АССОШИЭЙТЕД ПРЕСС 

АССОШИЭЙТЕД ПРЕСС АҚШ-тың аса ірі ақпараттық жаңалықтар агентгігі, газет шығарушылардың кооп. бірлестігі. Ол 1848 ж. Нью-Йоркте күнделікті шығатын газеттер бірлестігі ретінде дүниеге келген. 1856 ж. “Нью-Йорк Ассошиэйтед Пресс” деп аталды. 1892 жылдан бастап қазіргі атымен аталады. А. П-тің жылдық бюджеті 1980 ж. 170 млн. долларға жетті. Агентгіктің 2,5 мыңға таяу репортерлері мен тілшілері бар. Олар АҚШ-тың 100-ден астам және әлемнің 50 қаласына орналасқан агенттік бюроларында қызмет атқарады. А. П. агенттігі 100-ден астам елден хабар алып тұрады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *