ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНЦЕПТОСФЕРАСЫНЫҢ НЕГІЗІ

Ж.Ж. Есеналиева
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ
prof.esenalieva@mail.ru

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНЦЕПТОСФЕРАСЫНЫҢ НЕГІЗІ

Мақала қазақ халқының ұттық концептосферасындағы негізгі концептерін жан-жақты зерттеген, негізгі түсініктерін жүйелі-мәдени-коммуникативтік талдаған З.Қ. Ахметжанованың «Ұлттық концептологияның очерктері» монографиясына арналады.

Түйін сөздер:концепт, концептосфера, ұлттық концептосфера, концептуалды жүйе, әлемнің концептуалды бейнесі

Халық тілінің еншісі мәдениетпен толығады, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашаққа аманат болады деген ой-пікірлерғылыми ой-тұжырымдардың негізінде жатыр. В.фон Гумбольд: “Тіл –халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы – жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Ғалым пікірінше: біріншіден, мәдениеттің екі түрі – материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Үшіншіден, мәдениет – ұлт мен табиғатты жалғастырушы күш, үшіншіден, мәдениет пен халықтық рух – тілдің ішкі формасына тән”, — деп көрсетеді [1, 32]. Әр халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелетіні, этнос мәдениеті тіл арқылы басқа елге танылатыны, тіл мен мәдениет арасында үзілмес байланыстың бар екені белгілі. Мұның нақты ғылыми тұжырымын американдық ғалым Э.Сепир: “Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Ол тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады” деп анықтай түседі.
Осындай салт-дәстүрдің, көрнекі нақты образдар мен символдардың сондай-ақ, этностың психологиясы мен менталитетінің тілге әсерін көрсететін ерекше іргеліғылыми еңбек профессор З.Қ.Ахметжанованың «Ұлттық концептологияның очерктері» атты монографиясы. Бұл еңбектің отандық лингвистикада, оның ішінде когнитивтік лингвистикада алатын орны ерекше. Монографияда автор қазақ халқының 13 негізгі және ерекше концептілерін зерттеп, ерекшеліктері мен доминантты белгілерін көрсеткен[2].
Монографияда профессор заманауй когнитивтік лингвистикада көп қолданылатын концепт, концептосфера, ұлттық концептосфера терминдерінің мағынасын толықтай аша отырып, қазақ халқына тән, халқымыздың төл ерекшеліктерін көрсететін «Адам», «Жүрек», «Туыстық», «Ағайын», «Намыс», «Қанағат», «Дастархан», «Домбыра», «Тіл/сөз» сондай-ақ, халқымыздың ұлттық мінезін көрсететін концептілерге талдау жасап, доминантты, басым белгілерін көрсеткен.
Когнитивтік лингвистикада концептосфера терминін енгізген академик Д.С.Лихачев. Академик концептосферaның кең мaғынaдa түсінілyін ұсынaды: «В совокyпности потенции, открывaемые в словaрном зaпaсе отдельного человекa, кaк и всего языкa в целом» можно нaзвaть концептосферой». Осылaйшa, ұлттық тілді тұтaстaй концептосферaсы жеке aдaмның шындықты концептyaлизaциялay нәтижесі болaтын жеке индивидyaлды концептосферaлaрдaн құрaлaды. Индивидyaлды концептосферaдaн өзге ұлттық қayым ішіндегі белгілі бір әлеyметтік және мәдени қayым концептосферaсы дa болaды. Д.С.Лихaчев осы ойды әрі қaрaй жaлғaстырып, орыс тілінің ұлттық концептосферaсындaғы мынaдaй концептосферaлaрды: «инженер-прaктик», «отбaсы» концептосферaлaрын бөліп көрсетеді [3, 63].
«Концептосферa» термині өзіне көлемділіктің, тұтaстықтың, үшқырлылықтың (трехмерность) обрaзды коннотaциялaрын енгізіп, онтологиялық құбылыстың мәнін дәл бейнелейді. Концептосферa көп қырлы, кеңістіктік, тұтaстықтық құбылыс ретінде көрінеді, әйтсе де ол хaлықтың әлемтaнyымен, әлемді қaбылдayымен, тaрихымен ментaлитетімен, мәдениетімен бaйлaнысты aшық жүйе. Кез-келген тілдің концептосферaсының үшқырлылығы оның тілімен, рyхaни мәдениетіпмен, объективті шындықпен өзaрa бaйлaнысы мен өзaрa әсерлесyі нәтижесінде қaлыптaсaды. Осыдaн концептосферaның мынaдaй негізгі белгілері шығaды:
көлемділік, ол хaлықтың мәдени тәжірибесі, мәдени дәстүрі мен түсініктерінің бaйлaнысын
білдіреді;
үшқырлылық, тілді хaлықтың мәдениеті, тaрихы, әлемтaнyы мен әлемді қaбылдayын өзіне
енгізетін кеңістіктік, бaрлығын қaмтитын құбылыс ретінде көрсетеді; тұтaстық, себебі концептосферa белгілі бір хaлықтың тұтaс ұлттық мәдениетін сипaттaйды[4].
Профессор З.Қ.Ахметжанова Қазақстанда когнитивтік, концептологиялық зерттеулердің ден алып қарқынды дамуы өткен ғасырдың 90-жылдарынан басталды деуге болады деп көрсетеді. Қазақстандағы когнитивтік зерттеулердің сипаты қандай, жеткен жетістіктер қандай дәрежеде, жалпы қандай бағытта деген мәселеге келетін болсақ, ғалым өз тарапынан Қазақстандағы концептологиялық зерттеулерді шартты түрде бірнеше топқа бөліп қарастырады:
1.Қазақ тілі мен мәдениетінің концептеріне талдау жасаған зерттеулер.
Бұл зерттеулер концепт болғанда, қазақ этносының санасында материалдық объектілерді көрсететін, образды-ассоциативті жоғарғы деңгейде бағаланған «қамшы», «домбыра», «атамекен», «ұрпақ» сияқты концептер, сонымен қатар, ұлттық діліміздегі адами қасиеттерді көрсететін «намыс», «сабырлық», «қанағаттық», «ағайындық», тағы сол сияқты концептерді зерттеген жұмыстарды көрсетеді.
Нақты тоқталатын болсақ:
М.Күштаеваның Тары концептісінің семантикалық құрылымы мен лингвомәдени мазмұны,
А.Смаиловтың Әйел концептісін қалыптастыратын тұрақты тіркестердің лингвомәдени сипаты,
М.Абдрахманованың Көз концепті: лингвомәдени және танымдық парадигмасы,
А.Байғұтованың Қазақ әйелі концептісінің этномәдени сипаты,
Ж.Қошанованың Қазақ тіліндегі Байлық-Кедейлік концептісі: танымдық сипаты мен қызметі,
Ж.Жампейісованың Ақ-қара концепті:оппозициясы мен қызметі т.б.
2. Концептерге талдау жасаған зерттеулердің екінші тобына құрылымы әртүрлі екі немесе одан да көп тілдердің концептерін салғастырған жұмыстарды жатқызады.
Ғалым З.Қ.Ахметжанованың пайымдауынша, салғастырмалы концептология Кеңес заманында етек жайған салғастырмалы тіл білімінің жалғасы іспеттес. Зерттеуші бұл топтағы зерттеуге қазақ, ұйғыр, араб, корей тілдеріндегі «әйел» концептісінің, сондай-ақ, қазақ және француз тілдеріндегі «өзім»-«өзге» концептерінің ерекшеліктерін көрсеткен зерттеуді атайды.
Жалпы зерттеушілер универсал концептілердің қатарында «Шындық», «Заң», «Сүйіспеншілік», «Сөз», «Жан дүние», «Күнә», «Ғылым», «От пен су», «Сан», «Уақыт», «Туған жер», «Тіл» дегендерді көрсетеді.Сонымен қатар ұлттық концептілердің санының қанша екендігін анықтау мүмкін емес дегенді де кездестіреміз.
Әрбір халықтың тіліндегі концептілердің санын шамалап көрсетудің мүмкін болмайтындығының себептерін зерттеушілер былайша қорытады:
– бұл, біріншіден, когнитивті лингвистиканың әлі жас ғылым, зерттелетін жақтарының әлі де бар екендігіне байланысты;
– әрбір халықтың концептілер жүйесінің салыстырмалы түрде және аударматану ғылымының әдістерімен қарастырылмағаны себепкер.
3.Төртінші топқа енген зерттеулер көп емес. Ол зерттеулердің теориялық мәні басым,дейді З.Қ.Ахметжанова өйткені, олар концептерді зерттеудің әдіснамалық негізін, вербальдвы емес қатынастағы және аударматанудағы көкейкесті мәселелерді қарастыруға септігін тигізеді.
Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде Қ.Ә.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» атты монографиясын атауға болады. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер қарстырылған.
Профессор Ж.Манкееваның «Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері» атты мақаласында М.Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян және тағы басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына қысқаша шолу жасалады.
Біз өз тарапымыздан Қазақстандағы лингвомәдени концептологияның зерттелуін былайша жалғастырғымыз келеді:
4.Белгілі ғалым З.Қ.Ахметжанованың ұлттық концептологиялық когнитивтік зерттеулері.Жоғарыда көрсеткеніміздей зерттеуші Қазақстандағы концептологиялық зерттеулерді шартты түрде бірнеше топқа бөліп қарастырады да, «намыс», «тіл», «ағайын», «сөз», «бақыт» сияқты ұлттық концептерді жан-жақты зерттейді. З.Қ.Ахметжанова Қазақстандағы ұлттық концептологияның, ұлттық концептосфераның негізін салушы. Олай дейтін себебеміз, ғалым қазақ тілі мен мәдениетінің доминантты, басым концептерін жан-жақты зерделей отырып, отандық лингвистика тарихында тұңғыш рет ұлттық концептосфераның ерекшеліктерін саралап көрсетті.
Профессор З.Ахметжанова (2012) қазақ ұлттық концептосферасына тән мынадай ерекшеліктерді көрсетеді:
Қазақ концептосферасында негізгі орын Адамға, адамның әлеуметтік жағдайына беріледі. Сондықтан Адамға қойылатын доминантты сұрақтар : «Сен кімсің?», «Өмірдегі, қоғамдағы сенің орның қандай?», «Сен қоғаммен, адамдармен қалай араласасың?».
Қазақ концептосферасында ең басты концепт «Адам». Кәміл адам (Е.Ж) жасайтын факторлар: тәрбие, еңбек, білім.
Кәміл адам үш негізгі компоненттен тұрады: ақыл (рационалды) + жүрек (эмоционалды) + қайрат (қиыншылықты жеңуге көмектесетін ішкі күш).
Адам — социумның бір бөлігі. Адамның қасиеттері тек өзіне ғана емес, қоғамға да қатысты. Сондықтан «Адам» концептісіне байланысты фразеологизмдер мен паремиялар бір-біріне қарсы «жақсылық», «жамандық» сияқты концептілермен ұштасып жатады.
Қазақ лингвомәдениетінде адамды алға жетелейтін — ақыл.
Ақыл сезімді ноқталайды,
Ақыл біліммен қосылса үлкен жетістікке жеткізеді,
Ақылды адам басқаларға қандайда бір жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Қазақ концептосферасында қазақи менталитетті көрсететін, бойында философиялық, экономикалық мотивтер мен әдет-ғұрыптық, адамдық қарым-қатынас нормалары, сонымен қатар туыстық қатынас ерекшеліктер қамтылған «Туыстық», «Ағайын» концептері айрықша орын алады.
Қазақ лингвомәдениетіндегі концептосферада ерте дәуірден біздің заманымызға дейін ерекше нақтыланған мінез-құлық этикеті орын алады. Ол әсіресе туыстық қатынаста: үлкендер мен кішілер арасындағы, алыс-жақын туыстар арасындағы, күйеуі мен әйелі арасындағы, ата-ана мен балалары арасындағы сыйластық түрінде көрінеді.
Қазақ концептосферасындағы әлемнің тілдік бейнесін адам құндылықтарын көрсететін «Намыс», «Қанағат», «Қонақжайлық», «Дастархан», т.б. ядролық коцептілер құрайды. Бұлардың ішінде «Намыс», «Қанағат» концептілері – ұлттық символға айналған концепттер (2012).
Қорыта айтқанда, көріп отырғанымыздай, профессор З.Қ.Ахметжанованың «Ұлттық концептологияның очерктері» атты монографиясына дейін қазақ халқының концептосферасын оның ішінде ұлттық концептосферасын тиянақты, жан-жақты зерттеген жұмыс болмаған. Аталмыш монография 50 информанттар арасында базалық концептілерді талдау барысында эксперимент жүргізіліп, соның нәтижесінде жазылған. Ғалым өз алдына үлкен 2 мақсат қойған. Бірінші мақсат – қазақ менталитетіне тән, ерекше концептерді анықтау. Ол концептілерді информанттар арасында эксперимент жүргізу арқылы анықтаған.
Ғалымның алдына қойған екінші мақсат –жиналған материалдар мен зерттеу материалдарын ұштастыру. Осы мақсаттың барысында профессор қазақ әдеби тілінің 15 томдық сөздігімен, А.Қайдардың «Халық даналығы» түсіндірме сөздігімен салыстыру жұмыстарын жүргізген. Бұл болашақ зерттеушілердің зерттеу жұмыстарына үлгі болатын ғылыми бағыт болары сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер
1 Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. М., 2000
2 Ахметжанова З.Қ. Очерки по национальной концептологии. Издателство «Елтаным» , Алматы, 2012.- 146с.
3 Лихачев Д.С. Концептосфера русского языка// Известия АН.Серия литературы и языка. 1993 г. т.52.№1.
4 Хамитова Г.А. Культурная концептосфера в языке и принципы ее вычленения // ҚазҰУ хабаршысы. Филолоия сериясы. 2004 . №2.

Статья о монографии З.К.Ахметжановой «Очерки по национальной концептологии», которая посвящена системному культурно-коммуникативно-интерпретативному анализу базовых концептов казахской лингвокультуры.

The article is devoted to Z.K.Akhmetzhanova’s monograph «Essays on National Conceptology», which is devoted to the systemic cultural-communicative-interpretative analysis of the basic concepts of Kazakh linguoculture.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *