әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Алматы, Қазақстан maira_malik@mail.ru
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ДИСКУРС МӘСЕЛЕСІ
Мақалада әлеуметтік желілердегі дискурс мәселесі және оның түрлері талданады. Тұлғалық дискурстың спецификалық белгілері, ерекшеліктері көрсетіледі. Әлеуметтік желілердегі дискурс категориясының прагматикалық мақсаттары, стратегиялары, феномендері және виртуалды дискурс мәселелері, позициялары талданады.
Түйін сөздер: дискурс, коммуникация (акт), институционал, виртуал, мотивация, прагматика, фатика.
Ашық коммуникативтік кеңістік бола тұра әлеуметтік желі адамдар арасындағы қарымқатынас түрін жеңіл әрі әрдайым жетіліп отыратын технологияларға алмастырды. Ақпараттық қоғамдағы коммуникациялық процестердің әр түрлі зерттеулері өзін-өзі білдіру және әлеуметтік желі кеңістігін өзін-өзі анықтау, өзін-өзі таныстыру үшін жаңа негіздемелер іздеу, атап айтқанда, көрсетілуі мүмкін жекелеген мотивациялық жүйенің өзгеруіне байланысты болып отырады. Әлеуметтік желідегі байланыс түрі өмір мен ойлау желісін, имиджін (тұлға) қалыптастыру өзгерістердің нәтижесі болып табылады. Бұл өзгерістер әлеуметтік дискурстың жанрлық жүйесін, сондай-ақ оның барлық дискурстық кеңістігінен көрініс тапқан.
В.И. Карасиктің тезисінде дискурс әлеуметтік лингвистикалық лауазым ретінде зерттелген болатын. Дискурстың жеке түрі бар екенін айтатын әлеуметтік дискурс ерекшеліктерін анықтау және сипаттау мақсатында бірінші көзқарасқа толығырақ тоқталсақ. Әлеуметтік лингвистикалық тәсіл негізінде дискурстың екі негізгі түрі айтылады: жеке/тұлғааралық бағдарланған/, институционалдық / мәртебелі бағдарланған / [1, 6] .
Дискурстың жеке түрі екі түрлі – тұрмыстық және ауызекі сөйлеу қарым-қатынасында көрініс табады. В.И. Карасик: «хотя и природа расширение смыслов в бытовом и бытийном общении различна (в первом случае сознание смысла зависит от конкретной ситуации общения, а во втором – от формы знака и личностной концептосферы отправителя сообщения), личностно-ориентированное общение строится на широком смысловом поле сознания адресата»,- деп атап көрсетеді. [1, 7] Басқа сөзбен айтқанда, дискурстың жеке түрінің шеңберінде сөйлеуші өзіндік ішкі әлемі бар тұлға ретінде көрінеді.
Өз кезегінде, дискурстың институционалды түрі мәртебелі қарым-қатынас аясындағы байланысты нұсқайды, сондықтан дискурс қарым-қатынасқа (коммуникациялық акт) қатысушыларыдың белгілерінен бөліп алу маңызды. Саяси дискурстың мақсаты немесе прагматикасы — билікті иелену және сақтау, ал педагогикалық дискурстың мақсаты немесе прагматикасы — қоғамның жаңа мүшесін әлеуметтендіру, медициналық дискурстың мақсаты немесе прагматикасы – науқасқа білікті көмек көрсету, т.б. Институционалды дискурстың қатысушылары — өздерінің сапасымен, мінез-құлықтарымен ерекшеленетін заңдылық, сондай-ақ дискурс ашықтығының әр түрлі дәрежелері кездеседі, сатып алушылар/агент мінездемелерінде әр түрлілік байқалады. Бұл факт ғылыми, ресми және дипломатиялық дискурс сатып алушыларының агенттерден ерекшеленбейтінін көрсетеді, ал саяси, заң, медицина дискурс сатып алушыларының айырмашылығы бар.
Тұлғалық бағдарланған және мәртебелі бағдарланған дискурстардың ұсынылған мінездемелері анатономиялық қабылдау ретінде қарастырылмайды, бұл тек зерттеу көзқарасы, шындығында, абсолютті тұлғалық емес қарым-қатынас жоқ. В.И.Карасик көрсетуі бойынша институционалды дискурстың әр түрінің өзінің мәртебелік және тұлғалық компоненттері арақатынасының өлшемі бар. Институционалды дискурстағы қарым-қатынас – бұл трафарет. Алдын-ала ойластырған «өзіндік бетпердегі қарым-қатынас», ол институционалды дискурстың тұлғалық дискурстан айырмашылығын көрсетеді. Мәртебелі бағдарланған дискурстың спецификасы инстуттың әлеуметтік түрінің аясында байқалады.
Қазіргі заманғы әлеуметтік желі-коммуникациялық қарым-қатынастың жаңа мүмкіндігін ашады, ал оның нәтижесі тұлғалық және институционалдық дискурс түрлерінің шекараларының жойылуынан көрінеді. Соған қарамастан, бүгінде әлеуметтік желікоммуникациялық қарым-қатынастың көп тараған түрі болып табылады. Осыдан монитардың ар жағында шынайы адамның бар екендігін ұмыту қаупі бар.
Әлеуметтік желі және қазіргі заманғы технологиялар тәжірибеге және еркін іс әрекетке үлкен мүмкіндіктер береді, себебі қарым-қатынастың жаңа түрі әлі де стандартталмаған. Сондықтан біз жеке әлеуметтік желідегі дискурсты дискурстың институционалды және виртуалды түрлерінің қарым-қатынасында пайда болатын тұлғалық бағдарланған дискурстың ерекше түрі деп толықтай айта аламыз. Әлеуметтік желідегі дискурстың келесідей коммуникациялық түрлері бар: тұлғалық сайт, жеке блок, чат, форум, хабарламалар тақтасы, виртуалды конференция, блог, сайт, т.б.
Дискурстың институционалды, тұлғалық және виртуалды түрлерінің қарым-қатынас векторларының қиылысының ядросы немесе уақыт пен кеңістік дискурстың қалыптасуындағы адам және оның тілдік тұлғасы болып табылады. Бұл көзқарас адам тұлғалылығының пайда болуы ретінде қарастырылады, әлеуметтік желідегі дискурс тұлғалық дискурстың (тілдік тұлғаның түрі), институционалды (тұлғаның әлеуметтік рөлінің демонстрациясы) және виртуалды дискурстың (виртуалды қарым-қатынас аясында туындаған тілдік тұлғаның қарым-қатынас іс әрекеті) ерекшеліктерінен байқалады.
Әлеуметтік желідегі тұлғалық дискурстың спецификалық белгілері төмендегідей қарым-қатынас аяларының үйлесімінде көрінеді:
а) тұлғалық;
ә) қарым-қатынастың индивидуалды (жеке) түрі;
б) қатысушылар арасындағы қашықтықты қысқарту;
в) адресаты бар;
г) әлеуметтік желідегі қарым-қатынас формаларының сандық және эксплицидті
комбинациясы (монолог – автор жазбасы және диалог/полилог – қолданушылар пікірі және форумдар).
Әлеуметтік желідегі қарым-қатынастың тұлғалық ерекшеліктерінен тыс, қарымқатынасқа қатысушылардың іс- әрекеті (мотивация, прагматика) болып табылады. В.И.Карасик ұсынған дискурсты зерттеудің кешенді моделі дискурс категориясының төрт тобын көрсетеді:
1) Мәтінді мәтін еместен ажырататын құрылтай (қатысты құрылымдылығымен, субъектілігімен, стилистикалық және құрылымдылық бірлігімен, мағыналық аяқталғандығымен ерекшеленеді);
2) Мәтіннің сөйлеу тілі түрлерінің функционалдылығымен сәйкес келетін стилистикалық-жанрлы (стильдік белгілерінің, жанрлық канонының, клише мен айналымның, амплификация/компрессия дәрежесінің сипаттарымен ерекшеленеді );
3) Мәтіннің мағынасын ашатын мазмұндық ( семантика-прагматикалық ) (адресат белгілері, автор бейнесі, ақпараттылық, модальдылық, түсіндірмелілік және мәтінішілік бағдар қарастырылады);
4) Мәтінді ұйымдастыратын формальді-құрылымдық (композиция, мүшелену, когезия) [1, 7].
Дискурстың құрылтай категорияларының өз белгілеріне сәйкес прагматикалық мақсаттары, құндылықтары және стратегиялары, прецедентті феномендері бар. Әлеуметтік желі тұлғалық дискурс бойында дәстүрлі дискурсқа тән функционалды мақсаттардың әр түрі бар. Әлеуметтік желі дискурсының мақсаты өзін-өзі көрсетуге, сәйкестендіруге, көпшілікке танытуға, қолдау табуға/таппауға немесе әлеуметтің әлеуметтік желідегі тілдік тұлғаның жеке жетістіктерін мойындауға адам қажеттіліктері болып табылады. Өзін-өзі таныту қызметі жеке дискурс қатысушының әлеуметтік желі әлеміндегі тұлғаның өзін –өзі таныту мақсатына жетуге бағытталған белсенді тілдік іс-әрекетін дамытады.
Фатикалық мақсат фатикалық тілдік қызметпен тығыз байланыста, ол өз кезегінде қатысым қызметінен туындайды [2, 159] , міндеті — адам қарым-қатынасында басты құрал болу. А.В.Олянич өз монографиясында жеке және туынды қызметтердің қатысым қызметтерінен (фатикалық, байланыс орнатушылық, конативті, волюнтативті, кумулятивті) бөлінуіне қарсы пікір білдіреді, сондықтан шынайы зерттеуде тұлғалық дискурста жалпылай талқылауды қатысым қызметі арқылы қарым-қатынаста эстетикалық, эмоционалдыпсихологиялық қанағаттану үшін жүзеге асыру негізге алынады.
Әлеуметтік желідегі тұлға дискурсының жанрларының қатысымдық мақсаты әлеуметтік желідегі әр түрлі ұйымдардан өзін-өзін көрсету мен жақтастар іздеу мүмкіндігі және ақпарат қабылдау мен алмасу мүмкіндігі болып табылады. Блоггер қозғаған блог жазбалардағы мәселелерге қолданушылар пікірлерін ашық білдіреді, өз ойларымен бөліседі. Модератор форумдарда талқылауға тақырыптарды бөліп береді, форумның бұл ерекшелігі қолданушылардың керек тақырыбын іздеу мүмкіндігін жеңілдетеді. Әлеуметтік желі жанрының қатысымдық мақсаты орнатылған байланысты қолдау ғана емес, сонымен қатар кейін де жаңа табысты жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. Өз кезегінде әлеуметтік желіде белгілі «Facebook» микроблогы қолданушылар назарын қарым-қатынасқа түсудің жеңіл ережелерімен қызықтырады (қарапайымнан кәсіби деңгейге, жекеден ортаққа), онда танымал адамдар өз микроблоктарында ойларын, жоспарын жазады, «Facebook» блогы тұлғаның өз көзқарасын көпшілік қарым-қатынасының деңгейінде көрсету мүмкіндігін ұсынады. Әлеуметтік желі дискурсының қарастырылған мақсаттары келесідей қатысымдық стратегияларда жүзеге асады: ұйымдастырушылық, іздеу, позициялық, түсіндірушілік, бағалаушылық, жәрдемдесушілік, беделін арттырушылық.
О.В. Лутовинованың айтуы бойынша, дискурстың виртуалды түрінде позициялық және бедел арттырушылық стратегиялар айқын көрінеді, онда қолданушылар өздерінің шынайы мінез құлықтарын анонимді түрде көрсете алады. Бұл стратегиялардың көрінісі тұлғалық дискурстың да белгілері болады, ал ол виртуалды дискурс бөлігі болғандықтан жеке позицияға бағытталған. Әлеуметтік желі дискурсының құндылықтары виртуалды дискурс сияқты ашық, демократиялық қарым-қатынас, ақпарат алудың шексіз мүмкіндігі және байланыс орнату, кеңістік шекарасының болмауы, қашықтыққа, уакытқа мән бермеу, сонымен қатар өз пікірін еркін айту болып табылады [3, 30].
Әлеуметтік желідегі дискурс электронды қарым-қатынас ерекшеліктері есебінде жүргізілді, сондай-ақ Н.Г. Асмус зерттеулері бойынша оған өзара тығыз байланысты параметрлер виртуалды дискурсқа да тән: коммуникативті мақсат, автор-оқырман бейнесі, композиция, тілдік ерекшеліктер [4, 34].
Әлеуметтік желідегі тұлғалық дискурстың жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін сипаттау тұлғалық-ғаломтор дискурс жанрының автор-оқырман бейнесінің коммуникативті мақсатымен тығыз байланысын анықтайды: жанрлардың анық құрылымдары бар – автор образы түсінікті және қабылдауға қол жетімді: тұлғалық сайттардың басты парақшаларында әлеуметтік желі парақша иесінің фотосы орналасқан, сайт оның атында, сондай-ақ автордың мақсатымен құрылған. Бұл факт мультимедиялық бағдарламалардың қол жетімділігіне қарамастан электронды қарым-қатынас әлі күнге дейін визуалды мәтінді форматта жүзеге асырылуымен түсіндіріледі [5, 7], сондықтан вербалды/бейвербалды ақпарат континуумы оқырманды тілдік әлеуметтік желідегі тілдік тұлғаны толық қабылдауға бағдарлайды.
Әлеуметтік желі әлеміндегі тұлғаның өзін-өзі таныту, өзін-өзі көрсету үдерісінде мәліметтерді, берілген ақпараттың шынайы/жалған екендігін тексеру мәселесі тұлғалық әлеуметтік желі дискурсының талқылауында маңызды рөл атқарады, тұлғалық қарымқатынастың жаңа аясы қолданушыларға өзіндік «менін» танытуға шексіз мүмкіндік береді және мәнмәтіндік ситуациялық жағдаят шарттылықпен ерекшеленді. Сондықтан автор образының жанрлық стилистикалық ерекшеліктерін талдау мен табу лингвистикалықпен қатар экстралингвистикалық факторлар негізінде де жүргізіледі. Әлеуметтік желідегі оқырман образы немесе бейнесі пікір мәтіннінің талдауы негізінде криссталданады немесе көрінеді, себебі оқырман автор секілді тұлғалық әлеуметтік желі дискурсының автор стилін қалыптастырушы тұлға, индивидум.
Жеке сайт – бұл тұлғалық-әлеуметтік желі дискурс жанры, оның коммуникативтіпрагматикалық міндеті тұлғаны әлеуметтік желі әлемінде жариялау. Жеке сайттың құрылымдық-мазмұндық ақпараттық бірліктері (басты парақша, тақырыптық бөлімдер, жеке ақпараттар), олардың басты репрезентанты әлеуметтік-тілдік тұлғаның қоғамдық рөлін көрсетуге бағытталған тұлғалық жеке ақпарат. Жеке веб-парақша/веб-сайт гипермәтіндік қағидамен құрылады, әр түрлі гиперсілтемелермен байланысқан тақырыптық блоктардан тұрады. Басты бет артықшылығы – міндетті элемент, ол барлық веб-парақшаларды біріктіреді; қалған блоктардың ұқсас құрылымы болады («Обо мне», «Биография», «Фотоальбом», т.б.) немесе веб-парақша авторына ерекше көзқарасымен өзгешеленеді. Әлеуметтік желі – бұл көп қызметті веб-парақша, ол өзің туралы ақпарат береді, достар тізімін жасайды және оларды қарайды. Әлеуметтік желілер тұлғалық дискурстың жанры ретінде желілік ұйымдардың, форумдардың және ICQ-дің барлық ерекшеліктерін үйлестіреді. Әлеуметтік желі өзін-өзі танытудың барлық қызметтерін, сондай-ақ топтық және тұлғалық қарым-қатынастың синхронды мен асинхронды түрлерін біріктіреді. Сондықтан әлеуметтік желідегі тұлғалық дискурс жанры, ол тілдік тұлғалардың фатикалық өзара қарымқатынасының негізін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік желінің коммуникативті-прагматикалық міндеті — тұлғаның өзін-өзі танытуға мүмкіндік беретін орта.
Жеке блог (веб-блог) – бұл тұлғалық әлеуметтік желі-дискурсының ерекше жанры, ол әлеуметтік мәселелердегі автордың өзіндік позициясын көрсетуге бағытталған. Жеке блог жанры блоггерлердің көпшілікке арналған мақалалар құрылымын ұсынады, олар пікірлерді еркін оқуға арналған, сонымен қатар жаңарып отыратын ақпараттық посттарды көрсетеді, ал бұл хронологиялық ретпен тұрған парақшалардың ең жоғары жағында өзекті тақырыптар орналасады. Веб-блогтарда қолданушылар маңызды жаңалықтарға, өзіндік пікірлерге, түрлі ресурстарға және басқа да ақпараттарға қол жеткізе алады. Л.Ю. Щипицина әлеуметтік желідегі жанама қатысым дискурсының позицияларына талдау жүргізе отырып веб-блогтың күн сайынғы жаңа хабарламалар жарияланымын, белгілі сұрақтарға байланысты автор ойын, өмір оқиғаларын ұсынатынын айтады. Сондай-ақ оқырман пікірлері веб-блогтың тұтас мәтінге емес, әрбір жеке постқа келіп түседі.
В статье анализируется дискурс и его виды в социальных сетях. Специфические признаки личностного дискурса и особенности. Категории дискурса в социальных сетях прагматические цели, стратегии, и феномены виртуального дискурса, анализируются позиции.
In article the discourse and its types on social networks is analyzed. Specific signs of a personal discourse and feature. Categories of a discourse on social networks the pragmatical purposes, strategy, and phenomena of a virtual discourse, are analyzed positions.
Пайдаланған әдебиет
1 Карасик В.И. О типах дискурса. Языковая личность: институциональный и персональный дискурс: Сб. Науч.тр.– Волгоград: Перемена, 2000. – С. 6-7.
2 Олянич А.В. Презентационная теория дискурса: монография. – М.: Гнозис, 2007. – 159 с.
3 Лутовинова О.В. Виртуальный дискурс как одно из направлений в исследовании киберпространство. Вестник МГУ. – Серия 1 «ЛИНГВИСТИКА». – 2009. – 30с.
4 Асмус Н.Г. Лингвистические особенности виртуального коммуникативного пространство: дис. канд.фил. наук: 10.02.05. – Челябинск, 2005. – 34с.
5 Баринова С.О. Типология англоязычных сокращений, используемых в сети интернет: автореферат дис. канд.фил. наук: 10.02.04. – Воронеж, 2008. – 24 с.
6 Щипицина Л.Ю. Компьютерная-опосредованная коммуникация: Лингвистический аспект анализа. – М.: Красанд, 2010. – 296 с. 7 Әлкебаева Д.А.. Сөз мәдениеті. «Қазақ университеті», 2011 ж. – 176-179б.