АСТРАХАН

АСТРАХАНҚажы Тархан — қала, Ресей Федерациясындағы облыс орталығы. Еділ өз-нің екі жағалауын ала Каспий т-нен 150 км қашықтықта орналасқан. Тұрғыны 512,2 мың адам (1992). 3 ғ-да А-ның орнында хазарлардың ежелгі астанасы Атель (Әтел, Итиль), 6 ғ-дың аяғында Бадангиар қ. болды. 13 ғ-да Шыңғысхан ұрпақтары ескі қ- ның орнына Сыйтархан қ-н салды да, 14 ғ-да хандықтың астанасы етті. 1459 — 1556 ж. Астрахан хандығының басты қаласы болды. Астрахан хандығы құлап (1556), Ресей империясының құрамына енгеннен кейін көшпелілерден қауіптенген, әрі солай қарай жылжи түсуді мақсат еткен отарлаушылар қаланы Еділдің оң жағасынан көшіре бастады (1558). Ресей империясының түркі тектес елдерді жаулауына наразы болған Түркияның 1559 ж. А-ға жорығы нәтиже бермеді. 1589 ж. қалада тастан салынған Кремль құрылысы аяқталды. 17 ғ-дың 30-жылдарында “Ақ қала” атанған тас қамал салынып, А. Ресей мемл-нің шекаралық қамалына айналды. 18 ғ-дың 1-ширегінде А-да әскери флот құрылды. Ресей қарамағына өткеннен бері А. Қазақстанның батыс өңірлеріне орыс ықпалын жүргізетін саяси және әскери тірекке айналды. 1917 ж. мұнда алғашқы қазақ газеттерінің бірі — алашордашыл бағыттағы “Ұран” газеті шығып тұрды (редакторы А. Мүсаұлы). А. қ-ның архив қорларында, кітапханаларында Қазақстан туралы құнды тарихи деректер сақталынған. А. қ мен облысында әлі күнге дейін жүздеген мың қазақтар тұрады. А. ірі сауда орталығына айналды. Қазақстанмен тығыз экон. және мәдени байланыс жасап тұрады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *