ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІН БАСҚА ТІЛГЕ АУДАРУДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Ж.О. Сагындыкова, Т.Е. Рашит
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Көкшетау, Қазақстан
zhailagul@gmail.com, Talgamaniam@mail.ru

ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІН БАСҚА ТІЛГЕ АУДАРУДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Мақалада қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылған қазақ ертегілеріндегі қазақ батырларының ерекшеліктері сипатталады. Мақалада бір тілден екінші тілге аудару барысындағы лингвистикалық және мәдени ерекшеліктер мен аспектілер анықталады. Ең маңызды ерекшеліктерінің бірі, ағылшын тіліне тасымалданған батырлар мен олардың тұлпарлары болып саналады. Транскрипция, транслитерация және түсіндірмелі аудармалар аударманың негізгі тәсілдері болып саналады.
Негізгі сөздер: лингвомәдениеттану, аударма прагматикасы, прагматикалық қатынас, прагматикалық әлеует.

Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер балалардың ойөрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты мәдени өмірде сандаған оң өзгерістер болды. Соның ішінде ұлттың өшкені қайта оралып, мүлде тыйым салынған Кеңес дәуіріндегі тақырыптарды қайта қарауға мүмкіндік туды. Мәселен, қазақ фольклорындағы дінге қатысты мұралар, ұлттың рухы ретінде танылуға тиісті қазақтың фольклоры жан-жақты тексеріле бастады.
Сонымен қатар, еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, жаңадан тәрбиеленіп келе жатқан ұрпақтың бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан мақаланы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілерді екі тілге аудару арқылы балалардың тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек,біздің жұмысымыздың көкейтестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ.
Лингвомәдениеттану – белгілі тіл және мәдениеттің өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылым. Әрбір адам белгілі ұлттық мәдениеттің өкілі болып саналады, оның ішіне салтдәстүр, тіл, тарих және сол ұлттың әдебиеті кіреді. Экономикалық, мәдениеттік және мемлекеттердің ғылыми байланыстары және олардың халықтарының ара қатынасы мәдениеаралық коммуникацияларды, мәдениет пен тілдердің өзара қатынасын және тілдік жеке тұлғаны көкейтесті ететін тақырыптардың зерттелуін қажет етеді [1].
Американдық лингвист Э. Сепирдың айтуы бойынша [2], “Лингвомәдениеттану – лингвистикалық зерттеулердің ішіндегі көшбасшы бағыты болып саналады.Ол тілдің рухынан бастама алады немесе тілдік ділмен байланысты құбылыстардан басталады. Бұл ғылым тілдік жанасуды ұйымдастыруының ұлттық-мәдени өзіне тән ережелерін зерттейді, руханиятты көрсетеді, тілде бейнеленген халықтың біртектілігін түсіндіреді.”
Бұл пән пәлсапа, ұлттық мінез-құлық және ділмен байланысты болып келеді. Ол, өз орнына, ұлттық-мәдени қыр-сыр мен тілдік жанасуды ұйымдастыру атты білімдердің жиынтығынан тұрады.
Лингвомәдени зерттеу заманауи лингвистиканың беталысына сәйкес келеді – яғни, “ішкі”, иманенттік, құрылымдық лингвистикадан антропологиялық, “сыртқы” лингвистикаға өтуі. Бұнда тілдік құбылыс адаммен тығыз байланыстылығы, оның ойлауы және руханипрактикалық қызметі ретінде қарастырылады.
Солай аударма кезінде де тілді зерттеу үдерісінде оның мәдениетін тысқа салу бұрыс болып саналады. Яғни, дұрыс аударманы іске асыру үшін, ең біріншіден, тіл мен мәдениеттің қалай байланысты екендігін анықтау маңызды, кейін аударма барысында бұл байланысты көрсете білу керек. Аударма үдерісін саналы әрі дұрыс түрде іске асыру үшін тілдің басқа мәдениетпен жанасуын әрқашанда есепке алып отыру керек. Мәселен, тіл маманы, аудармашы В.Н.Комиссаров келесі ойды білдіреді: “Аударма – бұл тек тілдердің өзара қатынасы емес, бірақ бұл, сонымен қатар, мәдениеттердің де ара қатынасы болып келеді. Аударма кезінде бастапқы мәтіннің шығу жағдайы мен аударма жағдайы өз бейнелерін табады. Сондықтан сәйкесті аударма жасау барлық аспектілерді, соның ішінде ұлттықмәдени нысандарды, есепке алмай іске асыру ақырғы нәтиженің қайшылығына әкелуі мүмкін
[3].”
Шартты түрде лингвомәдениеттану аудармашының жұмыс істеу барысындағы қосалқы, ажырамас бөлігі болып саналады. Өйткені аударма үдерісінде лингвомәдениеттанудың рөлі халық мәдениеті туралы толыққанды, біртұтас талдау беру болып табылады. Сол кезде аудармашы халықтың мәдениеті мен тілі жайлы жүйелі ұсынысы мен көрінісін жеткізе білуі керек.
Аударманың кез келген түрінде ең алдымен түпнұсқа мәтіннің мазмұнын (ойды) дәл беру талап етіледі. Алайда аударма процесінде түпнұсқадағы мағынаның айқын білдірілгендігін немесе тұспалды екендігін ажырату кейде қиындық тудыруы мүмкін. Аударма теоретигі В.Н. Комиссаров мұндай жағдайдың төмендегідей бірнеше түрін атап көрсетеді:
1) Түпнұсқадағы және аудармадағы эксплицитті және имплицитті мағынаның арақатынасы бірдей болады. Мұндай жағдайда түпнұсқаның тілдік мазмұны өзгеріссіз, имплицитті түрде беріледі.
2) Түпнұсқадағы және аудармадағы эксплицитті және имплицитті мағынаның арақатынасы бірдей болады. Мұндай жағдайда имплицитті мағына түпнұсқа мазмұнын жетілдіру (модификациялау) арқылы беріледі.
3) Түпнұсқадағы және аудармадағы эксплицитті және имплицитті мағынаның арақатынасы имплицитті элементті (импликационал) экспликациялау арқылы өзгереді [4].
Имплицитті (астарлы) мағына тілде негізінен сөйлеушінің біліміне негізделген прагматикалық мақсатын білдіруден туындайды. Ал прагматикалық мақсат сөйлеушінің коммуникативтік мақсатын білдіруінің ерекше тәсілі болып табылып, сөйлеушінің (жазушының) тыңдаушыға (оқырманға, көрерменге) эмоциялық-экспрессивтік әсер етуін күшейтуді көздейді.
Әрбір мәтінде автордың өзіндік коммуникативті мақсаты түрліше болатындықтан, мәтіндегі ақпаратты қабылдай отырып, оқушы (аудармашы) мәтінмен, яғни тілдік бірліктермен белгілі бір «қатынасқа түседі». Бұл прагматикалық қатынас деп аталады. Бұл қатынас негізінен интеллектуалды сипатқа ие болады. Алынған ақпарат оқушының (аудармашының) сезіміне әсер етіп, белгілі бір эмоционалды реакция тудырып, қандай да бір іс-әрекетке итермелеуі мүмкін. Мәтіннің осындай коммуникативті әсер етуі, оқушының (аудармашының) хабарға прагматикалық қатынасын тудыруы, басқаша айтқанда, ақпарат алушыға прагматикалық әсер етуі мәтіннің прагматикалық аспектісі немесе прагматикалық әлеуеті (прагматика) аталады [5].
Сондықтан қазақ ертегілерінің (батырлық) түпнұсқада және аударылып берілуі қазақ балалар аудиториясымен шектелмей, шетел балаларына да оқу барысында өзіне сіңірер көптеген өнегелі өсиеттермен ықпал етуі мүмкін. Ол деген қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәнге зор, батырлық, өжеттілік және адалдық сияқты адамгершілік қасиеттерді жаңа өсіп келе жатқан балдырғандарға үйрету болып табылады. Яғни ертегілердегі ұсынылған өнегелі ғибраттың балаларға ұтымды ықпалы мәтіннің прагматикалық әлеуетінің айқын көрінісі болып табылады.
Мақала белгілі әдістер арқылы қазақ ертегілерінің лингвоаудармашылық талдауын іске асыратын болады. Төменде қазақша ертегілердің қазақша түпнұсқасындағы және ағылшын тіліндегі аударма нұсқалары беріледі. Мысалдар “Нанбатыр”, “Еркемайдар”, “Делдаш батыр”, “Қойшы батыр”, “Жарты Төстік” және “Байғұлан” ертегілері “Қазақ Ертегілері. Алматы Жазушы 2009” сериялы кітабынан алынған.
Батырлық ертегілерді аудару барысында лингвомәдениеттік ерекшеліктерді атап өту үшін мақалада келесі маңызды топтар көрсетілетін болады:
-Батырлардың аттарын аудару;
-Батырлық ертегілерде кездесетін тұрақты кейіпкерлердің аударылуы; -Батырлық ертегілерде ат-жылқылардың аудармасы.
Батырлардың аттарын аудару.
Жоғарыда аталған батырлық ертегілердің атаулары жалпы тікелей басты кейіпкердің атымен байланысты болып келеді. Мәселен:
Нанбатыр ағылшын тіліне транскрипцияның қолдануы арқылы аударылған (Нанбатыр-Nanbatyr). Сол себепті батырлардың аттарын басқа тілге аударған кезде транскрипция арқылы берілуі керек. Себебі бұндай аудару арқылы ұлттық колориттың сақталуы және семантикалық эстетиканың бұзылмауына кепілдік беріледі. Ал батырдың аттарын келесідей жақшаға алып түсіндіруге болады: Олар Нанбергеннің атын Нанбатыр деп атайды.
They began to call the newcomer Nanbatyr instead of Nanbergen. (From the Kazakh language
“Nan” means bread, that is a symbol of power and energy, “batyr” is usually used for a strong and brave man).
Солай да келесі батырлардың аттары аударылады:
Еркемайдар-Erkemaidar. Еркемайдар деп басты кейіпкердің аталу себебі ертегінің мазмұнымен түсіндірілуі мүмкін. “Еркем” деп автор батырдың қарындасын жылы етіп атап бейнелеуде, ал “айдар” деп қарындасының ағасы-батырын неше түрлі қауіпті тапсырмаларға жіберуімен “айдап” аттандырумен байланысты етеді. Сол себепті Еркемайдардың ағылшын тіліне аударылуы тағы да транскрипция әдісін қолдануын талап етеді. Мысалы: Once upon a time there lived a young batyr named Erkemaidar.
Батырлық ертегілерде кездесетін тұрақты кейіпкерлердің аударылуы.
Нанбатыр ертегісінде басты кейіпкерге қарсы шайқасатын “қарыс шал” атты жағымсыз мақұлық болады. Оның аудармасы келесідей көрсетіледі: Субатыр жалт қараса, бойы бір қарыс, сақалы жеті кез аппақ қудай шал кіріп келеді.
When Subatyr cast a look, he saw a dwarfish, scraggly beard, white-faced old man coming in. Екінші мысал:
(Нанбатыр) Жердің астына түссе, жер асты кесілген бір күмбез екен, күмбездің іші толған бойы бір қарыс, сақалы жеті қарыстар екен.
When Nanbatyr stepped on the ground, he saw a demolished dome, inhabited by dwarfish, scraggly beard hobgoblins.
Екінші мысалда “old man” аударма нұсқасының орнына ағылшын мәдениетіне таныс болатын “hobgoblin” атауының қолдануы ағылшын тіліне аударылған үлгінің ағылшын тілінде сөйлейтін адамға мақұлықтың түсінікті әрі жақын суретін беруі мүмкін. Негізі, қарыс шалдың кейіпкері соншалықты жиі батырлық ертегілерде кездесе бермейді, сол себепті оның аудармасын оңай түрлендіруге болады немесе ағылшын мәдениетінің нақышына келтіріп “hobdoblin” деп аударуға болады.
Батырлық ертегілерде ат-жылқылардың аудармасы.
Батырлық ертегілерде ең жиі кездесетін және басты кейіпкермен теңде айтылатын кейіпкерлердің бірі ол батырдың тұлпарлары.
Мысалы “Еркемайдар” ертегісінде басты кейіпкердің ең жақын серігі және құтқарушысы болатын аттың суреттемесі келесідей беріледі:
Қотыр күрең тайды барып ұстап алады, ұстаған екен, құнан болады, жүгендеген екен, дөнен болады, ерттеп мінген екен бесті ат болады.
He caught the sored dark-brown colt and tamed him by the age of two, when he became kunan (kunan is a two year young horse). When he reached his three years and became donen (donen is a three year young horse) Erkemaidar bridled him. When he reached his five Erkemaidar followed him everywhere.
Қазақ халқы жылқының өмір сүру кезеңдерін келесідей бөледі:
-құлын (биенің жас төлі)
-жабағы (6 айдан асқан құлын)
-тай (1 жастан асқаны) деп атайды
-құнажын байтал (2 жастан асқаны)
-дөнежін шығар (3 жастағы байтал)
-дөнежін байтал (3 жастан асқаны)
-бесті бие (4 жастан асқаны) және ары қарай. Сондықтан аударма үдерісінде бұл жылқының анықтамаларын аударма тілге тасымалдау кезінде дұрыс жеткізе білу керек.
Әдетте, жоғарыдағы мысалдай дөнен, құнан, бесті ат секілді анықтамалар түпнұсқадағыдай қалып, транскрипция немесе транслитерация әдістері арқылы аударылуы тиіс. Ал олардың анықтамаларын жақшаға шағын етіп қысқаша түсіндіріп кетуге болады.
Қазақ ертегілерінің халық ішіндегі рөлі өте зор болған. Оларды ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-бабаға мұра етіп тарату әрбіреудің қасиетті парызы болып саналған. Ертегілерді айту жаңа ұрпақты оңды жолға тәрбиелеуде маңызды болып дәлелденген. Әсіресе, батырлық ертегілерді әңгімелеу балаларды ерлік пен отансүйгіштікке баулиды деп сенген.
Ертегілерді аудару қазақ халық тарихында, әсіресе ағылшын тіліне аудару ешқашан кәсіби аудармашылармен қолға алынбаған. Бұл салада отандық лингвистикада аударма бойынша тәжірибе өте аз. Яғни, аударманы іске асыру үшін, ең біріншіден, лингвомәдениеттану ғылымын негізді түрде зерттеу алға қойылу керек.
Лингвомәдениеттану – белгілі тіл және мәдениеттің өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылым. Әрбір адам белгілі ұлттық мәдениеттің өкілі болып саналады, оның ішіне салтдәстүр, тіл, тарих және сол ұлттың әдебиеті кіреді. Экономикалық, мәдениеттік және мемлекеттердің ғылыми байланыстары және олардың халықтарының ара қатынасы мәдениеаралық коммуникацияларды, мәдениет пен тілдердің өзара қатынасын және тілдік жеке тұлғаны көкейтесті ететін тақырыптардың зерттелуін қажет етеді.
Бұл мақалада қазақ батырлық ертегілерінің аудару ерекшеліктері қарастырылды және олардың рецепторға (оқушыға) ықпалы, яғни аударма прагматикасы түсіндіріліп, толыққанды сипатталды. Бұндай қазақ батырлық ертегілерін шетел тілге аударудың қосалқы әрі маңызды мақсаттарының бірі ретінде қазақ ұлттық мәдениетінің колоритын барша ерекшелігінде көрсету етілді. Шетелдік оқырман аударма мәтінімен танысқанда, ұлттық реалияларды оқып, көру арқылы көшпенділер өркениетімен, сонымен қатар жалпы Орта Азиялық әлеммен жанасуы және өзара түсінушілігі іске асса, сонда автордың аударма тапсырмасы орындалды деп санауға болады.

Әдебиеттер тізімі
1 Қажыбаев О. Мәдениет және лингвистика – Алматы, 1995. – 218 б.
2 Воробьев В. В. Лингвокультурология: теория и методы. — М., 1997 – 112 стр.
3 Комиссаров В.Н. Аударма теориясы – Алматы, 2008 – 255 б.
4 Комиссаров В.Н. Современное переводоведение. Учебное пособие. – М.: ЭТС. – 2004.
– 424 с.
5 ПаршинА. Теория и практика перевода. 2000. –189 с. http://teneta.rinet.ru/rus.
В данной статье описываются особенности перевода казахских сказок о батырах, переведенных на английский язык. Определены лингвистические и культурные аспекты и особенности перевода с одного языка на другой. Одной из особенностей является перевод самого слова «батыр» и характеристика их скакунов. Транскрипция, транслитерация и калькирование считаются основными методами перевода.

The article describes the peculiar features of Kazakh fairytales about Kazakh strong men
“batyrs”, translated from Kazakh into English. It reveals linguistic and cultural characteristics and aspects while translated from ST to TT. One of the features underlined are the names of batyrs and their horses rendered into English. Transcription, transliteration and descriptive translations are the main types of the translation.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *