АСТАНА — қала, Қазақстан Республикасының астанасы, Ақмола обл-ның орталығы. Тұрғыны 342,7 мың адам (1998.01.01). Қала Есіл өз-нің оң жағасында жазық жерде орналасқан. Қаңтар айының орташа темп-расы -17 — 19°С, шілдеде 19 — 20°С, абс. төменгі темп-ра -52°С, ал абс. жоғары темп-ра 42°С. Жауын- шашынның жылдық мөлш. 280 — 300 мм. Оның басым көпшілігі жылдың жылы мезгілінде түседі (наурыз — қыркүйек). Жылына орта есеппен 50 — 55 күндей қуаңшылық байқалады. Қыс айларының 30 — 40 күні бұрқасын болып тұрады, 140 — 160 күн бойы қалынд. 20 — 30 см қар жатады. Сарыарқа қазақтары Есіл өз-нің қазіргі А. қ. орналасқан, көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін тайыздау тұсын ежелден Қараөткел деп атаған. Ақмола атауы 13—14 ғ-да тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған (қ. Ақмола). А. қ-ның негізі 1830 ж. қаланды. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 ж. қала мәртебесі берілді. 1863 ж. Ақмола округ, 1868 ж. уез орталығына айналды. Орта Азия, Сібір, Орал өңірлерін жалғастыратын керуен жолында орналасқан Ақмола жедел дамып, қазақ даласындағы ірі әкімш., сауда, шаруашылық, мәдени орталыққа айналды. 1914 ж. қалада 3 кірпіш, 4 май өндеу, 2 тері илеу, 2 сабын қайнату, 2 тон тігу, 1 сыра қайнату зауыттары, қасапхана, 20 шеберхана жұмыс істеді. Мәдени-ағарту орындарынан 1 реалдық, 3 жалпы білім беретін уч-ще, а.ш. мектебі, медресе, 2 кітапхана болды. Қала тұрғындарының саны 15 мыңға жетті (1914). Кеңес дәуірінде Ақмоланың халқы тез қарқынмен өсті (1930 ж. — 36,1; 1939 ж. — 33,2; 1945 ж. — 80,5; 1959 ж. — 99,0; 1970 ж. — 180,0; 1979 ж. — 232,0; 1989 ж. — 277,0 мың), оның Орталық Қазақстанның қоғамдық-саяси, экон. және мәдени өміріндегі алатын орны артты. 1928 — 30 ж. округтің, 1930 — 39 ж. ауд- ның, ал 1939 ж. 14 қазанда Ақмола обл-ның әкімш. орталығы болды. 1929 жылдың қарашасында қалаға алғашқы поезд келді. Бурабай — Ақмола (1929), Ақмола — Қарталы (1940), Ақмола — Павлодар (1952) т.ж-ның іске қосылуы А-ны еліміздің солт. және орт. өңіріндегі ірі транспорт торабына айналдырды. Қалада а.ш. өнімдерін өндеудің дәстүрлі тәсілдері жетілдіріліп, жеңіл өнеркәсіп орындарының саны ұлғайды. 1940 ж. “ Тігінші” артелі (қазіргі “Мәншүк” акцион. қоғамы) өнім бере бастады. 1941 ж. құрылған “Металшы” артелі кейіннен газ тетіктерін шығаратын ірі өндіріске айналды (1993 ж. “Газмашаппарат” АҚ). Соғыс жылдарында Ресейден көшіріп әкелінген Мелитополь станок жасау з-тының негізінде респ-дағы а.ш. машиналарын жасау өнеркәсібінің түңғышы — “Қазақауылмаш” кәсіпорны іске қосылды. Өнеркәсіптің басқа да жаңа салалары пайда болды. Қалада сәулетті құрылыстар салына бастады (қ. Жастар сарайы, Салтанатты рәсім үйі). Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941 —45) А. қ. мен Ақмола обл-ның өндірген өнімінің көлемі республика бойынша өндірілген өнімнің орташа көрсеткішінен 2 есеге жуық артық болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары шаруашылықтың жаңа түрлері игеріліп, “Қазақ- ауылмаштың” қуаты арттырылды, вагон жасау з-ты пайдалануға берілді. 1950 ж. қалада 58 өнеркөсіп кәсіпорны жұмыс істеді. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола обл-мен бірге А. қ. да елеулі өзгерістерге ұшырады. 1954 ж. 5 наурызында А-ға тың игерушілер тиелген алғашқы эшелон келіп тоқтады. А. кәсіпорындары а.ш. тех- сын, құрылыс материалдарын шығаруды кеңейте түсті. 1960 ж. 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қаланың атауы Целиноград болып өзгертілді (1961 ж. 20 наурыз). 1958 ж. қаладағы алғашқы жоғарғы оку орны — а.ш. ин-ты (кззіргі С. Сейфуллин атынд. агр. ун- т) ашылды. 1962 ж. пед. (Л.Н. Гумилев атынд. Еуразия ун- ті), мед. (1964), инж.-құрылыс (1964) ин-ттары студенттер қабылдады. 1960 — 80 ж. қалада 30 жобалау және ғыл.-зерт. ин-ттары ашылды. 1965 ж. Тың өлкесі таратылып, қала қайта құрылған Целиноград обл-ның орталығы болды. 1960 — 90 ж. кэлада машина жасау, металл өңдеу, энерге- тика, жеңіл және тамақ өнер- кәсібі, сауда, құрылыс салалары өркен жайды. Топырақты қорғау және эрозияға қарсы қолданылатын тех. мен машиналар шығару жедел қарқынмен өсті. 1992 ж. қала мен облыста өндірілген өнімдер 29 шетелдерге шығарылды. 1994 ж. 6 маусымда қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды. ҚР-ның Жоғ. Кеңесі (1994 ж. 6 шілде, 106-қаулысы) және Мин. Каб-і (1996 ж. 6 шілде) ҚР-ның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. Оған себеп Ақмоланың респ-ның кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі өнеркәсіптік әлуегі, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуник. инфрақұрылымның болуы, жоғары білікті кадрлар әлуегі, жеке меншік секторды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеум. тұрактылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткіліктігі сияқгы факторлар еді. ҚР Президентінің жарлығымен арнайы Ақмола экон. аймағы (ААЭА) құрылды (1996 ж. 9 қазан).