Ә.Ә. Ақкөзов, Ұ.С. Қайырбекова
Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті
Шымкент, Қазақстан
КӨПМАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕРДІҢ ПАРАДИГМАЛЫҚ ЖӘНЕ СИНТАГМАЛЫҚ
ҚАТЫНАСЫ
Мақала көпмағыналы сөздердің парадигматикалық және синтагматикалық байланыстарына
арналған.
Тірек сөздер:синтагма,парадигмалық қатынас,эксплицит,имплицит,тілдік такт.
Парадигманың ең кіші бірлігі фонема болса, синтагманың ең кіші бірлігі буын. Парадигмалық қатынас жүйеге қатысты болғандықтан және де қатарлық сипатта келгендіктен көлемі жағынан, сырсипаты жағынан әр түрлі болады. Мысалға жіктеу есімдіктерінің парадигмасы:
Мен Се Ол немесе жіктік жалғауларының парадигмасы: Барамын барасың барады
Кез келген тілдегі морфологиялық категориялар да парадигма құрайды. Олардың өзі құрамы жағынан әр түрлі болатындығы белгілі. Жүйе ішінде қатарлық қатынаста тұрғандықтан, сөз таптарын да парадигмалық қатынаста тұр деуге болады. Тіл білімінде парадигмалық қатынастар алғаш рет лексика саласына қатысты айтылғаны белгілі. Бұл құбылысты осы ғасырдың басында Швейцар ғалымы Фердинанд де Соссюр тілдегі мағыналық қатынастардың парадигмалық және синтагмалық қатары ретінде ұсынған. Ғалым парадигмалық және синтагмалық қатынастарды лексика саласына қатысты айтқан болатын. Ал Б.Қапалбеков бұл құбылысты тіл бірліктерінің жұмсалу мүмкіндігімен байланыстырады. Бұл жердегі мағына грамматикалық мағынаға жатады және лексикадағыдай сөздің статикалық қалпынан шығатын парадигмалық және синтагмалық қатынастар емес, көсемшелердің динамикалық қызметінен туындайтын әр текті және бір текті мағыналар. Яғни көсемшелердің жұмсалмалылығынан пайда болған грамматикалық мағыналардың парадигмалық және синтагмалық қатары болып табылады.
Бұл мәселелердің ұқсастығы мен айырмасы мына сызбалардан анық байқалады. І. А. Синтагмалық қатынас:
1] ақылды; 2] үлкен;
3] әдемі т.б.
Б. Парадигмалық қатынас:
1] ақылды;
2] кез келген нәрсенің алғашқы бөлігі; 3] жанды дененің басқарушысы т.б.
ІІ. А. Синтагмалық жұмсалым:
1] Себеп бағыныңқылы;
2] Мезгіл бағыныңқылы; 3] Амал бағыныңқылы т.б.
Б. Парадигмалық жұмсалым сөйлемдерді жұмсауға қатынасады;
1] сабақтастарды құрмаластырады;
2] сөйлемде пысықтауыш болады;
3] күрделі етістік жасауға қатысады т.б. [1, 36]
Сөйлеу кезінде сөздер бір-бірімен тіркесіп барып, түзу сызық бойында жататын қатынасқа түседі. Бұл қатынас бір мезгілде екі элементтің бірдей айтылу мүмкіндігін жоққа шығарады, сөйлеу элементтері бірінен кейін бірі тізіліп келеді. Мұндай тіркестер созылыңқы қасиетке ие. Бұларды синтагмалар деп атайды. Синтагма [гректің «syntagma» біртұтас құралған, біріктірілген] деген сөзінен шыққан. Қазіргі тіл білімінде синтагма термині екі түрлі мағынада қолданылады: 1] Синтагма аз дегенде екі элементтен құралу керек. Мұндай құрылым белгілі дәрежеде кешен құрауға мүмкіндік береді де, бұл кешен деңгейі өзін құрайтын бірліктерге қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Мысал ретінде туынды сөздерді, қос сөздерді, біріккен сөздерді, сондай-ақ сөйлем түрлерін, сөз тіркестерін келтіруге болады. Синтагма сонымен қатар тілдік жүйеге де тән бірлік, өйткені оның құрамындағы элементтер бір-бірімен тек белгілі бір тілдік заңдылықтар негізінде ғана тіркесе алады. 2] Сөйлеу әрекеті үстіндегі ритмикалық-интонациялық бірлікті, сөйлеу тактысын синтагма дейтін ғалымдар академик Л.В.Щербаның көзқарасын жақтаушылар болып табылады. Синтагманың бұл түрін кейде интонациялық мағыналық бірлік деп те атайды.
«Тілдік такт» пен «дем алыс тобын» бірдей нәрсе деп қарастырушыларға қарама-қарсы көзқарасты ұстанушы ғалымдар сөйлеу элементі болып табылатын сөздің ритмикалық тобын – «тілдік такт» [ал оның физиологиялық атауы – «дем алыс тобына»] жатқызатындықтарын дәлелдеуге тырысады. Дем алыс сияқты физиологиялық процесс сөйлеуді семантика-синтаксистік бірліктерге, яғни синтагмаларға бөлудің бірден-бір себебі болуы мүмкін емес. Синтагманы таза физиологиялық топпен шатастырмау керек. Тілдегі сөздердің объектілік, субъектілік және құрылымдық мағыналары болады. Құрылымдық мағына дегеніміз қасындағы сөздің айқындалуына көмектеседі [2, 21]. Синтагма компоненттері бір-бірімен мағыналық та, синтаксистік те, интонациялық та байланыста болады, сол себепті де синтагманың үш жағы бар деп есептелінеді: 1- семантикалық; 2- синтаксистік; 3- интонациялық.
Тілдегі синтагмалық және парадигмалық қатынастар жөнінде мамандар пікірі бірізге түскен деп айту қиын. Кейбір мамандар бұл қатынастарды тіптен оңай шешуге тырысады: «По типу отношений, в основе которых они лежат, компоненты значения могут быть синтагматическими и парадигматическими. Так, семы субъектности и локальности в значении глагольной словоформы находится [например, в предложении Он находится здесь], обусловливающие соответствующую ее семантическую сочетаемость, являются синтагматическими, а остальные семы [лексическая сема «быть» и грамматические семы лица, времени, наклонения] – парадигматическими. Первые обусловливают взаимосвязь семем в составе синтагме, а вторые – их взаимосвязь в составе лексических и грамматических парадигм» [3, 23].
Парадигматика мен синтагматика туралы тілдегі жаңаша көзқарастар туралы әңгіме өз алдына бөлек мәселе. Тек айтарымыз бұл бірдеңгейдегі бір тектес тілдік элементтердің тобы [морфема, сөз, сөйлем] екендігі дәлелденген [4. 172]. Ал әзірше ҚТТС-тегі КМ етістіктердің парадигмалық қатарына тоқталайық.
Етістіктердің мағыналық құрылымын анықтауда олардың басқа өзі тектес тұлғалармен парадигмалық қатынасы ерекше маңызды рөл атқарады. Сөздердің тілдегі синтагмалық қатысы да, парадигмалық қатысы да лексикалық мағынаны тудырмайтындығы, тек айқындайтындығы, бір семасын актуальдандыратындығы белгілі. Яғни кез келген сөз белгілі бір лексикалық мағынаға ие болу үшін енбейді, керісінше өзінің лексикалық мағынасы әлгі топтағы басқа сөздердің мағыналарымен жақын келгендігі үшін сол топтың құрамына енеді.
а] Мағынаның эксплицитті және имплицитті құрамдары болады. Мағынаның осы құрамы жөнінде орыс етістіктерінің семантикасын жан-жақты талдаған Л.М.Васильев былай дейді: «По способу манифестации в плане выражения различаются эксплицитные и имплицитные компоненты значения. Эксплицитными называются такие компоненты, которые имеют явное словообразовательное [морфемное] или синтаксические [лексемное] выражение, например: учить → учитель → учительство [дополнительные семантические компоненты в производных словах учитель, учительство выражаются с помощью словообразующих морфем -тель, -ство]; поступать → поступать скромно [виртуальная оценочная сема глагола поступать в синтагме поступать скромно конкретизируется синтагматически самостоятельной лексемой скромно, ср. скромничать]. Имплицитные компоненты семемы не имеют явного выражения в формальной лексико-
грамматической структуре языка. Вместе с другими компонентами они соотносятся с одной и той же словоформой [лексемой], например: существо → человек [имплицирован компонент «живое существо»] → мужчина [имплицирован компонент «мужской пол»] →юноша [имплицирован компонент «молодой»]; говорить→тараторить [имплицирован компонент «быстро»] и т.д. Таким образом, имплицитные компоненты значений выявляются лишь в лексико-семантических парадигмах, через лексико-семантические оппозиции и через контекст, т.е. относятся к так называемой скрытой грамматике» [5, 23].
Синонимдер сөздігінде жаулау, шабу, тию етістіктері мағыналас парадигма ретінде берілген. Осы кезде тыныш Дулат ауылына кенет жау тиді [І.Есенберлин]. Аттан, ойбай! Жау шапты [Б.Аманшин]. Жаулау етістігі зат есім негізінде пайда болғанымен шабу және тию етістіктерімен синонимдік қатар түзіп тұр. Жау+ла етістігінің эксплицитті мағынасы оның көзге көрінетін зат есімнен етістік жасайтын өнімді -ла жұрнағының көмегімен жасалып тұрғандығы. Эксплицитті мағына мен имплицитті мағына жұмсалыс кезінде қатар жүріп отырады. Мәселен, жаулау етістігінің имплицитті мағынасы зорлық көрсету, жерін тартып алу және т.б. Синоним болып тұрған үш етістіктің ҚТТС мағыналары әр басқа болып келеді. Жаулау етістігінде жалпы басып алу мағынасын атау бар болса, шапты етістігінде оқиғаның нақ қазір және бірден жүзеге асу мағынасы жасырын тұр.
Тию етістігі де кенеттен болған іс-әрекетті, бірақ тиісті кеңістікті түгел қамтымағандығын байқатады. Міне, осылардың барлығы лексемалардың жасырын тұрған имплицитті мағыналары болып табылады.
Біз жоғарыда парадигма түзудің бірнеше жолы, бірнеше тәсілі бар екендігін айттық. Тұлғалық жағынан келетін болсақ, жаулау, шабу, тию етістіктерінің біреуі туынды түбір болғандықтан бір қатарға [парадигмаға] біріктіруге болмайды. Бұлар беретін мағынасы жақын болғандықтан ғана синонимдік қатар түзіп тұр. Бір назар аударатын нәрсе, синонимдік қатардағы сөздерді жеке тұрғанда-ақ бір парадигма деп тануға болатындары болады. Мысалы: қорқу, үрейлену, шошу немесе сөндіру, өшіру. Бұл синонимдер өз мағыналарын контекс арқылы тек нақтылайды: Жүнісбай шынында да қорқу, біреуден ықтап, шайлығу дегенді білмейтін [Б.Соқпақбаев]. Зейнеп шалға үрейлене қарап тұрды [С. Омаров]. Гүлсімнің көзінде шошыну мен таңырқау ұшқыны бар [Т.Дәуренбеков].
Ал жоғарыдағы талданған жаулау, тию, шабу етістіктерінің жеке тұрғандағы синонимдік қатары анық емес. Олар, әсіресе, соңғы екеуі контексте лексикалық мағыналарын нақтыламайды, керісінше айқындайды.
Етістіктің [сөздің] мағыналық құрылымдары негізгі және қатысты, сондай-ақ орталық және шеткі болып бөлінеді. Бұлар бірдей құбылыс емес. Мамандар семалардың осы екі тобын былай ажыратады: «По характеру отношений внутри семемы вычленяются доминирующие и зависимые семантические компоненты, причем зависимые компоненты тоже иерархически взаимосвязаны. Например, компонент «каузировать» у глаголов пугать, стыдить, показывать и т.п. является господствующим, а все остальные – зависимыми. Возможность вычленения доминирующих компонентов в составе семем свидетельствует об их иерархической структуре, сходной во многих отношениях с семантической структурой предложений [пропозиций]. Не очень ясен, однако, статус грамматических сем в составе семем: в отличие от лексических сем и семантических множителей они не укладываются обычно в толкование значения словоформы посредством отдельного словосочетания или предложения.
По отношению к идентифицирующему значению того или иного семантического класса целесообразно разграничивать ядерные и периферийные семантические компоненты. Например, компонент «говорить [=осуществлять речь]» в значениях глаголов говорить, произносить, разговаривать, тараторить, мямлить и т.п. является ядерным, а компоненты «взаимный речевой контакт», «быстро», «медленно» и др. – периферийными. Ядерные компоненты образуют инвариантное значение данного семантического класса, периферийные же компоненты могут неограниченно варьироваться в его составе» [5, 24].
Сөздердің негізгі және қатысты мағыналық құрылымдары олардың мағыналас болуына негіз болады. Мысалы, мылжу, танту, көку, оттау, былшылдау, мыжу етістіктерінің негізгі мағынасы – көп сөйлеу, ал қалған мағыналары [не болса соны сөйлеу, қызықсыз сөйлеу, жүйесіз, орынсыз сөйлеу т.б. с.с.] қосымша болып табылады. Мағыналас ететін ортақ мағыналары да, жеке лексема ретінде танытатыны да осы қосымша мағыналары. Бұдан жоғарыда келтірілген етістіктердің бәрі қосымша мағыналардан ғана тұратын лексемалар деген ой тумауы керек. Негізгі және қосымша мағына парадигманың құрамында тұрған сөздерге қатысты. Жеке тұрған әрбір лексеманың өз алдына негізгі мағынасы болатындығы белгілі.
Етістіктердің негізгі және қатысты мағынасы біріктіруші [интегралды] және ажыратушы [дифференциалды] семаларға жақын. Бірақ мамандар оларды сөздің жеке-жеке мағыналық құрылымдары ретінде таниды. Өйткені белгілі бір сема бір парадигмалық топ үшін біріктіруші қызмет атқарса, келесі бір парадигмалық топ үшін ажыратушы қызмет атқарады. Біріктіруші семаны негіз етіп, тұлғасы әр түрлі етістіктерді де [туынды, түбір, модификация және т.б.] бір топқа [қатарға] біріктіруге болады. Бұл кезде олардың жеке лексикалық мағыналары ажыратушы семаның қызметін атқарады. Мысалы, зыпылдату, зыту, ұшу, жүгіру етістіктерін лексика – грамматикалық сипатына қарамастан тез деген біріктіруші семасына негіздеп, бір парадигмаға жинақтауға әбден болады. Тақырыптық топтарға жіктеу кезінде бұл етістік тұлғалары бір парадигма құрай алмайтындығы белгілі. Жоғарыда талданған негізгі семасының бірдей болуына қарай синонимдік қатар да түзе алмайтындығы белгілі. Олардың грамматикалық сипаты да парадигмаға негіз бола алмайтындығы олардың грамматикалық тұлғаларынан көрініп тұр. Лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық жағынан бірдей емес етістік тұлғаларын бір парадигма деп тануда, әйтеуір бір біріктіруші семасын негіз етіп алу жеткілікті.
Сема
Біріктіруші [интегралды] Ажыратушы [дифференциалды]
Зыпылдату, зыту, ұшу, судырату, ала өкпе болу, жүгіру және т.б.
«Тез» деген мағынаны беруі Лексемалық мағыналары
Бұл мағыналық құрылымдардың негізгі және қосымша мағыналардан елеулі өзгешелігі бары байқалады. Негізгі және қосымша мағыналар лексемалардың синонимдерге келуіне негіз болады, ал біріктіруші және ажыратушы мағыналар әр уақытта синонимдік қатар түзе бермейді. Сөздің біріктіруші және ажыратушы мағыналары грамматикалық тұлғасы бірдей емес лексемалардың бір парадигмаға бірігуіне жағдай жасайды, ал негізгі және қатысты семалардың негізінде біріккен топ көбіне грамматикалық жағынан бір тұлғада келеді.
Негізгі сема ортақ болғандықтан әр лексемаға қатысты болып келеді. Яғни парадигмалардағы жеке-жеке лексемалардың лексикалық мағынасы негізгі семалардан тұрады.
Сема
Негізгі [доминирующие] Қосымша [зависимые]
Меншіктеу, иелену, иемдену, еншілеу
Иелік ету т.б. Бөліп алу, қожа болу, өзіне қарату және
Сөздердің ядролық [орталық] және перифериялық [шеткі] мағыналық құрылымдары тілді тігінен емес, көлденеңінен бөлшектеуден туындайды. Әсіресе, грамматика деңгейінде бұл ұғымдар өріс теориясына қатысты. Яғни өрістің орталық және шеткі аймақтары болады. Бұл мәселе Пермь университетінің профессоры Л.Н.Мурзиннің «Полевая структура языка» деген еңбегінде жан-жақты айтылған. Мәселе түсінікті болу үшін ғалымның пікірін толық келтіруді жөн көрдік: «На каждом вертикальном уровне языка можно выделить центр и периферию. Чтобы лучше представить возможности полевой модели языка, введем образ стержня. Если «стержень» вставить в «воронку», то он пересекает каждый уровень языка и символизирует центральные компоненты языка. Заслуживает особого внимания следующая закономерность: центральные компоненты поля языка не каждом нижележащем уровне занимают относительно большую площадь, чем на вышестоящем уровне. Так, центральные компоненты на фонетическом уровне занимают большую площадь, чем на других уровнях.
исключение – это лишь подтверждение правила. Так, в каждом языке есть неправильные глаголы, но они подтверждают общее правило – наличие правильных глаголов. Поэтому асистемные компоненты не противоречат идее системности.
Система характеризуется достаточной жесткостью, она как бы задана заранее. Мы обязаны подчиняться этой системе. Между компонентами системы устанавливаются определенные отношения. Л. Ельмслев предложил сетевую модель языка: пересечение признаков компонентов языка образует сеть. Если эту сеть разорвать, система перестанет существовать.
Поле составляют более мягкие компоненты. Система характеризуется детерминизмом. Если есть А, то есть В. Поле – это вероятностная модель. Поэтому отношение между компонентами здесь такие: если есть А, то возможно В. Поле аналогично комете, в которой есть плотное ядро и огромный разреженный хвост. Но если у кометы не будет ядро, не будет и хвоста [6, 10].
Тілді өріске бөлудің кестесін былай көрсетуге болады:
Бөлудің сипаты Орталық [ядро] Шеткі
Жұмсалу жиілігі Жиі Сирек
Сыңарларының саны Шектеулі Шексіз
Элементтерінің құрылымы Жай
Күрделі
Уәжділігі Шартты Уәжделген
Деңгейлік сипаты Төменгі Жоғарғы
Сөздердің орталық және шеткі мағыналық құрылымы лексикаға және грамматикаға қатысты ерекшеленеді. Мәселен, жұмсалымды функционалды грамматикада орталық және шеткі мағыналардан құралатын өріс термині кеңістік ұғымымен мәндес келеді. Бұнда өріс белгілі бір мағынаның шегі, шеңбері, өрісі ретінде алынады. Ал лексикада өріс термині семантикалық немесе тақырыптық топ терминдерімен мәндес қолданыла бастаған болатын. Мәселен, кейбір лингвистикалық әдебиеттерде әр түрлі лексикалық топтар өрістік құрылымдар деп танылып, оларға етістіктің түрлі семантикалық топтары, туыстық атаулар, түсті білдіретін сөздер және т.б. жатқызылады. Өріс, лексика-семантикалық және тақырыптық топтар, парадигмалар немесе лексикасемантикалық разрядтар немесе категорияларды бір құбылыс, яғни бір тектес, бір санаттағы топтар деп айтуға болады. Бірақ сол топтарға енетін элементтерді жіктеудің принциптері басқа-басқа болып келеді.
Парадигмалық қатынас – тіл жүйесіне тән типологиялық қатынасқа жатады. Сөйлеу процесінен тыс ортақ белгілері бар сөздер адам жадында ассоциацияланып, топ құрады, олардың өзара қатынастары мүмкіндігінше әр түрлі болады. Мұндай қатынастарды ассоциациялық қатынастар немесе парадигмалық қатынастар деп атайды.
Адам жадындағы ассоциативтік топтар қатынасы мүшелерінің жақындығымен шектеліп қалмайды, қаншама ассоциативтік қатар болса, соншама қатынастың түрі болады. Жақындық әрі мағына, әрі түр жағынан ғана болуы мүмкін. Ассоциативтік топ мүшелерінің саны мен қатары туралы нақты бірдеңе деу қиын. Топтың кез келген мүшесі шоғырдың орталығы бола алады, қалғандарын өз төңірегіне топтастырып жинайды.
Жоғарыда келтірілген синонимдік қатарлардың жұмсалымдылығы кейбір тармақшалар парадигмалық қатардың бірінің қолдануымен талап етсе, қалған алтауы синтагмалық қатынаста тіркесіп қолданылып тұр.
Осыған орай енді синтагмалық қатынас жөнінде мәлімет бере кетейік. Өзімізге дәстүрлі грамматикадан таныс сөз тіркесінен синтагманың ең басты айырмашылықтарының бірі — сөз тіркестері сөйлем ішінде кез келген жерде немесе әр жерде тұрып тіркеске түссе, синтагмалар тек қана қатар тұрып, бір синтагмалық екпінге ие болып барып, синтагма құрай алады. Синтагмалар күрделі және аса күрделі синтагмалық топтардан тұруы мүмкін, сондықтан оның көлемі де әр түрлі болады. Бұлар мағыналы, бүтін, бір тұтастықты құрайды. Синтагманың аяқталғанын дауыс тонының төмендегеніне қарап білуге болады. Синтагмалар бір-бірінен пауза [кідіріс] арқылы да ажыратылады, бірақ кідіріс жасау міндетті емес. Сонымен бірге синтагмалар бір ғана сөзден немесе бірнеше сөздердің қатарынан жасалуы мүмкін. Бірақ бұл жерде сөз бен синтагманың айырмашылықтарын білу қажет. Синтагма құрамына қарамастан сөз секілді белгілі бір ұғымды білдіреді, оқиға көрінісі бола алады. Дегенмен, сөз бұрыннан тілде бар ұғым атауын білдірсе, синтагма тек сөйлеу процесі үстінде пайда болған ұғым атауын білдіреді де, тек контекст көлемінде ғана мазмұнға, мәнге ие болады. Синтагмалық жіктелісті сөйлемді сөйлем мүшелеріне бөлумен шатастыруға болмайды. Бірақ синтагма [жалпы] жасаудың тәсілдері тілдегі сөз тіркестерін жасаудың жалпы заңдылықтарына, олардың өзара байланысы мен қызметіне, сөйлем құрылысына қайшы да келмейді. Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Капалбеков Б. Көсемше бағыныңқылардың дамып қалыптасуы мен мағыналық түрлері..Алматы, 2000.-150б.
2. Головин Б.Н. Лингвистические термины и лингвистические идеи. // Вопросы языка знания.№3 Москва, 1976.-21-34с.
3. Кодухов В.И. Введение в языкознания . Москва, 2000.- 275с.
4. Зубкова Л.Г. Язык как форма. Москва, 1999. 234с.
5. Васильева Л.М. Семаника русского глагола. Москва, 1981.- 183с.
6. Мурзин А.Н. Фотическое поле языка Перм,1988.- 205с.
Статья посвящена рассматрению парадигматических и синтагматический связей полисемантов.
The article is devoted to the consideration of paradigmatic and syntagmatic connections of polysemant.