АСТРАХАН АУДАНЫ

АСТРАХАН АУДАНЫ – Ақмола облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. 1936 ж. құрылған. Аумағы 7,1 мың км². Тұрғыны 38,3 мың адам (1997). Аудан 12 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Астраханка аулы. Аудан Сарыарқаның солтүстік-батысында орналасқан. Жер бедері теңіз деңгейінен 100 – 300 метрден аспайтын ұсақ төбелі-белесті жазық келеді. Кен байлықтарынан алтын, табиғи құрылыс материалдары кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы ұзақ суық, жазы қоңыржай ыстық. Орташа температурасы қаңтарда – 18°С, шілдеде 20°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 – 350 мм, көбіне жазда жауады. Аудан жерін Есіл, Қалқұтан, т.б. өзендер суландырады. Тұщы және ащы көлдері: Ұзынкөл, Баршын, Жалтыркөл, Ортакөл, Берсен, Үштаған, Шұңқыркөл, Нарынбай, т.б. Ауыл шаруашылығымен 1 аудан арнаулы шаруашылық бірлестігі, 12 кеңшар, 6 ұжымдық ауыл шаруашылығымен мекемесі, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік шұғылданады. Ауыл шаруашылығымен жері 671 мың га, оның 417,9 мыңы (62,3%-і) дәнді дақылдық, 36,0 мыңы шабындық, 217,1 мыңы жайылымдық жер. Орман 2,5 мың га. Ауыл шаруашылығыменның басты саласы — астық, жем-шөп, картоп егу. Негізінен сиыр, қой, жылқы, шошқа өсіріледі. Ауданда 36 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 36 жалпы білім беретін және музыка мектебі, ауылдық кәсіптік-техникалық училище, 7 мәдениет үйі, 23 клуб, 46 кітапхана, 48 емдеу-сауықтыру мекемесі бар. Жер асты сулары 2 – 8 м тереңдікте кездеседі. Есіл өзенінің оң жағалауы карбонатты, кей жері сортаңды қара топырақ, сол жағалауы карбонатты қара қоңыр топырақ болып келеді. Тың игеру жылдары аудан жерінің көбі жыртылды. Аудан жері селеу, қылқан селеу, бетеге, жусан, кермек, өлең, т.б. түрлі шөп өскен дала белдеміне жатады. Өзен жайылмаларында бидайық, арпабас, жауқияқ, айрауық, қамыс, түрлі шөп аралас шалғын өседі. Жануарлардан қарсақ, дала суыры, ор қоян, ақ қоян, үлкен сарышұнақ, дала шақылдағы мен тышқаны, аламан тышқаны, эверсманн атжалманы, сасық күзен, дала және кәдімгі тоқалтіс, жабайы шошқа, ондатр; су құстарынан қаз, үйрек, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, алабұға, торта, шортан, аққайран кездеседі. Аудан жері арқылы Астана – Атбасар– Қарталы темір жолы, Астана – Атбасар, Астраханка – Макинск автомобиль жолдары өтеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *