ГАЗЕТ МӘТІНІНІҢ ТАҚЫРЫБЫ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ТІЛІ

А.Т. Аширова, С.М. Иманқұлова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Алматы, Қазақстан
anara_314@mail.ru, isalta_69@mail.ru

ГАЗЕТ МӘТІНІНІҢ ТАҚЫРЫБЫ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ТІЛІ

Мақала жазатын әрбір адам үшін ең алдымен мына факторларды есте сақтаған жөн: мақаланың дәл қазіргі уақыттағы өзектілігі және қоғамға берер ойы. Осыған орай мақала тақырыбы да дұрыс қойылуы керек. Сіздің қойған тақырыбыңыз мақаланы толық қанды аша білуі керек. Және ондағы көтерілген мәселеге сай болуы керек. Егер тақырып осал болатын болса, мақаланыңда эффектісі жоғары болмайды. Ал керісінше тақырып өте мықты болып мақала оған сай болмай қалса да, сіз үшін үлкен кемшілік болып есептеледі. Газет мәтінінің сөйлеу тілі де дұрыс болуы керек.

Тірек сөздер: газет, мақала, журналист, сөйлеу тілі, фактор.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің ішіндегі газеттердің алар орны ерекше. Оны әлемнің барлық түкпіріндегі елдер мойындап қойған. Мәселен, Францияда қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, жазушылар өз елдерінің республикалық-қоғамдық газеттерін оқуды міндет деп санайды. Себебі ол газеттер басқа ақпарат құралдарымен салыстырып қарағанда француз халқының мұң-мұқтажын, талап арызын мемлекеттік билікке жеткізуші құрал болып есептеледі. Сол секілді американдық белгілі журналист Ларри Кинг журналистика жайындағы өзінің бір сөзінде: «Мен үшін нағыз бақыт: таңертең тұрып, есікті ашып қалғанда табалдырығымда жатқан «New York times» газетін жерден алып, құмарлана иіскеу» деген екен. Жапонияда газетті «оқып тұрып тарату» деген дағды бар. Және бұл үшін мектеп оқушыларын пайдаланады, яғни олар газет таратушы болып жұмыс істей алады. Мұндағы басты мақсат: мектеп оқушыларының газетке деген құмарлығын арттыру. Соның нәтижесінде жапон халқы күніне өзінің бір сағат уақытын газет оқуға арнайды. Бұл мысалдардың барлығы әлем елдері үшін газеттің қаншалықты маңызға ие екендігін айқын көрсетеді. Себебі газеттің өзі алғаш құрылған кезден бастап, оқырманға тек қана ақпарат жеткізуші ғана емес, оның сауатын арттырушы құрал ретінде пайдаланылған. Кез келген тілдің дұрыс қолданылуы, ондағы өзіндік ерекшеліктердің сақталуы, синтаксистік ерекшеліктері, барлығы тікелей осы газеттерге байланысты. Бүгін біздің газетте қолданған сөзіміз ертең жалпы көпшілікке жол тартып, оның тіліне айналады. Ал егер газеттерде тілдік ерекшеліктеріміз қолданылмайтын болса ше?
Қазақ тілі – өзінің жеке тілдік ерекшеліктеріне қарай түркі тектес тілдер арасындағы ең күрделі тіл. Бұл тілдегі ережелермен ескертпелерде жетерлік. Ал осы ескертпелер қазіргі таңда газет беттерінде сақталып отыр ма? Газет тақырыптарының сөйлеу тілі қай деңгейде? Соны талқылап көрелік.
Біріншіден, газет мақалалары тақырыптарының тілі ресми іс-қағаздар стилімен, публицистикалық стильдің қатысуы арқылы жасалатын еске сала кетейік. Алайда дәл қазіргі таңда оқырманды өздеріне тарту мақсатында арзан сөзге бет бұрып келе жатқан басылымдарда баршылық. Мәселен, «ШЫМКЕНТ – БАЗАР ЖОҚ, БРАТ!» («Айқын» газеті, 18.11.2015), «Жігіттер, кончайте базар-вокзал» немесе қазақты құртудың әдісі» («Жас қазақ» газеті, 23.10.2015) деген мақалалардың тақырыптарын алып қарайық. Әрине бұл жерде журналистің негізгі екі мақсаты бар. Алғашқысы, оқырмандардың көңілін өзіне тарту. Себебі біздегі халықтың өзі екі тілдіге бөлінеді, дәлірек айтқанда екі тілді бірдей қолданады. Ал оларға бұл мақала бірден түсінікті бола кетеді. Және күнделікті өздері сөз арасында араластырып сөйлейтін сөздерді көргенде «көздеріне оттай» басылатын болар. Автордың екінші мақсаты осы шала тілдермен сөйлейтін адамдарды мұқату, кекету. Және оның дұрыс еместігін халыққа түсіндіру. Мақаланы оқып отырғанда да бірден осы ойға келеді. Алайда сіз өз мақалаңызға бұл тақырыптарды қоя отырып, оларды мұқатқаннан гөрі насихаттауға себепші болып отырғандайсыз. Бұл жай ғана қазіргі заманның ауызекі сөйлеу стилі емес, бұл қазақ тілінің дұрыс қолданылмауы. Оның алаланып, бұзылуы. Өзіңіз тілдің жанашары ретінде мақала жазып отырып, өзіңіз тақырыбыңызға сол тілдің шала нұсқасын қойып отырсаңыз. Онда сіздің мақалаңызда жұрт жағымды бола қоймайды. Әрі өзіңіздің азаматтық, журналисттік позицияңызға қарсы шыққан болып есептелесіз.
Екіншіден, газет бетіндегі дұрыс емес аудармалардың көптеп кездесуі. Кей кездері авторлар сөздерді өз білгендерінше аударып жатады. Ал кей кездері көне тарих беттеріндегі осы сөзге мағыналас сөздерді тауып соларды қолданып жатады. Осы екі жағдайғада мысал келтіріп көрелік. «Ақтаулық әйел айтқан жеріне жеткізуден бас тартқан таксишіні ұрып-соққан» («Алаш айнасы» газеті, 08.12.2015), «Соңғы жиырма жылдың ішінде барланған кен орындары жоқтың қасы» («Түркістан» газеті, 07.04.2015) деген мақалардың тақырыптарын алып қаралық. Бірінші мақаладағы «таксишіні» деген сөздің аудармасы жайында айтамыз. Негізінен «таксист» сөзін орыс тілінен аударғанда «көлік жүргізушісі» болып аударылады. Алайда бұл сөз біздің аудармаға енбеген. Яғни аударма ісінің өзі бір жүйеге келтірілмегендіктен «қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса» деуден басқа амал жоқ. Ал екінші мақаланың тақырыбына келер болсақ. Бұл мүлдем басқа жағдай. Мұндағы тақырыпта берілген «барланған» сөзі көпшілікке түсініксіз. «Барланған» сөзі қазақ әдебиетінің кен орындары жайындағы кітаптарында кездеседі. Мәселен, Ғ. Мұстафиннің «Қарағанды» романында осы сөзді жиі кездестіруге болады. Алайда бұл сөз сол әдеби шығармалардың аясында ғана қалып қойған. Негізгі мағынасы жаңа кен орындарын «іздеу» деген анықтамаға тура келетін болар. Автордың бұл сөзді қолдануында әдеби шығармаға назар аударғаны көрініп тұр. Алайда осы сөзді қазақ тілінің ешбір ережесін бұзбай-ақ басқаларға түсінікті мысалмен келтіруге болар еді.
Үшіншіден, мақала тақырыптарының мағыналық қателері. Ол көбіне қазақ тілін аса күрделендіріп жіберуге тырысатындықтан пайда болады. Ал оны қазіргі заманда қарапайым ақпаратты күтетін оқырман түсіне бермейді. Сондықтан ондай мақаланы оқитындар аз. Себебі, бір жағынан тақырыпты түсінуге біраз уақыт кетіргенше, ол мақаланы оқымай қоя салу жеңілірек. Екінші жағынан қарапайым тақырыбының өзін түсінбеген мақаланың өзін түсінуде қиынырақ болып жатады. Мәселен, «Қазақ бардына құрмет» («Түркістан» газеті, 08.12.2015). «Бард» сөзінің жай өзін қолданған кезде түсінбейтініміз анық. егер оның астында Табылды Досымовтың суреті тұрмаса, немесе «бард ақын» деп қолданбаса.
Осы үшін бөлікке енгізетін тағы бір жайт бар. Сөздердің дұрыс қолданылмауы. Яғни тақырып түсінікті, алайда қолданылып тұрған сөз дұрыс емес. Біздің оқырманға түсінікті болу үшін мысалдарға зер салыңыз. Әр мақала тақырыбын жеке-жеке талдап өтелік. «Бабалардың жүзеге асқан өсиеті» («Түркістан» газеті, 17.04.2015). Бұл жердегі басты қате «жүзеге асқан өсиеті» деген тіркес. Негізінен «жүзеге асқан» деген тіркесті «өсиет» сөзімен қолдану қате. Себебі «өсиет» адам баласының ішкі жан дүниесіне байланысты рух, адамдық, махаббат сынды ұғымдарға байланысты айтылады. Мақаланы оқып отырып, бәлкім бұл жерге «арманы» деген сөз келетін болар деген ой келді. «Халықтың алақаны – сенің атқарған жұмысың» («Алаш айнасы» газеті, 08.12.2015). Мақала дәлірек айтқанда сұхбат Асанәлі Әшімовтен алынған. Тақырыпта соның сөзінен алынған. Әрине актердің өзі осылай айтқандықтан осылай қойылғаны анық. Алайда бұл мақала жарияланбай тұрып, журналистің, редактордың сүзгісінен өтеді. Сол кезде олар «алақаны» сөзін «шапалағы» сөзімен ауыстыруы керек еді. себебі мақаланың өзінде осы жайында айтылып отыр. «Татулықты тұрақтандыруда журналист жауапкершілігінің орны ерекше» («Ана тілі» газеті, 19.11.2015). Бұл жердегі қате «татулықты тұрақтандыру» тіркесі. Татулық пен тұрақтылық сөздері бір мағынаны береді. Демек «татутылықты тұрақтандыру» дұрыс емес. «Елбасы бұл дағдарыс жаңа мүмкіндіктер екендігін ескертті» («Түркістан» газеті, 01.12.2015). Тақырыпты қысқарту мақсатында «кезеңі» деген сөзді алып тастаған болар. Алайда тақырыптың өзі осыншалықты ұзақ болып тұрған кезде оны қысқартудың не керегі бар еді? Одан да президенттің өз сөзін қысқартпай «Елбасы бұл дағдарыс жаңа мүмкіндіктер кезеңі екенін айтты» деп қоя салу керек еді. «Депутат зейнетақысы төмен қарияларды тегін емделуді ұсынды» («Түркістан» газеті, 15.04.2015). Әрине бұл жерде әріптік қате болуыда мүмкін. Алайда осы бір әріптің өзі тақырыптың мәнін өзгертіп тұр. Бұндағы қателік «емделуді» сөзі дұрысында «емдеуді» болуы керек сынды.
Осы үшінші бөлікке кіргізетін тағы бір қатены айта кетейік. Ол газет бетіндегі тақырыптарды тым қатты әсірелеу. Қандай да бір мақаланы немесе сұхбатты әсерлі ету үшін жай ғана қарапайым нәрседен үлкен тақырып жасау. Мәселен, «Ақылы көлік тұрағы Мәжіліс пен Сенатты дауластырды» («Түркістан» газеті, 16.04.2015). Тақырыптағы «дауластырды» сөзі дұрыс қолданылмаған. Себебі «дауласу» адамдардың әртүрлі пікірде болуы немесе екі жаққа бөлініп бір-бірімен сөзге келісуі деген мақына береді. Ал мақалада депутаттар бір-бірімен дәл олай дауласып, сөз келіспейді. Мақалада жай ғана Сенаттың Мәжіліс қабылдаған заңға келіспеуі жайында. Мұны осынша өршіктірмей «Сенат Мәжіліспен келіспеді» деп қысқа әрі дәл тақырып етіп қоя салуға болатын еді. «Қазақтардың ішінен қазақ іздеп жүрмін мен…» («Айқын» газеті, 02.12.2015). Сұхбатта актер Бекжан Тұрыс өзінің «Ұлым саған айтам» атты спектаклі туралы сөз қозғайды. Және өз сөзінің арасында осы бір сөзді қолданып кетеді. сұхбат алушы журналист оның тамаша ойларының ішінен осы бір сөзді іліп алуды жөн көрген екен. Алайда мұны оқып отырған оқырманның ойына бірінші кезекте Бекжан Тұрыстың бұл сөзі ерсі көрінетін болады.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша адам баласы бар жоғы бір минуттың ішінде он алты беттік газетті оқып үлгермесе де, ондағы мақалалардың тақырыптарын толық оқып үлгере алады екен. Бүгінгідей уақыттың аса бағалы кезінде адамдардың барлығы қысқа ақпаратты іздейді. Сондықтанда қандайда бір газетті ашқан кезде бірінші кезекте ондағы мақалалардың тақырыбына мән беріп қарайды. Және тақырып ұнаған жағдайда ғана мақаланы оқиды. Ал кейде мақаланы мүлдем оқымаай тек тақырыптан түсінгені бойынша ақпарат ала беретіндер де көбейіп келеді. Бұл бір жағынан уақыттың аздығын білдірсе, екінші жағынан ақпараттың көптігін білдіреді.
Демек біздің зерттеу аймағы тұрғысынан қарағанда газет бетіндегі тақырыптардың алар орны орасан. Бүгін сіз мақалаға тақырып етіп қате сөздерді қоя бастасаңыз, келесі күні дәл сол сөздер ел аралап кете береді. Оған қоса сол сөздер біздің өмірімізге еніп, сөйлеу дағдымызға кіріп, тіліміздің тазалығын бұзады. Және сіз қойған қате тақырыптар сіздің беріп отырған дұрыс ақпаратыңыздың мәнін де кетіреді. Және керісінше аса керемет тақырып беріп, мақалаңыз маңызды болмай қалса, келесі жолы сіздің газетіңізге жазылушылар саны азаюы әбден мүмкін. Сондықтан әр тақырыпты ойланып қойыңыз.

Пайдаланылған әдебиеттер
1 Әзбердиева Н. Сөз тіркесі жайлы түсінік. Қазақстан мектебі. – Алматы. 2007. – № 4. 62-63 бб.
2 Рысбай Б., Қазіргі қазақ тіліндегі шектеулі тіркестер. Дисс.фил.ғыл.канд. – Алматы, 1998. – 159 б.
3 Қасым Б., Күрделі зат есімдер сөздігі. – Алматы, 1999. – 110 б. 4 Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен. Тәжірибелік нұсқаулық – Алматы, 2008. 5 http://jasqazaq.kz/index.php
6 http://turkystan.kz/
7 http://aikyn.kz/
8 http://writers.kz/
9 http://zhasalash.kz/

Для каждого журналиста прежде всего нужно следовать при написании статьи следующие факторы: актуальность вашей темы в настоящее время и конкретная цель или мысль вашей статьи которую должна понять общество Тема статьи играет не мало важную роль чем сама статья. Она должна польностью сответствовать вашей статье. Если у вас будет некоректная тема, то и сам эффект статьи будет не очень успешным. Иногда бывает наоборот, слишком кричащая тема и не актульная статья, и этого тоже нужно избегать. Стиль речи газеты тоже одна из самых важных работ.

For each journalist first of all you need to follow when writing the article to the following factors: the relevance of your topic to present and a specific goal or idea of your article you need to understand the society the topic of the article plays little role than the article itself. She needs fully to comply with your article. If you will be incorrect subject, and the effect of the article would not be very successful. Sometimes it is too loud topic and useless article, and this too should be avoided. The style of speech of the newspaper is also one of the most important works.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *