ЗАТТЕКТІ ЖҰРНАҚ: ҮНДЕСІМ-ҮЙЛЕСІМ МОДЕЛЬДЕРІ

С.А. Аязбаева
Алматы қ, Қалқаман
a.sauletai@mail.ru

ЗАТТЕКТІ ЖҰРНАҚ: ҮНДЕСІМ-ҮЙЛЕСІМ МОДЕЛЬДЕРІ

Қазіргі теориялық фонетика болсын, сондай-ақ пртактикалық фонетика болсын (оқуәдістеме саласы) интерактив-инновациялық көрнекілікті кеңінен пайдалануға көшті. Біз де соның бір үлгісі ретінде буынның үндесім-үйлесім тұрқының интерактив моделін ұсынбақшымыз.

Буынның үндесім тұрқы құрамындағы дыбыстардың әуез бірлігі, ал үйлесім тұрқы құрамындағы дыбыстардың іргелес бірлігі болып табылады. Буын тұрқының екі түрінің де жасалыместілім (артикуляция-перцепциялық) дәйектемесі бар. Көрнекілікке де сол дәйектемелер негіз болады.
Мысалы, -лық (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік) жұрнағының әуез бірлігінің жасалым (артикуляциялық), естілім (перцепциялық) екі сипаттамасы болады: -лық (-дық, -тық) тобының жасалымы кейінді, жоғарылы, езу болса, естілімі жуан, езулік әуезді болады; -лік (-дік, -тік) тобының жасалымы ілгерінді, жоғарылы, езу болса, естілімі жіңішке, езулік әуезді болады.
Іргелес бірлігінің үш жасалым (артикуляциялық), естілім (перцепциялық) сипаттамасы болады: -лық (-лік) тобының жасалымы тербелімді болса, естілімі үнді болады; -дық (-дік) тобының жасалымы тербеліңкі болса, естілімі ұяң болады; -тық (-тік) тобының жасалымы тербеліссіз болса, естілімі қатаң болады.
Төменде -лық тобының, -дық тобының, -тық тобының интерактив моделін ұсынамыз. Бұл модельдер әзірге үлгі ретінде құрастырылып отыр. Модельдердің жіктелім үлгілерін дайындау ісі әрі қарай жалғаса түсетін болады.
Қазақ фонетикасының құрылым (структуралық) бірліктері өзара жұптасып (жуан/жіңішке, еріндік/езулік т.б.) келеді. Мұның өзі қазіргі ақпарат технологиясын пайдалануды көп жеңілдетеді. Ендеше қазақ фонетикасының осы бір табиғи икемділігін кеңінен пайдаланып отыру керек.
Заттекті жұрнақтардың –Л [l] тобы

Жұрнақтың:
-бастау л[l] дыбысының негізгі жасалымы: жасалу орнына қарай – тіл ұшы, жасалу тәсіліне қарай – жанама жуысыңқы, дауыс қатысына қарай – тербелімді (үнді);
-келесі ы[ ] дыбысының негізгі жасалымы: тілдің көлденең қалпына қарай – тіл арты, тілдің тік қалпына қарай – қысаң, ерін қатысына қарай – езулік;
-соңғы қ[q] дыбысының негізгі жасалымы: жасалу орнына қарай тілшік (тіл ортасы), жасалу тәсіліне қарай – тоғысыңқы, дауыс қатысына қарай – тербеліссіз (қатаң).
Біз қарастырып отырған заттекті жұрнақтардың оқу-әдістемелік құрамы -лық [l q], -лік [lik] деп екі түрі ғана ескеріледі. Ал қазақ орфографиясында ерін үндестігі ескерілмегендіктен оның ақиқат лұқ [luq], лүк [lük] үлгілері қалыс қалып келеді. Соның нәтижесінде заттекті жұрнақтардың құрамы жартыкеш (төрт үлгінің орнына екі үлгі) көрсетіледі. Теория-практикалық, сондай-ақ оқу-әдістемелік тұрғыдан жаңсақ екенін ескеріп, заттекті жұрнақтардың ақиқат құрамын түгел қамтуға тырыстық: лық [l q], -лік [l’ik’], -лұқ [l°uq°], -лүк [l’°ük’°].
Жалғаудың үстеме жасалым естілімі буын тұрқына түгел тән болады:
-лық [l q] үлгісінің жасалымы: жасалу орнына қарай – кейінді, тілдің тік қалпына қарай – жоғарылы, ерін қатысына қарай – езулік;
-лiк [l’ik’] үлгісінің жасалымы: жасалу орнына қарай – ілгерінді, тілдің тік қалпына қарай – жоғарылы, ерін қатысына қарай – езулік;
-лұқ [l°uq°] үлгісінің жасалымы: жасалу орнына қарай – кейінді, тілдің тік қалпына қарай – жоғарылы, ерін қатысына қарай – еріндік;
-лүк [l’°ük’°] үлгісінің жасалымы: жасалу орнына қарай – ілгерінді, тілдің тік қалпына қарай – жоғарылы, ерін қатысына қарай – еріндік;
Дыбыстың түрленім үлгілерінің арасындағы айырым-ортақ белгілер жүйесі күрделі болып келеді, өзара салыстырып шығайық:
-лық [l q] – кейінді, жоғарылы, езулік;
-лiк [l’ik’] – ілгерінді, жоғарылы, езулік;
-лұқ [l°uq°] – кейінді, жоғарылы, еріндік;
-лүк [l’°ük’°] – ілгерінді, жоғарылы, еріндік;
Кез-келген екі жұбы бір не екі айырым белгі арқылы түрленеді екен, бәріне ортақ бір жоғарылы белгісі бар. Әрбір жұбын жеке-жеке талдап өтейік:
-лық [l q] – кейінді, жоғарылы, езулік;
-лiк [l’ik’] – ілгерінді, жоғарылы, езулік;
Кейінді/ілгерінді белгілері (бір жұп) арқылы түрленеді.
-лық [l q] – кейінді, жоғарылы, езулік;
-лұқ [l°uq°] – кейінді, жоғарылы, еріндік;
Езулік/еріндік белгілері (бір жұп) арқылы түрленеді.
-лық [l k] – кейінді, жоғарылы, езулік;
-лүк [l’°ük’°] – ілгерінді, жоғарылы, еріндік;
Кейінді/ілгерінді, езулік/еріндік белгілері (екі жұп) арқылы түрленеді.
-лiк [l’ik’] – ілгерінді, жоғарылы, езулік;
-лұқ [l°uq°] – кейінді, жоғарылы, еріндік;
Ілгерінді/кейінді, езулік/еріндік белгілері (екі жұп) арқылы түрленеді.
-лiк [l’ik’] – ілгерінді, жоғарылы, езулік;
-лүк [l’°ük’°] – ілгерінді, жоғарылы, еріндік;
Езулік/еріндік белгілері (бір жұп) арқылы түрленеді.
-лұқ [l°uq°] – кейінді, жоғарылы, еріндік;
-лүк [l’°ük’°] – ілгерінді, жоғарылы, еріндік;
Кейінді/ілгерінді белгілері (бір жұп) арқылы түрленеді.
Заттекті жұрнақтардың л[l] талданымы оның еріндік түрленім үлгілерінің де қосымша жүйесіне ақиқат енетінін көрсетеді. Ендеше жұрнақтың барлық түрленім үлгілерін оқу-әдістемелік тұрғыдан ескеріп отыру керек болады.
Төменде көрнекілік ретінде интерактив слайд үлгілерін келтіріп отырмыз.
Л[l] дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Л[l] дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иектің шегарасымен тоғысып, екі жаны ашық қалады. Жасалу тәсіліне қарай жанама жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Л[l] дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады. Жасалым белгілері: тіл ұшы, жанама жуысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.


[ lq] үлгісінің моделі
Лы– тіл ауыз қуысында жоғары жатады, тілдің тік қалпына қарай жоғарылы дыбыс болып табылады, ерін көлденең жазылып барып жасалады, ерін қалпына қарай қысаң езулік дыбыс болып табылады, тілдің дөңес арқалығы ауыз қуысының кейінгі жартысында жатады, тілдің көлденең қалпына қарай кейінді дауыссыз дыбыс болып табылады.
Дауыссыз тілдің тік қалпына қарай жоғарылы, ерін қалпына қарай қысаң езулік, тілдің көлденең қалпына қарай кейінді дауыссыз дыбыс.
Үйлесім жасалым белгілері: жоғарылы, қысаң езулік, кейінді дауыссыз дыбыс.
Л'[l’] дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Л'[l’] дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иектің шегарасымен тоғысып, екі жаны ашық қалады. Жасалу тәсіліне қарай жанама жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Л'[l’] дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, жанама жуысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.

жоғарылы, қысаң езулік, ілгерінді құрақ жоғарылы, доғал еріндік, кейінді құрақ жоғарылы, доғал еріндік, ілгерінді құрақ

Лі – тіл ауыз қуысында жоғары жатады, тілдің тік қалпына қарай жоғарылы дыбыс болып табылады, ерін көлденең жазылып барып жасалады, ерін қалпына қарай қысаң езулік дыбыс болып табылады, тілдің дөңес арқалығы ауыз қуысының ілгері жартысында жатады, тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді дауыссыз дыбыс болып табылады.
Дауыссыз тілдің тік қалпына қарай жоғарылы, ерін қалпына қарай қысаң езулік, тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді дауыссыз дыбыс.
Үйлесім жасалым белгілері: жоғарылы, қысаң езулік, ілгерінді дауыссыз дыбыс.
Л°[l°] дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Л°[l°] дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иектің шегарасымен тоғысып, екі жаны ашық қалады. Жасалу тәсіліне қарай жанама жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Л°[l°] дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, жанама жуысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.

Ол өзінің құдіреттілігін, сұлулығын, даңқты екенін сезгендей еді.

Лұ – тіл ауыз қуысында жоғары жатады, тілдің тік қалпына қарай жоғарылы дыбыс баолып табылады, ерін дөңгеленіп барып жасалады, ерін қалпына қарай доғал еріндік дыбыс болып табылады, тілдің дөңес арқалығы ауыз қуысының кейінгі жартысында жатады, тілдің көлденең қалпына қарай кейінді дауыссыз дыбыс болып табылады.
Дауыссыз тілдің тік қалпына қарай жоғарылы, ерін қалпына қарай доғал еріндік, тілдің көлденең қалпына қарай кейінді дауыссыз дыбыс.
Үйлесім жасалым белгілері: жоғарылы, доғал еріндік, кейінді дауыссыз дыбыс.
Л’°[l’°] дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Л’°[l’°] дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иектің шегарасымен тоғысып, екі жаны ашық қалады. Жасалу тәсіліне қарай жанама жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Л’°[l’°] дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады. Жасалым белгілері: тіл ұшы, жанама жуысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.

жоғарылы, қысаң езулік, ілгерінді құрақ жоғарылы, доғал еріндік, кейінді құрақ
жоғарылы, доғал еріндік, ілгерінді құрақ
Лү – тіл ауыз қуысында жоғары жатады, тілдің тік қалпына қарай жоғарылы дыбыс болып табылады, ерін дөңгеленіп барып жасалады, ерін қалпына қарай доғал еріндік дыбыс болып табылады, тілдің дөңес арқалығы ауыз қуысының ілгергі жартысында жатады, тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді дауыссыз дыбыс болып табылады.
Дауыссыз тілдің тік қалпына қарай жоғарылы, ерін қалпына қарай доғал еріндік, тілдің көлденең қалпына қарай ілгерінді дауыссыз дыбыс.
Үйлесім жасалым белгілері: жоғарылы, доғал еріндік, ілгерінді дауыссыз дыбыс.
Заттекті жұрнақтардың -Д тобы Жұрнақтың:
-бастау д[d] дыбысының негізгі жасалымы: жасалу орнына қарай – тіл ұшы, жасалу тәсіліне қарай – тоғысыңқы, дауыс қатысына қарай – тербеліңкі;
-келесі ы[ ] дыбысының негізгі жасалымы: тілдің көлденең қалпына қарай – тіл арты, тілдің тік қалпына қарай – қысаң, ерін қатысына қарай – езулік;
-соңғы қ[q] дыбысының негізгі жасалымы: жасалу орнына қарай тілшік (тіл ортасы), жасалу тәсіліне қарай – тоғысыңқы, дауыс қатысына қарай – тербеліссіз.
Біз қарастырып отырған заттекті жұрнақтардың оқу-әдістемелік құрамы -дық [d q], -дік [d’ik’] деп екі түрі ғана ескеріледі. Ал қазақ орфографиясында ерін үндестігі ескерілмегендіктен оның ақиқат -дұқ [d°uq°], дүк [d’°ük’°] үлгілері қалыс қалып келеді. Соның нәтижесінде заттекті жұрнақтардың құрамы жартыкеш (төрт үлгінің орнына екі үлгі) көрсетіледі. Теория-практикалық, сондай-ақ оқу-әдістемелік тұрғыдан жаңсақ екенін ескеріп, заттекті жұрнақтардың ақиқат құрамын түгел қамтуға тырыстық: -дық [d q], -дік [d’ik’], -дұқ [d°uq°], -дүк [d’°ük’°].
Жалғаудың үстеме жасалым естілімі буын тұрқына түгел тән болады:
-дық [d q] үлгісінің жасалымы: жасалу орнына қарай – кейінді, тілдің тік қалпына қарай – жоғарылы, ерін қатысына қарай – езулік;
-дiк [d’ik’] үлгісінің жасалымы: жасалу орнына қарай – ілгерінді, тілдің тік қалпына қарай – жоғарылы, ерін қатысына қарай – езулік;
-дұқ [d°uq°] үлгісінің жасалымы: жасалу орнына қарай – кейінді, тілдің тік қалпына қарай – жоғарылы, ерін қатысына қарай – еріндік;
-дүк [d’°ük’°] үлгісінің жасалымы: жасалу орнына қарай – ілгерінді, тілдің тік қалпына қарай – жоғарылы, ерін қатысына қарай – еріндік;
Дыбыстың түрленім үлгілерінің арасындағы айырым-ортақ белгілер жүйесі күрделі болып келеді, өзара салыстырып шығайық:
-дық [d q] – кейінді, жоғарылы, езулік;
-дiк [d’ik’] – ілгерінді, жоғарылы, езулік;
-дұқ [d°uq°] – кейінді, жоғарылы, еріндік;
-дүк [d’°ük’°] – ілгерінді, жоғарылы, еріндік;
Кез-келген екі жұбы бір не екі айырым белгі арқылы түрленеді екен, бәріне ортақ бір жоғарылы белгісі бар. Әрбір жұбын жеке-жеке талдап өтейік:
-дық [d q] – кейінді, жоғарылы, езулік;
-дiк [dik] – ілгерінді, жоғарылы, езулік;
Кейінді/ілгерінді белгілері (бір жұп) арқылы түрленеді.
-дық [d q] – кейінді, жоғарылы, езулік;
-дұқ [duq] – кейінді, жоғарылы, еріндік;
Езулік/еріндік белгілері (бір жұп) арқылы түрленеді.
-дық [d k] – кейінді, жоғарылы, езулік;
-дүк [dük] – ілгерінді, жоғарылы, еріндік;
Кейінді/ілгерінді, езулік/еріндік белгілері (екі жұп) арқылы түрленеді.
-дiк [dik] – ілгерінді, жоғарылы, езулік;
-дұқ [duq] – кейінді, жоғарылы, еріндік;
Ілгерінді/кейінді, езулік/еріндік белгілері (екі жұп) арқылы түрленеді.
-дiк [dik] – ілгерінді, жоғарылы, езулік;
-дүк [dük] – ілгерінді, жоғарылы, еріндік;
Езулік/еріндік белгілері (бір жұп) арқылы түрленеді.
-дұқ [duq] – кейінді, жоғарылы, еріндік;
-дүк [dük] – ілгерінді, жоғарылы, еріндік;
Кейінді/ілгерінді белгілері (бір жұп) арқылы түрленеді.
Заттекті жұрнақтардың д[d] талданымы оның еріндік түрленім үлгілерінің де қосымша жүйесіне ақиқат енетінін көрсетеді. Ендеше жұрнақтың барлық түрленім үлгілерін оқу-әдістемелік тұрғыдан ескеріп отыру керек болады.
Төменде көрнекілік ретінде интерактив слайд үлгілерін келтіріп отырмыз.
Д[d] дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс болып табылады. Д[d] дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл иек шегарасымен тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. Д[d] дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң (тербеліңкі) дауыссыз дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері: тіл ұшы, тоғысыңқы, тербеліңкі (ұяң) дауыссыз дыбыс.


[d q]үлгісінің моделі

В статье предлагаются интерактивные модели, отражающие специфику созвучно – гармоничных суффиксов казахской фонетики.

The article offers interactive models reflecting the specificity of consonant – harmonious suffixes of Kazakh phonetics.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *