АССҮТТІГЕН

АССҮТТІГЕН (Lactuca) — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның барлық аймақтарында өседі. Оның алтай А-і, бұйра А., егістік А-і, жабайы А., құлақты А., сібір А-і, тамаша А. және татар А-і деп аталатын түрлері бар. А — биікт. 30 — 120 см болатын өсімдік. Сабағы дара, жапырағы кезектесіп орналасқан. Сары, көк не қызғылт түсті гүлдері шашақты гүл шоғырына топтасқан. Тұқымы ұзынша болып келеді. Мамыр — шілдеде гүлдейді. Маусым — қыркүйекте жемісі піседі. Жапырағының құрамында көптеген витаминдер болғандықтан А. тамаққа пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *