Б.Қ. Қасым1, А.А. Абдуалиева2
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан Тараз мемлекеттік университеті, Тараз, Қазақстан
ТҮРКІ СӨЗЖАСАМЫ: АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА
Тіл теориясы туралы зерттелімдер әлемдік деңгейде лингвистикалық жаңа бағыт-бағдар мәселелері көтеріліп, заман талабына сай шешімін тауып, коммуникативті-прагматикалық маңызы жоғары бағалануда. Кез-келген халық тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының айнасы. Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық үрдісте зерттеудің қажеттігі заман талабына сай туып отыр. Бұл үрдіс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербалды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде тараушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сапа-қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елепекшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады
Тіл теориясы туралы зерттелімдер әлемдік деңгейде лингвистикалық жаңа бағыт-бағдар мәселелері көтеріліп, заман талабына сай шешімін тауып, коммуникативті-прагматикалық маңызы жоғары бағалануда. Кез-келген халық тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының айнасы. Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық үрдісте зерттеудің қажеттігі заман талабына сай туып отыр. Бұл үрдіс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербалды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде тараушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сапа-қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналысанасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады [1].
Тың мәселелердің бірі – аталымның жасалуындағы сананың, танымның, ойлаудың тілдегі таңбасы бүгінгі лингвистикада кешенді зерттелуде [2]. Тіл мен ойлау – бір-біріммен байланысты заңды құбылыс. Тілдегі таным көрінісі – таңбаны ғылыми тұрғыдан саралау – таңба-аталым – атау неден басталатын, қандай заңдылықтармен жүзеге асады, оның белгілері қандай, оның қалыптасу және даму үрдісін терең зерделегенде, талдағанда шешімін табады. Аталымжасауда халықтың танымдық ой-өрістік деңгейінің жан-жақтылығымен байланыстылығын тіл деректерінің сырына, құпиясына терең үңілуді қажет етеді. Соның негізінде тіл бірліктерінің жасалуындағы осы үрдістің қатысын зерттеу тіл мен ойлау арақатынасын жаңа қырынан тануға жетелейді.
Тілдің танымдық табиғаты мен сөз мағынасы – күрделі құбылыс. Тілде Сөз мағыналарының танымдық табиғаты концептінің астарына топтастырылып отырылады. Демек, сөздің көне де жаңа мағыналарының сабақтастығын туғызу адам санасының ертеден келе жатқан танымдық операциясы деген тұжырымдаманың бойына жинақталған. Сөз мағыналарына қатысты сөз бен ұғым, сөз бен мағына, сөздің ішкі және сыртқы тұрпаты, т.б. бірліктердің сабақтастығы негізінде адамдар өзара тілдік қарым-қатынас жасағанда сөздер мен олардың мағыналарымен алмаспайды, сөзді толықтай тілдік қатынас құралы ретінде қажетіне жарата отырып, оймен, таныммен алмасады. Ал, ойлау – қоршаған әлемнің санада бейнеленуінің ең жоғарғы формасы. Ойдың бастапқы формасы – ұғым. Ұғым – заттар мен құбылыстардың санадағы бейнесі. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі ерекшеліктері суреттеледі. Концептілердің негізінде адамдар сөздің ұғым түсінігін, мағынасын, идеясын біле алады. Ал, олардың берілу жолдарын тілдік және логикалық модельдердің астарынан көруге болады [2].
Дүниетаным жеке адамның, қоғамның деңгейінде өмір сүреді. Дүниетанымның жинақы бой көрсетер жері – ұлттық дүниетаным. “Адамның дүниемен байланысы, оны тануы белгілі бір ұлттық жағдайда қалыптасатындықтан, дүниетанымның ұлттық белгілері болды. Ол белгілері мен көріністері осы халықтың менталитетіне тәуелді болады. Бұл – халықтың бейнелер дүниесі, ырымдары мен салтжоралары, сезіну, ұғыну ерекшеліктері”. Сондықтан жалпы адамзатқа тән дүниетанымның ұлттық ерекшелігін анықтау, құрылымын зерделеу, жалпы адамзаттық дүниетанымға қосқан үлес болады.
Ұлттық дүниетаным – қайталанбайтын құбылыс. Ол сол ұлттың бүкіл бітім-болмысымен, қоршаған ортасымен, менталитетімен, шаруашылық жүиесімен, тіпті, табиғат құбылыстарымен тығыз байланысты. Әрине, ұлттық дүниетаным – тарихи өзгеріп отыратын жүйе. Егер ұлт айналасындағы басқа мәдениеттерден, елдерден мүлдем оқшауланып кетпесе, ол қашанда сыртқы ықпалға беріліп отырады. Мысал ретінде қазақ халқының дүниетанымының өз тарихында Тәңірлік, Шамандық, Аруаққа табыну, Ислам дінінің т.б. қазіргі кезде сырттан келген алуан түрлі мәдени ағымдардың ұлттық дүниетанымға әсері.
Профессор З.Ахметжанова: ұлттық дүниетанымның нәр алатын ортасы, әрі көрінер биігі – ұлттық мәдениет. Мәдениет халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамы рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Әр мәдениетте дүние, қоршаған ортаға деген саң қилы көзқарас, түсінік қалыптасады. Себебі әр мәдениет заманына, дініне, моральдық нормаларына қарай адамға, өмір-өлімге, адамның іс-әрекетіне, сұлулыққа тағы да басқа әр халықтың басында бар негізгі құндылықтарға байланысты өзінің көзқарас жүйесін қалыптастырады [3, 365] деп дәйектейді. Осы көзқарастың таралатын, көрінетін, сатылатын құралы – тіл. Тіл – дүниетанымның құралы, ойлау мен ұғымның шындық өмірдегі көрінісі. Тілдік таңба арқылы шындық болмыстағы заттар мен құбылыстардың ұғымдық бейнесі жүзеге асады. Сондықтан тіл оймен, ойлаумен тікелей байланысты. Тіл – ойлаудың, сананың, танымның қаруы, құралы. Тілде заттың нақты қасиеті номинативтік таңба арқылы белгіленеді де, оның түрлі қызметі, нақты ерекшеліктері соған негіз болады, яғни тіл – ойды жеткізудің тәсілі, шындық болмысты таңбалаудың құралы. Тіл – құнды қазына. Оның дамуы қоғамның дамуымен бірге жүреді. Осымен байланысты тілдік жүйедегі болып жатқан сазжасамдағы күрделі жасалымдардың мағынасы мен қызметін жан-жақты терең зерттеу – бүгінгі күннің талабынан, сұранысынан туындап отырғаны белгілі. Сондықтан соңғы жылдарда лингвистер аталым теориясына қызығушылық көрсетуде. Тілдік аталымның табиғатын зерттеу тілдік түрлі аспектісімен тығыз байланыста жүзеге асады.
Сонымен, сөздің ішкі құрылымының типологиялық қызметі деген ұғымды былайша түсіндіруге болады: бір тілдің басқа тілдермен ортақ белгілері және ерекшеліктері, ұлттық ерекшеліктері уәждемелік аспектіде сол тілдің сөздік құрамын әртүрлі межелер бойынша басқа тілдермен салыстыру арқылы анықталады. Бірінші меже ретінде семантикалық универсалийді атауға болады, бұл ретте уәжділік сөздің қасиеті ретінде, сөздің ішкі құрылымы көрініс табатын негізгі құрал ретінде қарастырылады; екінші бір тілге тән және басқа тілдерде кездеспейтін белгілер. Олардың қатарына 1) сөздің ішкі құрылымындағы уәжді және атау белгілері; 2) сөздің ішкі құрылымындағы уәжді және жіктемелі эксплицитті құралдар жиынтығы; 3) лексикалық бірліктің жиынтығы және қайсы бір сөздің ішкі құрылымымен (метафоралық / метафоралық емес және т.б.) арақатынасы; 5) тілдің лексикалық қабатындағы уәжді, жартылай уәжді және уәжделмеген сөздердің пайыздық арақатынасы және т.б.
Мысалы,
*Жау жауқазын. Аршыған жауқазындай аппақ болып, Бұл күнде соның бәрі кетіп қалған (М.-Ж. 2003: 221); Жауқазындай (жауқасындай) аршыған аппақ болып (М.-Ж. 2003: 134); Ал, тау жуасын, қыр жуасын, тау сарымсағын, тамаққа турап та, шикі күйінде де пайдаланған. Сазды жерде өсетін картоп тұқымдас жаужұмырды (буылтықты) қоламтаға көміп, пісіріп жейтін болған [2].
Қ. Жұбанов жаужұмыр мен жауқазын (тамырларын жеген, емге пайдаланған) тіркесіндегі жау > jағ (майды жақ) оның үстіне ұйғыр тіліндегі jағ (жир, масло), алтайлық djuv id қазақ тіліндегі жау тұлғасымен тең келеді. Жау сөзі Орхон жазуындағы jағь – враг, қыпшақ формасына сәйкес келмейтін жау етістігі (идти дождю, снегу) жаужұмыр сөз тіркесіне әсер етті деген қисыны келмейтінін айтады [4, 423]. Ә.Қайдар: көптеген түбір-омонидерді «… жау переводит как масло, сало, жир: жауқазын <жау+қаз+ын тау қызғалдағы (горный тюльпан). Тілші башқорт тіліндегі яу масло; жир; сальник салыстырады [5, 213]. Осындай мағыгналарды «Көнетүркі сөздігінде» де кестеседі: jaγ `масло, жир` [ДТС, 223]. Мысалы, жаужұмыр, жаубүйрек, жауқазын бұлар түбірлес сөздер. Түбір тұлғасы «жау». Енді «жау» түбірін анықтаймыз. Жау – етістік, жау – зат есім. Жау (враг) дегендегі «жау» логикалық жағынан келмейді. «Жаубүйрек» адамның организмі өзіне жау бола алмайды. Басқасын да солай қажетке жаратуға болады. Ал енді «жау» (жаңбыр) жаубүйрекке қатысы шамалы, демек, жауқазын мен жаужұмырдың түбір тұлғасы «жау» (жаңбыр) байланыстыруға болар еді, бірақ, бұл алдамшы түбір тұлғасы ғана. Оны мына зерттеулер дәлелдейді. О баста түріктер өзін танымай тұрып, қоршаған ортаны таныған. Ол: жаужұмыр мен жауқазын материалдық қажетін өтеген. Логика бұны құптайды. «Жауқазын» мен «жаужұмырдың» түбірін қазып алып, тағам ретінде пайдалануы мүмкін не емге қолданған. Демек, «май» алған. Бірақ, түрік «май» деген атын білмеген, оның орына «жақ» деген уәжін білген. Көзге көрінгені қимыл. Атауы жылдар бойы тұрақталып, айтыла-айтыла «жаққа» айналған. Көне түркілер «жауды» «жақ» деген мәліметтер де жоқ емес. Осы «жақ» жылдар өте «жау» ретінде түзіліп қалыптасқан да, алғашқы мағынасы «жақ» пен «май» ұмытылған. Ойымыз дәлелді болу үшін: «майбүйрек», «майжұмыр», «майқазын» логика жоққа шығармайды. Кейіннен май > ұмай (отқа май салу т.б.) мифтік және салтдәстүрлік өріс алғандығын көруге болады [ДТС, 223] [6].
Кесте 1 – Жау негізіндегі сөзжасамдық ұя
1-саты 2-саты 3-саты 4-саты
Жау.
зат
аталымы Жаугер Жаугершілік Жаугерлік
Жаула Жаулас Жауласты ру
Жауласу
Жаулау
Жаулық
Жаушы Жаушылық
Жауық Жауығу
Жауыз Жауыздық
Жауынгер
Жауынгерлік
Сонымен, бұл сөздердің алғашқы түбір тұлғасын қалпына келтірсек: жақ <> май > жау сияқты тілдің даму барысы, жолы көрінеді. Демек, көне, байырғы сөздерің о бастағы түбір тұлғасын табу арқылы олардың байырғы мағынасын ашуға болады.
Ғалымдар аталым теориясының негізгі қағидасы болып саналатын таңбалауды гносеологиялық және лингвистикалық аспектілермен тығыз байланыста қарастыруды дұрыс деп санайды [7]. Сондықтан тіл мен ойлау, оның көрінісі болып саналатын атау тіл білімінде өзекті мәселе болып есептелінеді. Сонымен қатар, тілдің қатысым қызметіне де жылдан-жылға қызығушылық артып келеді. Себебі лингвистикалық бірліктерге жан-жақты талдау жасау үшін тілді түрлі деңгеймен салғастыра отырып саралау қажет. Сөз байлығының толығу арнасы – тілдің сөзжасам жүйесі. Күрделі атаудың толығуы мен кемелденуі, дамуы жаңа күрделі аталымдардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Аналитикалық аталымдарды жасау тілдің ішкі заңдылықтары мен сыртқы факторларымен өзектес. Бұл әдіс – тіл байытудың ең құнарлы да, қуатты, қайнар көзі. «…әр тіл өзіндік ерекшелігімен сипатталады және ішкі заңдылықтарымен дамиды. Тілдің дамуында ішкі заңдылықтың нақтылы сипаты және даму үрдісі болады. Тіл дамуының жолдары: ол – тілдің грамматикалық құрылысын жетілдіру мен жақсарту және сөздік құрамды толықтыру» [2].
Туынды сөздің өзіне тән түрлі ішкі және сыртқы заңдылықтары бар. Біріншіден, ішкі даму дегенде, таза лингвистикаға қатысты жағы айтылады. Ал сыртқы дамуы дегенде, экстралингвистикалық жағы немесе қоғам, табиғат, таным т.б. – осылардың арасындағы арақатынас арқылы жүзеге асатан үрдіс: зат ↔ ұғым, ұғым ↔ атау ↔ таңба арасындағы байланыс пен арақатынасын саралау арқылы атаудың мәнін ашу. Бұл үрдіс тікелей аталым теориясымен жүзеге асады. Ал аталымның негізгі сүйенер тірегі – уәждеме» [2, 203]. Бұл тілдік екі құбылыс бірімен-бірі егіз, қатар жүретіні даусыз. Аталымдардың қалыптасуында мотивемалардың түрлерін атап көрсетуге болады: дыбыс /еліктеу/, түр, түс, басқа нысанға ұқсастық, көлем, соматикалық белгілер, мекен, орын, иіс, қызмет белгісі, сапа т.б. байланысты бірнеше айрықша белгілерін, негізгі қасиеттерін, бас ерекшеліктерін даралап көрсетуге болады, бұл белгілік қасиет атауды таңдауда негіз болады.
Күрделі аталым – біртұтас лексика-грамматикалық бірлік деп танылатын және сыңарлары кем дегенде екі мағыналы лексемалардан тұратын, ұғымға берілген аталым. Шындық болмыстағы заттың, я құбылыстың әртүрлі белгі, сапалық ұғымдардың дамуы, жетілуі негізінде оны білдіретін атаулар да күрделене түседі. Бұлар ішкі сапалық жағынан да, тұрпат-тұлғалық жағынан да өзгеріске түсіп, бір ұғымның атауы ретінде жұмсалады. Тіл иесінің затты, құбылысты, жер-су атауларын қалай түсінетіні санада көрініс беріп, ол таңба арқылы бейнеленеді. Сөйтіп, санада қалыптасып жетілген бейне, сыртта тіл арқылы көрініс табады. Мән мен мағына, тіл мен ойлау диалектикалық заңдылыққа негізделеді. Сондықтан ұғымдық атаулар номинациялық қызметпен қоса, танымдық қызмет атқарады. Осы орайда айта кететін жайт – қазір қай тіл болмасын тілдің ұлттық этноұғымына (концептуалдық) және танымдық (когнитивтік) ерекшелігіне мән беруде » [8].
Кез келген атау қалай болса солай атала салмайды, олар әрбір атауға лайық ішкі лексикалық ұғымына сай сәйкестене, үйлесе тіркесіп, немесе мағынаны ұлғайту, я нақтылау мақсатында жұмсалу арқылы сол атаудың жалпы қасиетін анықтайтындай, мәлімет беретіндей қалыптасады. Жаңа атаусөз – жаңа лексема. Сөзжасам негізінде жасалған күрделі атауды даяр тілдік бірліктер деп санап, олардың ішкі семантикалық құрылымынан жаңа аталымның табиғатын түсінуге болады.
Тілде жаңа лексемалардың қалыптасуында негізгі мотивемалар қатысып, бір ұғымды білдіретін атаулардың тілдік айналымға енуіне негіз болады. Бұдан аталымжасамның өміршең екенін байқауға болады. Атаудың негізі – алынатын белгі. Сол арқылы ұғымның мәні танылады. Мұндай зерделеу, саралау аталым заңдылықтарының негізінде тілдік құбылыстарды нақтылауға, айқындауға және оның жалпы теориялық ұғымдарын анықтауға мүмкіндік береді. Нақтырақ айтсақ, “аталым белгісі” деген ұғым міндетті түрде оның уәжділігіне, туынды сөздің мағынасына, семантикасына және сөздің ішкі құрылымына қатысты ұғымдарға зер салудан туындайды [10]. Бұл дәйектерге қазақ тіліндегі туынды сөздерді сараланған тілдік деректер дәлел бола алады және семдік талдау барысында олардың даму заңдылықтары негізділеді.
Әдебиеттер тізімі 1. Языковая номинация. Общая теория. – М.: Наука, 1977.
2. Қасым Б.Қ. Күрделі аталым жасалымы: когнитивті-дискурстық ұстаным. Монография. – Алматы: ЖК ВолковаА.В., 2010. – 383 б.
3. Ахметжанова З. Язык в социальном, коммуникативном контексте. – Алматы: Елтаным, 2012.
– 564 с.
4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: МТДИ, 2010. – 608 б.
5. Қайдаров А. Структура односложных корней и основ в казахском языке. Алма-Ата: Наука, 1986. – С. 213.
6. Қасым Б., Г.Нурбекова. Образование общетюркских многозначных слов и пути их применения. Образование общетюркских многозначных слов и пути их применения. //Materials of XIII International scientific and practical conference «SCIENCE AND CIVILIZATION-2017» 30 January07 February, 2017 Volume 5, Philological sciences SHEFFIELD SCIENCE AND EDUCATION LTD. – England, 2017. – 35-41 с.
7. Арутюнова Н.Д. Истоки проблемы и категории прагматики. // Новые в зарубежной лингвистике. – М.: Прогресс, 1985, вып. ХҮІ.
8. Қасым Б. Мотивация в словообразовательной системе тюркских языков. // Традиционная культура тюркских народов в изменяющемся мире. /Материалы I Международной научнопрактической конференции 12-15 апреля 2017. – Казань: Ак Буре, 2017. – 230-233 с.
9. Древнетюркский словарь. – Л.: Наука, 1969. – 676 с.
Исследования о лингвистических теориях языка нашли свое место на мировом уровне как новое направление. Любой язык народа – это зеркало, которое отражет быт данного народа. Это явление основывается на целостности сознания с языком, рассматривая языковые средства как плод человеческого труда, где сложные ассоциативно- вербальные структуры, как система комплексного описания базируется на объединении духа и мысли. Потому что человек не только видит, слышит и чувствует происходящее, но и дает ответ, пытается воспроивести для своего сознания, анализирует, эксперементирует, взвешивает, применяет,оценивает, что в конечном итоге складывается как языковая картина мира.
The title of the article is related to the cognitive thinking of the population. Describing the meaning and activities of the complex designs in the language system, analyzes the roots of the trickie, spells, and defines the course of development of the language. Finding the roots of ancient, old words is characterized by a new aspect of language and thinking.