала, жеті қыры, мәтін талдау, лингвоелтаным, білім, тәрбие, аксиология, құндылық, семиотика.
КІРІСПЕ
Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының, қазақ жері мен елінің, қазақтардың сонау түп тамырынан бергі тарихын жазып, сақтап, өңдеп, тарих жолында келе жатқан әрбір ұрпақтың санасына жеткізіп, ұлттық сананың біртұтастығы мен тарихи сабақтастықты ұстап келе жатқан ерекше құбылыс. Бұл мақаланың мақсаты — қазақ тілінің ұлттық сананы дамытудағы рөлі туралы қарастыра отырып, оның нақты практикалық, яғни әдістемелік жолдарын көрсету.
Ұлттық сананы, жалпы адамзат санасын танып-білуге қатысты теориялар мен көзқарастардың түрлігігін нақты санмен айту мүмкін емес.
Оның себебі де белгілі. Адам баласы пайда болғаннан бергі проблеманы бір мақала көлемінде, тіпті бір монография көлемінде де қамту дегеннің өзі мүмкін емес екені белгілі. Десек те, осы бағыттағы қол жеткен жаңа теорияларға сүйене отырып, Қазақстанның даму барысындағы өзгерістердің тіл жүйесінде таңбалануын және сол жүйенің сом алтындай құнды кәусарларын таныту арқылы жастардың санасында қазақы ұлттық сананың қызмет ету тетіктерін қалыптастыру туралы ой қозғау – белгілі бір нәтижелерге жетелейтін жол.
Бұрынғы дәстүрлі қазақ тілін зерттеу мен оқытудың тұйықтығы — қазақстандық ғылым мен білім жүйесінің жабық жүйеде және әлемдік байланысқа енбеген күйінен туған нәтиже. Ал қазіргі ересен динамикалық болмысқа ие болып отырған ғылым және білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар сол жүйеден рухани азық алып жүрген жастар үшін мемлекет көздеген биік сапалы нәтижеге қол жеткізетін болуы керек.
Мақсаты осылай қойылған жаңалықтар мен өзгерістердің нақты практикалық жүзеге асырылуын білім беру жүйесінде қызмет етіп жүрген ғалымдар мен оқытушылардың әрбір іс-әрекетінің ұлттық мүддемен түйісіп жатуымен тікелей байланысты.
Тақырыптың өзектілігі — қазақ тілі сабақтарында магистранттардың, студенттердің тек қазақша сөйлеуін ғана емес, қазақ тілі жүйесінде сақталған ақпаратты санасында сақтай білуі, өңдей білуін, қазақша ақпарат алмаса білуін, өмірлік керегіне жарата білуін көздейтін болсақ, қазақ тілі сабақтарының ұлттық сананы қалыптастыру әдістерімен түйісетін нүктелерін анықтау керек, оларды тиімділікпен әдістемелік жүйеге енгізу қажеттілігімен анықталады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстан Республикасы үшін зор маңызға ие болатын әрбір жарқын оқиға немесе өзекті мәселе студенттердің, магистранттардың да санасынан орын алуы олардың ел өміріне жауапкершілікпен қарауына тірек болып табылады. Сондықтан елдік сананың қалыптасуы мен дамуында белгілі бір орын алатын тарихи мәселелер жастардың білім алу үдерісімен өріле меңгертілуі керек. Елімізде жаңа қоғамдық нормалар мен құндылықтар жүйесін қалыптастыруда үлкен орын алатын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары мен мақалаларының мәтіндерін қазақ тілін оқыту үдерісінде қолдану — тіл мен қоғамның байланысын және білім алушы жастар мен өмір тынысын сабақтастырудың бір жолы.
Қазақстан халқының Тәуелсіздік дәуіріндегі өмірінде қалыптасып жатқан идеалдар, мәдени нормалар мен дәстүрлер, көпұлтты қоғамдағы әрбір жекелеген ұлттың құрметке лайық өзінің орны – барлығы мемлекетіміздің өміршеңдігін дәлелдейтін белгілер ғана емес, одан әрі дамуының да нәрлі көздері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болып отырған қазақ тілін оқытудың да осы тұрғыдан қарастырылуы көптеген тиімді әдістемелік жүйелерді жасауға мүмкіндік береді. Бір жағынан, қазақ тілін Қазақстандағы барлық өмір сүріп отырған мемлекеттік тілі ретінде үйрету жүйесін, екінші жағынан, қазақ тілін осы тілдің иегері — қазақтардың болмысын, тарихын, мәдениетін, жандүниесін танытатын ақапарт көзі ретінде лингвоелтанымдық бағытта үйрету мүмкіндіктері танылады. Бұл бағыттағы сабақтар қазақша сөйлеу мен жазуды үйретудің тиімді бастау көздері ұлттық дүниетаным иірімдерін танытудан басталатыны белгілі.
Қазақ елінің әлемдік бейбіт қарым-қатынас жүйесіне енуі, атом полигонын жабуы, әлем діндер съездерін өткізуі бейбітсүйгіш саясатын анықтап берді. Ішкі жүйеде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылып, сапалы жұмыс жасап келе жатқандығы да әрбір қазақстандықтың санасындағы «бейбітшілік», «тыныштық», «тұрақтылық», «ұрпақ», «болашақ» деген маңызды ұғымдардың сеніммен қалыптасуына зор тірек болып келеді.
Ұлттық өзіндік сананың дамуында қазақстандық қоғамның даму көкжиектерінің қарқындап кеңейіп келе жатқандығы да үлкен орын алады. Ал осының өзі, біртіндеп, рухани мәдениет саласында жаңа құбылыстардың туындап отыруының табиғи үдеріс ретінде қабылдауға алып келеді.
Рухани салада жаңа құбылыстар пайда болуымен бір мезетте ұлттық сананың қуатты тарихи қабаттары да қозғалысқа түсіп, өткен өмірді танудың жаңа арналары, жаңа көзқарастар мен жаңа қажеттіліктер пайда болады.
Осыдан келіп, ұлттың дүниетанымның, ұлттық сананың дамуы дегенді болашақ пен өткенді бірдей танитын екі жаққты қамтитын құбылыс тануға болатын шығар. Жаңалық қаншалықты қарқынмен алға қарай бағытталса, сол қарқындағы қуат өткенді де қамтиды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» мақаласы мен 2018 жылдың 21 қарашасы күні жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – Қазақстанның дамуындағы маңызды бағыттарды қамтыған алып ойдың нәтижелері. Мақалалардағы еліміздің әлеуметтік-рухани дамуы және тарихи сананың жаңғыруы туралы айтылған маңызды мәселелерді дер кезінде бүгінгі білім алып жатқан жастардың санасына жеткізу – әрбір оқылатын пән мен оқытушының міндеті.
Қазақстандық жастар үшін өнегелі нәрі мол аутентикалық мәтін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы сабақтың негізгі оқу материалы ретінде алынды. Елбасы мақаласының қазақы ұлттық дүниетанымның болмысына жасалған терең талдаулары негізінде қазақ тілі сабағының рационалдық сипаты тереңдейді. Мақаланың аксиологиялық болмысы және қазақша сөйлеу мен жазу дағдыларын саналылық принципке сүйене отырып дамыту бағыты магистранттарға өткізілген қазақ тілі сабағының мазмұнын құнды ете түседі.
Елбасы мақаласын магистранттарға таныстыру, тілдік талдаулар жүргізу, өзіндік пікірлерін айтқызуда мәтінді аксиологиялық құрылым ретінде қарастырып, аксиологиялық талдау әдістерін қолдану ұсынылды.
Мәтіннің құрылымын анықтау үшін мынадай сызба ұсынылып, оларды толтыру тапсырылады.
Тапсырма. Мәтінді оқып шығып, екі тараудың бөлімдерінің атауларын жазыңыз.
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы
І. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт
ІІ. Тарихи сананы жаңғырту
•текст •текст •текст •текст
•текст
•текст •текст •текст •текст •текст •текст
•текст
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – қазақтың мәдениет, тарих, болмыс құндылықтарын көрсететін, сақтайтын, оқыған адамға жеткізетін тұтастық ретінде өзі де құндылық болып табылады. Мақала мәтініндегі екі тарау бойынша әрбір бөлімді магистранттарға дауыстап оқыта отырып, тірек сөздер сөздігін жасау тапсырылады.
Тапсырма. Әрбір тараудың бөлімдері бойынша негізгі ойды білдіріп тұрған тірек сөздердің сөздігін құраңыз.
Тапсырманы орындаған соң магистранттар құраға тірек сөздер сөздігі бойынша
Елбасы мақаласындағы аксиологиялық-құндылық маркерлері анықталып, арнайы кесте құрастырылды.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы аксиологиялық таңбалар /маркерлер
І. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт
Атқа міну
мәдениеті атқа міну, жылқы шаруашылығы, Ботай қонысы, Қазақстан аумағында, жылқыны қолға үйрету, теңдессіз революцияға жол ашты.
Ұлы даладағы
ежелгі металлургия металл өндіру, ата-бабаларымыз, жедел технологиялық ілгерілеу, дала өркениеті, тау-кен өндіріс ошақтары.
Аң стилі табиғаттың ажырамас бөлшегі, «аң стилі» өнері, негізінен мысық тұқымдас аңдар суреті, қар барысы, феномен, биік белес.
Алтын адам түп тамырымыз, жаңаша көзқарас, «Алтын адам», алтын өңдеу техникасы, зияткерлік дәстүр, күміс кесе, жазу атаулының ең көнесі.
Түркі әлемінің
бесігі Алтайдың орны, Түркі дүниесі, түркі мемлекеті, ұлы көшпенділер, орасан зор кеңістік,Әбу Насыр әлФараби, Қожа Ахмет Яссауи, Түркістан қаласы.
Ұлы Жібек жолы транзиттік «дәліздер», сауда жәнен мәдениет саласындағы байланыстар, Ұлы Жібек жолы жүйесі, дәнекер, гүлдену шегі, халықаралық ауқымда, септігін тигізді.
Қазақстан — алма мен қызғалдақтың
отаны асқақ Алатау, алма мен қызғалдақ, Сиверс алмасының отаны, Алматы, қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі, Қазақстан 35 түрі өседі.
ІІ. Тарихи сананы жаңғырту
Архив-2025 «Мәдени мұра» бағдарламасы, деректі құжаттар, әлемнің бүкіл архивтерінде, жеті жылдық бағдарлама, цифрлфқ формат, өлкетану музейлері, ұлт тарихын санаға сіңіру, ортақ сезім.
Ұлы даланың ұлы
есімдері тұлғаландыру сипаты, өз елінің ерекше елшісі сынды,
ұлы балалары, баға жетпес символдық капиталы, ескерткішмүсіндер, маңызды галерея, «Ұлы дала тұлғалары» ғылымикөпшілік сериялар, халықаралық көпбейінді ұжым.
Түркі әлемінің
генезисі Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы», «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жоба, 2019 жыл, Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресі, түрк жәдігерлдері, Түркі халықтарының мәдени күндері, Түркі халықтарына ортақ туындылардың онлайн кітапханасы, киелі орын.
Ұлы даланың ежелгі өнер және
технологиялар музейі Қазақстан жерінен табылған құнды археологиялық ескерткіштер, «Ұлы даланың ұлы өркениеттері», тарихи реконструкция клубы, Отырар қаласын қалыпына келтіретін туристік жоба.
Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы «Дала фольклорының антологиясы» , Ұлы дала мұрагерлері, халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері, жинақталады, «Ұлы даланың көне сарындары»,
видеоматериал форматында, ортақ тарихи негіз, іздеузерттеу экспедициялары.
Тарихтың кино өнері мен
телевизиядағы көрінісі кино өнері, деректі-қойылымдық фильмдер, телевизиялық сериалдар, толықпетражды көркем картиналар, сценаристер, режиссерлер, продюсерлер, заманауи кино өндірісі, фэнтэзи, шытырман оқиғалы блокбастерлер, мультипликациялық сериалдар.
Адамның жадысы, есте сақтау қабілеті – оның әлемді санасында сақтауы, таңбалауы.[2] Әлеуметтік жадының мазмұны сол социумдағы әрбір жеке адамның жадысында да сақталатын ерекше таңбалармен анықталады. Жеке адамның жадысы мен ұлттық жадының ортақ түйісетін нүктесі – ұлттық құндылықтар жүйесі болып табылады. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы әрбір жеке қазақтың, қазақстандықтың, жалпы қазақ ұлтының санасында жаңғырта отырып, келешекке рухани тірек ететін әлеуметтік таңбаларға толы.
Осындай ерекше мазмұндағы мәтінді тереңірек талдап оқыған сайын, магистранттардың қызығушылықтары арта түседі. Осы сәтте оқытушының алдын ала дайындаған слайдатр презентациясын көрсету тиімді болады. Презентацияда әрбір тарау мен бөлімдер бойынша мәтін және мазмұны ұқсас суреттер көрсетіліп, оқытушы мен магистранттардың мәтін бойынша ауызша мәтін мазмұнын түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Мақала мәтінінің құрылымы бойынша құралған әрбір слайд бойынша оқытушы мен магистранттардың эвристикалық әңгімелесуі жүргізіледі. Үлгі ретінде төменде суреттерді келтіреміз.
1-слайд.
2-слайд.
Слайдтағы мәтін мен суреттердің мазмұндары туралы әңгімелесу барысында өзара ой түйіндеу, жаңа ойлар туындату арқылы оқытушы мен магистранттар мақала мәтінінің өзекті тұстарын танып, оны практикалық тұрғыдан жүзеге асыру жөнінде ой толғаныстар жасайды. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мәтіні стилистикалық, көпқабатты ой деңгейлерінің берілуі ерекшеленеді. Сондықтан мәтінді талдатуда магистранттарға бірнеше бағыттағы тапсырмалар орындатылады. Ол бағыттар:
— саяси стильге байланысты тапсырмалар;
— саяси дискурске байланысты тапсырмалар;
— публицистикалық стильге байланысты тапсырмалар;
— бұқаралық коммуникация стиліне байланысты тапсырмалар орындату.
Тікелей мәтінтануға байланысты тапсырмалар да бірнеше бағытта орындатылды.
— мәтіннің көпқабатты ой деңгейлерін анықтау; — мәтіннің аксиолгиялық құрылымын анықтау;
— мәтіннің аксиологиялық құндылығын сипаттау; — мәтіндегі ұлттық символдарды анықтау; — мәтіндегі әлеуметтік ақпарат берілуі жолдары.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талдаудың жалғасы магистранттармен бірге ұйымдастырған сабақтың «Дөңгелек үстел» формасымен жалғастырылды. Кездесуге тарих ғылымдарының докторы, профессор А.И.Оразбекова және тіл дамыту саласындағы мемлекеттік қызметші Г.М. Құбашева шақырылды.
Елбасы мақаласының қазақстандықтардың рухани дүниесін байыту жолдарының маңызы туралы ғылыми және ресми тұрғыдан әңгімелер тыңдау магистранттар үшін рухани құндылық туралы өз ойларының қаншалықты деңгейде екенін бағалауына мүмкіндіктер туғызды.
«Дөңгелек үстел» барысында пікір алмасулар өте тиімді өтеді. Өйткені «Дөңгелек үстел» формасы арқылы магистранттардың өзінің әрбір сөзіне, пікіріне деген жауапкершілігі арта түседі. Бұл форма – дәріс немес практикалық сабақтардан өте ерекше болып келеді. Магистранттардың тек өзара емес, оқытушылармен, ғалымдармен, шақырылған ресми қонақтармен пікір алысу барысында белсенділігі артады. «Дөңгелек үстелде» пікір алысу, пікір алмасуы барысында жастардың өз білімдерін қайтадан, жоғары сапада өңдеуі жүріп жатады. Магистранттар алған білімінің ой алмсу кезінде қаншалықты салмақты, құнды екеніне өзі де, ортасы да баға беретініне назар аударады. Әрине, бұл жерде модератор ретінде оқытушының пікір алмасудың басқа арнаға ауысып кетпеуін қадағалауы маңызды болады. «Дөңгелек үстелге» сырттан шақырылған қонақтарының пікірі де магистранттардың ой-өрісі өсуі үшін үлкен орын алады. Өйткені «Дөңгелек үстел» — тақырыбы мен маңыздылық деңгейі бойынша, құндылық тұрғысынан үлкен тәрбиелік әсер бере алатын сабақ формасы.
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – қазақ тілін оқыту барысында білімдік, тәрбиелік әлеуеті зор аутентикалық мәтін ретінде қолдану мүмкіндігі зор материал. Мақаланың әрбір бөліміндегі мәтіндер қазақ тілін лингвоелтаным бағытында оқытуда, қазақ тілін мәдениетаралық колммуникация тұрғысынан оқытуда, қазақ тілін патриоттық аспектіде оқытуда үлкен тірек болады. Лингвоелтанымдық бағдарды ұстана отырып талдау барысында мақаланың таңбалық-семиотикалық құндылығы қазақстандық рухани әлемнің «кілті» ретінде танылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жастарға қазақ тілін оқыту үдерісінде қолданудың дидактикалық маңызы туралы қарастыра келе, мәтіннің аксиологиялылығын яғни құндылығын талдауға үйрететін, құрылымы мен мазмұнында қазақы дүниетанымның концептілік өрісі ерекше модельденген, қазақ тілін білетін әрбір адамның санасында идеологиялық, зияткерлік, этикалық бағалау нормаларын қолдануға үйрететін тағылымды мәтін ретінде бағалаймыз. Жастармен бірге «Дөңгелек үстел» форматында арнайы талдау және сабақта лингвоелтанымдық тұрғыдан талдау жасау арқылы магистранттардың Елбасы мақаласын аксиологиялық мәтін ретінде меңгеруіне арнайы жаттығулар жүйесін жасау керектігі анықталды.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы. https://aikyn.kz/2018/11/21/73794.html
2 Лойко О.Т. и др. Семиосфера социальной памяти и ее аберрации в образовании.
Журнал «Ценности и смыслы». – Москва: Институт эффективных технологий. – 2015. – № 3(37). – С. 35-43
Н.Ж. Курман
Статья Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева «Семь граней Великой степи» и развитие национального сознания молодежи
В статье рассматриваются эффективные пути и методы анализа текста статьи Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева «Семь граней Великой степи».
Article of the President of the Republic of Kazakhstan N.A. Nazarbayev «Seven Facets of the Great Steppe» and development of the national consciousness of youth
The article discusses effective ways and methods for analyzing the text of an article by the President of the Republic of Kazakhstan N.A. Nazarbayev «Seven Facets of the Great Steppe».